- •050608 - Экология мамандығының студенттеріне
- •Пән бағдарламасы (силлабус)
- •3. Курстың пререквизиттері
- •4. Курстың постреквизиттері
- •5. Курстың қысқаша мазмұны
- •6. Курстың мазмұны
- •7. «Су қорларын қорғау» пәні бойынша сөж тапсырмаларын
- •8. Әдебиеттер тізімі
- •Қосымша әдебиеттер
- •Дәрістер курсы
- •1 Су қорларын қорғау пәнінің мақсаттары мен міндеттері
- •2 Қазақстанның су қорлары және оларға сипаттама
- •2 Кесте - Су ресурстарын қолданудың орташа көрсеткіші, %
- •3. Оңтүстік аймақ: Сырдария, Талас, Шу өзендерінің бассейні.
- •Сөж тапсырмасы Су қорларын рекреациялық мақсатына қолдану.
- •3 Су қорларының сапалық және сандық өзгерістері
- •2 Ластағыш заттардың түрлері мен шығарылуы.
- •Сурет 1- Ағызынды суларды тазарту сызбасы
- •4 Балық шаруашылығы және тұрмыс- шаруашылығына арналған су қорлары
- •5 Беттік суды ластанудан қорғау шаралары
- •6 Жерүсті су сапасының мониторингісі
- •3. Байқау пункттерінде створлардың орнын белгілеу
- •7 Қалыптасудың гидрологиялық факторлары және беттік судың сапасын бағалау әдістері
- •Практикалық-зертханалық сабақтар
- •1 Тақырып: су қорларына жалпы сипаттама. Басқарудың негізгі принциптері
- •Сурет Су ресурстарын ұлттық деңгейде басқару
- •Су қорларын басқару неге керек?
- •2 Тақырып: іле-балқаш бассейнінің жағдайы
- •3 Тақырып: жер беті суларын қорғау шаралары
- •4 Тақырып: әр түрлі су қолдану орындарынан шығатын сарқынды сулардың мөлшерін есептеу
- •1 Кесте. Әртүрлі өндіріс салаларының су пайдалану нормалары
- •2 Кесте. Әр өндірісте душ (жаңбыр су) қолданылатын жұмыстардың пайыздық есебі.
- •5 Тақырып: сарқынды сулардағы ластаушы заттардың шоғырлануы
- •2. Тұрмыстық сарқынды сулардағы қалқып жүрген заттардың шоғырлануын анықтау
- •6 Практикалық жұмыс: жалпы сарқынды сулардың канализациялық жүйесі
- •7 Тәжірибелік жұмыс: сарқынды сулардың су
- •8 Тақырып: сулардың лабораториялық анализ үлгісін алу және оларды консервациялау
- •9 Тәжірибелік сабақ: судың температурасын және сутегі көрсеткішін анықтау
- •10 Тәжірибелік сабақ: табиғи суда қалқып жүрген
- •11 Тәжірибелік жұмыс: құрғақ қалдықты гравиметриялық әдіспен анықтау
- •12 Тақырып: иодомерлік титрлеу арқылы судың перманганаттық тотығуын анықтау
- •13 Тақырып: судағы оттегінің қажеттілігін анықтау
- •14 Тақырып: табиғи сулардың уақытша кермектілігінің мөлшерін анықтау
- •Кермектігіне қарай, судың сапалық сипаттамасы
- •15 Тақырып: суды тұссыздандыру және тұщыландыру
- •12.2 Суды тұзсыздандырудың және тұщылаудың ион алмасу әдісі
- •12.3 Суды тұщыландырудың электродиализ әдісі
- •Қарастырылатын сұрақтар:
- •Рефераттық жұмыс және баяндамалар тақырыптары:
- •Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
- •Қарастырылатын сұрақтар:
- •Рефераттық жұмыс және баяндамалар тақырыптары:
- •Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
- •Қарастырылатын сұрақтар:
- •Рефераттық жұмыс және баяндамалар тақырыптары:
- •Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
- •Қарастырылатын сұрақтар:
- •Рефераттық жұмыс және баяндамалар тақырыптары:
- •Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
- •Қарастырылатын сұрақтар:
- •Рефераттық жұмыс және баяндамалар тақырыптары:
- •Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
- •Қарастырылатын сұрақтар:
- •Рефераттық жұмыс және баяндамалар тақырыптары:
- •Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
- •Қарастырылатын сұрақтар:
- •Рефераттық жұмыс және баяндамалар тақырыптары:
- •Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
- •Қарастырылатын сұрақтар:
- •Рефераттық жұмыс және баяндамалар тақырыптары:
- •Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
- •Қарастырылатын сұрақтар:
- •Рефераттық жұмыс және баяндамалар тақырыптары:
- •Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
- •Қарастырылатын сұрақтар:
- •Рефераттық жұмыс және баяндамалар тақырыптары:
- •Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
- •Қарастырылатын сұрақтар:
- •Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
- •Қарастырылатын сұрақтар:
- •Рефераттық жұмыс және баяндамалар тақырыптары:
- •Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
- •Қарастырылатын сұрақтар:
- •Рефераттық жұмыс және баяндамалар тақырыптары:
- •Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
- •Қарастырылатын сұрақтар:
- •Рефераттық жұмыс және баяндамалар тақырыптары:
- •Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
- •Қорытынды бақылау сұрақтары
- •Глоссарий
- •Мазмұны
7 Қалыптасудың гидрологиялық факторлары және беттік судың сапасын бағалау әдістері
1. Су ағыны және су қоймаларының жіктелуі
2. Судың сапасы және өзен, көл суларын қолдану мүмкіндіктері
3.Ағын суларды сұйылту. Ластағыш заттарды тасымалдау
4. Жіберілетін судың шектелген мөлшерін анықтау
Тірі және өлі табиғатта жүретін түрлі процестер мен құбылыстардың адам тіршілігіне жұмсалатын заттардың ішінде судың маңызы зор. Мұздарды, батпақтарды қосып есептегенде, жер бетінің 77,5% - ын су алып жатыр. Су қорларына – мұхиттар, теңіз, өзен, көл, жерасты сулары, мұздықтар, атмосферадағы ылғал кіреді. Су адамдар мен жануарлардың организміне еніп, онда болатын зат және энергия айналымына тікелей қатысады. Көптеген процестер тек сулы ортада ғана жүре алады. Белок суда пайда болған және осы ортада дами алады, ал белок тірі клетканың негізі болып табылады. Жер бетіндегі биологиялық өнімдердің 43% - ын, ал оттегінің 50% - дан көбін мұхиттар мен теңіздер береді.
Қазақстанның су қорларына беткі сулардан (өзен, көл, мұздақтар)басқа жерасты суы мен минералды су көздері жатады.
Жерасты сулары – қатты, сұйық және газ күйінде жердің литосфера қабатында, тау жыныстарының арасындағы қуыстарда, кеуектерде, жарықтарда болатын су.Олар өзен, көл, теңіз және мұхит суларымен бірге жер шарының гидросфера қабатын құрайды. Жерасты сулары сол жердің географиясына, климатына, тау жыныстарының сипатына қарай әртүрлі болады.
Жарықшақтық типті жерасты суы Тянь- Шань, Алтай Жоңғар Алатауы және Сарыарқаның аласа тауларында тараған. Бұл сулар кристалды тау жыныстарының (гранит, құмтас т.б) жарықтары мен жарықшақтарында минералды бұлақтар орналасқан.
Қат- қабатты жерасты сулар типі шөгінді жыныстардың арасында кеңінен таралған. Олар ірі ойыстардан Іле, Торғай, Зайсан және т.б тереңдігі 100 метрден астам қабаттар молынан іркелген. Тереңдік жағдайларына қарай жерасты сулары грунт (еспе) суы және артезиан сулары деп бөлінеді.
Грунт (еспе) суы жер бетіне таяу орналасқан, бірінші су өткізбейтін қабаттың үстінде жатқан сулы қабаттағы жерасты суы. Оның қысымы жоқ, су деңгейі 1 жыл ішінде маусым сайын өзгеріп отырады. Жауын – шашын көбейсе көтеріледі, жер беті тілімденсе төмендейді. Еспе суы 3-30 м тереңдікте таралған.
Минералды сулар Республиканың бірталай өңірінде өте тереңнен атқылап , жер бетіне шығып жатқан емдік қасиеті мол минералды су бұлақтары кездеседі. Олар температурасы және құрамындағы газдар мен тұздарының түрі жағынан (хлор, калий, натрий, темір және т.б) әртүрлі болып келеді. Адам ағзасына шипалық әсері бар Алмаарасан, Қапаларасан, Сарыағаш, Жаркентарасан, Емханалар салынған.
Қазақстанның өзендерінің негізгі су көздерінің бірі- мұздықтар. Мұздықтардың пайда болуы үшін судың, олардың орналасатын жер бедерінің болуы және жауын-шашын қатты күйінде жеткілікті түсуі шарт. Мұздықтар тауларда әркелкі орналасқан. Ең көп шоғырланған ауданы Жоңғар Алатауындағы1369 км- мұздақтың ауданы 1000 км.
Өзендер-Қазақстан аумағында ірілі-ұсақты 85 мың өзен бар. Олардың ішінде 7 өзеннің (Ертіс,Тобыл, Есіл, Жайық, Сырдария, Іле, Шу) ұзындығы мың км-ден асады.
Республиканың барлық өзендері солтүстік Мұзды мұхит және ішкі тұйық көлдер алаптарына құяды.
Көлдер-Қазақстанның кең байтақ аумағында ірілі –ұсақты 48 мыңнан астам көлдер және 3 мыңға жуық бөгендер бар. Климат жағдайына байланысты көлдердің көбі Қазақстанның солтүстігіне қарай орналасқан. Олардың ішінде Каспий теңізі, Арал теңізі және Балқаш, Зайсан Алакөл сияқты ірі көлдердерден басқа көбі (94% ) көлемі бір шаршы километрден кем шағын көлдер.
Бөгендер – Қазақстанның аумағында жер беті ағындарын реттеу мақсатында өзен арналарын бөгеу арқылы жасалады. Қазақстанда қазір 3 мыңдай бөгендер мен тоғандар бар. Бөгендер негізінде халықтың қажетін өтеу үшін жасалады.
Канал – дегеніміз – жасанды өзен.
Адамның қолымен жасаған арнаға өзен немесе көл суы жіберіледі. Канал арқылы бір өзен мен екінші өзен жүйесі жалғасып, қолайлы су жолдары пайда болады, сумен жабдықтау жақсарады. Осы айтылғанға Ертіс – Қарағанды каналы мысал бола алады. Оның ұзындығы 500 км, ені 40 м, ал тереңдігі 5-7 м.
Көптеген өзендер бір маусымда арнасынан шығып тасыса, келесі маусымда тайыздап қалады. Өзен суын реттеп, түрлі мақсаттарға пайдалану үшін адамдар қолдан бөгендер жасайды.
Бөген дегеніміз – жасанды су қоймалары. Мысалы, Ертістегі Бұқтырма, Сырдариядағы Шардара, Іледегі Қапшағаай бөгені. Бөгендер халықты, өнеркәсіп орындарын, ауыл шаруашылығын сумен қамтамасыз етеді. Бөгенге жиналған су СЭС – тердің трубиналарын айналдырады. Су жол қатынасы үшін де бөгеннің маңызы зор
2 XIX – XX – ғасырларда адам баласы табиғи ресурстарды экстенсивті түрде пайдаланып, табиғатқа көп нұқсан келтіргені аян. Бұл табиғи ресурстардың сарқылуына (истощения) және қоршаған ортаның ластануына әкеліп соққаны да белгілі жағдай. Қоршаған ортаның сапалық көрсеткіштері күрт төмендеуі өндіріс, ауыл шаруашылығы, көлік қалдықтарының тигізіп отырған зияндарының салдары екені де белгілі.
Ақырғы кезге дейін адамзат табиғи потенциалдың орнына келуі үшін ешқандай әрекет жасамаған. Табиғат өзін- өзі тазартып келді. Бірақ, табиғи ресурстар шексіз емес, табиғат күшінің де шегі бар екенін адамдар білетін кезі болды. Бұл айтқандардың құрлықтың су ресурстарына да тікелей қатынасы бар. Бас – көзсіз пайдалану, су қоймаларына (өзен, көл, теңіз) зиянды заттары бар сарқынды суларды құю, күл- қоқыс тастау су көздерінің сарқылуына (истощение) және күшті ластануына әкеліп соғып отыр.
Қоғамның бұдан әрі дамуы бізден әлеуметтік, экологиялық және техникалық - экономикалық өзгерістер енгізуді, ол өзгерістердің адам- табиғат арасындағы қарым-қатынасын ғылыми негізде іске асыруын талап етеді. Бір жағынан, адамзаттың мұң-мұқтажын, маңызды қажеттіліктерін қанағаттандыру, екінші жағынан, табиғат, экожүйе сарқылмауына, алға қарай дамуына, ластанбауына үздіксіз жағдай жасау әрекеттерін талап етеді.
Қоғам дамуы, ең бастысы, табиғи ресурстарға әсер ететін антропогендік күш-слмақтың мөлшерін анықтап, тежеп отыруды қажеттілік етеді.
Әлеуметтік және экологиялық шараларға жан-жақты, әрі күрделі іс-әрекеттер жатады. Ол – халықаралық және ішкі саясатқа байланысты шешімдер, халықтың экологиялық білімін көтеру құқықтық тағы басқа да көптеген мәселелердің шешімін табу. Қоршаған ортаның, оның ішінде су көздері ластануының бірте-бірте ұлғаюы тек өндірістің және қалалардың көбеюінен ғана емес, қазіргі техника мен технологияның кемеліне келмеуіне де байланысты болып отыр.
Қазіргі таңда қоршаған ортаны ластаумен күресудің үш жолы бар:
Бірінші және негізгі, ол – қалдықсыз өнім шығару технологиясын өндірістердің барлық салаларында кеңінен қолдану. Бұл өте күрделі және қымбат жол. Көп өндіріс орындарының зиянды қалдықтарын қайта өңдеуге шамалары келмейді. Бірақ қоршаған ортаны, оның ішінде су ресурстарын ластаудан келіп отырған экономикалық шығынның көлемі сондай үлкен, бұл табиғи тепе-теңдікке нұқсан келтіруге дейін апарып отыр.
Екінші жол - өндірістерде өнім шығаруға жұмсалатын шикізаттарының мөлшерін қысқарту. Әсіресе, су ресурстарын пайдалануды азайтып, оны тазалап, қайта қолдану әдістемелерін өндірісте кең қолдану.
Үшінші жол – биосфераға түсетін барлық шығарындыларды тазалау. Бұл жолдың да өзінің қиыншылықтары мол. Тазалау құрылыстарын салып, іске қосу көп қаржы жұмсауды қажет етеді.
Су ресурстары сарқылуының алдын алу, ластанудан қорғау бағытындағы комплексті шаралар өзара тығыз қарым-қатынасты бөлшектерден тұруға тиіс: өнеркәсіпті, ауыл шаруашылық жұмыстарын, қала шаруашылықтарын экологиялау, табиғи және сарқынды суларды тазалау, мелиоративтік шаралар іске асыру, т.б.с.с. экологиялық таза технологияға сай әртүрлі өнім өндіргенде төмендегі жағдайларға көңіл бөлген жөн болады.
Жаңа өндіріс орындарын су ресурстары экологиялық салмақты көтере алатын жерлерге жайғастыру;
Су ресурстарын ысырапсыз қолдануды қысқарту;
Пайдаланған суды өзі тазалап, қайыра қолдану әдістемелерін қолдану;
Қолданған суларды басқа өндірісте пайдаланудың жолын табу;
Өндірістерде өнімдерді сумен суытуды тыю, ауамен не бумен суытуды іске асыру;
Өндіріс қалдықтарынан және ағызынды, сарқынды сулар құрамынан жарамды заттарды бөліп алу технологиясын қолдану;
Экономикалық талаптарды күшейту: қолданылған суға және су көздеріне құйылған сарқынды сулар үшін күн төлеуді ретке келтіру.
Ғылыми- техникалық прогрестің қарқынды дамуына байланысты, өндірісті экологияландыру мәселелері одан әрі де туындай беруі сөзсіз. Келешекте қалаларды тұйық циклды жүйелер сумен қамтамасыз етуі мүмкін. Сарқынды суларды тазалаудан әбден өткізілген соң, ауызсу есебінде қолдану мәселесі де күн тәртібіне қойылуы мүмкін.
Қазіргі уақытта, келешекте табиғат суларды және ластанған суларды тазалаудан өткізіп қолданудың үлкен маңызы, неше түрлі әдістері, технологиялары бар. Табиғи су ресурстары сарқылуының алдын – алуда, оларды ластанудан қорғау проблемаларын шешуде, комплексті суландыру жұмыстарын жүргізудің зор маңызы бар. Мелиорация жүргізудің алдында барлық табиғи процестердің антропогендік әсерден өзгеруін алдын-ала тексеріп-зерттеп, соның нәтижесіне сүйеніп жұмыс жүргізіледі.
Мелиоративтік басты шараларға төмендегі жұмыстар жатады:
әрбір облыстың биоклиматтық мүмкіндігін толық пайдаланып, тұрақты өнім алу;
тыңайтқыштар мен пестицидтерді қолдағанда олардың жаңбыр суымен су қоймаларына (өзен - көл т.б.) ағып түспеуін қадағалау;
жер суару жұмысында су шығыны мөлшерін азайту;
топырақты ылғалдандырудың жаңа технологиясын қолдану;
су қоймаларын тиімді және ұтымды пайдаланып, ондағы судың сапасын төмендетпей ұстау;
табиғаттың көркем алқаптарын, ағаш-ормандарын қорғау;
топырақты келесі ұрпаққа сақтау үшін рекультивация жиі жасап отыру;
өзен- көлдердің ластанудан қорғау мәселесін өте жоғары дәрежеде ұстау
Елді мекендерді сумен қамтамасыз ету. 2006 жылдың басындағы деректерге қарасақ, тек ТМД елдерінің қалалары мен елді мекендерінің 90% орталықтан беретін су жүйесімен қамтамасыз етілген. Олар негізінен ауызсу, санитарлық-гигиеналық және мәдениеттік қажеттіктерге, тұрмыстық мекемелердің жұмысына, көшелерді тазалау, ағаштарды суару, өртке қарсы жұмсау, тағы басқа да көптеген халықтық-тұтыну мақсаттарға жұмсалады. Суды ауызсу ретінде жұмсаудың әрқилы нормативтері болады.
Оларды елді мекендердің даму деңгейіне, халқының санына байланысты есептеп шығарады. Ол әр мемлекеттің өзінің нормативтеріне де байланысты. Цивилизацияның дамуы және адамдардың қызмет-әрекеттердің жаңа түрлерін игеруі суды мол мөлшерде қажет ете бастады. Әр адам басына шаққанда келетін су мөлшері қазір сол мемлекеттің даму дәрежесін де көрсетеді деп түсінуге болады.
Кесте 6 - Суды ауызсу реттеу нормалары
Ғимараттардың жабдықталу деңгейі
|
Бір адамға шаққанда су тұтыну нормасы qH, л |
әркелкілік коэффициенті |
||
орта тәуліктік(бір жыл ішінде) |
макси тәуліктік |
К тәулік |
К сағат |
|
Су құбыры жүйесі, канализация, орталықтан ыстық су берілу |
275-400 |
300-420 |
1,09-1,05 |
1,25-1,20 |
Су құбыры жүйесі, канализация және газ колонкалы ванна |
180-230 |
200-250 |
1,11-1,09 |
1,30-1,25 |
Су құбыры жүйесі, канализация, ваннасыз |
125-150 |
140-170 |
1,33-1,20 |
2,00-1,80 |
Су құбыры жүйесі, канализациясы жоқ (көше колонкасы) |
30-50 |
40-60 |
1,33-1,20 |
2,00-1,80 |
Елді мекендердің ауызсуына жұмсауына қажет су мөлшерін төмендегі формуламен есептеп шығаруға болады (литр/тәулік)
Q=
NqH
Ксағ.
Kәу.
86,4·10³
Мұндағы: N – келешек тұрғындардың саны;
qH – су қолданудың орта тәуліктік нормасы;
К тәу – тәуліктік әркелкіліктің коэффициенті;
К сағат – сағаттық әркелкіліктің коэффициенті.
Осы заман талабына сай қалаларда, елді мекендерде су қолданудың орташа үлес салмағы бір адамға шаққанда 2,50-500 л/тәулік. Бір айтатын жай, су қолдануы одан әрі ұлғаюын тоқтату жолында біраз амалдар қолданылуда. Бұл жағдай су ресурстарының дефицитінен туып отыр.
Судың меншікті жылу сыйымдылығы жоғары болғандықтан, жылу тарату жүйелерінде кеңінен қолданылып жүр. Қорыта айтқанда, адамның су пайдалануы уақыт өткен сайын еселеніп өсіп келеді. 1890 жылы Мәскеудің әр тұрғыны тәулігіне 11 литр су пайдаланған екен. Ал 1914 жылы ол көрсеткіш – 66 литрге, 1959 жылы 500 литрге. Бүгінгі таңда 700 литрге жетіпті, Лондон қаласының әр тұрғыны тәулігіне – 250, ал Париж қаласының тұрғыны – 450 литр жұмсайды.
Қазақстан бойынша, орта есеппен алғанда, қалаларда тәулігіне 170-210 литр, ауылдық елді мекендерде 25-70 литр қолданылады екен. Су ресурстарын тиімді пайдалану халық шаруашылығының үлкен проблемасы болып отыр. Әлемнің біраз елдері осы проблеманы шешу барысында біраз жетістікке жеткен. Жапонияның кейбір қалаларында суды үнемдеп, тиімді пайдалану бағдарламасы жасалды, халық арнайы ынталандырылады. Мысалы, унитаздарды бір шайғанда бұрын 10 литрдей су кетірсе, жаңа шығарған унитаз 7-8 литрден артық су жібермейді. Ыдыс-аяқ жуатын аппараттарда су үнемдеуге икемделген тағы басқа шаралар қолданылады.
Мелиорация. Қазіргі заманда мелиорация жұмысының қоғам дамуына тигізер үлкен әсері барлығы қалың жұртшылыққа белгілі. Мелиорация – латын сөзінен шыққан (melioration-жақсарту) шалшық суларды кептіру, ұсақ құмдарды бекіту және басқа да шаралар қолдану арқылы ауыл шаруашылығына пайдалануға қажетті жерді жақсарту – деген ұғым береді. Оның түрлері: ирригация және шалшық, батпақ алып жатқан жерлерді құрғату(осушение). Сонымен мелиорация дегеніміз жер өңдеуге арналған әлеуметтік, экологиялық және техникалық, экономикалық шаралардың жүйесі. Тәжірибеде суландыру жұмыстар, әлбетте, жерүсті және жерасты суларын ауыл шаруашылығында қолданылады. Оның шараларымен топырақтың химиялық, биологиялық, физикалық қасиеттерін жақсартады, өсімдіктердің, дәнді-дақылдардың өнімділігін ұлғайтады, тұрақты мол астық алуға мүмкіндік жасайды. Табиғи сулардың көп мөлшері суарынды егістерге жұмсалады. Бұл су ресурстары қайтып орнына келмейді (безвозвратное водопотребление). Осы кездегі жер суару мөлшерлері (оросительные нормы) негізгі суармалы егін аудандарда: мақта суаруға 5000-8000, қант қызылшасына 2500-6000, дәнді дақылдар үшін – 1500-3500, көп жылғы шөп үшін 800-15000 м³/жыл. Судың қадірін білмей босқа кетіру мысалдары мол. Су жерге еш пайдасыз сіңіп, буланып, басқа жаққа ағып жатады. Мысалы, ескі суару жүйесінің пайдалы әсер коэффициенті (КПД –коэффициент полезного действия) – 0,50-0,55-тен аспайды. Ал жаңадан жасалған суды жерге сіңуден қорғайтын, қапталы бар жүйелердің пайдалы әсер коэффициенті 0,70-0,80-ге дейін жетеді.
Қазақстан Республикасында су қорлары ауыл шаруашылығының келесі бағыттарына жұмсалады:
Жүйелі суарындыға (регулярное орошение) – 9,9 км³
Су ресурстарын инженерлік-лимандық суаруындағы – 0,5 км³
Өзендер бойындағы жабынды жерлерді суаруға – 3,91 км³
Ауылшаруашылық жұмыстарына – 0,18 км³
Жайылымдарды сумен қамтамасыз етуге – 0,12 км³
Жоғарыда аталған суландыру жұмыстары түрлерінен басқа химиялық, мәдени-техникалық, орман, балық шаруашылығын мелиорациялау дегендер бар. Осылардың барлығын қамтамасыз ету үшін мол су қоры қажет.
10-суретте суару системасын басқару схемасы көрсетілген. Басқару жүйесі негізі 4 элементтен тұрады: су алатын торап, шаруашылық аралық жүйе, ішкішаруашылық жүйе, су алатын техникалық қондырғылар.
Өндірісте су қолдану. Өндірістің даму барысы су қорларын қолданумен тығыз байланысты. Көп өнеркәсіп орындары суды сол өндіріс процесінің бір элементі ретінде қолданады. Куат немесе жылу жүйесі сусыз жұмыс істей алмайды. Көп өндіріс орындарында су – технологиялық компонент ретінде жұмсалады: мәселен, қорыту-балқыту еріту, кристалдау, сілтілендіру жұмыстарында көп су қолданылады. Химиялық кәсіпорындардың көпшілігі суды реагент ретінде пайдаланады. Ал цементтен, гипстен, известен өнім шығаратын өндіріс орындарында сусыз ол заттарды шығару мүлде мүмкін емес.
Өндірісте су басқа да қосалқы қажеттіліктерге, мысалы, сол аумақтың санитарлық-гигиеналық жағдайын қорғау үшін, өрт сөндіру және ішкі ауызсуға қолдану үшін жұмсалады.
Сонымен, өндіріс орындарында су ауадай қажет ресурстардың бірі болып табылады. Мысалы, төмендегі өнімдердің бір тоннасын алу үшін қажетті орташа су мөлшері мынадай: шойын – 15,20 м³; күкірт қышқылы – 25-80 м³; вискоза талшығы – 300-400 м³; мыс - 500 м³ ; синтетикалық каучук – 2000-3000 м³; сода - 10 м³ ;азот қышқылы – 80-180 м³; жасанды талшық - 500 м³ ; пластмасса – 500-1000 м³. Өндіріс орындарында су екі жүйемен: құбыр жүйесімен және канализациялық жүйемен ағады. Егер су көзінен алынатын таза судың мөлшерін Q м³/тәулікпен есептесек, онда сол су қоймасына қайта құятын сарқынды судың мөлшерін шығаруға болады.
Q сарқынды (м³/тәулік)
Qсар = Q – Qn – Qш.
Мұнда Qn – судың қайтарылмас шығыны;
(безвозвратные потери) Qш – үйіндіге (отвал) шламды шығаруға жұмсалатын судың мөлшері.
Өндіріс орындарын су жүйелерімен тура қамтамасыз етуден басқа, соңғы кезде суды екі-үш рет қайтарып пайдалану әдістері тәжірибеге енгізілуде. Суды үнемді, тиімді пайдаланудың талаптары 11-суретте көрсетілген
Қазіргі кезде суды өте көп қолданатын өндірістердің қатарына қара және түсті металлургия, химия, целлюлоз-қағаз, т.б. өндіріс орындары жатады. Осының салдарынан сарқынды сулардың мөлшері де көбейіп келеді. Олардың құрамындағы ластаушы заттардың тұздары (цинк, қорғасын, фтор қосындылары т.б.) су қоймаларына қайта құйылып, таза су көздерін ластап жатады.
Соңғы кезде су қоймаларының (өзен-көлдердің, теңіздердің) мұнай өндіру өндірістерінің қалдық суларымен ластануы үдеп барады. Бұл қалдықтар жерүсті сулары бетіне жұқа пленкалар түрінде жайылып, оттегінің суға сіңуіне кедергі жасайды. Сондықтан да теңіз итбалықтарының тұншығып өлуі жылдан жылға ұлғайып келеді. Қауіпті жағдайлар туғызбас үшін бұл кәсіпорындардың су қолданудың технологиялық айналым схемасын өзгерткендері дұрыс болады. Ол үшін ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, сарқынды суларды табиғи таза су қоймаларына қайта ағызбау жағдайын ойластырулары керек. Қазіргі заманда жылу және атом электростанцияларында (ЖЭС, АЭС) су аса көп қолданылады. Бұл су қорларының экожүйесіне үлкен зиян тигізуде (әсіресе, су көздерінің жылу режиміне). Осы ластанудан сақтаудың амалы ЖЭС және АЭС-терде қайтарымды су қолдану (оборотное водоснабжение) болып табылады.
Су көліктері. Су – ерте заманнан келе жатқан қатынас жолы. Су көліктерінің көмегімен құрылыс материалдары, кен, ағаш, тас көмір, мұнай тасымалданады, адамдарды да бірінші орыннан екінші орынға, бірінші порттан екінші портқа тасымалдайды. Мысалы, тек 2006 жылы ТМД елдері бойынша өзен көліктерімен (речным транспортом) 1600 млн-ға жуық жолаушы және 500 млн тонна жүк тасымалданған. Өзен су жолдары тораптарға бөлінеді: магистралды (халықаралық тасымалды қосқанда), аудан аралық, жергілікті су көліктерінің су қоймаларына келтірер экологиялық кері әсері де болады. Ол – дайындаған ағаштарды өзен арқылы ағызып тасымалдау(лесосплав). Тайыз өзендерде, ағаштар тасымалдағанда 30%-дайы жететін жеріне жетпей, батып, сол суда шіріп қалады.
СӨЖ тапсырмасы Жіберілетін судың шектелген мөлшерін анықтау.
Бақылау сұрақтары
Су ағыны және су қоймаларының жіктелуі қандай?
қоршаған ортаны ластаумен күресудің қандай жолдары бар?
Суды қолдану түрлері?
Өндірісте суды пайлану қалай жүреді?
Ауыл шарушылығында суды қандай жолдармен пайдаланады?
Су көліктері қандай, оларды тиімді пайдалану жолдары?
Дәріс 7 СУ РЕСУРСТАРЫН ЛАСТАНУДАН ҚОРҒАУ
ШАРАЛАРЫ
1. Су объектілерін құнсызданудан қорғау.
2.Кіші өзендерді қорғау.
3.Су қорларын қорғаудың құқықтық негіздері.
Су объектілерін құнсызданудан қорғау үшін:
Су ресурстарын тиімді, ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету.
Су ресурстарын қорғау және басқару жүйелерін оптимизациялау (ең жақсы үйлесімге келтіру)
Мемлекеттік «Ауызсу» бағдарламасын жүзеге асыру.
Су ресурстарын тиімді - ұтымды пайдалану Бұл жұмысты іске асыру үшін, ең біріншіден, құқықтық нормаларды заңдастыру мәселелерін шешу керек. Екіншіден, сарқынды суларды тазаламай, табиғи су қоймаларына (өзен, көл) ағызуды қатаң заңдар мен нормативтер арқылы тоқтату керек.Үшіншіден, су қорын үнемдеу технологияларын тез арада меңгеріп, үнемшілдікті ынталандыру мәселесін шешу қажет. Суды өндірісте қайта пайдалану, тұйық жүйені қолданып, сарқынды суларды табиғи су обьектілеріне жібермеу әдістемелерін жетілдіру керек.
Ауызсуды өндірістік процестерге пайдалануды тоқтатып, ең болмаса, ауызсуды өндірісте пайдалану үшін төлемақының мөлшерін жоғарылату керек. Су шаруашылығы балансын жасағанда барлық су қорларын есепке алып, жерасты, жерүсті суларын пайдалану жүйесін іске асыру керек. Халықаралық келісімшарт арқылы және мемлекетаралық ұйымдар ұйымдастыру арқылы трансшекаралық су ресурстарын тиімді пайдалану мәселесін шұғыл шешудің су қорын сақтау үшін үлкен маңызы бар.
Су ресурстарын қорғау және басқару жұмыстарын бір үйлесімге келтіру үшін сумен қамтамасыз ету және су ресурстарын қорғау бағдарламасын жасап іске асыру керек. Бұл бағдарламада экономикалық механизмдерді, су сапасының мониторинг жүйесін және де су шаруашылығы обьектілерін коммуналдық меншікке беру мәселелерін оңтайлы шешу қажет.
Мемлекеттік «Ауызсу» бағдарламасын іске асыру үшін, ауызсу сапасының нормативтік базасын жасап, мемлекет деңгейінде бекіту қажет. Су ресурстарын кешенді түрде пайдалана отырып, оны ластанудан қорғау бағдарламасын бұлжытпай орындауды талап ету керек. Су қоймаларын санитарлық – эпидемиялық бақылауға алу қажет шаралардың бастысы болып табылады. Жерасты суларын «ауызсу» бағдарламасын орындау барысында кеңінен пайдалануды іс тәжірибесіне айналдыру қажет. «Ауызсу» мемлекеттік бағдарламасын орындау бастамасы ретінде, 2007 ж. Вячеслав су қоймасынан Астана қаласына дейін су қорғау зонасын құру жұмыстары басталды. 2003-2004 жылдары бірқатар су қоймаларының техникалық жағдайын жақсартуға бағытталған күрделі шаралар іске асырылды. Солардың ішінде: Сілеті, Ақтөбе, Қорғалы, Сазды, Шоқай, Федоров, Есіл, Жезді, Ащысу, Жоғарғы Тобыл, Қаратомар, Бітік, Шар (Чарский), Егінсу, Бадам, Барторғай су қоймалары бар. Вячеслав, Ералы, Фурманов, Асса және Георгиев гидроузелдері де оңдаудан өткізілді.
Қазақстанда облыс, аудан орталықтарын, үлкен өндірістік қалалар мен ірі елді мекендерді сапалы ауызсумен қамтамасыз ету үшін «Сапалы су» бағдарламасы бойынша, ескі су құбыр жүйелерін (водопроводы) реконструкциялап, (қайтадан өңдеп, қалпына келтіру) және жаңа су құбыры жүйелерін салу көзделіп отыр. Қайта өңдеуге Нұра, Көкшетау, Булаев, Есіл, Сергеев, Ырғыз, Индер-Миалы су құбыры жүйелері бағдарламаға кіргізілген. Қостанай облысында Жеделі, Октябрь су құбыры жүйелерін жаңадан салу жоспарланып отыр.
2005 жылы су ресурстарын комплексті пайдалану және ластанудан қорғау туралы Қазақстан үкіметінің қаулысы қабылданған болатын. Осы қаулы бойынша Қазақстан халқын тұрақты түрде (устойчивое водоснабжение) сумен қамтамасыз ету шаралары көзделінген. Ең бірінші, су ресурстарын тиімді, ұтымды пайдалану шараларын іске асырғанда, еліміздің жерін шөлейттену процесінен (процесс опустынивания) қорғап, кризистік жағдайдан сақтап қалу іске асырылмақ. Екіншіден, өндірісте аз қалдықты, қалдықсыз технологияларды қолданып, су ресурстарын ретсіз жұмсауды тоқтату көзделіп отыр;Үшіншіден, су ресурстарын ескі құбырлардан пайдасыз ағып кету процесі, құбыр жүйелерін реконструкциялау, жаңа құбырлар салу арқылы тоқтатылмақ; Төртіншіден, ауыл шаруашылығындағы егістік жерлерді суару жүйелерін реконструкциялау арқылы, жаңа технологияларды (тамшылатып суару) енгізу арқылы су ресурстарын үнемдеуге қолжеткізу. Осы бағдарламаны орындау арқылы республика халқының денсаулығына жайлы экологиялық қауіпсіз су ортасын құруға, еліміздің даму процесін тездетуді қамтамасыз етуге мүмкіндік ашамыз.
Су ресурстарын басқару жүйесін ұйымдастыру
Қазақстанда су шаруашылық комплексін Мемлекеттік басқару Үкіметке тапсырылған. Су ресурстарын қолдану және қорғау жұмыстарын басқаруға уәкіл етілген мемлекеттік органдар, жергілікті өкілеттік және атқарушы органдар (мәслихат, облыс) қала, аудан әкімшіліктері және басқа мемлекеттік органдар өз өкілеттігі шегінде) болып табылады. Жерасты суларын басқару мемлекеттік органдарға геология комитетімен келісіп отырып шешу тапсырылған. Су ресурстарын басқаруға және оны қорғауға басқа да мемлекеттік органдардың құзырында болады. Олар өздеріне берілген өкілеттік шегінде ғана басқаруға қатыса алады: қоршаған ортаны қорғау, балық шаруашылығы, ауыл шаруашылығы министрліктері, коммуналдық қызметтер т.б. Бұл органдардың арақатынастарын Қазақстан Республикасының заңдары реттеген.
Су ресурстары мемлекет деңгейінде басқару және қорғау республика негізінен Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарайтын Су комитетіне және сол комитеттің бассейндік су шаруашылық басқармаларына жүктелген.
Су ресурстары комитетінің міндетіне төмендегі жұмыстарды атқару жүктелген:
1. Су ресурстарын пайданалану және қорғауға бағытталған мемлекеттік саясатты іске асырып отыру;
2. Су ресурстары секторын экономикалық дамытудың бағдарламасын дайындап, жүзеге асыру;
3. Су ресурстарын кешенді пайдалану және қорғау схемаларын дайындап, іске асыру;
4. Экономикалық салаларда су қолдану мөлшерін дайындап, бекіту;
5. Арнайы су көздерін өндірісте қолдану мөлшерінің ережелерін дайындап, бақылауға алу;
6. Су ресурстарын аймақтарға, өндіріс салаларына бөлу жұмыстарын қамтамасыз ету;
7. Су ресурстарын қолдану мөлшерін және оны қорғау жұмыстарын мемлекеттік бақылауға алу;
8. Су ресурстарын пайдаланудың үлес салмағы мөлшері мен нормативтерін бекіту. Су көздерін іске қосу тәртібін және шаруашылық құрылыстар пайдаланудың ережелерін бекіту;
9. Су көздерін және республикалық меншіктегі су шаруашылық құрылыстарды тиімді пайдалану жұмыстарын ұйымдастыру;
10. Халықаралық қарым-қатынастардың пайдалы жағын анықтау және суды ұтымды пайдалануға, ластанудан қорғауға инвестиция тарту.
Жергілікті өкілетті (мәслихат) және атқарушы (әкімшілік) органдар өздеріне берілген құқықтық көлеміне сай төмендегі жұмыстарды атқарады:
а) Мәслихаттар:
Су пайдалану саласында мемлекеттік мөлшерлерге сай аумақтық ережелерді бекітіп, іске асырылуын бақылайды;
Су ресурстарын тиімді пайдалану және оны қорғау жөніндегі аумақтық бағдарламаны бекітеді;
Су шаруашылық құрылыстарды пайдалану ережелерін бекітеді.
б) Әкімшілік:
Коммуналдық меншікке бағынатын су шаруашылығын басқаратын арнайы мекеме ұйымдастырады;
Су ресурстарын тиімді-ұтымды пайдалану және қорғауға бағытталған бағдарлама дайындап, іске асырады;
Су ресурстарының көзіне (өзен-көлдерге, жерасты суларына) теріс әсер тигізетін мекемелердің орналасуына келісім беру-бермеу мәселесін бақылауда ұстайды;
Су ресурстарының объектілерінің хал-жағдайы туралы халыққа хабарлап отырады.
Бассейндік су шаруашылық басқармалар (бассейновые водохозяйственные управления)- Су ресурстары комитетінің аумақтық бөлімшесі болып саналады. Басқармаларға келесі міндеттер жүктелген:
1. Бассейннің су ресурстарын комплексті түрде басқару;
2.Су ресурстарын қолдану және қорғау жұмыстарына мемлекеттік бақылау жүргізу және су заңнамаларын орындауды қамтамасыз ету;
3. Қоршаған ортаны қорғау, геология, гидрометеорология органдарымен бірлесе отырып, мемлекеттік мониторингтер және су кадастрын жүргізуді іске асыру;
4.Арнайы су пайданалануға лицензия беру;
5.Су қоймаларының (қолдан жасалған) жұмысын бақылау;
6.Су болу, су алу жоспарын дайындап іске асыру;
7.Суды тиімді пайдаланудың және ластанудан қорғаудың жобаларымен халықты таныстырып отыру.
Сонымен, біздің елімізде су ресурстарын басқару, көп деңгейлі. Ол: халықаралық, мемлекеттік, бассейіндік және аумақтық деңгейлерге бөлінген. Халықаралық су ресурстарын басқару трансшекаралық су проблемаларын ынтымақтастық негізінде іргелес мемлекеттердің келісімді шешімдері бойынша жүзеге асырылады.
Су ресурстарын қоғамдық ұйымдардың қатысуымен басқару. Қазіргі кезде Қазақстанда 400-ге таяу табиғат қорғаушы қоғамдық ұйымдар бар. Олардың жартысынан астамы су ресурстары проблемаларын шешу жолында отандық, халықаралық семинарлар мен конференцияларда қатысып, өзен-көлдер жағалауларында экотур жүргізіп, өзендер арналарын тазалаумен айналысып, оқушылар мен студенттердің экологиялық білімін арттыруда ақпарат құралдарын пайдаланып, қыруар жұмыстар атқаруда. Олар мемлекеттік құрылымдармен бірлесіп жұмыс атқаруды көздейді. Мысалы, Балқаш көлінің экологиялық жағдайы нашарлауына байланысты «Табиғат»
мемлекеттік емес мекемеcі 2004 жылы халықаралық экологиялық форум өткізуге мұрындық болды. МЕМ-дердің ең кең тараған әрекеті су қоймаларын, өзен-көл жағалауын қоқым-сиқымдардан тазарту.
Су ресурстарын қолдану және қорғау проблемаларына арналған халықаралық және ұлттық заңнамалар. Экологиялық заңнамалардың түбі әуелде су ресурстарын қорғайтын заңдар шығарудан басталған екен. Ең алғашқы, өзендерді дұрыс пайдалану жөнінде Заң 1388 Англияда қабылданған. (Өнеркәсібінің күрт дамуына байланысты өзен-көлдердің ластануын бірінші болып байқаған Англия болыпты).
Су ресурстарын тиімді пайдалану және ластанудан қорғау проблемалары тек халықаралық ынтымақтастықтың күшімен шешілетін мәселе. Осы проблеманы шешу үшін халықаралық деңгейде көптеген Заңдар қабылданды. Соның ішінде:
1964 жылы теңіздерді ластаудан қорғау жөнінде халықаралық келісім жасалды.
1972 жылы теңіздерге улы заттар тастамау мәселесін реттеу туралы халықаралық келісімге қол қойылды. Су ресурстарын қорғау тақырыбына Еуропа мен АҚШ-та ХIX-XX ғасырлар ішінде бірнеше заң қабылданған. Мысалы, 1974 ж. Америкада «Ауызсу қауіпсіздігі» туралы Заң қабылданып, 1986 бұл заңға қосымшалар кіргізіп, толықтырылып қайта қабылданды.
Су ресурстарын тиімді пайдалану, оны ластанудан қорғау проблемалары Қазақстан Республикасының арнаулы заңдарында қарастырылған. Кеңес үкіметі кезінде, су ресурстарын қолдану мен қорғау мәселелері 1970 жылы жарияланған «Кеңес Одағының және одақтық республикалардың заңнамаларының негізі», 1972 жылы жарияланған Қазақ Республикасының «Су Кодексі» арқылы шешіліп отырылған.
Егемендік алғаннан кейін, 1993 жылы Қазақстан Республикасының «Су кодексі» қабылданды. Бұл заңның біраз баптары нарықтық қатынасқа сәйкес келмегендіктен, 2003 жылы шілде айында жаңа «Су кодексі» қабылданды. Оған 2004 және 2006 жылдары өзгертулер енгізілді. Қазіргі Су Кодексі 12 бөлімнен, 32 тараудан, 146 баптан тұрады.
Бұл құжаттың негізіне су ресурстарын пайдаланудың еркін және әділ халықаралық принциптері қаланған. Ауызсуға приоритет ретінде басты көңіл бөлінген. Су Кодексі бойынша жерасты, жерүсті суларын пайдалануға беру мәселесі, су ресурстары комитетінің құзырына берілді. Бұрын жерасты суларын пайдалануға рұқсат беретін Геология комитеті болатын. Су ресурстарын басқару бір жүйеге қойылып, бұдан былай мемлекеттік органдар бірінің ісін бірі қайталауы азайды. ҚР-ның су заңдары мынадай принциптерге негізделген.
Халықтық өмірі мен қызметінің негізі болып табылатын су көздерінің мемлекеттік маңызын мойындау;
Халықтың су ресурстарын әділ және тең пайдалануына құқық беру;
Су объектілерін қорғай отырып пайдалану;
Арнайы су пайдаланудың ақылылығы;
Су заңдарын бұзудан келтірілген залалды өтеу;
Су қорын пайдалану мен қорғау жөніндегі міндеттерді шешудегі жариялылық.
Су Кодексі боынша, су көздері, су шаруашылығы құрылыстары және су қорының жерлері су қатынастарының объектілері болып табылады. Ол:
Жерүсті сулары;
Жерасты сулары
Теңіз сулары;
Трансшекаралық сулар болып бөлінеді.
Пайдалану түрлеріне қарай су көздері:
Ортақ пайдаланудағы
Оқшау пайдаланудағы
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың су көздері;
Ерекше мемлекеттік маңызы бар су объектілері болып бөлінеді.
Су объектілерін пайдалану құқығын тұтынушы облыстардың жергілікті атқарушы органдары мен су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілеттік мемлекеттік органдардың келісімі бойынша ала алады.
Жеке және заңды тұлғаларға су объектілері төмендегі мерзімдерге беріледі:
Қысқа мерзімді пайдалануға (бес жылға дейін), ұзақ мерзімге (бес жылдан қырық тоғыз жылға дейін) берілуі мүмкін.
Жерүсті және жерасты суларын мемлекеттік есепке алу, мемлекеттік мониторингі арқылы іске асырылады. Су кадастры – су көздерінің жай-күйі мен пайдаланылуы туралы, олардың қоры туралы, су пайдаланушылар туралы жүйелендірілген ресми деректер жиынтығы. Су кадастрына енгізілген су көзінің паспорты болады.
Су ресурстарын пайдалану: ортақ, арнайы, оқшау, бірлескен, бастапқы, қайталама, тұрақты және уақытша болып та бөлінеді.
Ортақ су пайдалану – халықтың мұқтаждығын қанағаттандыру үшін су көздерін жеке немесе заңды тұлғаларға бекітіп берілмей және судың жәй – күйіне әсер ететін құрылыстар немесе техникалық құрылғылар қолданылмай жүзеге асырылады. Ортақ су пайдалануды жүзеге асыру үшін арнайы рұқсат талап етілмейді.
Оқшау су пайдалану –су объектілерін немесе олардың бір бөлігін жеке адамға, не заңды тұлғаға пайдалануға бергенде туындайды.
Бірлесіп су пайдалану – су көзін немесе оның бір бөлігін бірнеше жеке немесе оның бір бөлігін бірнеше жеке немесе заңды тұлғаларға тұтынуға берген кезде туындайды.
Мемлекеттік су шаруашылығы органдарын ҚР- ың Үкіметі төмендегі жұмыстарды орындау мақсатында құрады.
Су көздерінің мемлекеттік мониторингісін жүргізу;
Мемлекеттік су кадастрын жасау;
Су объектілерінің жай – күйін бақылау, әдістемесін әзірлеу және жетілдіру;
Су пайдалану техникасын әзірлеу мен жетілдіру және экономиканың әртүрлі салаларындағы оның тиімділігін арттыру;
Су шаруашылығы нормативтерін әзірлеу;
Республикалық меншіктегі су шаруашылығы объектілері мен құрылыстарын ұстау және пайдалану;
Республикалық меншіктегі (трансшекаралық, мемлекетаралық, облысаралық) су көздерінің және су шаруашылығы құрылыстары су пайдаланушыларға суды уақытылы және үздіксіз беруді қамтамасыз ету;
Мемлекетаралық су көздерін жөндеуге шектес мемлекеттермен келісіп, үлес қосып қатысу.
Су Кодексінде су көздері мен құрылыстарын сауықтыру және рекреациялық мақсаттарына, ауыл шаруашылығы мұқтаждығына өнеркәсіп пен энергетикада пайдалану мақсаттарын жүзеге асыру баптары қарастырылған. Су кодексінің 7- бөлімінде су көздерін қорғау мен лас судың зиянды әсеріне қарсы күреске арнайы баптар келтірілген. Зиянды, химиялық уытты заттардан және олардың қоспаларынан табиғи және техногендік ластанудан, жылулық, бактериялық, радиациялық және басқа ластану көздерінен қорғау баптары қарастырылған. Су көздерінің қатты, ерімейтін заттармен, өндірістік, тұрмыстық және өзге текті қалдықтармен қоқыстануын болдырмау жолдары көрсетілген. Су көздерін сарқылудан қорғау бабында «сарқылу» терминіне анықтама берілген: «Суды» «сарқылуды» - деп өзен – көл суларының ең аз деңгейге жетуін немесе жерасты сулары қорының кемуін айтады. Кодекстің 9- бөлімінде су қорын пайдалану мен қорғауды реттеудің экономикалық тетігі ретінде су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы экономикалық реттеудің түрлері көрсетілген.
Су пайдаланушылардан Қазақстан Республикасының салық заңдарында көзделген төлемдер мен алымдарды алу;
Су көздерін ұтымды пайдалану мен қорғаудың бекітілген бағдарламаларын әзірлеу және қаржыландыру мәселелерін шешу.
Ең бастысы: Қазақстан Республикасында ортақ су пайдалану тегін, ал арнайы су пайдалану салық заңдарына сәйкес ақылы негізінде жүзеге асырылады.
Табиғи қорларды, оның ішінде су ресурстарын, дұрыс меңгеру еліміздің тұрақты даму процесіне мүмкіндік керек. Ол төмендегі принциптерге негізделген.
Бірінші – алдын алу, болдырмау принципі – экологиялық болжаудың, сараптаудың нәтижесіне және қоршаған орта сапасының мониторингісінің мәліметтеріне сүйеніп, зиянды факторлардың қоршаған ортаға жасайтын ықпалын болдырмау.
Екінші принцип – айыпты күн төлейді. Табиғат қолданып, оны ластаушы мекеме, жеке тұлға табиғи ресурстарды ластамай, сарықпай бір қалыпта ұстап тұруға жұмсалатын шығын мен және жасалған шығынның құнын орнына келтіруге міндетті.
Үшінші принцип – шығынды азайту. Қазіргі кезде «шығын тиімділігі» сараптамасы әр жұмыстың басында, ортасында, аяғында жүргізіліп отыруы шарт. Жекеменшік иелерін бұл іске тарту принципі бойынша, жеке меншік секторының экологияны инвестициялауға араласу механизмі қарастырылған. Қоршаған ортаның сапасын көтеруге олардың өз үлестерін қосуы рыноктық экономиканың дамуына негіз болуға тиіс.
Төртінші принцип – табиғат қорғау шаралары - әр уақытта қоғам қолдауына сүйене отырып орындалуы шарт – Су ресурстарын экономикалық жағдайын көтеру үшін ақылы су қолдану принципі келешекте бұл саланың дамуына мүмкіншілік береді. Түбінде су шаруашылығының барлық көздері, су құрылыстары өзін- өзі қаржыландыру деңгейіне жетулері керек.
Сонымен, Қазақстанның су ресурстары заңнамалары (законодательство) Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Қоршаған ортаны қорғау » Заңына, «Қазақстан Республикасының 2004 – 2005 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздік Тұжырымдамасына» және халықаралық табиғат қорғау заңнамларының негізінде дайындалып, іске асырылып отыр.
СӨЖ тапсырмасы Жіберілетін судың шектелген мөлшерін анықтау.
Бақылау сұрақтары
Су ресурстарын тиімді, ұтымды пайдаланудың қандай жолдары бар?
Су ресурстарын қорғау және басқару жүйелерін оптимизациялау дегеніміз не?
Мемлекеттік «Ауызсу» бағдарламасын жүзеге асыру қалай жүргізіледі?
Су ресурстарын қолдану және қорғау жұмыстарын қандай мекемелер жүргізеді?
Су ресурстарын қолдану және қорғау проблемаларына
арналған қандай халықаралық және ұлттық заңнамалар бар?
ҚР-ның су заңдары қандай принциптерге негізделген?
