- •050608 - Экология мамандығының студенттеріне
- •Пән бағдарламасы (силлабус)
- •3. Курстың пререквизиттері
- •4. Курстың постреквизиттері
- •5. Курстың қысқаша мазмұны
- •6. Курстың мазмұны
- •7. «Су қорларын қорғау» пәні бойынша сөж тапсырмаларын
- •8. Әдебиеттер тізімі
- •Қосымша әдебиеттер
- •Дәрістер курсы
- •1 Су қорларын қорғау пәнінің мақсаттары мен міндеттері
- •2 Қазақстанның су қорлары және оларға сипаттама
- •2 Кесте - Су ресурстарын қолданудың орташа көрсеткіші, %
- •3. Оңтүстік аймақ: Сырдария, Талас, Шу өзендерінің бассейні.
- •Сөж тапсырмасы Су қорларын рекреациялық мақсатына қолдану.
- •3 Су қорларының сапалық және сандық өзгерістері
- •2 Ластағыш заттардың түрлері мен шығарылуы.
- •Сурет 1- Ағызынды суларды тазарту сызбасы
- •4 Балық шаруашылығы және тұрмыс- шаруашылығына арналған су қорлары
- •5 Беттік суды ластанудан қорғау шаралары
- •6 Жерүсті су сапасының мониторингісі
- •3. Байқау пункттерінде створлардың орнын белгілеу
- •7 Қалыптасудың гидрологиялық факторлары және беттік судың сапасын бағалау әдістері
- •Практикалық-зертханалық сабақтар
- •1 Тақырып: су қорларына жалпы сипаттама. Басқарудың негізгі принциптері
- •Сурет Су ресурстарын ұлттық деңгейде басқару
- •Су қорларын басқару неге керек?
- •2 Тақырып: іле-балқаш бассейнінің жағдайы
- •3 Тақырып: жер беті суларын қорғау шаралары
- •4 Тақырып: әр түрлі су қолдану орындарынан шығатын сарқынды сулардың мөлшерін есептеу
- •1 Кесте. Әртүрлі өндіріс салаларының су пайдалану нормалары
- •2 Кесте. Әр өндірісте душ (жаңбыр су) қолданылатын жұмыстардың пайыздық есебі.
- •5 Тақырып: сарқынды сулардағы ластаушы заттардың шоғырлануы
- •2. Тұрмыстық сарқынды сулардағы қалқып жүрген заттардың шоғырлануын анықтау
- •6 Практикалық жұмыс: жалпы сарқынды сулардың канализациялық жүйесі
- •7 Тәжірибелік жұмыс: сарқынды сулардың су
- •8 Тақырып: сулардың лабораториялық анализ үлгісін алу және оларды консервациялау
- •9 Тәжірибелік сабақ: судың температурасын және сутегі көрсеткішін анықтау
- •10 Тәжірибелік сабақ: табиғи суда қалқып жүрген
- •11 Тәжірибелік жұмыс: құрғақ қалдықты гравиметриялық әдіспен анықтау
- •12 Тақырып: иодомерлік титрлеу арқылы судың перманганаттық тотығуын анықтау
- •13 Тақырып: судағы оттегінің қажеттілігін анықтау
- •14 Тақырып: табиғи сулардың уақытша кермектілігінің мөлшерін анықтау
- •Кермектігіне қарай, судың сапалық сипаттамасы
- •15 Тақырып: суды тұссыздандыру және тұщыландыру
- •12.2 Суды тұзсыздандырудың және тұщылаудың ион алмасу әдісі
- •12.3 Суды тұщыландырудың электродиализ әдісі
- •Қарастырылатын сұрақтар:
- •Рефераттық жұмыс және баяндамалар тақырыптары:
- •Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
- •Қарастырылатын сұрақтар:
- •Рефераттық жұмыс және баяндамалар тақырыптары:
- •Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
- •Қарастырылатын сұрақтар:
- •Рефераттық жұмыс және баяндамалар тақырыптары:
- •Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
- •Қарастырылатын сұрақтар:
- •Рефераттық жұмыс және баяндамалар тақырыптары:
- •Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
- •Қарастырылатын сұрақтар:
- •Рефераттық жұмыс және баяндамалар тақырыптары:
- •Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
- •Қарастырылатын сұрақтар:
- •Рефераттық жұмыс және баяндамалар тақырыптары:
- •Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
- •Қарастырылатын сұрақтар:
- •Рефераттық жұмыс және баяндамалар тақырыптары:
- •Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
- •Қарастырылатын сұрақтар:
- •Рефераттық жұмыс және баяндамалар тақырыптары:
- •Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
- •Қарастырылатын сұрақтар:
- •Рефераттық жұмыс және баяндамалар тақырыптары:
- •Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
- •Қарастырылатын сұрақтар:
- •Рефераттық жұмыс және баяндамалар тақырыптары:
- •Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
- •Қарастырылатын сұрақтар:
- •Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
- •Қарастырылатын сұрақтар:
- •Рефераттық жұмыс және баяндамалар тақырыптары:
- •Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
- •Қарастырылатын сұрақтар:
- •Рефераттық жұмыс және баяндамалар тақырыптары:
- •Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
- •Қарастырылатын сұрақтар:
- •Рефераттық жұмыс және баяндамалар тақырыптары:
- •Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
- •Қорытынды бақылау сұрақтары
- •Глоссарий
- •Мазмұны
4 Балық шаруашылығы және тұрмыс- шаруашылығына арналған су қорлары
1. Балық шаруашылығы және тұрмыс- шаруашылығына арналған су тоғанындағы ластағыш заттардың мейлінше шектелген шоғырлану шегі
2. Судағы ластағыш заттардың мәндерін бақылау
3. Табиғи су сапасын қалаландырудың әсері
Су қоймаларындағы судың сапасы оның физикалық-химиялық, биологиялық және микробиологиялық көрсеткіштермен тығыз байланысты. Осы көрсеткіштерді сараптау арқылы су сапасының шаруашылыққа, ауызсуға, технологиялық талаптарға сай келуін, осы күнгі заңнамаларға сәйкестігін анықтайды. Судың сапасын бағалаудың басты көрсеткіші судағы зиянды ластаушы заттардың концентрациясының суға, қоршаған ортаға адам денсаулығына, оның ұрпағына уақытша, не тұрақты зияны тимейтін мөлшер, шекті рұқсат концентрация (ШРК).
Судың сапасы деп оның құрамының жалпы сипаттамасы және оның шаруашылыққа жарамдылығын айтады. Су қорларына (өзен, көл, теңіз, құдық, жерасты суы) қойылатын талаптар бойынша, сапасы оның әртүрлі шаруашылыққа жарамдылығына байланысты (ауызсу, технологиялық су, балық өсіретін су, дем алуға арналған су т.б.) өзінің ШРК-нің мөлшері бекітіледі. Судағы заттардың зиян келтірмес мөлшерін арнайы мемлекет органдары, санитарлық-эпидемиялық бақылау мекемелері ұқыпты талдап белгілеп отырады. Ол мөлшерлердің халықаралық үлгі қалыпқа және ғылым мен техникалық дамуына сай болуы шарт.
Экологиялық мөлшерлеудің негізгі қағидасы – экожүйеге түсіретін жүктің (нагрузка) шамасын болжап есептеп білу. Ол шама қоршаған ортаның мөлшерінен аспайтын, табиғи өзгерісінен жоғарыламайтын және тірі ағзаларға кері әсерін тигізбейтін, қоршаған орта сапасының төмендеуіне соқтырмайтын болуға тиісті. Қоршаған ортаның сапасын анықтау барысында шекті рұқсат лақтырындылар - ШРЛ (ПДВ - предельно допустимые выбросы), шекті рұқсат тастандылар – ШРТ (предельно допустимые сбросы) деген ұғымдар жиі кездеседі. Сонымен, шекті рұқсат лақтырындылар (ШРЛ) –дегеніміз өндіріс орнынан ауаға шығарында ағзаның зияны жоқ жоғары мөлшері. Яғни, зияны жоқ жоғарғы шығарынды (ЗЖ ЖШ). Ал шекті рұқсат тастандылар (ШРТ) – деп өндіріс орындарынан, тұрмыстық мекемелерден, тағы басқа су тұтынушылардан су қоймаларына, жерге ағатын сарқынды, шайында сулардың (сточные воды) зияны жоқ жоғарғы мөлшерін айтады (зияны жоқ сарқындының (шайындының) жоғарғы мөлшері (ЗЖСМ).
Сонымен, су ресурстарына арналған зияны жоқ жоғарғы концентрация –ЗЖЖК су – деп белгіленеді. Айталық, балықтардың популяциясына зияны келмейтін арнайы мөлшерлер болады. Оны ЗЖЖКб, деп балықтың индексімен көрсетеді. Су сапасын мөлшерлеу деп, су сапасына, су қоймаларына зиянды заттардың келтірер шектеулі зиян мөлшерін айтады.
Су ресурстарының қолдану тәртібін біздің елімізде табиғи ресурстарын мен қоршаған ортаны қорғау Министрліктері және жергілікті басқару органдары белгілеп отырады.
Мысалы, ауызсуға қолдануға бөлінген судың сапасы бекітілген санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес болуы шарт. САН ПиН2 •1, 4559-9в мөлшерге сай суы ауызсуы эпидемиялық, радиациялық жағынан қауіпсіз, химиялық құрамы зиянсыз, органолептикалық сапасы жоғары болуға тиіс.
Ал, мәдени-тұрмыстық қолдануға бөлінген су объектілері шомылуға, спорттық жарыстар өткізуге, халықтың дем алуына қойылатын санитарлық-гигиеналық мөлшерлерге сай болуға тиісті. Мөлшерлер судың органлептикалық, жалпы санитарлық көрсеткіштерін әрқашан реттеп отырады. Әр мемлекеттің сарқынды суларды өзен, көл, теңіздерге құюға арналған өзінің арнайы санитарлық ережелері болады. Ол құжатта көптеген зиянды заттарға ЗЖ ЖК-ның мөлшері бекітіледі (500-дем астам зиянды заттарға).
Ихтиофауналардың тіршілік ортасы: теңіздер, өзен-көлдер, тоғандар және балық өсіруге арналған басқа да арнайы су қоймалары. Гидротехникалық ғимараттар, кешендер салғанда құрылыс балық шаруашылығының талаптарына сай келтіріліп жүргізілуі шарт. Балық шаруашылығының қоятын талаптары өте күрделі, кейде басқа су пайдаланушылардың мүдделеріне қарама-қайшы келеді. Балық өндіруге, олардың тіршілік ету жағдайына мынадай басты талаптар қойылады: олардың тіршілік етуіне қажет еріген оттегінің суда жеткілікті мөлшерде болуы (растворенный кислород), тіршілікке зиянды заттардың болмауы, судың қажетті тереңдігі, жылылығы, қоректердің сақталуы, балықтардың жыртқыштардан, сұғанақ аңшылардан және басқа да келеңсіз факторлардан сақтау шараларын мұқият жүргізу және қадағалау. Балық шаруашылығының дамуына төмендегі жағдайлар кері әсер етеді. Ол таза сулардың өндірістік, тұрмыстық тазаланбаған сарқынды суларымен ластануы, балықтардың жүзіп өтетін жолдарына су тораптары бөгеттерінің салынуы.
Сондықтан да, су шаруашылығы шараларын жобалаған кезде балық шаруашылығының ерекше талаптарын есте ұстау міндет.
Балық шаруашылығы үшін қолданатын объектілері үш дәрежеге бөлінеді:
1. Ең жоғарғы – балықтардың уылдырық шашатын жерлері және өте жоғары бағалы балықтардың өмір сүретін су объектілері;
2. Бірінші – балықтарды сақтайтын және бағалы балықтарды өсіретін су қоймалары;
3. Екінші – басқа балықтардың тіршілік етуіне, өніп-өсуіне зиянсыз су қоймалары, (өзен, көл, теңіз)
Су қоймалары (өзен, көл, теңіз) суындағы зиянды заттар концентрациясының зияны жоқ шектеулі мөлшерін (ЗЖЖКсу) шаруашылық ауызсу, мәдени-тұрмыстық жағдайларда пайдалануға сәйкес негізіне үш көрсеткіш арқылы анықталатынын жоғарыда айтып кеткенбіз.
Олар:
1. Органикалық зиянды көрсеткіш. Ол судағы заттардың сол судың органолептикалық қасиеттерін өзгерте алатын қабілеттілігіне сипаттама береді.
2. Жалпы санитарлық көрсеткіш зиянды. Заттары бар су объектісінің өзін-өзі тазалау (самочищения) процесіне тигізетін ықпалын бағалайды.
3. Санитарлық-токсикологиялық көрсеткіш. Ол судағы заттардың адам ағзасына тигізер зиянды жерінің мөлшерін анықтайды.
Балық шаруашылығына арналған зияндылық көрсеткіштері, аулауға арналған балықтар етінің булану деңгейін сипаттайды. Балық шаруашылығына арналған ЗЖ ЖК балл төмендегі жағдайларды болдырмауын қамтамасыз етуі қажет.
балықтардың жаппай өсуі және олар қорек ететін ағзалардың өлуі;
балық түрлерінің және қоректік ағзалардың біртіндеп жойылуы;
балықтардың тауарлық сапасының төмендеуі;
қымбат балықтардың арзан бағалы балықтармен алмасуы т.б.
2 Су тығыздығы кг/м3тегі судың көлем бірлігіндегі массасы. Су қоймадағы су тығыздығы температураға, минерализацияға және еріген тұздар құрамына, судың жоғары қабатының қысымына байланысты. Тұзсыздалған су тығыздығының температураға байланыстылығы 3,98ºС температура кезінде парабола тәріздес пішінді болады. Судың тығыздығы химиялық заттек ретінде осы температурада l г/см³ немесе l000 кг/м³не тең деп қабылданған. Температура 0ºС дейін төмендегенде су тығыздығы 0,l32 кг/м³ке төмендейді, ал температура 4ºСтан жоғарылағанда 30ºС кезінде 995,67 кг/м³ке дейін төмендейді. Судың минералдануы мен қысымы жоғары болған сайын су тығызыдығы біршама өседі. Су тығыздығы аз мөлшерде өзгеруі су қоймаларындағы судың динамикасына, олардың экожүйесінің функциясына және су сапасының қалыптасуына ерекше маңызды әсер етеді.
Судың мөлдірлігі судың күн сәулесінен өткізу қабілеті. Судың мөлдірлігі судың физикалық қасиеттеріне және ондағы ерітілген және қалқыма, көбінесе боялған органикалық заттардың шоғырлануына, сондайақ планктон биомассасына байланысты болады. Практикада су мөлдірлігі судың санитарлықгигиеналық сипаттамаларын лабораториялық талдау арқылы өлшеуіш цилиндрдегі сыналатын су бағанасының биіктігі бойынша анықталады. Ол жасанды көзден шыққан жарықтың суда бірнеше сантиметрден бірнеше дмге дейін өтудегі бәсеңдеуін тіркеуге негізделген. Су ағындары мен су қоймаларда түптік түзілімдердің лайлануы салдарынан су мөлдірлігі біршама азаяды.
Судың тұздылығы еріген тұздардың шоғырлану өлшемі. Табиғи су тұздардың шоғырлану шамасына қарай бірнеше өрбуге бөлінеді: тұщы су l г/лге дейін; тұздылығы аз су l3 г/лге дейін; тұзды және өте тұзды су l050ге дейін және тұзды су 50 г/лден артық. Дүниежүзілік мұхиттағы су тұздылығының орташа шамасы 35 г/л. Бұл су тұздылығы бойынша тұрмыстық жіктелуі. Ол табиғи сулардың жіктелуінен өзгеше болады, онда тұщы судың минералдануы l г/лге дейін теңіздік тұзды су 2550 г/л, тұзды су 50 г/л жоғары.
ОБҚ (оттекке биологиялық көрсеткіш) сынау инкубациясының белгілі уақыт ішінде (2, 5, 20, 120 тәулік) органикалық заттектердің биохимиялық тотығу процестеріне пайдаланылған оттектің мөлшері мгО2/л суға.
ОХҚ (оттекке химиялық қажеттілік) судағы барлық тотықсыздандырғыштарды тотықтыруға қажетті, яғни тотықтырғыштың жұмсалатын мөлшері немесе эквивалентті оттектің мөлшері.
Қазақстан аумағында жерүсті сулары орташа ластанған деп есептеледі. Ең күшті ластанғандарға шекаралық Орал және Ертіс өзендерінің бассейндері жатады. Олардың басты ластаушы көздері болып химия, мұнай өңдеу, машина жасау өндірістерінен шығарылып, өзендерге, олардың тармақтарына тазалаусыз құйылған лас сарқынды сулар болып табылады. Көршілес елдерден басталатын Ертіс, Орал, Сырдария өзендерінің сулары Қазақстанға әбден ластанып келіп, оған өзіміздің елдің ластары қосылады. Тек Ертіс өзенінің бассейніне жылына 140-150 млн м3 ластанған сарқынды сулар келіп құйылады. Жоғары дәрежеде ластанған өзендерге Нұра, Шерубай-Нұра өзендері де жатады.
Су ресурстарын ластаушылар қатарына аталған өндіріс салаларынан басқа, егін және мал шаруашылығы, құрылыс кешендері, әртүрлі қалдықтар қоймалары да жатады. Өнеркәсіп орындарының қорғасынмен, цинкпен, калиймен, темірмен, селенмен, марганецпен суларды ластану деңгейі 10 ЗЖЖК (ПДК)-дан 100 ЗЖ ЖК – ға дейін барады. Төменде Орталық мониторингтің мәліметтері бойынша, (Казгидромет) Қазақстанның негізгі жерүсті су қорларының ластану деңгейі, ластану сипаттамасы берілген.
Арал-Сырдария бассейні. Бұл бассейннің нитриттермен ластану деңгейі өте жоғары. 2005 жылы ЗЖЖК – дан әлдеқайда асып кеткен көрсеткіштері, сарапқа салған үлгілердің (проба) 46 % құраған. Ең жоғарғы көрсеткіші 27 ЗЖЖК (27 ПДК-ға дейін жеткен).
Сырдария өзенінің химиялық құрамы Өзбекстаннан қалыптасып келеді. Ал Қазақстан аумағындағы азот нитритінен ластануы 4 ЗЖ ЖК, кейде 16 ЗЖ ЖК деңгейіне жетеді.
Ертіс бассейні. Бассейіннің жерүсті суларының ауыр металдармен ластану деңгейі тым жоғары дәрежеге жеткен. 2005 жылы ЗЖ ЖК-нан асқан мыстың көрсеткіштері 99,6% екені алған су үлгілерінен анықталған. Цинктің ЗЖ ЖК-тен асып кетуі 57%, цинк, мыс мөлшерлері 10 ЗЖ ЖК сараптамалардың 15% құраған.
Су Өскемен қаласының маңында, Ертіс өзені мен оның тармақтарының жоғары деңгейінде қатты ластанғаны байқалады. Негізгі ластаушылар Белоус, Ертіс және Березов кендері. Солай бола тұра, Ертіс өзені, оның тармақтары орташа ластанған су қоймаларына жатады (СЛИ-1,14).
Орал-Каспий бассейіні. Бұл бассейннің жерүсті суларының негізгі ластаушылары бор және органикалық заттар. Судың нитритпен және фенолмен ластанған деңгейі сараптаманың 49%, ал мыстың 22% көрсеткен. Орал өзені бізге Ресей федерациясынан ластанып келеді. Қазақстан жерінде бұл өзенге ластанған сарқынды сулар құйылмайды. Олар суы ең күшті ластанған өзенге жатады. Бұл өзенге Алға химзауытының қалдықтары, сарқынды сулары келіп төгіледі. Алға қаласындағы бақылау створында негізгі ластаушы бордың ПДК-сы 35-129 болып кеткен. Ақтөбе қаласының маңында Елек өзенінің суын ластаушы бор ЗЖЖК-13,8, фенол-13ЖЖК, азот нитраты-1,2 ЗЖЖК, хром-693ЖЖК. Елек өзенінің ұзын бойының суы «ластанған» (4 класты сапалық) және «өте ластанған» (сапалығы 6 класс).
Балқаш-Алакөл бассейні. Іле өзені суының негізгі ластаушысы мұнай өнімдерінің қалдықтары. Оны сараптамалардың 83% анықтаған (орташа 2,5 ЗЖЖК мөлшерінде). Өзен суы ластану индексі бойынша «орташа ластанған» болып саналады.
Іле өзені суының химиялық құрамы Қытай аумағынан келетін және өзіміздің ауылшаруашылық, өндірістік сарқынды сулардан қосылатын ластаушы заттардан тұрады. Мысалы, Алматы қаласының ластанған тұрмыстық сарқынды суы өзен суына қосылуы арқылы қалыптасады.
Дүбүн пристанының учаскесінде мыстың концентрация 21,4 ЗЖЖК-ға жетеді. Бұл маңайдағы Іле суы өте қатты ластанған. Мыстың концентрациясы 181 ЗЖЖК-ға дейін көтерілген жерлер бар. Бұл суда фенол, цинк және мұнай өнімдерінің зиянды концентрациясы 1-3 РДК аралығында болған. Осы учаскедегі Іле өзені суының сапасы «ластанған» болып есептеледі. Қапшағай ГЭС створынан төмен судың сапасы жағынан өзгерісі жоқ, ластану индексі бойынша «ластанған су» 4 класты болып бағаланады. Балқаш көлінің негізгі ластаушы заттарына ауыр металдар: мыс пен цинк, мұнай қалдықтары, фенол фторидтер кіреді. Ал көл суындағы мыстың мөлшері, барлық зерттеулер бойынша ЗЖЖК-дан асып түседі.
Нұра-Сарысу бассейні. Бассейн су қорының аздығымен ерекшеленеді. Өзендерінің су ағымының көпшілігі өндірістің сарқынды суларынан тұрады. Испакт-Кармет металлургия комбинаты коксохимиялық өндірістің қалдықтары мен сарқынды суларын ластаушы органикалық заттарды, металдардың бірнеше түрін осы бассейн өзендеріне төгеді. Оған қоса Нұра өзені Қарағанды,Теміртау қалаларымен қоқыс қалдықтарын ластанған сарқынды суларын қабылдайды. Күннен-күнге өсіп келе жатқан Астана қаласының шайынды суларымен, күл-қоқыстарымен Нұра өзенінің тармағы болып саналатын Шерубай – Нұра өзені де осындай жағдайда.
Бассейн өзендерінің суы негізінен нитриттермен ластанған. ЗЖЖК көрсеткіштері барлық жерде мөлшерден асып кеткен. Бассейн су ресурстарының сапасы 4 класс – «ластанған су».
Есіл және Тобыл-Торғай бассейндері. Басқа бассейндермен салыстырғанда Есіл және Тобыл өзендерінің суы әлдеқайда таза, сапасы бойынша «орташа ластанған» класқа жатады.
Сонымен, Қазақстан Республикасының жерүсті су ресурстарының ішіндегі ең күшті ластанғаны Ертіс өзенінің тармақтары. Максимум ластаған Шығыс Қазақстан облысының Брекса, Тихая, Голубоченка және Красноярка өзендері. Бұлардың құрамында: азот аммониі (ЗЖЖК-2,29), мыс (3,1-2,57ЗЖЖК), цинк (17,5-40,1 ЗЖЖК (ПДК), мұнай өнімдері (2,4 ПДК) және марганец (8,6 ЗЖЖК) анықталған.
Жерасты суларының сапасы
Мониторингтің мәліметтері бойынша, Республика аумағында 700 астам ластану көздері анықталған. Олардың 241-і гидрохимиялық жағдайға әсер ететін деңгейде. Ластаушы көздердің көпшілігі Алматы, Қарағанды және Шығыс-Қазақстан облыстарында орналасқан.
Жерасты суларының ластануының басты белгілері: минералданудың ұлғаюы, кермектенуінің көбеюі, сульфат пен хлоридтер ЗЖЖК-ың мөлшерінен асып кетуі. Негізгі ластаушы заттарға азот құрылымдары, ауыр металдар, фенол, органикалық құрылымдар жатады.
Жерасты суларының қауіпті класына 127 участок, орташа қауіпті класына 63, жоғары қауіпті класына – 48, ал аса жоғары қауіпті класына 3 участок жатады.
70 елді мекеннің жерастынан алатын ауызсуына қауіп туып тұр. 113 зерттеулерден өтіп, пайдалану қоры бекітілген жерасты су қоймаларына да ластану қаупі бар.
Жерасты сулары ластануының басты себебі болып халық шаруашылығының қалдықтары есептеледі. Ал 44 су көзіне ластану қауіпті табиғи жағдайлармен байланысты туып отыр.
Қоршаған орта, оның ішінде су көздері ластануының ұлғаюы тек өндірістердің және қалалардың көбеюінен ғана емес, қазіргі техника мен технологияның стандарттарға сай келмеуімен де байланысты.
Су ресурстарының сарқылуының алдын алу ластанудан қорғау бағытындағы комплексті шаралар өзара тығыз қарым-қатынастағы бөлшектерден тұруы тиіс. Яғни, өнеркәсіптерді, ауыл шаруашылығы жұмыстарын, қала шаруашылықтарын экологияландыру, табиғи және сарқынды суларды тазалау, мелиоративтік шараларды іске асыру.
Экологиялық таза технологияға сай әртүрлі өнім өндіргенде төменгі жағдайларға көңіл бөлу керек:
Жаңа өндіріс орындарын, су ресурстарын экологиялық салмақты көтере алатын жерлерге орналастыру.
Су ресурстарын ысырапсыз қолдануды қысқарту
Пайдаланған суды тазалап, қайта қолдану әдістемелерін қолдану
Қолданылған суларды басқа өндірістерде пайдалану
Өндіріс өнімдерді сумен тұтынуды тыю, ауа мен буды суытуды іске асыру
Өндіріс қалдықтарын және ағызынды сарқынды сулар құрамынан жарамды заттарды бөліп алу технологиясын қолдану
Экономикалық талаптарды күшейту және су көздерінен құйылған сарқынды сулар үшін құн төлеуді ретке келтіру
Табиғи су ресурстарының сарқылуын алдын алуда оларды ластанудан қорғау проблемаларын шешуде комплексті суландыру жұмыстарын жүргізудің маңызы зор.
Мелиорациялық басты шараларға:
Әрбір облыстың биоклиматтық мүмкіндігін пайдаланып тұрақты өнім алу.
Тыңайтқыштар мен пестицидтерді пайдаланғанда олардың жаңбыр суымен су қоймаларына ағып түспеуін қадағалау.
Жер суару жұмыстарына су шығыны мөлшерін азайту.
Топырақты ылғалдандырудың жаңа технологияларын пайдалану.
Су қоймаларын тиімді және ұтымды пайдалану, олардағы судың сапасын төмендетпеу.
Табиғаттың көркем алқаптарын, ормандарды қорғау
Рекультивация – шара жасау.
Өзен көлдердің ластанудан қорғау мәселесін жоғарғы дәрежеге жеткізу.
СӨЖ тапсырмасы Табиғи су сапасын қалаландырудың әсерін талдап, баянда.
Бақылау сұрақтары
Су қоймаларындағы судың сапасы қандай көрсеткіштермен анықталады?
Судың сапасы дегеніміз не?
Су қорларына (өзен, көл, теңіз, құдық, жерасты суы) қойылатын талаптар қандай?
Санитарлық-эпидемиялық бақылау мекемелері суды бақылауда қандай жұмыс атқарады?
Экологиялық мөлшерлеудің негізгі қағидасы қандай?
Су ресурстарының қолдану тәртібін қандай мекеме реттейді?
Ауызсуға қолдануға бөлінген судың сапасы бекітілген қандай талаптарға сәйкес болуы шарт?
Балық шаруашылығы үшін қолданатын объектілері неше дәрежеге бөлінеді?
Органикалық зиянды көрсеткішке не жатады?
