- •Олимпиадалық Қалалар
- •Алма ағаштары
- •Жарыс машинасының жылдамдығы
- •Үшбұрыштар
- •Ойын кубиктері
- •Бойдың өсуі
- •Айырбас курсы
- •Скейтборд
- •Граффити
- •Полиция Полициялардың ғылыми қарулары
- •Біз миллиардтаған жасушалардан тұрамыз
- •Тұлғаның генетикалық куәлігін қалай ажыратуға болады?
- •Семмельвайстың күнделігі. 1 мәтін
- •Семмельвайстың күнделігі. 2 мәтін
- •Толық жарық күн
- •2002 Жылдың 22 маусымдағы толық жарық күн
- •Клондау
- •Тірі ағзаларға арналған көшірме машинасы ма?
- •Киноға бару
- •Балалар лагері
- •Суландыру жүйесі
- •1 Сурет: Суландыру каналдарының жүйесі
- •Қақпалардың қалыбы (не «Ашық», не «Жабық»)
Граффити
Мен ашудан жарылайын деп отырмын, граффитиді өшіру үшін мектептің қабырғасын төртінші рет тазалап, қайтадан бояп жатыр. Шығармашылық – бұл керемет, бірақ қоғамға зиян әкелмейтін өз өнерлерін көрсету әдістерін неге таппайды?
Не үшін рұқсат етілмеген қабырғаларға сурет салып жас ұрпақтың абыройын құрту керек? Кәсіпқой-суретшілер өздерінің қолөнерлерін көшелерге іліп қоймайды ғой, солай емес пе? Оның орнына олар қаржы табады да, ресми көрмелерде атақ-абыройды жаулап алады.
Менің түсінігім бойынша, ғимараттар, дуалдар, бақ орындықтары өздері-ақ өнер туындылары. Бұл үшін қолданылатын әдіс озон қабатын бұзатынын айтпағанда, бұл сәулет өнерін көркемсуретпен құртудың өзі аянышты. Мен түсіне алмай келемін, неге осы жалған атақты суретшілер, олар өздері ойлағандай «сурет өнерлерін» қайта-қайта көзбе-көз алып тастағанда соншама ашуланады.
Хельга
Адамдардың талғамдары әр түрлі. Қоғам ақпаратпен және жарнамалармен әбден қаныққан. Сауда компанияларының белгілері, дүкендердің аттары. Көшенің екі жағынан да ілінген үлкен плакаттар. Осының бәрі қанағаттандырады ма? Негізінен, иә. Ал граффити қанағаттандырады ма? Кейбіреулері иә десе, кейбіреулері – жоқ дейді.
Бұл граффити үшін кім төлейді? Ал соңында жарнама үшін кім төлейді? Дұрыс. Тұтынушы.
Ал жарнамалық қалқан қоятындар сіздерден рұқсат сұрады ма? Жоқ. Сонда рұқсатты қабырғаға сурет салатындар сұрау керек пе? Бұл жай ғана қарым-қатынас нұсқасы емес пе, мысалы, сендердің өз есімдерің, партия атаулары немесе көшелердегі үлкен өнер шығармашылықтары?
Осыдан біраз жыл бұрын дүкендерде пайда болған жолақ, тор киімдерді естеріңе түсіріңдерші. Шаңғы костюмдары туралы да. Үлгілері мен түстері бетон қабырғаларда салынған суреттерден көшіріліп алынған. Бұл үлгілер мен түстер бүгінде қоғамда қолданылатыны, таңқалдыратыны аса қызық, ал сонымен қоймай осы стильдегі граффити сұмдық болып есептеледі.
Иә, өнер үшін қиын уақыттар тууда.
Маржан
Бұл екі хат та Интернетпен келді және екеуі де «граффити» жайлы. Граффити – бұл арнайы рұқсатсыз орындалған, қабырғалардағы немесе басқа жерлердегі суреттер мен жазулар. Хаттарды төменде берілген сұрақтарға жауап беру үшін қолданыңдар.
Сұрақ 1: ГРАФФИТИ
Әр хаттың мақсаты:
г
раффити дегеніміз не екенін түсіндіру. граффити туралы өз ойыңды айту.
граффитидің танымалдылығын көрсету.
бұл жазуларды жуу үшін, көп құралдар жұмсалатынын адамдарға айту.
Сұрақ 2: ГРАФФИТИ
Неге Маржан жарнамаларға сілтейді?
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Сұрақ 3: ГРАФФИТИ
Сендер екі хаттың қайсысымен келісесіңдер? Екі хаттың біреуінде немесе екеуінде де айтылғандарды қолдана отырып, өз сөздеріңмен өз көзқарастарыңның негіздемесін беріңдер.
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Сұрақ 4: ГРАФФИТИ
Әр хатты талдай отырып, біз хатта не айтылғанын талқылай аламыз (яғни, оның мазмұнын).
Біз сонымен қатар бұл хаттың қалай жазылғанын талқылай аламыз (яғни, оның стилін).
Сіз кімнің хатымен келісетініңізді ескермей-ақ, сіздің ойыңызша, бұл екі авторлардың қайсысы хатты жақсы жазғанын түсіндіріңіз? Екі хат та немесе екеуінің біреуі қалай жазылғанына сүйене отырып, өз жауаптарыңды түсіндіріңдер.
----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
ЖҰМЫС КҮШІ
Диаграммада бір елдің жұмысқа қабілетті халықтың құрылымы көрсетілген. Бұл елдегі барлық халықтың саны 1995 жылы шамамен алғанда 3,4 миллионға тең болған.
1
Ескертулер
1. Халықтың әр түрлі
топтарының саны мыңмен көрсетілген. 2.
Жұмысқа қабілетті халыққа 15 жастан 65
жасқа дейінгі жас шамасындағылар
жатқызады. 3.
Жұмыс күшінің құрамына кірмейтін
халықтар – бұл белсенді түрде жұмыс
іздемейтіндер және (немесе) жұмыс істей
алмайтындар.
995
жылд
ұмыс
күшінің құрылымы 1
Сұрақтарға жауап бере отырып, алдыңғы бетте берілген, жұмыс күші туралы ақпаратты қолданыңдар.
Сұрақ 1: ЖҰМЫС КҮШІ
Жұмысқа қабілетті халық қандай екі негізгі топтарға бөлінген?
Жұмыстары барларға және жұмыссыздарға.
Жұмысқа қабілетті жастағыларға және жұмысқа қабілетті емес жастағыларға.
Толық жұмыспен қамтылған адамдарға және жартылай жұмыспен қамтылған адамдарға.
Жұмыс күші құрамына кіретіндерге және жұмыс күші құрамына кірмейтіндерге.
Сұрақ 2: ЖҰМЫС КҮШІ
Жұмыс күші құрамына кірмейтін жұмысқа қабілетті халықтың саны қанша? (Тек санды ғана жазыңдар, пайыздарды көрсетпеңдер).
--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Сұрақ 3: ЖҰМЫС КҮШІ
Кестенің сол жақ бөлігінде жазылған адамдарды диаграммада ұсынылған қай халық тобына жатқызуға болады?
Кестенің сәйкес келетін торкөзін крестикпен белгілеңдер.
Кестенің бірінші жолында мұны қалай істеуге болатыны көрсетілген.
|
“Жұмыс күші құрамына кіретіндер: Жұмыс істейтіндер” |
“Жұмыс күші құрамына кіретіндер: Жұмыссыздар” |
“Жұмыс күші құрамына кірмейтіндер” |
Бірде бір категорияларға жатқызуға болмайды |
Даяшы, 35 жаста, толық емес жұмыс күнінде жұмыс істейді |
|
|
|
|
Әйел-кәсіпкер, 43 жаста, аптасына 60 сағат жұмыс істейді |
|
|
|
|
Күндізгі бөлімде оқитын студент, 21 жаста |
|
|
|
|
Ер адам, 28 жаста, жақында өзінің дүкенін сатып жіберді, жұмыс іздеуде |
|
|
|
|
Әйел, 55 жаста, ешқашан жұмыс істемеген және үйден тыс жұмыс істегісі келмеген |
|
|
|
|
80 жастағы әже, әлі де отбасының сауда дүкенінде жұмыс істейді |
|
|
|
|
Сұрақ 4: ЖҰМЫС КҮШІ
Жұмысқа қабілетті халық туралы мәліметтер алдында келтірілген диаграмма пішінінде жыл сайын жарияланады деп жобалайық.
Төменде диаграммада көрсетілген мәліметтердің төрт түрі ұсынылады. Бұл мәліметтер бір жылдан екінші жылға өзгеріп отырады ма, соны көрсетіңдер. «Өзгереді» немесе «Өзгермейді» сөзін айналдырып сызыңдар. Бірінші жолда мұны қалай істеу керек екені көрсетілген.
Диаграммада көрсетілген мәліметтер |
Жауап |
|
Өзгереді / |
Пайыздар (мысалы, “64,2%”) |
Өзгереді/ Өзгермейді |
Халықтың әр түрлі топтарының саны (мысалы, “2656,5”) |
Өзгереді/ Өзгермейді |
Диаграммадан кейін берілген ескертулер |
Өзгереді/ Өзгермейді |
Сұрақ 5: ЖҰМЫС КҮШІ
Жұмыс күшінің құрылымы туралы ақпараттар алдында келтірілген диаграмма түрінде беріледі, бірақ оны басқа тәсілдермен де ұсынуға болады, мысалы, ауызша сипаттау арқылы, график түрінде, кесте немесе диаграмманың басқа түрінде, мысалы, шеңбер түрінде.
Алдында ұсынылған диаграмманың таңдап алынған себебі, ол мыналарды көрсетуге неғұрлым қолайлы:
уақыт өзгерісі.
елдің барлық халқының саны.
ә
р бөлінген топ құрамына кіретін, халық категориясы. халықтың әр тобының саны.

Диаграммада
көрсетілген халық
тобының атауы
(мысалы, «Жұмыс
күші құрамына
кіретіндер»)