Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
su__1179_or_1171_au_zhana114111111.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.01 Mб
Скачать

3 Тақырып: жер беті суларын қорғау шаралары

Мақсаты: Табиғи су ресурстарын сарқылудан, ластанудан қорғау және сапасын жақсарту шараларын қарастыру

Тапсырма: Беттік суды қорғау шараларымен танысу.

XIX – XX – ғасырларда адам баласы табиғи ресурстарды экстенсивті түрде пайдаланып, табиғатқа көп нұсқан келтіргені аян. Бұл табиғи ресурстардың сарқылуына және қоршаған ортаның ластануына әкеліп соққаны да белгілі жағдай. Қоршаған ортаның сапалық көрсеткіштері күрт төмендеуі өндіріс, ауыл шаруашылығы, көлік қалдықтарының тигізіп отырған зияндарының салдары екені де белгілі.

Қоғамның бұдан әрі дамуы бізден әлеуметтік, экологиялық және технико-экономикалық өзгерістер енгізуді, ол өзгерістердің адам- табиғат арасындағы қарым-қатынасын ғылыми негізде іске асыруын талап етеді. Бір жағынан, адамзаттың мұң-мұқтажын, маңызды қажеттіліктерін қанағаттандыру, екінші жағынан, табиғат, экожүйе сарқылмауына, алға қарай дамуына, ластанбауына үздіксіз жағдай жасау әрекеттерін талап етеді.

Қоғам дамуы, ең бастысы, табиғи ресурстарға әсер ететін антропогендік күш-слмақтың мөлшерін анықтап, тежеп отыруды қажеттілік етеді.

Қоршаған ортаның, оның ішінде су көздері ластануының бірте-бірте ұлғаюы тек өндірістің және қалалардың көбеюінен ғана емес, қазіргі техника мен технологияның кемеліне келмеуінеде байланысты болып отыр.

Қазіргі таңда қоршаған ортаны ластаумен күресудің үш жолы бар:

Бірінші және негізгі, ол – қалдықсыз өнім шығару тенологиясын өндірістердің барлық салаларында кеңінен қолдану. Бұл өте күрделі және қымбат жол. Көп өндіріс орындарының зиянды қалдықтарын қайта өңдеуге шамалары келмейді. Бірақ қоршаған ортаны, оның ішінде су ресурстарын ластаудан келіп отырған экономикалық шағынның көлемі сондай үлкен, бұл табиғи тепе-теңдікке нұқсан келтіруге дейін апарып отыр.

Екінші жол - өндірістерде өнім шығаруға жұмсалатын шикізаттарының мөлшерін қысқарту. Әсіресе, су ресурстарын пайдалануды азайтып, оны тазалап, қайта қолдану әдістемелерін өндірісте кеңінен қолдану.

Үшінші жол – биосфераға түсетін барлық шығарындыларды тазалау. Бұл жолдың да өзінің қиыншылықтары мол. Тазалау құрылыстарын салып, іске қосу көп қаржы жұмсауды қажет етеді.

Су ресурстары сарқылуының алдын алу, ластанудан қорғау бағытындағы кешенді шаралар өзара тығыз қарым-қатынасты бөлшектерден тұруға тиісті: өнеркәсіпті, ауыл шаруашылық жұмыстарын, қала шаруашылықтарын экологиялау, табиғи және сарқынды суларды тазалау, мелиоративтік шараларды іске асыру, т.б.с.с. экологиялық таза технологияға сай әртүрлі өнім өндіргенде төмендегі жағдайларға көңіл бөлген жөн болады.

1.Жаңа өндіріс орындарын су ресурстары экологиялық салмақты көтере алатын жерлерге жайғастыру;

2.Су ресурстарын ысырапсыз қолдануды қысқарту;

3.Пайдаланған суды өзі тазалап, қайыра қолдану әдістемелерін қолдану;

4.Қолданған суларды басқа өндірісте пайдаланудың жолын табу;

5.Өндірістерде өнімдерді сумен суытуды тыю, ауамен не бумен суытуды іске асыру;

6.Өндіріс қалдықтарынан және ағызынды, сарқынды сулар құрамынан жарамды заттарды бөліп алу тенологиясын қолдану;

7.Экономикалық талаптарды күшейту: қолданылған суға және су көздеріне құйылған сарқынды сулар үшін құн төлеуді ретке келтіру.

Ғылыми- техникалық прогрестің қарқынды дамуына байланысты, өндірісті экологияландыру мәселелері одан әрі де туындай беруі сөзсіз. Келешекте қалаларды тұйық циклды жүйелер сумен қамтамасыз етуі мүмкін. Сарқынды суларды тазалаудан әбден өткізілген соң, ауыз су есебінде қолдану мәселесі де күн тәртібіне қойылуы мүмкін.

Қазіргі уақытта, келешекте табиғат суларды және ластанған суларды тазалаудан өткізіп қолданудың үлкен маңызы, неше түрлі әдістері, технологиялары бар.

Ақмола облысы су ресурстарының жағдайы

Ақмола облысы аумағындағы ең ірі өзендерге Есіл, Колутон, Жабай, Сілеті, Нұра, Шағалалы, Терісаққан, Қылшақты, өзендері жатады. Осы аталған өзендер түгелімен қар суынан толтырылады. Өзендер сулары көктем су тасқыны уақытында лайға айналады. Еріген қар суының қосылуына байланысты судағы кальций, магний тұздарының мөлшері азаяды. Қатты қыс кезінде өзендер толық қатып қалады.

Ақмола облысының ең басты су күре тамыры болып Есіл өзені есептеледі. Елді мекендерде Есілдің суын шаруашылыққа, кейде ауыз суға да пайдаланады. Өзеннің жоғарғы ағымында Вячеслав су қоймасы орналасқан. Облыс аумағында су жинайтын алаңы 84300 км2. Бір жылдық су ағымының мөлшері 129967 мың м3 /жыл. Ақмола облысының территориясында Есіл өзенінің ластану мөлшерін бақылау Тургенов пен Киров елді мекенінің аралығындағы байқау пункттерінде жүргізіледі.

Вячеслав су қоймасына дейінгі өзен суының БПК5 (оттегінің биологиялық қажеттілігі)-ОБК5 ) көрсеткішінің жыл сайын өсіп келе жатқаны байқалады (ЗЖЖК көрсеткіші бірге дейін өскен), соның ішінде: (1,15-3,5 ЗЖЖК); хлоридтер (1,2 ЗЖЖК-ға дейін), темір (З - ға дейін), темір (6,2 ЗЖЖК), мыс фенол және мұнай өнімдері (1-2 ЗЖЖК). Ал судың ластану индексі бойынша (СЛИ) -1-2,2 орташа мөлшері 1.1 (3 класс – орташа ластанған). Ал Вячеслав су қоймасының өзі де біршама ластанғандығын көрсетеді – сульфат (1.1-1,4 ЗЖЖК), темір (1,6-2,7 ЗЖЖК-ға дейін) және мыс (1,0ЗЖЖК-ға дейін), ластану индексі (СЛИ)-0,55-1,0 (2 клас, таза су).

Келесі үлкен өзендердің бірі Нұраның ұзындығы 406 км, Ақмола облысы бойынша су жинайтын алқабы 9460 км2 . 90 % қамтамасыз етілген жағдайда су ағымының мөлшері 66400 м3/жылына. Облыс аумағында бұл өзеннің ластану деңгейін екі створдан байқайды. Өзен суының сапасын судың ластану индексімен сипаттағанда 1,25-2,44- (3 класс, орташа ластанған) болып есептеледі. Өзен суында нитриттер мөлшері -5,0 мг/л, мұнай өнімдері – 8,4 мг/л, сынап – 3,7 мг/л, СПАВ – 1,3 мг/л.

Облыстың солтүстік жағынан Шағалалы өзені ағып өтеді. Бұл өзен Көкшетау қаласының басты ауыз су қоры. Өзеннің ұзындығы, облыс бойынша 144 км, орта жылдық су ағымының мөлшері 40770 м3/ жылына.

Қалған өзендердің барлығы, кішігірім, ұзындығы 10 км-ден аспайды. Олардың арнасында жазғытұрым су ағымы болмайды. Су үзілім-үзілім плестерде ғана болуы мүмкін. (Плес-өзен-көлдердің біркелкі терең бөлігі, қара су). Ақмола облысының аумағында жалпы саны 140 ірі көлдер бар. Аумағы 1 км астам көлдер де кездеседі. Олар барлық көлдердің 85% құрайды.

Облыстағы ең үлкен көл – Теңіз. Аумағы-1590 км2. Суы ащы. Келесі үлкен көлдер қатарында Қорғалжын көлі тұр. Аумағы 330 шақ. суы тұшқылтым (ащылау). Жазықта орналасқан көлдердің негізі тайыз, тереңдігі 1-1,5 м аралығында болып келеді. Өзендер табаны жазықтығына байланысты, жаздың суы буланып, атмосфераға ұшып кетеді. Соның салдарынан, кішкене көлдердің басым көпшілігінің сулары одан әрі тайыздалып, аумақтары кішірейіп қалады. Үлкен көлдердің суы үзілім-үзілім плестер түрінде ғана сақталып қалады. Қалған ірі көлдердің қысқаша сипаттамасы мынадай:

Алтайсор. Бөгенбай ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 11 км-дей жерде орналасқан. Су жинайтын аумағы 1310 км2. Судың негізгі құрамында хлоридтер, натрий лайы басым. Су өте кермек. Шаруашылыққа қолдануға да жарамайды. Орташа аумағы 7,6. Жыл сайын 5,47 млн. куб (м3/ жылына) қар суы көлді толтырады. Бірақ бұл судың басым көпшілігі жаздың ыстық уақыттарында буланып атмосфераға кетеді. Булан деңгейі ыстық-құрғақ жылдарда 95-100% дейін жетіп, көл кеуіп қалады. Суы ластану индексі бойынша «ластанған суларға» жатады (4 класс).

Атансор. Облыстың оңтүстік шығыс жағында орналасқан, су жинайтын аумағы 1160 км2, су бетінің аумағы 20,0 км2. Судың химиялық құрамында натрий ионы басым, хлоридтер бар. Ластану индексі бойынша, «орташа ластанған», 3 класқа жатады.

Жүкей көлі. Шортан (г.Щучинск) қалсының оңтүстік-шығысында орналасқан. Су жинайтын аумағы – 160 км2, аумағы – 15 км2. Суы химиялық құрамы жағынан гидрокарбонатты – хлорлы натрийлі-магнийлі сулардың қатарына жатады. Минералды 2,3-2,5 г/кг (ақшылтым). Судың кермектігі 14-17 мг, ластану индексі бойынша, «ластанған», 3 класқа жатады.

Айнакөл (Б.Чебачье)- суының аумағы 22 км2, химиялық құрамы гидрокарбонатты – натрийлі – магнийлі болып келеді. Көл суы ластану нидексі бойынша «орташа ластанған» деп бағаланады.

Шортан көлі (Щучье) – су жинайтын аумағы 64,4 км2 , бетінің көлемі 18 км2 , химиялық құрамы бойынша гидрокарбонатты – натрийлі.

Шортан көлі ластану индексі бойынша «орташа ластанған» су қоймасына жатады.

Зеренді көлі. Су жинайтын аумағы 97,7 км2 , суының аумағы 11,0 км2 . Химиялық құрамы бойынша гидрокарбонатты – натрийлі. Ластану индексі бойынша «орташа ластанған» сулардың қатарында, 3-класты су қоймасы.

Қопа көлі. Жалпы су жинайтын аумағы 3860 км2, су бетінің аумағы 13 км2. Суының химиялық құрамы гидрокарбонатты – хлоридті – натрийлі. Минералдануы 300-700 мг/л. Ластану индексі бойынша Қопа көлі суы «лас», 5 класты су қоймасына жатады.

Әулекөл (Бурабай көлі). Су жинайтын аумағы 164 км2, су беті аумағы – 10 км2. Химиялық құрамы гидрокарбонатты-кальцийлі. Минералдылығы 100-150 мг/л, кермектігі-1,0-1,5 (өте жұмсақ). Ластану индексі бойынша Аулекөл суы «орташа ластанған», 3-класты су қоймасы.

Қатаркөл. Су жинайтын жалпы аумағы 29,9 км2 , су беті аумағы – 4,5 км2. Химиялық құрамы жағынан көл суы гидрокарбонатты – натрийлі. Суы кермектігі бойынша орташа кермек сулардың қатарында – 3,8 мг/9. Ластану индексі бойынша Қатаркөл суы «өте ластанған» сулардың қатарында, 6-класты су қоймасы.

Майбалық көлі – су жинайтын аумағы 5,8 км2 , су беті аумағы-1 км2. Көл суы тұзды. Ластану индексі бойынша «өте лас», 6-класты су қоймасына жатады.

Есіл, Нұра, Шағалалы өзендерін және олардың тармақтарының суын ластаушы негізгі фактор-жақын орналасқан елді мекендердің қар еріген, қатты жауын жауған уақыттарда сай-саламен ағып құйылатын күл-қоқысының шайынды сулары. Одан кейінгі үлкен бір топ ластаушылар-өндіріс орындары. Мысалы, АО «Химпром» - ның лас сулары Нұра өзенінің суын іске жарамсыз етіп отыр.

Ал облыс көлдерін ластаушылар да сол елді мекендердің күлқоқыстары, жақын орналасқан өндіріс орындарының сарқынды сулары, жаратылған жерлерден аққан органикалық заттар, топырақ.Су ресурстары проблемалары Қазақстанның барлық аймақтарына тән. Дүниежүзінің барлық елдерінде су сапасына мемлекет органдары, бұқаралық ұйымдар, ақпарат құралдары өте жоғары ден қояды. Көп мемлекеттер, елді мекендер судың сапасыздығынан зардап шегіп отыр. Егер су қорларына зиян келтіріп отырған адам екенін толық түсінсек, XXI ғасыр су тазалау ғасырына айналады. Алдын-ала тексеріп-зерттеп, соның нәтижесіне сүйеніп жұмыс жүргізіледі.

Мелиоративтік басты шараларға төмендегі жұмыстар жатады:

  • әрбір облыстың биоклиматтық мүмкіндігін толық пайдаланып, тұрақты өнім алу;

  • тыңайтқыштар мен пестицидтерді қолдағанда олардың жаңбыр суымен су қоймаларына (өзен - көл т.б.) ағып түспеуін қадағалау;

  • жер суару жұмысында су шығыны мөлшерін азайту;

  • топырақты ылғалдандырудың жаңа технологиясын қолдану;

  • су қоймаларын тиімді және ұтымды пайдаланып ондағы судың сапасын төмендетпей ұстау;

  • табиғаттың көркем алқаптарын, ағаш-ормандарын қорғау;

  • топырақты келесі ұрпаққа сақтау үшін рекультивация жиі жасап отыру;

  • өзен - көлдердің ластанудан қорғау мәселесін өте жоғары дәрежеде ұстау.

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Қоғамның дамуы қандай экологиялық мәселенің пайда болуына алып келеді?

  2. Қазіргі таңда қоршаған ортаны ластауымен күресудің негізгі үш жолы бар, атап шығыңыз.

  3. Экологиялық таза технологияға сай әртүрлі өнім өндіргенде қандай жағдайларға көңіл бөлген жөн?

  4. Мелиоративтік басты шаралар қандай?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]