- •050608 - Экология мамандығының студенттеріне
- •Пән бағдарламасы (силлабус)
- •3. Курстың пререквизиттері
- •4. Курстың постреквизиттері
- •5. Курстың қысқаша мазмұны
- •6. Курстың мазмұны
- •7. «Су қорларын қорғау» пәні бойынша сөж тапсырмаларын
- •8. Әдебиеттер тізімі
- •Қосымша әдебиеттер
- •Дәрістер курсы
- •1 Су қорларын қорғау пәнінің мақсаттары мен міндеттері
- •2 Қазақстанның су қорлары және оларға сипаттама
- •2 Кесте - Су ресурстарын қолданудың орташа көрсеткіші, %
- •3. Оңтүстік аймақ: Сырдария, Талас, Шу өзендерінің бассейні.
- •Сөж тапсырмасы Су қорларын рекреациялық мақсатына қолдану.
- •3 Су қорларының сапалық және сандық өзгерістері
- •2 Ластағыш заттардың түрлері мен шығарылуы.
- •Сурет 1- Ағызынды суларды тазарту сызбасы
- •4 Балық шаруашылығы және тұрмыс- шаруашылығына арналған су қорлары
- •5 Беттік суды ластанудан қорғау шаралары
- •6 Жерүсті су сапасының мониторингісі
- •3. Байқау пункттерінде створлардың орнын белгілеу
- •7 Қалыптасудың гидрологиялық факторлары және беттік судың сапасын бағалау әдістері
- •Практикалық-зертханалық сабақтар
- •1 Тақырып: су қорларына жалпы сипаттама. Басқарудың негізгі принциптері
- •Сурет Су ресурстарын ұлттық деңгейде басқару
- •Су қорларын басқару неге керек?
- •2 Тақырып: іле-балқаш бассейнінің жағдайы
- •3 Тақырып: жер беті суларын қорғау шаралары
- •4 Тақырып: әр түрлі су қолдану орындарынан шығатын сарқынды сулардың мөлшерін есептеу
- •1 Кесте. Әртүрлі өндіріс салаларының су пайдалану нормалары
- •2 Кесте. Әр өндірісте душ (жаңбыр су) қолданылатын жұмыстардың пайыздық есебі.
- •5 Тақырып: сарқынды сулардағы ластаушы заттардың шоғырлануы
- •2. Тұрмыстық сарқынды сулардағы қалқып жүрген заттардың шоғырлануын анықтау
- •6 Практикалық жұмыс: жалпы сарқынды сулардың канализациялық жүйесі
- •7 Тәжірибелік жұмыс: сарқынды сулардың су
- •8 Тақырып: сулардың лабораториялық анализ үлгісін алу және оларды консервациялау
- •9 Тәжірибелік сабақ: судың температурасын және сутегі көрсеткішін анықтау
- •10 Тәжірибелік сабақ: табиғи суда қалқып жүрген
- •11 Тәжірибелік жұмыс: құрғақ қалдықты гравиметриялық әдіспен анықтау
- •12 Тақырып: иодомерлік титрлеу арқылы судың перманганаттық тотығуын анықтау
- •13 Тақырып: судағы оттегінің қажеттілігін анықтау
- •14 Тақырып: табиғи сулардың уақытша кермектілігінің мөлшерін анықтау
- •Кермектігіне қарай, судың сапалық сипаттамасы
- •15 Тақырып: суды тұссыздандыру және тұщыландыру
- •12.2 Суды тұзсыздандырудың және тұщылаудың ион алмасу әдісі
- •12.3 Суды тұщыландырудың электродиализ әдісі
- •Қарастырылатын сұрақтар:
- •Рефераттық жұмыс және баяндамалар тақырыптары:
- •Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
- •Қарастырылатын сұрақтар:
- •Рефераттық жұмыс және баяндамалар тақырыптары:
- •Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
- •Қарастырылатын сұрақтар:
- •Рефераттық жұмыс және баяндамалар тақырыптары:
- •Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
- •Қарастырылатын сұрақтар:
- •Рефераттық жұмыс және баяндамалар тақырыптары:
- •Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
- •Қарастырылатын сұрақтар:
- •Рефераттық жұмыс және баяндамалар тақырыптары:
- •Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
- •Қарастырылатын сұрақтар:
- •Рефераттық жұмыс және баяндамалар тақырыптары:
- •Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
- •Қарастырылатын сұрақтар:
- •Рефераттық жұмыс және баяндамалар тақырыптары:
- •Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
- •Қарастырылатын сұрақтар:
- •Рефераттық жұмыс және баяндамалар тақырыптары:
- •Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
- •Қарастырылатын сұрақтар:
- •Рефераттық жұмыс және баяндамалар тақырыптары:
- •Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
- •Қарастырылатын сұрақтар:
- •Рефераттық жұмыс және баяндамалар тақырыптары:
- •Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
- •Қарастырылатын сұрақтар:
- •Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
- •Қарастырылатын сұрақтар:
- •Рефераттық жұмыс және баяндамалар тақырыптары:
- •Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
- •Қарастырылатын сұрақтар:
- •Рефераттық жұмыс және баяндамалар тақырыптары:
- •Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
- •Қарастырылатын сұрақтар:
- •Рефераттық жұмыс және баяндамалар тақырыптары:
- •Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
- •Қорытынды бақылау сұрақтары
- •Глоссарий
- •Мазмұны
Практикалық-зертханалық сабақтар
1 Тақырып: су қорларына жалпы сипаттама. Басқарудың негізгі принциптері
Мақсаты: Жер бетіндегі судың типтерін анықтау. Басқарудың принциптерін анықтау
Тапсырма: Қазақстандағы барлық су қорларына сипаттама беру. Басқарудың принциптерін негізге ала отырып, Қазақстандағы «қолайлы саяси ортаны» анықтау.
Жалпы сипаттама. Тірі және өлі табиғатта жүретін түрлі процестер мен құбылыстардың адам тіршілігіне жұмсалатын заттардың ішінде судың маңызы зор. Мұздарды, батпақтарды қосып есептегенде, жер бетінің 77,5% - ын су алып жатыр. Су қорларына – мұхиттар, теңіз, өзен, көл, жерасты сулары, мұздықтар, атмосферадағы ылғал кіреді. Су адамдар мен жануарлардың организміне еніп, онда болатын зат және энергия айналымына тікелей қатысады. Көптеген процестер тек сулы ортада ғана жүре алады. Белок суда пайда болған және осы ортада дами алады, ал белок тірі клетканың негізі болып табылады. Жер бетіндегі биологиялық өнімдердің 43%-ын, ал оттегінің 50%-дан көбін мұхиттар мен теңіздер береді.
Қазақстанның су қорларына беткі сулардан (өзен, көл, мұздақтар) басқа жер асты суы мен минералды су көздері жатады.
Жерасты сулары – қатты, сұйық және газ күйінде жердің литосфера қабатында, тау жыныстарының арасындағы қуыстарда, кеуектерде, жарықтарда болатын су. Олар өзен, көл, теңіз және мұхит суларымен бірге жер шарының гидросфера қабатын құрайды. Жер асты сулары сол жердің географиясына, климатына, тау жыныстарының сипатына қарай әртүрлі болады.
Жарықшақтық типті жерасты суы Тянь-Шань, Алтай Жоңғар Алатауы және Сарыарқаның аласа тауларында тараған. Бұл сулар кристалды тау жыныстарының (гранит, құмтас т.б) жарықтары мен жарықшақтарында минералды бұлақтар орналасқан.
Қат-қабатты жерасты сулар типі шөгінді жыныстардың арасында кеңінен таралған. Олар ірі ойыстардан Іле, Торғай, Зайсан және т.б тереңдігі 100 метрден астам қабаттар молынан іркелген. Тереңдік жағдайларына қарай жерасты сулары грунт (еспе) суы және артезиан сулары деп бөлінеді.
Грунт (еспе) суы жер бетіне таяу орналасқан, бірінші су өткізбейтін қабаттың үстінде жатқан сулы қабаттағы жерасты суы. Оның қысымы жоқ, су деңгейі 1 жыл ішінде маусым сайын өзгеріп отырады. Жауын – шашын көбейсе, көтеріледі, жер беті тілімденсе төмендейді. Еспе суы 3-30 м тереңдікте таралған.
Минералды сулар Республиканың бірталай өңірінде өте тереңнен атқылап, жер бетіне шығып жатқан емдік қасиеті мол минералды су бұлақтары кездеседі. Олар температурасы және құрамындағы газдар мен тұздарының түрі жағынан (хлор, калий, натрий, темір және т.б) әртүрлі болып келеді.Адам ағзасына шипалық әсері бар Алмаарасан, Қапаларасан, Сарыағаш, Жаркентарасан, Емханалар салынған.
Қазақстанның өзендерінің негізгі су көздерінің бірі- мұздықтар. Мұздықтардың пайда болуы үшін судың, олардың орналасатын жер бедерінің болуы және жауын-шашын қатты күйінде жеткілікті түсуі шарт. Мұздықтар тауларда әркелкі орналасқан. Ең көп шоғырланған ауданы Жоңғар Алатауындағы 1369 км мұздақтың ауданы 1000 км.
Өзендер-Қазақстан аумағында ірілі-ұсақты 85 мың өзен бар.Олардың ішінде 7 өзеннің (Ертіс, Тобыл, Есіл, Жайық, Сырдария, Іле, Шу) ұзындығы мың км-ден асады.
Республиканың барлық өзендері солтүстік Мұзды мұхит және ішкі тұйық көлдер алаптарына құяды.
Көлдер-Қазақстанның кең байтақ аумағында ірілі–ұсақты 48 мыңнан астам көлдер және 3 мыңға жуық бөгендер бар. Климат жағдайына байланысты көлдердің көбі Қазақстанның солтүстігіне қарай орналасқан. Олардың ішінде Каспий теңізі, Арал теңізі және Балқаш, Зайсан, Алакөл сияқты ірі көлдердерден басқа көбі (94%) көлемі бір шаршы километрден кем шағын көлдер.
Бөгендер – Қазақстанның аумағында жер беті ағындарын реттеу мақсатында өзен арналарын бөгеу арқылы жасалады.Қазақстанда қазір 3 мыңдай бөгендер мен тоғандар бар. Бөгендер негізінде халықтың қажетін өтеу үшін жасалады.
Сумен қамтамасыз ету және суды қолдану классификациясы.
Су – Жер шарындағы ең көп таралған айрықша зат, химиялық құрамы жөнінен сутек оксиді болып табылады. Оның өзіне тән қасиеттері бар, бұл қасиеттерінің географиялық қабықта жүретін процестері үшін маңызы зор.
Біріншіден, су қалыпты жағдайдың өзінде үш бірдей қалыпты күйде бола алады. Судың бір күйден екінші күйге ауысуы үшін белгілі бір мөлшерде жылу жұмысалады (булану, ар мен мұздың еруі) немесе бөлініп шығады (конденсация, судың қатуы). Мысалы, 1г суды буландыру үшін жұмысалатын жылу 1г мұзды ерітуге қажет жылудан 7 еседей артық болады.
Екіншіден, басқа заттармен салыстырғанда су қатқан кезде көлемін ұлғайтады. Табиғатта судың мұндай өзгерістерге түсуінің өзіндік маңызы бар. Су айдындарының бетін жапқан мұз судың төменгі қабаттарының одан әрі салқындауына жол бермейді. Өйткені су қатқан сайын қатты бола берсе , су айдындары түбінен бастап қатар еді, мұның өзі қоршаған ортаға, судағы тіршілікке кері әсерін тигізген болар еді.
Үшіншіден, су еріткіш болғандықтан табиғатта таза күйінде болмайды, яғни оның құрамында еріген күйде азды – көпті бөгде заттар кездеседі. Суда тұздардың шоғырлану мөлшері, яғни тұздылығы әркелкі болады.
Төртіншіден, су баяу жылынып, баяу суынады. Бұл судың жылу сыйымдылығының өте жоғары болуымен түсіндіріледі.
Тірі және өлі табиғатта жүретін түрлі процестер мен құбылыстардың адам тіршілігіне жұмсалатын заттардың ішінде судың маңызы зор. Мұздарды, батпақтарды қосып есептегенде, жер бетінің 77,5% - ын су алып жатыр. Су қорларына – мұхиттар, теңіз, өзен, көл, жер асты сулары, мұздықтар, атмосферадағы ылғал кіреді. Су адамдар мен жануарлардың организміне еніп, онда болатын зат және энергия айналымына тікелей қатысады. Көптеген процестер тек сулы ортада ғана жүре алады. Белок суда пайда болған және осы ортада дами алады, ал белок тірі клетканың негізі болып табылады. Жер бетіндегі биологиялық өнімдердің 43% - ын, ал оттегінің 50% - дан көбін мұхиттар мен теңіздер береді.
Су қоры – халық байлығы, өкінішке орай, жер бетіндегі тұщы судың қоры өте аз. Өзендер мен көлдердегі тұщы сулардың қоры, гидросфера ресурсының бір пайызына да жетпейді екен. Құрлық бетінің әртүрлі жерлеріндегі тұщы сулардың қорлары әртүрлі. Мысалы, Аляскада 1 адамға 2 миллион м3, Жаңа Зеландияда 100 мың м3, бұрынғы Кеңестер Одағында 18,3 мың м3, ал Қазақстан Республикасы тұщы су қоры тапшы мемлекеттер қатарына жатады. Қазақстанда 1987 жылы халық шаруашылығына жұмсалған судың жалпы мөлшері 38 км3-ге жетті.
Планетамыздағы адамзаттың тұщы суды пайдалануы жыл сайын өсіп келеді. Ал, мұхиттардың, теңіздердің тұзды сулары шаруашылықта мардымсыз болса да қолданылып жүр. Біздің республикамызда су тұщытқыш станциясы Ақтау қаласында ғана бар. Егер ерте кезде, бір адам басына шаққанда, тәулігіне 12-18 литр су пайдаланса, XX ғасырда мәдениеті дамыған елдерде оның шамасы орта есеппен 200-400 литрге жетіп отыр.
Су ресурстарын басқару жүйесін ұйымдастыру
Қазақстанда су шаруашылық комплексін Мемлекеттік басқару Үкіметке тапсырылған. Су ресурстарын қолдану және қорғау жұмыстарын басқаруға уәкіл етілген мемлекеттік органдар, жергілікті өкілеттік және атқарушы органдар (мәслихат, облыс) қала, аудан әкімшіліктері және басқа мемлекеттік органдар өз өкілеттігі шегінде) болып табылады. Жерасты суларын басқару мемлекеттік органдарға геология комитетімен келісіп отырып шешу тапсырылған. Су ресурстарын басқаруға және оны қорғауға басқа да мемлекеттік органдардың құзырында болады. Олар өздеріне берілген өкілеттік шегінде ғана басқаруға қатыса алады: қоршаған ортаны қорғау, балық шаруашылығы, ауыл шаруашылығы министрліктері, коммуналдық қызметтер т.б. Бұл органдардың ара-қатынастарын Қазақстан Республикасының заңдары реттеген.
Су ресурстары мемлекет деңгейінде басқару және қорғау республика негізінен Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарайтын Су комитетіне және сол комитеттің бассейндік су шаруашылық басқармаларына жүктелген.
Су ресурстары комитетінің міндетіне төмендегі жұмыстарды атқару жүктелген:
1. Су ресурстарын пайданалану және қорғауға бағытталған мемлекеттік саясатты іске асырып отыру;
2. Су ресурстары секторын экономикалық дамытудың бағдарламасын дайындап, жүзеге асыру;
3. Су ресурстарын кешенді пайдалану және қорғау схемаларын дайындап, іске асыру;
4. Экономикалық салаларда су қолдану мөлшерін дайындап, бекіту;
5. Арнайы су көздерін өндірісте қолдану мөлшерінің ережелерін дайындап, бақылауға алу;
6. Су ресурстарын аймақтарға, өндіріс салаларына бөлу жұмыстарын қамтамаыз ету;
7. Су ресурстарын қолдану мөлшерін және оны қорғау жұмыстарын мемлекеттік бақылауға алу;
8. Су ресурстарын пайдаланудың үлес салмағы мөлшері мен нормативтерін бекіту. Су көздерін іске қосу тәртібін және шаруашылық құрылыстар пайдаланудың ережелерін бекіту;
9. Су көздерін және республикалық меншіктегі су шаруашылық құрылыстарды тиімді пайдалану жұмыстарын ұйымдастыру;
10. Халықаралық қарым-қатынастардың пайдалы жағын анықтау және суды ұтымды пайдалануға, ластанудан қорғауға инвестиция тарту.
Жергілікті өкілетті (мәслихат) және атқарушы (әкімшілік) органдар өздеріне берілген құқықтық көлеміне сай төмендегі жұмыстарды атқарады:
а) Мәслихаттар:
Су пайдалану саласында мемлекеттік мөлшерлерге сай аумақтық ережелерді бекітіп, іске асырылуын бақылайды;
Су ресурстарын тиімді пайдалану және оны қорғау жөніндегі аумақтық бағдарламаны бекітеді;
Су шаруашылық құрылыстарды пайдалану ережелерін бекітеді.
б) Әкімшілік:
Коммуналдық меншікке бағынатын су шаруашылығын басқаратын арнайы мекеме ұйымдастырады;
Су ресурстарын тиімді-ұтымды пайдалану және қорғауға бағытталған бағдарлама дайындап, іске асырады;
Су ресурстарының көзіне (өзен-көлдерге, жерасты суларына) теріс әсер тигізетін меекемелердің орналасуына келісім беру-бермеу мәселесін бақылауда ұстайды;
Су ресурстарының объектілерінің хал-жағдайы туралы халыққа хабарлап отырады.
Бассейндік су шаруашылық басқармалар (бассейновые водохозяйственные управления)- Су ресурстары комитетінің аумақтық бөлімшесі болып саналады. Басқармаларға келесі міндеттер жүктелген:
1. Бассейннің су ресурстарын комплексті түрде басқару;
2. Су ресурстарын қолдану және қорғау жұмыстарына мемлекеттік бақылау жүргізу және су заңнамаларын орындауды қамтамасыз ету;
3. Қоршаған ортаны қорғау, геология, гидрометеорология органдарымен бірлесе отырып, мемлекеттік мониторингтер және су кадастрын жүргізуді іске асыру;
Арнайы су пайдалануға лицензия беру;
Су қоймаларының (қолдан жасалған) жұмысын бақылау;
Су болу, су алу жоспарын дайындап іске асыру;
Суды тиімді пайдаланудың және ластанудан қорғаудың жобаларымен халықты таныстырып отыру.
Сонымен, біздің елімізде су ресурстарын басқару көп деңгейлі. Ол: халықаралық, мемлекеттік, бассейндік және аумақтық деңгейлерге бөлінген.
Халықаралық су ресурстарын басқару трансшекаралық су проблемаларын ынтымақтастық негізінде іргелес мемлекеттердің келісімді шешімдері бойынша жүзеге асырылады (басқа жүйелерді жоғарыда көрсеттік).
