Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
su__1179_or_1171_au_zhana114111111.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.01 Mб
Скачать

Сурет Су ресурстарын ұлттық деңгейде басқару

Су ресурстарын қоғамдық ұйымдардың қатысуымен басқару

Қазіргі кезде Қазақстанда 400-ге таяу табиғат қорғаушы қоғамдық ұйымдар бар. Олардың жартысынан астамы су ресурстары проблемаларын шешу жолында отандық, халықаралық семинарлар мен конференцияларда қатысып, өзен-көлдер жағалауларында экотур жүргізіп, өзендер арналарын тазалаумен айналысып, оқушылармен студенттердің экологиялық білімін арттыруда ақпарат құралдарын пайдаланып, қыруар жұмыстар атқаруда. Олар мемлекеттік құрылымдармен бірлесіп жұмыс атқаруды көздейді. Мысалы, Балқаш көлінің экологиялық жағдайы нашарлауына байланысты «Табиғат» мемлекеттік емес мекемесі 2004 жылы халықаралық экологиялық форум өткізуге мұрындық болды. МЕМ-дердің ең кең тараған әрекеті су қоймаларын, өзен-көл жағалауын қоқым-сиқымдардан тазарту.

Сонымен су ресурстарын басқару аса күрделі және маңызы зор жұмыс екені дәлелденді

Су қорларының тепе – теңдігін қарастырайық:

Су қорларын басқару неге керек?

Су ресурстарын қолдану және қорғау проблемаларына

арналған халықаралық және ұлттық заңнамалар

Экологиялық заңнамалардың түбі әуелде су ресурстарын қорғайтын заңдар шығарудан басталған екен. Ең алғашқы, өзендерді дұрыс пайдалану жөнінде Заң 1388 Англияда қабылданған. (Өнеркәсібінің күрт дамуына байланысты өзен-көлдердің ластануын бірінші болып байқаған Англия болыпты).

Су ресурстарын тиімді пайдалану және ластанудан қорғау проблемалары тек халықаралық ынтымақтастықтың күшімен шешілетін мәселе екенін өткен тақырыптарда айтқанбыз. Осы проблеманы шешу үшін халықаралық деңгейде көптеген Заңдар қабылданды. Соның ішінде:

  • 1964 жылы теңіздерді ластаудан қорғау жөнінде халықаралық келісім жасалды.

  • 1972 жылы теңіздерге улы заттар тастамау мәселесін реттеу туралы халықаралық келісімге қол қойылды.

Су ресурстарын қорғау тақырыбына Европа мен АҚШ-та ХIX-XX ғасырлар ішінде бірнеше заң қабылданған. Мысалы, 1974 Америкада «Ауыз су қауіпсіздігі» туралы Заң қабылданып, 1986 бұл заңға қосымшалар кіргізіп, толықтырылып қайта қабылданды.

Су ресурстарын тиімді пайдалану, оны ластанудан қорғау проблемалары Қазақстан Республикасының арнаулы заңдарында қарастырылған. Кеңес үкіметі кезінде, су ресурстарын қолдану мен қорғау мәселелері 1970 жылы жарияланған «Кеңес Одағының және одақтық республикалардың заңнамаларының негізі», 1972 жылы жарияланған Қазақ Республикасының «Су Кодексі» арқылы шешіліп отырылған.

Егемендік алғаннан кейін, 1993 жылы Қазақстан Республикасының «Су кодексі» қабылданды. Бұл заңның біраз баптары нарықтық қатынасқа сәйкес келмегендіктен, 2003 жылы шілде айында жаңа «Су кодексі» қабылданды. Оған 2004 және 2006 жылдары өзгертулер енгізілді. Қазіргі Су Кодексі 12 бөлімнен, 32 тараудан, 146 баптан тұрады.

Бұл құжаттың негізіне су ресурстарын пайдаланудың еркін және әділ халықаралық принциптері қаланған. Ауыз суға приоритет ретінде басты көңіл бөлінген. Су Кодексі бойынша жер асты, жер үсті суларын пайдалануға беру мәселесі, су ресурстары комитетінің құзырына берілді. Бұрын жер асты суларын пайдалануға рұқсат беретін Геология комитеті болатын. Су ресурстарын басқару бір жүйеге қойылып, бұдан былай мемлекеттік органдар бірінің ісін бірі қайталауы азайды. ҚР-ның су заңдары мынадай принциптерге негізделген.

1 Халықтық өмірі мен қызметінің негізі болып табылатын су көздерінің мемлекеттік маңызын мойындау;

2 Халықтың су ресурстарын әділ және тең пайдалануына құқық беруі;

3 Су объектілерін қорғай отырып пайдалану;

4 Арнайы су пайдаланудың ақылылығы;

5 Су заңдарын бұзудан келтірілген залалды өтеу;

6 Су қорын пайдалану мен қорғау жөніндегі міндеттерді шешудегі жариялылық.

Су Кодексі боынша, су көздері, су шаруашылығы құрылыстары және су қорының жерлері су қатынастарының объектілері болып табылады. Ол:

  1. Жер үсті сулары;

  2. Жер асты сулары

  3. Теңіз сулары;

  4. Трансшекаралық сулар болып бөлінеді.

Пайдалану түрлеріне қарай су көздері:

  1. Ортақ пайдаланудағы

  2. Оқшау пайдаланудағы

  3. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың су көздері;

  4. Ерекше мемлекеттік маңызы бар су объектілері болып бөлінеді.

Су объектілерін пайдалану құқығын тұтынушы облыстардың жергілікті атқарушы органдары мен су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілеттік мемлекеттік органдардың келісімі бойынша ала алады.

Жеке және заңды тұлғаларға су объектілері төмендегі мерзімдерге беріледі:

1. Қысқа мерзімді пайдалануға (бес жылға дейін), ұзақ мерзімге (бес жылдан қырық тоғыз жылға дейін) берілуі мүмкін.

Жер үсті және жер астуралыты суларын мемлекеттік есепке алу, мемлекеттік мониторингі арқылы іске асырылады. Су кадастры – су көздерінің жай-күйі мен пайдаланылуы туралы, олардың қоры туралы,су пайдаланушылар туралы жүйелендірілген ресми деректер жиынтығы. Су кадастрына енгізілген су көзінің паспорты болады.

Су ресурстарын пайдалану: ортақ, арнайы, оқшау, бірлескен, бастапқы, қайталама, тұрақты және уақытша болып та бөлінеді.

  1. Ортақ су пайдалану –халықтың мұқтаждығын қанағаттандыру үшін су көздерін жеке немесе заңды тұлғаларға бекітіп берілмей және судың жәй – күйіне әсер ететін құрылыстар немесе техникалық құрылғылар қолданылмай жүзеге асырылады. Ортақ су пайдалануды жүзеге асыру үшін арнайы рұқсат талап етілмейді.

  2. Оқшау су пайдалану – су объектілерін немесе олардың бір бөлігін жеке адамға, не заңды тұлғаға пайдалануға бергенде туындайды.

  3. Бірлесіп су пайдалану – су көзін немесе оның бір бөлігін бірнеше жеке немесе оның бір бөлігін бірнеше жеке немесе заңды тұлғаларға тұтынуға берген кезде туындайды.

Мемлекеттік су шаруашылығы органдарын ҚР- ың Үкіметі төмендегі жұмыстарды орындау мақсатында құрады.

  1. Су көздерінің мемлееттік мониторингін жүргізу;

  2. Мемлекеттік су кадастрын жасау;

  3. Су объектілерінің жай – күйін бақылау, әдістемесін әзірлеу және жетілдіру;

  4. Су пайдалану техникасын әзірлеу мен жетілдіру және экономиканың әртүрлі салаларындағы оның тиімділігін арттыру;

  5. Су шаруашылығы нормативтерін әзірлеу;

  6. Республикалық меншіктегі су шаруашылығы объектілері мен құрылыстарын ұстау және пайдалану;

  7. Республикалық меншіктегі (трансшекаралық, мемлекетаралық, облысаралық) су көздерінің және су шаруашылығы құрылыстары су пайдаланушыларға суды уақытылы және үздіксіз беруді қамтамасыз ету;

  8. Мемлекетаралық су көздерін жөндеуге шектес мемлекеттермен келісіп, үлес қосып қатысу.

Су Кодексінде су көздері мен құрылыстарын сауықтыру және рекреациялық мақсаттарына, ауыл шаруашылығы мұқтаждығына өнеркәсіп пен энергетикада пайдалану мақсаттарын жүзеге асыру баптары қарастырылған. Су кодексінің 7- бөлімінде су көздерін қорғау мен лас судың зиянды әсеріне қарсы күреске арнайы баптар келтірілген. Зиянды, химиялық уытты заттардан және олардың қоспаларынан табиғи және техногендік ластанудан, жылулық, бактериялық, радиациялық және басқа ластану көздерінен қорғау баптары қарастырылған. Су көздерінің қатты, ерімейтін заттармен, өндірістік, тұрмыстық және өзге текті қалдықтармен қоқыстануын болдырмау жолдары көрсетілген. Су көздерін сарқылудан қорғау бабында «сарқылу» терминіне анықтама берілген: «Суды» «сарқылуды» - деп өзен – көл суларының ең аз деңгейге жетуін немесе жер асты сулары қорының кемуін айтады. Кодекстің 9- бөлімінде су қорын пайдалану мен қорғауды реттеудің экономикалық тетігі ретінде су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы экономикалық реттеудің түрлері көрсетілген.

  1. Су пайдаланушылардан Қазақстан Республикасының салық заңдарында көзделген төлемдер мен алымдарды алу;

  2. Су көздерін ұтымды пайдалану мен қорғаудың бекітілген бағдарламаларын әзірлеу және қаржыландыру мәселелерін шешу.

Ең бастысы: Қазақстан Республикасында ортақ су пайдалану тегін, ал арнайы су пайдалану салық заңдарына сәйкес ақылы негізінде жүзеге асырылады.

Табиғи қорларды, оның ішінде су ресурстарын, дұрыс меңгеру еліміздің тұрақты даму процесіне мүмкіндік керек. Ол төмендегі принциптерге негізделген.

Бірінші – алдын алу, болдырмау принципі – экологиялық болжаудың, сараптаудың нәтижесіне және қоршаған орта сапасының мониторингісінің мәліметтеріне сүйеніп, зиянды факторлардың қоршаған ортаға жасайтын ықпалын болдырмау.

Екінші принцип – айыпты күн төлейді. Табиғат қолданып, оны ластаушы мекеме, жеке тұлға табиғи ресурстарды ластамай, сарықпай бір қалыпта ұстап тұруға жұмсалатын шығын мен және жасалған шығынның құнын орнына келтіруге міндетті.

Үшінші принцип – шығынды азайту. Қазіргі кезде «шығын тиімділігі» сараптамасы әр жұмыстың басында, ортасында, аяғында жүргізіліп отыруы шарт. Жекеменшік иелерін бұл іске тарту принципі бойынша, жеке меншік секторының экологияны инвестициялауға араласу механизмі қарастырылған. Қоршаған ортаның сапасын көтеруге олардың өз үлестерін қосуы рыноктық экономиканың дамуына негіз болуға тиіс.

Төртінші принцип – табиғат қорғау шаралары - әр уақытта қоғам қолдауына сүйене отырып орындалуы шарт – Су ресурстарын экономикалық жағдайын көтеру үшін ақылы су қолдану принципі келешекте бұл саланың дамуына мүмкіншілік береді. Түбінде су шаруашылығының барлық көздері, су құрылыстары өзін- өзі қаржыландыру деңгейіне жетулері керек.

Сонымен, Қазақстанның су ресурстары заңнамалары (законодательство) Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Қоршаған ортаны қорғау » Заңына, «Қазақстан Республикасының 2004 – 2005 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздік Тұжырымдамасына» және халықаралық табиғат қорғау заңнамларының негізінде дайындалып, іске асырылып отыр.

Қайталауға арналған сұрақтар:

  1. Су қорлары таралуына байланысты қалай жіктеледі?

  2. Жер асты суларына қандай сулар жатады?

  3. Бөгендер деген не және олардың өзен мен көлдерден айырмашылығын атаңыз?

  4. Жер беті бойынша тұщы судың қоры қандай?

  5. Судың физикалық химиялық қасиеттеріне сипаттама беріңіз?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]