- •Олимпиадалық Қалалар
- •Алма ағаштары
- •Жарыс машинасының жылдамдығы
- •Үшбұрыштар
- •Ойын кубиктері
- •Бойдың өсуі
- •Айырбас курсы
- •Скейтборд
- •Граффити
- •Полиция Полициялардың ғылыми қарулары
- •Біз миллиардтаған жасушалардан тұрамыз
- •Тұлғаның генетикалық куәлігін қалай ажыратуға болады?
- •Семмельвайстың күнделігі. 1 мәтін
- •Семмельвайстың күнделігі. 2 мәтін
- •Толық жарық күн
- •2002 Жылдың 22 маусымдағы толық жарық күн
- •Клондау
- •Тірі ағзаларға арналған көшірме машинасы ма?
- •Киноға бару
- •Балалар лагері
- •Суландыру жүйесі
- •1 Сурет: Суландыру каналдарының жүйесі
- •Қақпалардың қалыбы (не «Ашық», не «Жабық»)
Семмельвайстың күнделігі. 1 мәтін
«Шілде 1846. Келесі аптада мен Венаның бас ауруханасы перзентханасының бірінші палатысында «Дәрігер Мырза» боламын. Бұл клиникадағы емделушілер арасындағы өлім нәтижелерінің пайызын естігенде, мен қорқып кеттім. Осы айда бұл ауруханада 208 ананың 36-сы қайтыс болған, барлығы босанғаннан кейінгі қызбадан. Босану да бірінші деңгейлі пневмония (өкпенің қабынуы) сияқты қауіпті».
Бірінші
палата |
Екінші палата |
Дәрігерлер, оның ішінде Семмельвайс босанғаннан кейінгі қызбаның себебін түсіне алмады. Семмельвайстың күнделігін тағы да ашайық:
«Желтоқсан 1846. Ешқандай асқыну болмайтын босанғаннан кейінгі қызбадан неге соншама көп әйел өледі? Жүздеген жылдар ғылым ананы өлтіретін көрінбейтін эпидемиялар екенін айтқан. Оның себебі ауадағы өзгерістер, немесе жердегі емес құбылыстар, немесе жер қабатының қозғалысы, жер сілкінісі болуы мүмкін».
Бұл күндері кейбіреулер жердегі емес құбылыстарды немесе жер сілкінісі - босанғаннан кейінгі кызбаның себептері ретінде қарастырмайды. Қазір бізге мәселе гигиеналық жағдайларды сақтауда екені белгілі. Бірақ Семмельвайс өмір сүрген уақытта, көптеген адамдар, ғалымдар да солай есептеген! Бірақ Семмельвайс босанғаннан кейінгі қызба жердегі емес құбылыстардан немесе жер сілкінісінен болмайды деп есептеді. Ол жиналған мәліметтерді көрсете отырып, өз әріптестерін сендіруге тырысты. (диаграмманы қараңыз).
Сұрақ 1: СЕММЕЛЬВАЙСТЫҢ КҮНДЕЛІГІ
Өздеріңді Семмельвайстың орнына қойыңдар. Түсіндіріңдер (Семмельвайс жинаған мәліметтерге сүйене отырып), неге босанғаннан кейінгі қызба жер сілкінісінің әсерінен болатыны екіталай.
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Семмельвайстың күнделігі. 2 мәтін
Ауруханадағы диагностиканың бір түрі өлікті сою болып табылады. Өлім себебін анықтау үшін өлген адамның денесін сойды. Семмельвайс күнделігіне бірінші палатадағы студенттер әдетте бір күн бұрын өлген әйелдің денесін союға қатысып, одан кейін жаңа ғана босанған әйелдерді қарайтынын жазды. Олар сойғаннан кейін жақсылап жуыну керек екеніне аса көңіл аудармады. Кейбіреулері олардан шығатын иістерден, мәйітханада істейді деуге болатынын, ол бұлардың еңбексүйгіштіктерін көрсететінін айтып мақтанды!
Семмельвайстың достарының бірі осындай сою үстінде жарақат алып қайтыс болды. Денені сою кезінде онда босанғаннан кейінгі қызбадан қайтыс болған әйелдердің нышандары байқалды. Семмельвайсқа бір ой келді.
Сұрақ 2: СЕММЕЛЬВАЙСТЫҢ КҮНДЕЛІГІ
Семмельвайстың жаңа идеясы босану палаталарындағы әйелдердің өлімінің үлкен пайызымен және студенттердің мінез-қылықтарымен байланысты болуы керек.
Бұл қандай идея болды?
Е
гер студенттер союдан кейін мұқият жуынса, бұл босанғаннан кейінгі қызба ауруының азаюына әкелуші еді. Студенттер союға қатыспау керек еді, себебі олардың жарақаттануы мүмкін еді.
Студенттерден иіс шығып тұрды, өйткені олар сойғаннан кейін жуынбайтын.
Студенттер өздерінің қандай еңбексүйгіш екендіктерін көрсеткілері келген қылықтар, олар қараған әйелдермен арадағы қатынастағы немқұрайлылыққа әкелді.
Сұрақ 3: СЕММЕЛЬВАЙСТЫҢ КҮНДЕЛІГІ
Семмельвайс өз сынақтарында босанғаннан кейінгі қызбадан болатын өлімдердің санын азайтуға көп еңбегін сіңірді. Бірақ босанғаннан кейінгі қызба осы күндері де құтылуы қиын ауру болып қалып отыр.
Қиын емделетін босанғаннан кейінгі қызба ауруханаларда әлі күнге дейін проблема болып табылады. Бұл проблеманы шешуге көптеген нақты шаралар қолдануда. Оның ішінде – жоғары температурада төсек-орындарды жуу.
Неге төсек-орынды жоғары температурада жуу емделушілердің босанғаннан кейінгі қызба ауруы қаупін азайтуға көмектеседі.
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Сұрақ 4: СЕММЕЛЬВАЙСТЫҢ КҮНДЕЛІГІ
Көп ауруларды антибиотиктердің көмегімен емдеуге болады. Бірақ та соңғы жылдары кейбір антибиотиктердің босанғаннан кейінгі қызба ауруын емдеуге қарсы күресте оң әсері азайып кетті.
Мұның себебі неде?
Антибиотиктер дайындалғаннан кейін өз белсенділіктерін біртіндеп жоя бастайды.
Б
актериялар антибиотиктерге қарсылық жасап отырады. Бұл антибиотиктер басқа ауруларға емес, босанғаннан кейінгі қызба ауруына қарсы ғана көмектеседі.
Бұл антибиотиктерге қажеттіліктер азайып кетті, себебі медициналық көмек көрсету жағдайлары соңғы жылдары айтарлықтай жақсарды.
