Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
su__1179_or_1171_au_zhana114111111.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.01 Mб
Скачать

12 Тақырып: иодомерлік титрлеу арқылы судың перманганаттық тотығуын анықтау

Мақсаты: Иодометрлік титірлеу арқылы судың перманганаттық тотығуын анықтау

Тапсырма: Органикалық заттардың түрінің көптігінен, олардың әрқайсысының мөлшерін анықтау қиын. Сондықтан, бұл олардың жалпы мөлшерін, тотығуын анықтау арқылы шешіледі. Иодометрлік титрлеу арқылы судың перманганаттық тотығуын анықтау

Жалпы сипаттама. Ашық су қоймаларына (өзен, көл, қолдан жасалған су қоймаларын т.б) топырақтан, т.б шайылып органикалық заттар түседі. Бұл заттар суға ерекше түс береді (көбінесе қоңыр түс). Суға топырақтан шайылып түскен заттарды, « гумус тәнді» (гумусовых) дейді. Ашық су қоймаларында ағзалардың өлуі және шіруі нәтижесінде органикалық заттар молаяды. Органикалық заттардың су қоймаларындағы ыдырауы, химиялық және биохимиялық процестердің нәтижесі. Судың түсіне әсер ететін коллоид түріндегі заттар көбіне теріс электрикалық зарядталады гумус тобына кіретін заттар өзінің физико-химиялық қасиеттерімен ерекшелінеді. Олардың судағы қосындалары көп болса, суды тазалағанда оның әдістемелеріне әсер ету мүмкін.

Жер үсті су көздерінде, қолдан жасалған су қоймаларында, биологиялық негізі бар иіс және дәм пайда болады. Олар судағы өсімдіктердің көгеруімен, бопалардың шіруімен байланысты. Одан басқа, судың гүлденіп-көгеруінің салдарынан планктондардың тез дамуымен де байланысты. Органикалық заттар ғана су дәмінің, түсінің бұзылуына себеп болады деп есептелінеді. Олар судың органолептикалық қасиетін бұзады. Органикалық заттар судың реагенттермен жұмсаруына және суды тұндыруға кедергі жасайды. Сондықтан органикалық заттардың судағы молаюы, көп жағдайда, су тазалау үшін арнайы әдістер қолдануға мәжүбір етеді. Органикалық заттардың түрінің көптігінен, олардың әрқайсысының мөлшерін анықтау қиын. Сондықтан, бұл олардың жалпы мөлшерін, тотығуын анықтау арқылы шешіледі. Анықтаудың нәтижесін тотықтырушы заттың мөлшерімен немесе оттегінің тотықтыруға жұмсалған эквивалентімен есептеп шығарылады. Тотығудың мөлшері табиғи судағы тотығатын заттардың мөлшерімен сипатталады. Пермаганаттық тотығуды анықтаудың ең көп тараған әдісі оны бейтарап ортада анықтау. Әдісті Б. А. Скопинцев бірінші болып колданған. Бүл әдістің принципі - судағы белсенді химиялық элементтердің әрекетімен органикалық орнына қайта келтірушілерді тотықтандыру тотықтандырудың мөлшері оған жұмсалған тотықтырушының мөлшерімен және затгарды тотықтыруға жұмсалған оттегінің 1 литр судағы мөлшерімен (мг/л) есептеледі.

Реактивтер мен жабдықтар: Жалпақ табанды колба (100 мл), пемза (жеңіл кеуек тастар тазартуға арналған), электр плитасы, титрлейтін қондырғы, пермаганат калийдің ерітіндісі КМпО4 • 0,02н; күкірт қышқылының ерітіндісі 1:3 пропорциясымен сумен араластырылған; Тиосульфат натрийдің ерітіндісі №252О., - 0,01 н., калий иодиді, крахмал ерітіндісі (0,5%), (н-нормальность)

Жұмыс барысы. Лабораториялық колбаға пипеткамен өлшеп 100 мл. зерттеуге алған суды құяды және ІО мл 0,02н КМпО4 ерітіндісін кұяды. Колбаны жауып, қыздыра бастайды. Колбадағы судың қайнаған уақытын белгілеп, жазып кояды, 10 минут қайнатады. Суды бұрқылдатпай ақырын қайнатады. Ол үшін суға пемза қосады. Қайнағаннан кейін колбаны суытады және оған 0,5 г калий иодын (К1) немесе 5 мл 10% калий ерітіндісін және 5 мл күкірт қышқылын қосады. Осы қосындыларды жақсылап араластырып отырып, бөлініп шыққан иодты натрий тиосульфат ерітіндісімен сарғайғанға дейін титрлайды. Содан кейін, оған 1 мл крахмал қосады және көк бояу түске боялған сұйықты әрі қарай титрлеуді жалғастырады. Бұл көк бояу түсін алған қоспа, сұйық бір тамшы титрден түссізденгенге дейін жүргізіледі. 30 секундтан кейін бюреткадан қарап, мөлшерін (0,01 мл далдікке дейін) жазып алады.

Колбадағы суды қайнатқан кезде ол күлгін түсті болуы керек.

Тотығуды бір метр судағы оттегінің мөлшерімен, төмендегі формула арқылы есептеп шығарады:

Х =8 (а-в) NК • 1000/y

Мұнда:

8 — оттегінің эквиваленттік саны;

а — тиосульфат натрий ерітіндісінің барлық иодты титрлеуге кеткен мөлшері;

в — тиосульфат ерітіндісінің мөлшері (судағы қалған иодті титрлеуге кеткен — мх),

N — тиосульфат ерітіндісінің қалыптылығы

К — тиосульфат ерітіндісінің қалыптылығының, түзелген коэффициенті,

ү — зерттеуге алған судың мөлшері (ш).

Формуладағы кейбір көрсеткіштер тұрақты болғандықтан, ол формуланы жеңілдетіп жазуға болады:

X=160 (а-в) К/Y

Бақылау сұрақтары:

1 . Судың түсіне, исіне қандай заттар әсер етеді?

2. Гумус заттары өзінің химиялык, және физикалық қасиеттері арқылы қалай бөлінеді?

3. Судың тотығу көрсеткіші нені көрсетеді?

4. Анализ жүргізгенде органикалык, заттардан басқа қандай заттар тотығады?

5. Тотығу мөлшері немен өлшенеді?

6. Тотығуды анықтау ұстанымын ата.

7. Табиғи сулардағы тотығу мөлшерін білу не үшін керек?

8. Суда органикалық заттар көп болса, су тазалаудың қай процесі қиынға соғады?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]