Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
PISA бойынша тапсырмалар дәптері.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.4 Mб
Скачать

ЭЫДҰ (ОЭСР) бағдарламасы 2009 ж.

Халықаралық оқушылардың білім алу жетістіктерін бағалау _______________________________________________________

Өмір үшін оқимыз!

Қазақстан

Эксперименттік материалдар PISA 2009

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ САПАСЫН БАҒАЛАУ ОРТАЛЫҒЫ

Бағдарламаның Халықаралық консорциумы:

Australian Council for Educational Research (ACER)

Unité d’analyse des systèmes et des pratiques d’enseignement (aSPe)

cApStAn Linguistic Quality Control

Deutsches Institut für Internationale Pädagogische Forschung (DIPF)

National Institute for Educational Policy Research (NIER, Japan)

Westat (USA)

ДӘПТЕР

Формулалар

Төменде келтірілген формулалар сендерге математикадан берілген мәтіндегі сұрақтарға жауап беруге көмектеседі. Бұл формулалардың кейбіреуін бірнеше сұрақтарға жауап бергенде қолдануға болады.

Фигура

Формуланың сипаттамасы

Формула

Қабырғалары a, b және c (мұнда c – гипотенуза) тікбұрышты үшбұрышқа арналған Пифагор теоремасы.

Қабырғалары a және b тікбұрыштың ауданы.

Диаметрі d

НЕМЕСЕ

радиусы r шеңбердің ұзындығы.

Шеңбердің ұзындығы =

немесе

Шеңбердің ұзындығы =

Диаметрі d

НЕМЕСЕ

радиусы r шеңбердің ауданы.

Нұсқау

Бұл дәптерде мәтінді оқып түсінуге, жаратылыстанудан және математикадан әр түрлі тапсырмалар бар.

Әр сұрақты мұқият оқып, оған мүмкіндігінше дұрыс жауап беруге тырысыңдар.

Тапсырмаларды орындауға тек оқытушының рұқсатымен ғана кірісуге болады.

Жұмысты қалай орындау керек екенін түсіну үшін, сендерге онда кездесуі мүмкін тапсырмалар типтерімен танысу керек. Ол үшін төменде «Олимпиадалық қалалар» материалына негізделген тапсырмалар мысал келтірілген.

Олимпиадалық Қалалар

Кестеде 1964 жылдан бастап Олимпиадалық ойындарды жүргізу үшін таңдалған қалалардың тізімі келтірілген. Сұрақтарға жауап беру үшін кестенің мәліметтерін пайдаланыңдар.

Жыл

Қала

Континент

1964

Токио

Азия

1968

Мехико

Солтүстік Америка

1972

Мюнхен

Еуропа

1976

Монреаль

Солтүстік Америка

1980

Мәскеу

Еуропа

1984

Лос-Анджелес

Солтүстік Америка

1988

Сеул

Азия

1992

Барселона

Еуропа

1996

Атланта

Солтүстік Америка

2000

Сидней

Австралия

2004

Афина

Еуропа

2008

Пекин

Азия

2012

Лондон

Еуропа

Кейбір сұрақтарға әріптермен белгіленген төрт немесе одан көп жауаптардың нұсқасы беріледі. Бұл сұрақтарға жауап бере отырып, сендердің пікірлерің бойынша дұрыс жауапты белгілейтін әріпті, 1 Мысалда жасалғандай, айналдыра сызыңдар.

1 мысал

1972 жылы Олимпиадалық ойындар қай қалада жүргізілді?

  1. Мехико

  2. Мюнхен

  3. Лос-Анджелес

  4. Сидней

Егер сендер жауаптарыңа сенімді болсаңдар, онда сендерге бәрінен де дұрыс болып көрінетін жауапты белгілеп, келесі тапсырманы орындауға көшіңдер.

Егер берген жауаптарыңды өзгерткілерің келсе, онда «Х» белгісін пайдаланып, оны ұқыпты сызыңдар, және содан кейін өздерің дұрыс деп санайтын жауапты, 2 Мысалда жасалғандай, айналдыра сызыңдар.

2 мысал

1964 жылдан бастап Олимпиадалық ойындар Солтүстік Америкада қанша рет жүргізілді?

  1. бір рет

  2. е кі рет

  3. үш рет

  4. төрт рет

Алдымен A жауабын таңдағаны, ал содан кейін оны D жауабына өзгерткені көрініп тұр.

Кейбір тапсырмаларда сендерге, 3 Мысалда көрсетілгендей, әр жолда бір жауапты белгілеп, бірнеше сұрақтарға жауап беру керек болады.

3 мысал

Қала

1964 жылдан 2012 жылға дейінгі аралығында Олимпиадалық ойындар астанасы

Атланта

Иә / Жоқ

Барселона

Иә / Жоқ

Берлин

Иә / Жоқ

Сеул

Иә / Жоқ

Төменде келтірілген кестеде 1964 жылдан 2012 жылға дейінгі аралықта Олимпиадалық ойындар астанасы болып таңдалғанына байланысты әр қала үшін «Иә» немесе «Жоқ» сөздерінің бірін айналдыра сызыңдар.

Бәрі дұрыс орындалған тапсырма келесі түрде болады. Кестенің ӘР жолында тек қана бір жауапты айналдыра сызу керек екеніне назар аударыңдар.

Қала

1964 жылдан 2012 жылға дейінгі аралығында Олимпиадалық ойындар астанасы

Атланта

И ә / Жоқ

Барселона

Иә / Жоқ

Берлин

Иә / Жоқ

Сеул

Иә / Жоқ

Кейбір тапсырмалардың қысқаша жауабын дәптерде арнайы берілген орынға жазу керек болады. Қысқаша жауап әдетте жеке сөздер, суреттер немесе сандар түрінде беріледі. 4 Мысалда осы типті тапсырма көрсетілген.

4 мысал

1964 жылдан бастап, Олимпиада ойындарының астанасы болып таңдалған үш азиялық қалалардың атын жазыңдар.

Дұрыс жауап мына түрде болады «Токио, Сеул және Пекин».

Дәптерде тапсырманың мазмұнына сәйкес жауап жазу, берілген жауапты негіздеу немесе түсіндіру немесе осы мәселенің толық шешуін келтіру қажет болатын басқа типті тапсырмалар бар. Бұл тапсырмалардың жауабы ерікті түрде жазылады. Тапсырманы орындауды бағалау ,берілген материалды түсінулеріңді және ойлау қабілеттеріңді қалай көрсеткендеріңе байланысты болады. 5 Мысалда осы типті тапсырма көрсетілген.

5 мысал

Қалай деп ойлайсыңдар, 2016 жылы Олимпиадалық ойындар қай континентте жүргізіледі? Жауаптарыңды түсіндіріңдер.

Сендерге мұндай тапсырманың жауабын бұл үшін арнайы берілген жолдарға жазу керек. Жолдар саны жауаптарың ұзақтығы бойынша шамамен қандай болатынын көрсетеді.

Төменде тапсырма жауабының толық жауап ретінде ең жоғарғы балл қойылатын нұсқалары келтірілген.

  • Африка. Мұнда 1964 жылдан бастап Олимпиадалық ойындар мүлде жүргізілген жоқ.

  • Австралия. Көрсетілген уақыт аралығында мұнда Олимпиадалық ойындар тек бір рет қана жүргізілді.

  • Солтүстік Америкада деп ойлаймын. Олимпиадалық ойындар мұнда өте жиі жүргізілгенімен, АҚШ әлемдегі ең бай елдердің бірі, сондықтан ол мұндай қымбат ойындарды өткізу мүмкіндігі бар.

  • Азия мен Еуропадан басқа, кез келген континентте, өйткені бұл континенттерде соңғы ойындар өткізілді.

Келтірілген жауаптардың бір-бірінен айырмашылығы болса да, олар қойылған сұрақты түсінгенін білдіретініне ЖӘНЕ жауаптар негізделе берілгеніне назар аударыңдар.

Математикадан берілген тапсырмаларда кейде өз шешулеріңді келтіруге жолдардың орнына жай бос орын қалдырылған. Осы орынды шешулеріңді жазуға қолданыңдар.

Кейбір тапсырмаларда ойдан шығарылған «зед» ақша бірлігі қолданылатын, ойдан шығарылған Зедландия елі туралы айтылады.