Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
su__1179_or_1171_au_zhana114111111.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.01 Mб
Скачать

6 Жерүсті су сапасының мониторингісі

1. Құрлықтағы су мониторингісінің негізгі міндеттері

2. Мониторинг қызметінің міндеттері

3. Байқау және мониторинг нүктелерін таңдау

4. Су қорларының сапасын алдын ала болжау әдістері

1 Жалпымемлекеттік байқау жүйесі қолданатын жерүсті суларының сапасын байқап, бақылаудың бірнеше түрлері бар: Жерүсті суларының ластану деңгейін физикалық, химиялық, гидрологиялық және гидробиологиялық көрсеткіштер арқылы бақылау пункттерінде байқау жүргізеді және арнайы тапсыпрма бойынша жүргізетін байқаулар.

Осы байқаулардың барлығы алдын-ала жоспарланған су көздерінде жүргізіледі.

Жерүсті сулары сапасын байқаудың басты мақсаттары:

Жалпы мемлекеттік байқау системасы (ЖМБС) жерүсті суларының сапасы туралы мәліметтерді жүйелі түрде алып, сараптамадан өткізіп, орташа көрсеткіштерді шығарып, шаруашылық органдарын және қажеттілік ететін басқа мекемелер мен жеке тұлғаларды жерүсті сулары көздерінің жағдайы туралы керекті мәліметтермен қамтамасыз етіп отыруды өзінің басты мақсаты деп есептейді. Ал, жерүсті суларының сапасын байқау жұмысы судың режимін бақылайтын пунктте пайдалануға арналған арнайы әдістемелерге сай орындалуы тиіс (ГОСТ 17.1.3.07.). Жерүсті суларының сапасын арнайы байқауға алғанда төмендегі мәселелерді шешу көзделеді:

1. Жерүсті суларының өзін-өзі тазалау процесі заңдылықтарын анықтау;

2. Су объектілері түбінде тұнған қалдықтардың су сапасына келтіретін зардаптарын анықтау;

3. Химиялық заттарды коллектор-дренаж суларымен бірге шығару мөлшерін бақылау.

Құрлық суының мониторингісін жүргізу үшін тұрақты байқау жүйесі ұйымдастырылады. Ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуге арналған жерүсті су объектілерін бақылайтын арнайы жүйе ұйымдастырылуы өте қажет.

Жерүсті сулары сапасын байқайтын уақытша экспедициялық жүйелер де ұйымдастырылады.

Жерүсті су көздерінің сапасын байқау арнайы бақылау бағдарламасы бойынша жүргізіледі.

2. Су сапасын байқау бағдарламасы. Барлық байқау пункттері жиілігіне және толық қанды тексеруге байланысты 4 категорияға бөлінеді. Бақылау пункттерінің мақсаты, қойылған жері су сапасын байқайтын арнайы ережелерге сәйкес ұйымдастырылады.

Бірінші дәрежелі пункттер: халық шаруашылықтық маңызы бар ортада және орташа су қоймаларда орналастырылады:

1. Бір миллионнан астам халқы бар қалалардың маңайында;

2. Балықтардың уылдырық шашатын, бағалы балық өндіретін су қоймаларына;

3. Кезінде ластаушы заттар бірнеше рет тасталған жерге;

4. Ұйымдасқан түрде сарқынды суларды таза су қоймаларына (өзен, көл) құю салдарынан өзен-көл суларының жоғары деңгейде ластанған аумағына.

Екінші дәрежелі пункттер төмендегі жағдайлар туғанда ұйымдастырылады: 1. Халқының саны 0,5-1,0 млн аралығында қалаларға жақын жатқан өзен-көлдерге, су қоймаларына;

2. Балықтардың уылдырық шашатын жерлеріне және олардың бағалы түрлерінің қыстайтын жерлеріне;

3. Балық шаруашылығына маңызы бар плотиналардың жоғарғы, төменгі жақтарына;

4. Егістік суарған жерлерден, өндірістен аққан сарқынды сулардың таза су көздеріне құятын жерлерінде;

5. Өзендердің мемлекеттік шекараны қиып өткен жерлерінде.

Үшінші дәрежелері пункттер халқының саны 0,5 млн-нан аз қалалар мен поселкаларға жақын жатқан табиғи су қөздеріне және үлкен өзендердің ластанған тармақтарына орналастырылады.

Төртінші дәрежелі пункттерді төмендегі екі жағдайда ұйымдастырады:

1. Өзендер мен көлдердің ластанған аумағына.

2. Мемлекеттік қорықтар мен ұлттық саябақтар аумағында орналасқан өзен-көлдерге.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]