- •050608 - Экология мамандығының студенттеріне
- •Пән бағдарламасы (силлабус)
- •3. Курстың пререквизиттері
- •4. Курстың постреквизиттері
- •5. Курстың қысқаша мазмұны
- •6. Курстың мазмұны
- •7. «Су қорларын қорғау» пәні бойынша сөж тапсырмаларын
- •8. Әдебиеттер тізімі
- •Қосымша әдебиеттер
- •Дәрістер курсы
- •1 Су қорларын қорғау пәнінің мақсаттары мен міндеттері
- •2 Қазақстанның су қорлары және оларға сипаттама
- •2 Кесте - Су ресурстарын қолданудың орташа көрсеткіші, %
- •3. Оңтүстік аймақ: Сырдария, Талас, Шу өзендерінің бассейні.
- •Сөж тапсырмасы Су қорларын рекреациялық мақсатына қолдану.
- •3 Су қорларының сапалық және сандық өзгерістері
- •2 Ластағыш заттардың түрлері мен шығарылуы.
- •Сурет 1- Ағызынды суларды тазарту сызбасы
- •4 Балық шаруашылығы және тұрмыс- шаруашылығына арналған су қорлары
- •5 Беттік суды ластанудан қорғау шаралары
- •6 Жерүсті су сапасының мониторингісі
- •3. Байқау пункттерінде створлардың орнын белгілеу
- •7 Қалыптасудың гидрологиялық факторлары және беттік судың сапасын бағалау әдістері
- •Практикалық-зертханалық сабақтар
- •1 Тақырып: су қорларына жалпы сипаттама. Басқарудың негізгі принциптері
- •Сурет Су ресурстарын ұлттық деңгейде басқару
- •Су қорларын басқару неге керек?
- •2 Тақырып: іле-балқаш бассейнінің жағдайы
- •3 Тақырып: жер беті суларын қорғау шаралары
- •4 Тақырып: әр түрлі су қолдану орындарынан шығатын сарқынды сулардың мөлшерін есептеу
- •1 Кесте. Әртүрлі өндіріс салаларының су пайдалану нормалары
- •2 Кесте. Әр өндірісте душ (жаңбыр су) қолданылатын жұмыстардың пайыздық есебі.
- •5 Тақырып: сарқынды сулардағы ластаушы заттардың шоғырлануы
- •2. Тұрмыстық сарқынды сулардағы қалқып жүрген заттардың шоғырлануын анықтау
- •6 Практикалық жұмыс: жалпы сарқынды сулардың канализациялық жүйесі
- •7 Тәжірибелік жұмыс: сарқынды сулардың су
- •8 Тақырып: сулардың лабораториялық анализ үлгісін алу және оларды консервациялау
- •9 Тәжірибелік сабақ: судың температурасын және сутегі көрсеткішін анықтау
- •10 Тәжірибелік сабақ: табиғи суда қалқып жүрген
- •11 Тәжірибелік жұмыс: құрғақ қалдықты гравиметриялық әдіспен анықтау
- •12 Тақырып: иодомерлік титрлеу арқылы судың перманганаттық тотығуын анықтау
- •13 Тақырып: судағы оттегінің қажеттілігін анықтау
- •14 Тақырып: табиғи сулардың уақытша кермектілігінің мөлшерін анықтау
- •Кермектігіне қарай, судың сапалық сипаттамасы
- •15 Тақырып: суды тұссыздандыру және тұщыландыру
- •12.2 Суды тұзсыздандырудың және тұщылаудың ион алмасу әдісі
- •12.3 Суды тұщыландырудың электродиализ әдісі
- •Қарастырылатын сұрақтар:
- •Рефераттық жұмыс және баяндамалар тақырыптары:
- •Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
- •Қарастырылатын сұрақтар:
- •Рефераттық жұмыс және баяндамалар тақырыптары:
- •Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
- •Қарастырылатын сұрақтар:
- •Рефераттық жұмыс және баяндамалар тақырыптары:
- •Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
- •Қарастырылатын сұрақтар:
- •Рефераттық жұмыс және баяндамалар тақырыптары:
- •Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
- •Қарастырылатын сұрақтар:
- •Рефераттық жұмыс және баяндамалар тақырыптары:
- •Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
- •Қарастырылатын сұрақтар:
- •Рефераттық жұмыс және баяндамалар тақырыптары:
- •Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
- •Қарастырылатын сұрақтар:
- •Рефераттық жұмыс және баяндамалар тақырыптары:
- •Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
- •Қарастырылатын сұрақтар:
- •Рефераттық жұмыс және баяндамалар тақырыптары:
- •Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
- •Қарастырылатын сұрақтар:
- •Рефераттық жұмыс және баяндамалар тақырыптары:
- •Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
- •Қарастырылатын сұрақтар:
- •Рефераттық жұмыс және баяндамалар тақырыптары:
- •Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
- •Қарастырылатын сұрақтар:
- •Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
- •Қарастырылатын сұрақтар:
- •Рефераттық жұмыс және баяндамалар тақырыптары:
- •Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
- •Қарастырылатын сұрақтар:
- •Рефераттық жұмыс және баяндамалар тақырыптары:
- •Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
- •Қарастырылатын сұрақтар:
- •Рефераттық жұмыс және баяндамалар тақырыптары:
- •Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
- •Қорытынды бақылау сұрақтары
- •Глоссарий
- •Мазмұны
3. Байқау пункттерінде створлардың орнын белгілеу
Гидрологияда «створ» деп өзеннің арнасына көлденең орнатылған байқау жүйелерін айтады. Сонымен, байқау пункті деп су қоймасында не су ағымының сапасын комплексті, жан-жақты зерттеу үшін арнайы белгіленген жерді айтады.
Байқау пункттерін халық шаруашылығы үшін үлкен маңызы бар өзен- көлдерде, су қоймаларында, су қоймаларының сарқынды сулармен ластану деңгейін анықтау үшін орналастырады.
Ал, сарқынды сулармен ластанбаған су қоймаларына, су арнасына фон ретінде салыстырмалы байқау жүргізу үшін арнайы байқау пункттері ұйымдастырылады.
Су қоймаларына, су арнасына байқау пункттері төмендегі жағдайларға байланысты ұйымдастырылады: 1) қалаларға, не аса үлкен елді мекендерге жақын жатқан су қоймаларына, су ағымдарына (өзендерге), (егер олардың сарқынды сулары осы қоймаларға құйылып жатса);
2. Өндірістің ағызында сулары, ауыл шаруашылығының сарқынды сулары жақын орналасқан су қоймаларына құйылып жатқан жағдайда;
3. Балықтардың уылдырық шашатын жерлеріне, бағалы, өте бағалы балық, және басқа ағзалар өндірілетін су қоймаларына ластану қаупі туғанда;
4. Балық шаруашылығы үшін маңыздылығы зор өзендерге салынған плотиналар алдына байқау жұмыстарын жүргізу қажет болғанда;
5. Өзен мемлекеттік шекараны қиып өткен жерлеріне;
6. Өзен тармақтарының ластанып келіп, басты өзенге құйылатын жеріне;
Табиғи ұлттық парктер, қорымдар ішінде орналасқан, сулары табиғи сапасын жоғалтпаған өзен-көлдерге де байқау пункттерін ұйымдастырылады. Оның мақсаты, табиғи процестері зерттеу, өзен-көлдердегі судың фон жағдайын (фоновое состояние воды) анықтау.
Әрбір байқау пункттерінде бір немесе бірнеше створ орналастырылады. (Створдың орысша анықтамасы: «... условное поперечное сечение водоема или водотока, в котором производится комплекс работ для получения данных о качестве воды»).
Егер өзенге сарқынды сулар құйылмайтын болса, створ тек сол өзенге қосылатын ластанған тармақтарына, екінші жағдайда, ол өзен мемлекеттік шекараны қиып өткен жеріне орнатылады.
Ал, егер сол өзен-көлдерге ұйымдасқан түрде қалалардан, елді мекендерден, өндірістерден ластанған сарқынды сулар келіп құйылып жатса, онда екі не одан да көп створ орналастырылады. Бұл ретте, біріншісі, ластау көзінен жоғары, екінші створ, ластанған су құйылған жерден төмен орналастырылады. Ластану көзінен жоғары алынған судың химиялық құрамы ол судың тазалығының көрсеткіші. Ластанған су құйылған жерден төменірек алынған судың химиялық құрамы таза, ластанбаған судың құрамына ластанған судың химиялық құрамының тигізген әсерін көрсетеді.
4 Судың сапасын байқау арнайы бағдарламаларға сай және пункттердің дәрежелеріне сәйкес жүргізіледі. Гидробиологиялық және гидрохимиялық көрсеткіштерді бақылау жиілігі пункттердің дәрежесіне байланысты жасалған арнайы бағдарлама арқылы жүргізіледі.
Табиғи сулардың сапасын байқау міндетті түрде орындалатын бағдарлама бойынша жылына жеті рет жүргізіледі (су режимінің фазаларына байланысты):
1. Қар еріп, су тасып, су деңгейі жоғарылаған кезде;
2. Су деңгейінің ең жоғарылауы мен түсіп келе жатқан мезгілде;
3. Жазғы меже уақыттарында (өзен, көл су деңгейі ең төменгі сабасына түскенде);
4. Су арнасы ағымының ең төменгі деңгейге түскен кезінде;
5. Қатты жауын салдарынан өзен суының көтерілу кезінде;
6. Күз айында, мұз қатар алдында;
7. Қысқы межень уақытында.
Ал су қоймаларындағы (көл) су сапасын төмендегі гидрологиялық жағдайларда тексереді: қысты күні мұздың ең қалың кезінде, су деңгейінің ең төменгі уақытында; көлдердің жазғы толуы алдында және көлдің суының көтерілуінің ең жоғарғы деңгейі кезінде; жазғы-күзгі су деңгейінің төмендеу уақытында.
Судың сапасын байқаумен, бақылаудың қысқартылған және толық бағдарламалары болады. Қысқартылған бағдарламаның өзін гидрологиялық және гидрохимиялық көрсеткіштеріне байланысты үш бағдарлама бөледі: бірінші бағдарлама бойынша, өзен суы ағымының мөлшеріне (расход воды), көлдер суларының деңгейіне, жылылығына, еріген оттегінің концентрациясына, электрөткізгіштік қасиетінің үлес салмағына және жалпы су объектісі көзбен шолып байқау жұмыстары жүргізіледі.
Екінші бағдарлама бойынша: өзендер су ағымының мөлшерін, көлдердің су деңгейі, pH көрсеткіші, электрөткізгіштік үлес салмағы, судағы қалқып жүрген заттарды, ХПК, БПК5, басты-басты екі күш ластаушы заттардың концентрациясы және су объектілеріне көзбен шолып байқалады (визуальное наблюдение). Үшінші бағдарлама бойынша: өзендердің су ағымы мөлшерін анықтайды; су ағымының жылдамдығын, көлдердің су деңгейін (уровня воды), pH көрсеткішін, суда қалқып жүрген заттардың концентрациясын, судағы еріген оттегінің концентрациясын, БПК5, осы бақылау пунктіне қарасты суларды ластайтын барлық заттардың концентрациясына және де көзбен шолу жұмыстары жүргізіледі (3-кесте).
Кесте 3-Әр дәрежелері пункттердегі байқаудың жиілігі және бағдарламасы
Бақылау мезгілінің жиілігі |
Байқау пункттерінің дәрежесі |
|||
I |
II |
III |
IV |
|
Күн сайын |
қысқаша бірінші бағдарлама |
Көзбен шолу |
|
- |
Әр бір он күнде |
қысқаша екінші бағдарлама |
қысқаша бірінші бағдарлама |
|
- |
Әр ай сайын |
қысқаша үшінші бағдарлама |
қысқаша екінші бағдарлама |
|
- |
Су режимінің негізгі фазалары кезінде |
міндетті бағдарлама |
|
|
- |
Табиғи сулардың гидрохимиялық сапасының көрсеткіштерін судың сапасына арналып бекітілген нормалармен салыстырмалы бақылау жүргізіледі. Гидрохимиялық көрсеткіштер арқылы судың сапасын бақылау бағдарламасы және байқау мен бақылау мезгілінің жиілігін әр дәрежедегі байқау пункттерінде жүргізуі 3-кестеде көрсетілген.
Гидробиологиялық көрсеткіштер бойынша жүргізілетін жерүсті сулар сапасын байқау төмендегі мақсаттарды көздейді:
1. Фитопланктондарды зерттеу-клеткалардың жалпы санын, түрлерінің санын, жалпы биомассаның, негізгі топтардың санын (основных групп), топтардағы түрлердің санын, көпшілік құрған түрлердің және индикатор-түрлерінің сапробносы (массовых видов и видов – индикаторов сапробности)
2. Зоопланктондарды зерттеу-ағзалардың жалпы санын, жалпы биомассаны, негізгі топтардың санын, топтағы түрлердің санын, көпшілік құрған түрлердің және индикатор түрлерінің сапробносын.
3. Зообентостарды зерттеу-(зообентос-теңіз, көл түбіндегі саз-балшықтарда өмір сүретін организмдер, жалпы санын, жалпы биомассасын, түрлерінің жалпы санын, үлгіқалып бойынша топтарының, негізгі топтарының құрған санын, негізгі топтардың биомассасын, көпшілік түрлерін және индикатор-түрлерінің сапробнасын.
4. Перифитондарды зерттеу-(перифитон-пери-грекше жанында, маңында, айналасында. Фито-өсімдіктер). Тұщы су қоймаларындағы өсімдіктер мен жәндіктердің жинағы деген мағынаны білдіреді. Перифитон түрлерінің жалпы санын зерттеу, көпшілік түрлерін, кездесу жиілігін, сапробнасын.
5. Микробиологиялық көрсеткіштерді анықтау, бактериялардың жалпы санымен сафофит (сафофит-грек сөзі- тропикалық көпжылдық шөп) бактерияларының қарым-қатынасын.
6. Фитопланктондардың фитосинтезін және органикалық заттардың деструкциясын (деструкция латын сөзі-бүліну, бұзылу), хлорофилдің мөлшерін зерттеу.
7. Макрофиттердің зерттеу (ірі өсімдіктер)- тәжірибе алаңын алып жатқан мөлшерін, өсімдіктердің алаңда жойылу өзгешелігін, өсімдік түрлерінің жалпы санын, түрлердің ең жиі кездесетіндерін.
Жерүсті суларының сапасын гидробиологиялық көрсеткіштер арқылы қысқаша бағдарлама бойынша байқағанда төмендегіндей зерттеулер жүргізіледі.
Фитопланктондарды- клеткалардың жалпы санын, түрлерінің жалпы санын, көпшілік құратын түрлердің және индикатор-түрлерінің сапробносын; зоопланктондарды-ағзалардың жалпы санын, түрлерінің жалпы санын, көп кездесетін түрлерін және индикатор түрлерінің сапробносын.
Зообентостарды-топтарының жалпы санын, топтар ішіндегі түрлерінің санын, негізгі топтардың санын, көп кездесетін түрлерін және индикатор түрлерінің сапробносын (сапробнонтар) ластанған суда тіршілік ететін өсімдіктермен жәндіктер).
Перифитондарды - түрлерінің жалпы санын, көп кездесетін түрлерін, кездесу жиілігін, сопробносын.
4-кесте - Гидробиологиялық көрсеткіштер және бағдарламалар түрлері бойынша жүргізілетін байқаулар мерзімнің жиілігі
Байқау жұмыстарының жиілігі |
Байқау пункттерінің дәрежесі |
|||
I |
II |
III |
IV |
|
қысқаша бағдарлама |
қысқаша бағдарлама |
қысқаша бағдарлама (вегетация кезеңінде бақылау) |
- |
|
әр күн сайын |
||||
Әр кварталда |
толық бағдарлама |
толық бағдарлама |
толық бағдарлама |
|
5- кесте Міндетті байқау бағдарламасы бойынша анықтайтын параметрлер
Параметрлер |
Өлшемі |
Өзен сулары ағымының мөлшері |
м3 / тәулік |
Су ағымы жылдамдығы (өзен) |
м/секунд |
Көлдердегі сулардың деңгейі |
м |
Көзбен шолып бағалау |
- |
Температура |
0С |
Түсі (өні) |
градус |
Мөлдірлігі |
см |
Иісі |
балл |
РН көрсеткіші |
- |
Тотығу қайта қалпына келу потенциалы (Еһ) |
МВ |
Параметрлер |
Өлшемі |
Хлоридтер (С1) |
мг/дм3 |
Кальций (Са+2) |
мг/дм3 |
Натрий (Nа+) |
мг/дм3 |
Калий (К+) |
мг/дм3 |
Иондардың қосындысы (En) |
мг/дм3 |
Азот амониі (NН4) |
мг/дм3 |
Азот нитриті (NО2) |
мг/дм3 |
Минералды фосфор (СРО4 3-) |
мг/дм3 |
Жалпы темір |
мг/дм3 |
Кремний |
мг/дм3 |
БПК5 (оттегінің биологиялық қажеттілігі-ОБК5) |
мг/02 дм3 |
ХПК (оттегенің химиялық ОХП) |
МгО дм3 |
Мұнай өнімдері |
мг/дм3 |
СПАЗ |
мг/дм3 |
Фенолдар (ұшып кететін) |
мг/дм3 |
Пестицидтер |
мг/дм3 |
Ауыр металдар |
мг/дм3 |
СӨЖ тапсырмасы Беттік суды ағын сулармен ластанудан қорғау ережелерін анықта.
Бақылау сұрақтары
Жерүсті сулары сапасын байқаудың басты мақсаттары қандай?
Су сапасын байқау бағдарламасы қандай?
Байқау пункттерінде створлардың орнын белгілеу қалай жүргізіледі?
Табиғи сулардың сапасын байқау міндетті түрде орындалатын бағдарлама бойынша жылына неше рет жүргізіледі?
Судың сапасын байқаумен, бақылаудың қысқартылған және толық бағдарламалар дегеніміз не?
Ақмола облысы су ресурстарының жағдайы қандай?
