Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
su__1179_or_1171_au_zhana114111111.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.01 Mб
Скачать

2 Тақырып: іле-балқаш бассейнінің жағдайы

Мақсаты: Іле-Балқаш бассейнінің жағдайын анықтау.

Тапсырма: Іле-Балқаш бассейінінің қазіргі жағдайын анықтай отырып, бассейннің тұрақты дамуының негізгі бағыттарын қарастыру.

Жалпы сипаттама. Бұл сабақта еліміздің бір үлкен су бассейнінің тұрақты даму тұжырымдамасына сараптама жасасақ, басқа бассейіндердің проблемалары оған ұқсас екендігіне көзіміз жетеді.

Орталық Азия аумақтық экологиялық Орталғының бір форумына еліміздің Президенті Н.А.Назарбаевтың жолдау хатында былай делінген. «Форумның ұсыныстары біздің су ресурстарын басқару жүйелеріне тек Балқаш өңірінің үлгісін алып отырғаны Қазақстанға ғана емес, басқа елдерге де өз пайдасын әкеледі»

Іле-Балқаш бассейні (IББ) ғаламшарымыздың ең үлкен және күрделі көлдер экожүйесіне жатады. Бұл бассейн ерекше табиғи комплекс. Аумағы бойынша бірнеше мемлекеттің жеріне тең бассейн Қазақстан аумағының 13% алып жатыр. Бұл табиғи-экономикалық комплекспен: энергетика, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, коммуналдық, әлеуметтік және геосаяси сұрақтар тығыз байланысқан, бір түйінге түйілген.

2000 жылдың қараша айында «Балхаш-2000» атты халықаралық форум өтті. Форум бассейн аумағындағы экологиялық дағдарыстың келесі бағыттары белгіленіп, анықталды. Олар:

1. Бассейннің деградацияға (кері кету, құлдилау) ұшырай бастағаны;

2. Жер қорының шөл және шөлейтке айналып бара жатқаны (процессы опустынивания);

3. Ауыз су проблемасының туындағаны;

4. Қоршаған ортаны, су ресурстарын өндірістік ластаудың өршігені;

5. Сумаралы жер массивтерінің айналымынан шығып қалуы;

6. Егістік өнімділігінің азаюы;

7. Мал суаратын, мал жайылып орындарының кемуі;

8. Гидроэнергетика дамуының тоқтатылуы

9. Балық өсіру өндірісінің баялауы;

10. Бассейннің рекреациялық мүмкіндігіне қарамай, түризмнің нашар дамуы.

Бассейннің ішкі проблемаларымен қатар, сыртқы факторлардың да оның дамуына кедергі болуы мүмкін. Мәселен:

1. Қытай Халық республикасы су жинайтын бассейннің аумағында (водосборная часть бассейна) шаруашылыққа су алудың артуы;

2. Ауа райы өгеруінің кері әсері

Форум IББ бассейнінің тұрақты дамуына бағытталған Бағдарлама дайындауды ұсынды.

Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің тапсырысымен Орта Азия аумақтық экологиялық Орталықтың дайындаған Бағдарламасы IББ-ның тұрақты дамуына арналған бірінші кезенді жұмыстарға негіз болып есептеледі.

Тұрақты даму дегеніміз – қоғамның барлық қажеттілігін қамтамасыз ете отырып, қоршаған ортаға және келесі ұрпаққа залал тигізбей даму болып табылады.

IББ-ның тұрақты даму Концепциясында (тұжырымдамасында, халықаралық және экожүйелік тәжірибеге сүйене отырып, IББ-нің басты проблемаларына сараптама жасалған).

  1. Іле – Балқаш бассейнінің осы күнгі жағдайы

Іле – Балқаш бассейні Қазақстанның Оңтүстік Шығыс бөлігін және Қытай елінің үлкен аумағын алып жатыр. Барлық көлемі 413 мың текше метр, оның ішінде Қазақстан жерінде – 353 мың текше шақырым.

Іле – Балқаш бассейнінің Қазақстандық бөлігіне Алматы облысының аумағы, Жамбыл облысының Мойынқұм, Ақтоғай, Шет аудандарының жерлері және Қарағанды облысының Балқаш, Приозерск қалаларының аумағы Қарқаралы ауданының аумағы, Шығыс-Қазақстан облысының Ұржар, Аягөз, Абай аудандарының жерлері кіреді. Қытай жағынан – Синцзян – Ұйғыр автономиялық районының батыс өңірі жатады. Бассейн аймағында ең үлкен мегаполис – Алматы қаласы орналасқан.

XX ғасырдың аяғында бассейн аумағында 3 миллион 290 мыңнан астам халық тұрған. Қазір Қытай Республикасының Синцзян-Ұйғыр автономиялық районының экономикасын көтеруге бұл өлкеге Қытай халқы ағылуда. Болашақта халық саны 6-7 миллионға жетуі мүмкін.

Бассейннің мүмкіндіктері мен проблемалары

А. Су ресурстары. Су ресурстары- IББ тіршілігінің негізі болып саналады. Өлке жер үсті және жер асты суларына бай.

Бассейнде 45 мыңдай үлкенді-кішілі өзендер, сай-салалар бар, барлығының ұзындығы қоссаң 118 мың шықырым жетеді. Өзендер ішіндегі ең үлкен Іле. Барлық су жинайтын аумақтың (водосборная площадь) 75% алып жатыр. Балқаш көліне құйылар жерінде аумағы 8 мың. км2 атырау (дельта) түзейді. Бұл атырау өзен сумен тығыз гидравликалық байланыста болағндықтан, құрғақшылық жылдары өзінің артық сумен Балқаш көлін толтырады. Үлкен өзендердің атыраулары жабайы жан-жануарларға бай және жақсы мал жайылымы, шабындық. Бассейндік аумағында 24 мың көлдер мен қолдан жасалған су қоймалары бар. Балқаш көлі көлемі, суының мөлшері бойынша, Каспий, Арал теңіздерінен кейін үшінші орында. Ұзынынан созылып жатқан көлдің табаны Батыс және Шығыс бөлігі болып екіге бөлінеді. Көлдің батыс бөлігінің суы тұздылау, ал шығыс жағындағы су – ащы. Бұл бассейнді шаруашылыққа игеру үшін Іле өзенінің бойынан Қапшағай су қоймасы (жалпы сыйымдылығы 28 текше шақ.), Шілік (Чилик) өзенінің бойынан Барторғай су қоймасы салынды (3200 млн м3). Ақдала массивінде аумағы 31,7 мың га, су алу мөлшері 1,3 текше шақ. Күріш өсіру суармалы алаңы жасалды.

Бассейн суы балансына болжам (прогноз) жасағанда трансшекаралық жағдайларды ескеріп отырған жөн. Мысалы, 2000 жылы Іле өзенінің жалпы ағымының (19,6 км3) – Қазақстан аумағында тек 4,48 км3 қалыптасты. Ал Қытайда -15,09 км3. Сондықтан Қытайдың Іле өзенінен шаруашылығына көптеп су алуы IББ-нің жалпы балансына ықпал етуі ықтимал. Бұл жағдай Балқаш көлінің, өзіне де өз залалын тигізуі мүмкін.

Іле-Балқаш бассейні жерасты қорына өте бай. Болжамды қоры – 17,5 км3. Бірақ, Бұл сулар әрі игерілген жоқ, ал келешегі мол. Балқаш көлінің табиғи режимінің бұзылуы XX- ғасырдың аяғында басталады. Мысалы, 1991 жылы су қолдану екі есе өсіп, 7,51 км3 дейін жетті. Осының салдарынан Балқаш көліне су құйылу азаяып, деңгейі күрт төмендеді. Көлдің аумағы 21,4 мың км2 (1961 жыл) 17,07 мың км2-ге (1999 жылы) кішірейді. Оған себеп – бассейн су балансының кілті көрші Қытай елінің қолында болып отыр. Қытай азаматтарының Синцзян – Ұйғыр ауданына жаппай көшірілуімен байланысты. Солтүстік Қытайдың экономикасы дамиды. Оған мол су керек. Ол суды Іле, Қара Ертіс және басқа да трансшекаралық су көздерінен алайын деп отыр. Қазір Қазақстан - Қытай жұмыс тобы осы су ресурстарын бірге, әділ, тұрақты, ұтымды пайдаланудың жолдарын іздестіруде.

Б. Минералдық шикізат ресурстары.

Бассейн минералдық ресурстарға да өте бай. Оның аумағына түрлі-түрлі сирек және асыл металдардың кен орындары ашылған. Олардың ішінде ең үлкендері Қоңырат, Саяқ, Борлы, Ақбай, Кеңгір кен орындары. Бассейнде құрылыс материалдары да жеткілікті (цемент, құм, балшық, тас, мрамор т.б.). Осыған қарамай, бұларды игеру барысында экологиялық талаптарды бұзушылық та жетіп жатады.

Бассейн биоәртүрлілігімен де өте бай. Бұл аумақта сүт пен қоректенетіндердің 50- ден астам түрлері бар. Су қоймаларында 20-дан астам балықтың түрлері тіршілік етеді. Авиафаунаның 269 түрі бар. Өсімдіктер әлемі де кедей емес бұл байлыққа түзу қарамағандықтан (пестицидтер қолдану, өрт шалу, мал жайылымын таптау) әртүрлілік көрне-көзге жылдан-жылға кедейлене түсуде.

Бассейндегі өндірістің негізін мыс өндірісі, полиметал рудаларын игеру құрайды. Осылардың сүйеніші Балқаш тау-кен комбинаты (Қазақмыс), Текелі қорғасын – цинк комбинаты жұмыс істейді. Олардан басқа, Қапшағайда фарфор заводы, Бурындай мен Жансүгіровте қант зауыттары бар. Алматы қаласында көптеген өндіріс салалары дамыған. IББ-ның геосаяси орналасуы оңтайлы. Ертеде бассейн арқылы «Жібек жолы» өткен, қазір Түркістан-Сібір темір жол торабы өтеді. Бұл жол торабы Қазақстанды Орта Азия мемлекеттерімен, Ресеймен, Қытаймен байланыстырады.

Бассейннің тұрақты дамуының негізгі бағыттары:

  1. Балқаш көлінің гидрологиялық режимін бұзбай, сақтап қалу;

  2. Энергетика, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп салаларының дамуы экологиялық талаптарға сай, тепе-теңдікті бұзбайтын жағдайда өтуін қамтамасыз ету;

  3. Адам мүмкіншіліктерін күннен-күнге арттыру, мәдени құндылықтарды байыту, халық рухын көтеру және денсаулығын сақтау арқылы жетістіктерге жету;

  4. Трансшекаралық су пайдалану мәселелерін дұрыс шешу;

  5. Іле өзені атырауының (дельта) экожүйесін сақтау және қалпына келтіру;

  6. Қосымша қолдануға жарамды су ресурстарын іздеу. Мысалы, жер суаруға кішкене өзен-көлдердің суларын тарту;

  7. Ластанған жерүсті суларын тазартып, табиғи жағдайларына келтіру;

  8. Бассейн бойының экономикасын тұрақты дамыту. Арзан электр-қуатын, экологиялық таза азық-түлік өндіру, биязы жүнді қой шаруашылығын дамыту, экотуризмді дамыту т.б.

  9. Адамның мүмкіншілігін ұлғайту. (Денсаулық, мәдениет, білім-ғылым, жастар тәрбиелеу т.б.)

  10. Бассейндік басқаруға көшу. Әлем тәжірибесі осы бағытты ең қолайлы деп тауып отыр. Америка Құрама Штатында, Тенесси өзенінің бассейінін 70 жылдай бір корпорация басқарып келеді. Бассейін 7 штаттың жерін алып жатыр. Корпорация мемлекеттік болып саналады, 40 мыңдай адам жұмыс істейді. Қазір бассейінде шаруашылық жақсы дамыған. Барлық ауылды жерлер электр қуатымен қамтылған.

IББ-нің жағдайы Тенесси бассейініне ұқсас. Бассейін әкімшілігінің қолында бассейін бойының бүкіл экономикасы шоғырландырылған. Қазір бізде IББ-ні басқару үшін «Іле – Балқаш бассейні» деген Агентство құрылды. Агентство ауыл орман, су шаруашылықтарын, туризмді басқаруға, барлық жұмысты өзі жобалап, өзі іске асыруға тиісті. Дамыған сайын бұл Агентствоға электр қуатын өндіру, ауыл шаруашылығын сумен қамтамасыз ету, мониторинг жүргізу, су тасқындарымен күресу, рекреациялық бағдарлама жүргізу, балық шаруашылығын дамыту, жер ресурстарын игеру, жол салу бассейн аумағындағы басқа да жұмыстарды басқару міндеттерін жүзеге асыруға тиісті.

IББ-ні дамыту бағдарламасында ғылым мен техниканы қамтамасыз ету жұмысына баса көңіл бөлінген. Жобалаушы ғылыми-техникалық Кеңес жұмысқа кірісіп жатыр, оған аты шулы ғалымдар, эксперттер тартылған.

Осы кеңестің басқаруымен төмендегідей ғылыми жұмыстар атқарылмақ:

1. Бассейннің барлық ресурстарын бағалау, табиғи, экономикалық және әлеуметтік қорларын зерттеу;

2. Бассейннің экологиялық сыйымдылығын бағалау. Шаруашылық даму барысында табиғатқа күш салмауды қадағалау;

3. Халықтың өндірістік мұқтаждығын бағалау. (Бассейннің даму бағытын анықтау үшін).

4. Бүкіл IББ-ға арналған үлгі-модельдерге қайтадан сараптама жасау;

5. Жер үсті сулары қалыптасатын аймақтарда зерттеу жұмысын жүргізу. (IББ-дағы су ресурстарын бағалау үшін)

6. IББ-дегі сарқынды суларға баға беріп, оның құрамын, сапасын мөлшерін анықтау;

7. Ақпарат алмасу, насихаттау, кадрлар оқыту, қайта дайындау жұмыстарын жүргізу бағдарламасын дайындау;

8. IББ-гі дамыту бағдарламасы Қазақстанның тұрақты даму Бағдарламасымен тығыз байланысты болуы шарт. Мысалы, «Қазақстан дамуының 2030 ж» арналған стратегиясы, «Экология және табиғат ресурстары», «Қоршаған орта және тұрақты даму», «Экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы» сияқты Қазақстанның стратегиялық бағыттарымен жалғасып жатуы міндет. Осы IББ бассейінінің сараптамасын басқа су бассейіндеріне қолданып, сараптама жасауға болады.

Қайталауға арналған сұрақтар:

  1. 2000 жылдың қараша айында «Балхаш-2000» атты халықаралық форумда қандай шаралар қарастырылды?

  2. Іле-Балқаш бассейінінің минералдық ресурстарын атаңыз?

  3. Бассейннің тұрақты дамуының негізгі бағыттары?

  4. Бассейннің дамуына кедергі болатын шаралар?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]