- •050608 - Экология мамандығының студенттеріне
- •Пән бағдарламасы (силлабус)
- •3. Курстың пререквизиттері
- •4. Курстың постреквизиттері
- •5. Курстың қысқаша мазмұны
- •6. Курстың мазмұны
- •7. «Су қорларын қорғау» пәні бойынша сөж тапсырмаларын
- •8. Әдебиеттер тізімі
- •Қосымша әдебиеттер
- •Дәрістер курсы
- •1 Су қорларын қорғау пәнінің мақсаттары мен міндеттері
- •2 Қазақстанның су қорлары және оларға сипаттама
- •2 Кесте - Су ресурстарын қолданудың орташа көрсеткіші, %
- •3. Оңтүстік аймақ: Сырдария, Талас, Шу өзендерінің бассейні.
- •Сөж тапсырмасы Су қорларын рекреациялық мақсатына қолдану.
- •3 Су қорларының сапалық және сандық өзгерістері
- •2 Ластағыш заттардың түрлері мен шығарылуы.
- •Сурет 1- Ағызынды суларды тазарту сызбасы
- •4 Балық шаруашылығы және тұрмыс- шаруашылығына арналған су қорлары
- •5 Беттік суды ластанудан қорғау шаралары
- •6 Жерүсті су сапасының мониторингісі
- •3. Байқау пункттерінде створлардың орнын белгілеу
- •7 Қалыптасудың гидрологиялық факторлары және беттік судың сапасын бағалау әдістері
- •Практикалық-зертханалық сабақтар
- •1 Тақырып: су қорларына жалпы сипаттама. Басқарудың негізгі принциптері
- •Сурет Су ресурстарын ұлттық деңгейде басқару
- •Су қорларын басқару неге керек?
- •2 Тақырып: іле-балқаш бассейнінің жағдайы
- •3 Тақырып: жер беті суларын қорғау шаралары
- •4 Тақырып: әр түрлі су қолдану орындарынан шығатын сарқынды сулардың мөлшерін есептеу
- •1 Кесте. Әртүрлі өндіріс салаларының су пайдалану нормалары
- •2 Кесте. Әр өндірісте душ (жаңбыр су) қолданылатын жұмыстардың пайыздық есебі.
- •5 Тақырып: сарқынды сулардағы ластаушы заттардың шоғырлануы
- •2. Тұрмыстық сарқынды сулардағы қалқып жүрген заттардың шоғырлануын анықтау
- •6 Практикалық жұмыс: жалпы сарқынды сулардың канализациялық жүйесі
- •7 Тәжірибелік жұмыс: сарқынды сулардың су
- •8 Тақырып: сулардың лабораториялық анализ үлгісін алу және оларды консервациялау
- •9 Тәжірибелік сабақ: судың температурасын және сутегі көрсеткішін анықтау
- •10 Тәжірибелік сабақ: табиғи суда қалқып жүрген
- •11 Тәжірибелік жұмыс: құрғақ қалдықты гравиметриялық әдіспен анықтау
- •12 Тақырып: иодомерлік титрлеу арқылы судың перманганаттық тотығуын анықтау
- •13 Тақырып: судағы оттегінің қажеттілігін анықтау
- •14 Тақырып: табиғи сулардың уақытша кермектілігінің мөлшерін анықтау
- •Кермектігіне қарай, судың сапалық сипаттамасы
- •15 Тақырып: суды тұссыздандыру және тұщыландыру
- •12.2 Суды тұзсыздандырудың және тұщылаудың ион алмасу әдісі
- •12.3 Суды тұщыландырудың электродиализ әдісі
- •Қарастырылатын сұрақтар:
- •Рефераттық жұмыс және баяндамалар тақырыптары:
- •Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
- •Қарастырылатын сұрақтар:
- •Рефераттық жұмыс және баяндамалар тақырыптары:
- •Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
- •Қарастырылатын сұрақтар:
- •Рефераттық жұмыс және баяндамалар тақырыптары:
- •Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
- •Қарастырылатын сұрақтар:
- •Рефераттық жұмыс және баяндамалар тақырыптары:
- •Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
- •Қарастырылатын сұрақтар:
- •Рефераттық жұмыс және баяндамалар тақырыптары:
- •Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
- •Қарастырылатын сұрақтар:
- •Рефераттық жұмыс және баяндамалар тақырыптары:
- •Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
- •Қарастырылатын сұрақтар:
- •Рефераттық жұмыс және баяндамалар тақырыптары:
- •Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
- •Қарастырылатын сұрақтар:
- •Рефераттық жұмыс және баяндамалар тақырыптары:
- •Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
- •Қарастырылатын сұрақтар:
- •Рефераттық жұмыс және баяндамалар тақырыптары:
- •Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
- •Қарастырылатын сұрақтар:
- •Рефераттық жұмыс және баяндамалар тақырыптары:
- •Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
- •Қарастырылатын сұрақтар:
- •Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
- •Қарастырылатын сұрақтар:
- •Рефераттық жұмыс және баяндамалар тақырыптары:
- •Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
- •Қарастырылатын сұрақтар:
- •Рефераттық жұмыс және баяндамалар тақырыптары:
- •Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
- •Қарастырылатын сұрақтар:
- •Рефераттық жұмыс және баяндамалар тақырыптары:
- •Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
- •Қорытынды бақылау сұрақтары
- •Глоссарий
- •Мазмұны
5 Беттік суды ластанудан қорғау шаралары
1. Судың сапасын шектеу
2. Ауызсуға және тынығуға арналған су ағындарындағы судың құрамына және қасиетіне талаптар
3. Беттік суды ағын сулармен ластанудан қорғау ережелері
Қазір Біріккен Ұлттар ұйымы шеңберінде жаһандық маңызы бар мониторинг жүйесі (КОЖМЖ) қоршаған ортаны қорғау бағытында жұмыс істеп жатыр (глобальная система мониторинга окружающей среды-ГСМОС). Осы мониторинг жүйесінің бір бағыты есебіне КОЖМЖ (су) орталығы Канада да ашылып іске кірісті. КОЖМЖ (су) бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында БҰҰ-ының төрт бірдей мамандандырылған арнайы мекемелері ұйымдастырылды: БҰҰ-ның қоршаған ортаны қорғау бағдарламасы (ҚОҚБ), Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ-ВОЗ), Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым (ДМҰ-ВМО-всемирная метеорологическая организация) және БҰҰ-ның білім, ғылым, мәдениет бөлімі (ЮНЕСКО).
КОЖМЖ (су)-дың басты мақсаты: су орталығына ластаушы заттар тарауы және айналым өзгерісінің мониторингісін жасау, су орталығының жай-күйіне қауіп туғызатын экологиялық ахуал туралы ақпарат тарату, мемлекеттерден қоршаған ортаны қорғау шараларын бұлжытпай орындауларын талап етіп, ескертулер жасау.
Бағдарлама ҚОЖМЖ (су)- дүниежүзілік мониторинг жүргізу жүйесі-негізгі 7 пункттен тұрады: Су үлгілерін сараптамаға алу жұмысын бірыңғай жүйеге келтіру; алынған мәліметтердің толықтығын, дәлдігін бақылау; ақпараттарды осы заман талабына сәйкестеп тарату және оны сақтау; мамандардың іскерлік деңгейін жоғарылату жүйесін ұйымдастыру; әдістемелік анықтамаларды дайындау; керек құрал-сайман, жабдықтармен қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасында жоғарыда көрсетілген жұмыстарды РГП «Қазгидромет» жүзеге асырады. 1972 жылы гидромет станциялары негізінде жалпымемлекеттік бақылау қызметтері (ЖМБҚ): Ақпарат жинау және оларға сараптама жасаудың бас орталығы (главный центр сбора и анализа информации), аймақтық бақылау пункттері, бастауыш бақылау пункттері ұйымдастырылды. Осы схема бойынша алынған мәліметтер бірнеше сараптамадан өткеннен кейін, мемлекет органдарына, өндіріс орындарына таратылады.
Гидрологиялық байқау (наблюдение) және бақылау (контроль) пункттер жүйесін орналастыру негізіне су ресурстарының режимі мен ағым барысы туралы нақты мәліметтер алу принципі қойылған. Бақылау және байқау пунктерінің жиілігі, саны шаруашылық ұжымдарының сұранысы мен ауа райы жағдайына байланысты шешіледі.
Республиканың жерүсті су ресурстарының режимін байқау жұмысын: 3 гидрометеорологиялық, 180 су деңгейін байқау, 23 көлдер суын бақылау және 3 теңіз суларын, байқау станциялары жүргізіледі. Жалпы ұзындығы 100 км асатын өзендер қатал байқау мен бақылауға алынбақ. Су ресурстарының гидрохимиялық, гидробиологиялық сапасын байқау мен бақылау 53 су объектілерінде, 101 жерүсті суларын бақылау пункттерінде, 142 байқау створында жүргізіледі. Алынған су үлгілерінің анализі мониторинг орталығының зертханасында Қазгидромет бекіткен әдістемелер бойынша тексеріледі. Жерасты суларының мониторингісін энергетика және минералдық ресурстар Министрлігіне қарайтын геология және жер қойнауын қорғау комитеті жүргізіледі. Республиканың көлдерінде жерасты су қорын байқайтын, бақылайтын Мемлекеттік мониторингке қарайтын 6858 байқау пункттері бар. Олардың 3152-і аймақтық, байқау жүйесінің, 3621-і жергілікті байқау жүйесінің қарауында.
Сонымен қатар Мемлекеттік су кадастры. Мемлекеттік су кадастры- еліміздің барлық су ресурстары туралы мәліметтерді жиып, жүйелеп, оның сандық және сапалық көрсеткіштерін анықтап, тұтынушыларды тіркеуден өткізіп және су шығынын есептеп отыратын орган. МСК-ның басты мақсаты халық шаруашылығын су ресурстарының күйі туралы қажет мәліметтермен қамтамасыз ету (су көздері-олардың сапасы, режимі, қолданылуы және тұтынушылар туралы мәліметтер). Мемлекеттік есепке барлық су қоймалары алынуы тиіс. Оларға өзен-көлдер, қолдан жасалған су қоймалары, тоғандар мен мұздақтар, жерасты, ішкі теңіз сулары жатады. Жерүсті суларының сапасын есепке алу жалпы мемлекеттік байқау-бақылау жүйесінің шеңберінде жүргізіледі. Гидрохимиялық жүйені есепке алғанда қойылатын басты талаптар:
1. Гидрохимиялық байқау пункттерін су қолданушылар орналасқан жерімен қатал түрде үйлестіру;
2. Су ресурсы көздерін толық байқау жүйесіне енгізу, сөйтіп барлық су ресурсы сапасы жайлы мәліметтерді су қолданушылар мәліметтерімен сәйкестендіру;
3. Жеткілікті түрде жиі-жиі бақылау, байқау жұмыстарын жүргізіп тұру;
4. Анықталған зиянды заттардың тізімін өндірістен шығып, өзен, көлдерге ағын сарқынды сулардан табылған зиянды заттарды үйлестіріп отыру.
МСК басып шығарып тарататын мәліметтер төмендегі құрылымға сай болуы тиіс.
Жерүсті сулары туралы (өзен, көл, жасанды қоймалар, каналдар, құрлық суының сапасы, су тасқындары, мұздақтар, теңіздер, өзендердің құрылыстары (устье рек); 2. Жерасты сулары туралы; 3. Су ресурстарын қолдану туралы. Көрсетілген үш тараудың әрқайсыcы үш тарамға бөлінеді: 1. Тізім мәліметтері (бір реттік басылым), 2. Жыл сайынғы мәліметтер (әр 5 жылда бір рет) баспадан басылып шығып тұруға тиіс.
Жалпы мемлекеттік байқау мен бақылау жүйесінен басқа мына мекемелерде осындай жұмыстар жүргізіп отырады. Экология Министрлігі, мемлекеттік санэпидемиялық бақылау, стандарттау және метеорология комитеті, су қорлары комитеті. Осының салдарынан мәлімет жинау барысында бірін-бірі қайталаушылық, мәліметтердің сәйкес келмеуі және тез мәлімет алудың қиындауы сияқты келеңсіз жайлар пайда болды. Сондықтан 1993 жылдан бастап мемлекеттік экология жүйесінің бірегей мониторингісі ұйымдастырылды. (БМЭМЖ). (Біріккен мемлекеттік экологиялық мониторинг жүйесі – Е99ГСЭМ).
БМЭМЖ еліміздің ғылыми – техникалық саясатын жүргізетін орталық ретінде келесі қойылған талаптарды қамтамасыз етеді:
1. Қоршаған ортаның ахуалын байқау бағдарламасын іске асыруды ұйымдастыру.
2. Салыстыруға келетін нақты анық мәліметтерді жинау, тәртіптеу және бақылауға алу;
3. Жиылған ақпаратты сақтау және оларды халықаралық экоақпараттық жүйелермен сәйкестендіріп отыру;
4. Қоршаған орта объектілерінің хал-ахуалын, табиғи қорлардың, экожүйелердің сәйкестену процестерінің халық денсаулығына антропогендік әсерінің шамасын бақылап, бағалап отыру;
5. Экологиялық ақпараттардың тұтынушыға жеткізілуін қамтамасыз ету.
2. Елімізде тұрғындарды ауызсумен қамтамасыз ету барысы жыл сайын нашарлау үстінде. Осыған қарамай, экономиканың даму қарқынына байланысты шаруашылықта, ауызсуға жерасты суларын қолдану күннен-күнге өсіп келе жатқаны айқын байқалады. Сондықтан еліміздің жерүсті, жерасты суларының ресурстарын ластанудан сақтау шараларын барынша қолданатын, оларды тиімді және ұтымды пайдалану әдістерін жүзеге асыратын уақыт жетті.
Судың сапасын халықаралық стандартқа келтіру (стандартизация).
1886 жылы қыркүйек айында Дрезден қаласында (Германия) ең алғашқы халықаралық Кеңесте шаруашылыққа қолданылатын су қорларының сапасын стандарттау (келтіру) мәселесі көтерілген болатын. Осы күн халықаралық стандартизациялау күні деп аталып жүр. 1926 жылы бұл жұмысты үйлестіру ұлттық ұйымдардың халықаралық федерациясының үлгі қалыптау тапсырылды (ISA). Екінші дүниежүзілік соғыс біткеннен кейін, 1946 жылы 25 мемлекет халықаралық стандартизациялау ұжымын қайта құрып, жұмысқа кірісті (ИСО). Қазіргі таңда бұл ұжымның құрамында 110 мемлекет бар. Бұл ұйым дүниежүзіндегі ең беделді ұжым болып есептеледі. Штаб квартирасы Женева қаласында орналасқан (интернет htth: www. iso. ch) ИСО бүкіл әлем экономикасын стандарттау жұмысын атқарады. Бұл ұйымның басты мақсаты-халықаралық үлгіқалыптар жасап, жер жүзінің мемлекеттеріне тарату және сол елдердің осы үлгіқалыптарды қолдануына ықпал ету. Халықаралық үлгілерді зерттеп, жасап, ұсынуға 30.000 инженер мен ғалымдар, басқарушылар, администраторлар қатысқан екен. Біріккен Ұлттар Ұйымының агенттіктерін қосқанда, бұл жұмысты 450 халықаралық мекеме атқарады. Олардың мамандары Техникалық комитетпен (ТК ИСО2) бірлесіп жұмыс істейді, (өздері де 200дей мекеме) ИСО-ның ең жоғарғы органы болып Бас Ассамблея саналады. 1971 жылы су сапасын үлгіқалыпқа келтіру мақсатымен техникалық комитет құрылды. Су сапасын, үлгісін алу және тағы басқа қорларына байланысты мәселер осы техникалық комитетте «Качество воды» (Судың сапасы) қаралып отыратын болды. (ИСОДК 147 «Качество воды»).
Қоршаған ортаға арналған үлгіқалыптарды зерттеп, іске қосу да ИСО жұмысының басты бағыты болып табылады. Халықаралық үлгіқалыптар түсінуге жеңіл, әрқилы пікірлер тудырмайтындай болып жасалынады. Оларды әр мемлекет ешқандай өзгерту кіргізбей ұлттық, мемлекет ретінде қолдана алуына болады. ИСО-ның үлгіқалыптары екі тілде, ағылшын және француз тілдерінде Орталық хатшылықта басылып шығады. Ал орыс тіліндегі басылымды Ресейдің Мемүлгісі басып шығарған (Мемүлгі - госстандарт).
Ұлттық үлгіқалыптау органдар техникалық комитетінің жұмысына араласқысы келсе, оған кіру ақы және жылдық жарна төлеп отыруы шарт. Мүше мемлекеттер екіге бөлінеді: Белсенді (активный) (Р-членов), белсенді емес (пассивный) мүшелер (О-членов). Белсенді мүшелер мамандары техникалық комитеттің жұмысына тікелей қатысып, халықаралық үлгіқалыптарын бекіткенде дауыс бере алады.
Бүгінгі күні халқын сапалы сумен қамтамасыз етіп отырған барлық мемлекеттер техникалық комитеттің жұмысына араласып, өзінің ұлттық үлгіқалыптарын қолданып отыр және соның негізінде су сапасын бақылау әдістемелері және су сапасына қойылатын талаптар жасап жатыр. Ұлттық сыннан өткен мемлекеттер қатарында: Австрия, Бельгия, Болгария, Ұлыбритания, Венгрия, Германия, Дания, Индия, Испания, Колумбия, Норвегия, Румыния, Ресей, Финляндия, Франция, Чехия, Швеция, Югославия, Жапония бар. Көп үлгіқалыптар негізіне Еуропаның және Американың ұлттық үлгілері алынған.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (Всемирная организация здравохранения -ВОЗ) жұқпалы ауруларға қарсы әрекет жасау үшін, әсіресе, су тырыспаған холера вирусынан адамзатты қорғау үшін құрылған.
1851 жылы Парижде тұңғыш конференция болып өтті, бірақ онда арнайы халықаралық ұйым құрыла қойған жоқ. 1892 жылы обаға (чума) қарсы күрес жөнінде халықаралық келісім жасалып, бірінші халықаралық санитарлық бюро ұйымдастырылды Халықаралық санитарлық ұйым 1941 жылы Парижде ұйымдастырылды. Ал 1945 жылы БҰҰ-ның халықаралық конференциясында Қытаймен Бразилияның ұсынысымен Дүниежүзілік денсаулық ұйымы (ВОЗ-ДДҰ) ұйымдастырылды. Қазіргі кезде ДДҰ (ВОЗ) ең беделді халықаралық денсаулық сақтау ұйымы. ДДҰ-ның су ресурстарының сапасын жақсартуға арналған мөлшері көп ұлттық үлгіқалыптың негізін қалады. Ең бірінші (боп) «Ауызсудың халықаралық үлгіқалыптары» осы ВОЗ-дың баспаханасында басылып шығарылған. 1984 жылы ВОЗ үш томдық «Су сапасын бақылау нұсқауы» деген үлгіқалып басып, мемлекеттерге таратты. 1993-1997 жылдары бұл үш томдық қайта басылып шығарылды. Су ресурстарын қорғауға арналған әр алуан заңнамалар бар (законодательство). Ең бірінші рет мұндай заң 1888 жылы Англияда бекітілді. Англия өндірісінің қарқынды дамуының нәтижесінде өзен-көлдердің ластануынан бірінші болып зардап тартқан ел. Су ресурстарын қорғау проблемасы онда ұлттық проблемалардан жоғары түр, ол қазір халықаралық проблемаға айналады. 1972 жылы, теңіздерге улы заттарды тастамау туралы халықаралық келісімге қол қойылды. 1974 жылдың желтоқсанында халықты таза сумен қамтамасыз ету жөнінде «Ауызсудың қауіпсіздігі» деген арнайы заң қабылдайды.
Су ресурстарын қолдану, оны тазалау, қорғау туралы арнайы бекітілген халықаралық терминдер бар. Ол халықаралық қатынас жағдайында түсінісуге ыңғайлы. Оншақты жыл ішінде мамандар жасаған үлкен жұмыс нәтижесінде 500-ден астам халықаралық терминдер мен түсініктер қабылданды.
1972 жылы Еуропалық Одақ (Европейский Союз) елдерінің мүшелері бірыңғай экологиялық саясат жүргізуді ұйғарды. Ережелерді, үлгіқалыптарды мөлшерлерді барлық Европалық Одақ (ЕС, ЕО) елдерінде ортақ қолданатыны жарияланған. 1972 жылдан 1992 жылға дейін ЕО елдерді төрт бірдей экологиялық бесжылдық бағдарламасын қолдап, іске қосты. Ол бағдарламалар «қоршаған ортаны кім ластады, сол төлейді» деген принцип бойынша жұмыс істеуде. ЕО елдерді ластанудың параметрлерін, ластаушы заттардың тізімін бекітіп жұмысқа қосты. Евро Одақтың су қорларын қорғауға арналған нұсқаулары бар.
2.Су ресурстарын жақсарту мен су тазалау құрылыстарының құрамы пайдаланатын суға тұтынушылардың қоятын талаптарына және табиғи сулардың сапасына байланысты. Ауызсудың шаруашылыққа қолданатын су сапасы мемлекеттік стандартпен реттеледі. Бұл талаптар судың иісі мен дәмі 20 С температурасы 2 балдан аспау керек. Мөлдірлігі шрифт бойынша 30 см кем болмауы керек. Лайлылығы 2 мг/л көп болмауы тиіс, судың жалпы кермектілігі 7 мг/экв/л аспау керек. Ауызсуда қорғасын 0,1, мышьяк 0,05, фтор 1,5, мыс 3, цинк 5 мг/л аспау керек.1 мг суда 24 сағ.өсірген өзінде бактериялар саны 100, ал ішек таяқшалары 1 л судан үштен, Fe, Mg 0.3, PH 6.5-9.5 дейін аспауы шарт.Суда хлорофенол иісі болмауы керек. ҚР судың сапасын 2874-72 Мем СТ анықтайды. Ауызсу құрамының сипаттамасы мынадай болу керек:
рН – 6,6-9,0, хлоридтер, мг/л 350 ге дейін
Fe , мг/л 0,3-ке дейін Zn, мг/л 5-ке дейін
К , ммоль/л 7-ге дейін Al, мг/л 0,5-ке дейін
Мn, мг/л 0,7-ге дейін Be, мг/л 0,0007-ге дейін
Cu, мг/л 1,0 –ге дейін Mo, мг/л 0,25-ке дейін
SO42−, мг/л 500-ге дейін As, мг/л 0,05-ке дейін
Рb, мг/л 0,3-ке дейін нитраттар, мг/л 45-ке дейін
Se, мг/л 0,001-ге дейін Sr, мг/л 7-ге дейін
Ауызсудың жылулығының көрсеткіші 7-10 градус, ал 35 шектеуші мөлшері. Ауызсу минералдығы 10 мг/1000, хлоридтер 350, сульфат 500.Ауызсу шаруашылыққа қолданатын су сапасын жақсарту әдістері: мөлдірлендіру, түссіздендіру, залалсыздандыру.
Суды мөлдірлендіру – судағы жүзіп, қалқып жүрген заттарды алып тастау арқылы мөлдірлену деңгейіне қойылған талапқа сай төмендегі мөлдірлендіру әдістемелері қолданылады.
суды тұндырғышта тұндыру
гидроциклонда тұндыру
таза құм қабатынан өткізу, мөлдірлеу әртүрлі сүзгілерден өткізу.
СӨЖ тапсырмасы Беттік суды ағын сулармен ластанудан қорғау ережелері.
Қоғам дамуы әлеуметтік, экологиялық, технологиялық өзгерістер енгізуді ол өзгерістердің адам табиғат арасындағы ғылыми негізде іске асыруға болады. Бір жағынан, адамзаттың мұң-мұқтажын, маңызды қажеттіліктерін қанағаттандыру, екінші жағынан, табиғат, экожүйе сарқылмауына, ластанбауына үздіксіз жағдай жасау әрекеттерін талап етеді. Қоғам дамуы ең басты табиғи ресурстарға әсер ететін антропогендік күш салмақтарының мөлшерін анықтап, тежеп отыруды қажет етеді. Әлеуметтік және экономикалық шараларға халықаралық және ішкі саясатқа байланысты шешімдер, халықтың экологиялық білімін көтеру әр түрлі құқықтық талаптар және т.б. қандай талаптар мен қорғау шараларын ұсынасын дәлелдеп, баянда.
Бақылау сұрақтары
Мониторинг жүйесі дегеніміз не?
Дүниежүзілік мониторинг жүргізу жүйесі-негізгі неше пункттен тұрады?
Республиканың жерүсті су ресурстарының режимін байқау жұмысын қандай мекеме қадағалайды?
Жерасты суларының мониторингісін бақылауда қандай мекемелер жұмыс атқарады?
Мемлекеттік су кадастрының негізгі қағидасы қандай?
Судың сапасын халықаралық үлгіқалыпқа келтіру дегеніміз не?
Ауызсуға қолдануға бөлінген судың сапасы бекітілген қандай талаптарға сәйкес болуы шарт?
Ауызсудың шаруашылыққа қолданатын су сапасының мемлекеттік стандарттары қандай?
