Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
PISA бойынша ашы тапсырмаларды баалау критерийлері.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
446.98 Кб
Скачать

2 Сұраққа жауап толық қабылданады – 1 балл.

Жауапта 975 SGD деп жазылған (бірліктерді көрсету міндетті емес)

Жауап қабылданбайды – 0 балл.

3 Сұраққа жауап толық қабылданады – 1 балл.

Жауапта 12 600 ZAR деп жазылған (бірліктерді көрсету міндетті емес)

Жауап қабылданбайды – 0 балл.

Тонау

1 Сұраққа жауап толық қабылданады – 2 балл.

  • «Жоқ, қорытынды дұрыс емес» деп жазылған. Түсіндірме диаграмманың шамалы бөлігін ғана ұсынудан құрылған.

  • «Жоқ, қорытынды дұрыс емес» деп жазылған. Түсіндірме барысында тонаудың көбею пайызы мен қатынасы қолданылған.

  • Оқушының жауабында сәйкес қорытынды жасау үшін, тонау санының өзгерісін көруге мүмкіндік беретін, өткен жылдың мәліметтері қажет екені анық немесе жанама түрде айтылады.

1 Сұраққа жауап жартылай қабылданады – 1 балл.

  • «Жоқ, қорытынды дұрыс емес» деп жазылған, бірақ түсінік толық берілмеген. Тонау саны көбейгені туралы нақты сан ғана көрсетілген, бірақ ол жалпы тонау санымен салыстырылмайды.

  • «Жоқ, қорытынды дұрыс емес» деп жазылған. Сонымен қоймай, дұрыс әдіс қолданылған, бірақ есептеуде шамалы қателіктер жіберілген.

Жауап қабылданбайды – 0 балл.

Скейтборд

1 сұраққа жауап толық қабылданады – 1 балл.

Дұрыс жауап (D) – 12

Жауап қабылданбайды – 0 балл.

2 сұраққа жауап толық қабылданады – 1 балл.

Жауапта былай деп жазылған: 65 зед платформаға, 14 - дөңгелектерге, 16 - дөңгелек ұстағыштарға, 20 - барлық қалған бөлшектерге.

Жауап қабылданбайды – 0 балл.

3 сұраққа жауап толық қабылданады – 2 балл.

Екі баға да дұрыс көрсетілген – ең төмен (80) және ең жоғары (137).

3 сұраққа жауап жартылай қабылданады – 1 балл.

Ең төмен баға (80) ғана немесе ең жоғары баға (137) ғана дұрыс көрсетілген

Жауап қабылданбайды – 0 балл.

Бақшы

1 сұраққа жауап толық қабылданады – 1 балл.

Барлық төрт дұрыс жауап белгіленген: Иә, Жоқ, Иә, Иә (көрсетілген ретте)

Жауап қабылданбайды – 0 балл.

Оқу сауаттылығын бағалауға арналған тапсырмалар мысалдары

Граффити

1 сұраққа жауап толық қабылданады – 1 балл.

Жауап: В

Жауап қабылданбайды – 0 балл.

2 сұраққа жауап толық қабылданады – 1 балл.

Жауапта салыстыру граффити мен жарнаманың арасында жүреді делінген. Жауап жарнама – бұл граффитидің заңды түрі деген оймен сәйкес келеді.

немесе

Жарнамаға назар аудару – бұл граффитиді қорғау әдісі делінген.

Жауап қабылданбайды – 0 балл.

3 сұраққа жауап толық қабылданады – 1 балл.

Көзқарас бір немесе екі хаттың да мазмұнына назар аудару арқылы түсіндіріледі. Автордың жалпы көзқарасы (яғни, келісетіні немесе қарсы болуы) немесе дәлелдің бөлшектері туралы айтылады. Автордың дәлелдерін түсіндіру шындыққа жақын болу керек. Түсіндірме мәтіннің үзіндісін әңгімелеп беру түрінде берілуі мүмкін, бірақ, мәтінді толық көшіріп алуға, немесе айтарлықтай дәрежеде оған өзгерістер не толықтырулар енгізуге болмайды.

Жауап қабылданбайды – 0 балл.