- •Педагогикалық менеджменттің негізгі ұғымы ретіндегі жүйелік-іс-әрекеттік амал Негізгі мәселелер
- •3.2 Ұғым ретіндегі жүйелік-іс-әрекеттік амал мәні
- •3.3 Білім беру үрдісінің жүйе құраушы факторлары
- •1 В.П. Симонов. Педагогический менеджмент. Учебное пособие. М.,1997г 264 с.
- •2 Общая педагогика. Учебное пособие. /Под ред. В.А. Сластенина: в 2ч. М.,2003г-ч.2.256с.
- •3 Педагогика. Дәріс курсы. Алматы, 2003 368бет.
- •Практикалық тапсырмалар
3.3 Білім беру үрдісінің жүйе құраушы факторлары
Педагогикалық менеджмент іс-әрекеттік педагогикалық жүйе ретінде бірнеше жүйе құраушы факторлар негізінде сипатталады.
Бірінші жүйе құраушы фактор - педагогикалық менеджмент міндеті мен мақсаттары функционалдық мақсаттық компонент деп аталады.
Екінші жүйе құраушы фактор - субьект және обьект, педагогтар мен оқушылар (басқарудың бірінші деңгейі), оқу мекемесі басшысы мен педагогтар (басқарудың екінші деңгейі) арасындағы өзара қатынас болып табылады. Бұл фактор педагог тұлғасын менеджмент субьектісі ретінде сипаттауда қарастырылады.
Үшінші жүйе құраушы фактор мазмұндық-ұйымдастырушылық (яғни педагогикалық менеджменттің мазмұндық жағы) деп анықталады да, белгілі бір принциптер мен әдістер негізінде жүзеге асырылады.
Төртінші жүйе құраушы фактор - аналитикалық-нәтижелік деп аталады. Педагогикалық менеджмент нәтижесін талдау және бағалау мүмкіндігін береді.
Жүйе құраушы факторларды, құрылымдық компоненттерді бөліп көрсету білім беру үрдісін ішкі ұйымдастыру күрделілігін көрсетіп, оку мекемесі іс-әрекеті мақсаттарына сәйкес әрбір компонентті дер кезінде түзетіп отыру қажеттігін анықтайды. Қысқасын айтқанда, білім беру үрдісіне қатысты әрбір фактор, жағдайлар мен компоненттер педагогикалық жүйені ұйымдас-тырушылар мен жетекшілер назарында тұрақты түрде болу керек.
Бұл көрсетілген компоненттер жеке, дара, өз бетінше өмір сүрмейді, олар педагогтар іс-әрекетімен ұштаса, қатар жүре отырып, педагогикалық жүйенің функционалдық компоненттерін құрайды. Функционалдық компоненттер негізіне педагог іс-әрекеті барысында пайда болатын, негізгі құрылымдық компоненттер арасындағы тұрақты байланыстар алынады.
Сонымен, жүйелік-іс-әрекеттік амал ұғымы негізінде білім беру үрдісін функционалдық және құрылымдық компоненттер жиынтығы деп түсінуге болады.
Білім беру үрдісі сипаты:
Функционалдық компоненттер |
Құрылымдық компоненттер |
Мақсаттық |
Мақсат, міндеттер |
Коммуникативтік |
Субьект және обьект |
Мазмұндық-ұйымдастырушылық |
Мазмұны мен тәсілдері |
Аналитиқалық-нәтижелік |
Нәтиже |
Педагогикалық жүйе ретіндегі білім беру үрдісінің негізгі құрылымдық-функционалдық компоненттері олардың арасында кем дегенде жұп болатын, өзара шартты байланыстың болуымен сипатталады. Қандай да бір жұптық байланыстың, немесе оның элементінің бұзылуы бүкіл жүйеге кері әсер етуі мүмкін.
Педагогикалық жүйе ретіндегі білім беру үрдісінің келесі қасиеті мен белгісі иерархия деңгейі мен деңгейлер иерархиясы болуы болып табылады.
Иерархия деңгейлері мен деңгейлер иерархиясын қарастыра отырып, педагогикалық менеджмент құрылымында вертикаль бойымен субординация қатынасы, ол басымдықты және менеджмент обьектісінен субьектісіне қарай кері байланыстың болмауын көрсетеду. Әр түрлі горизанталь басқару байланысы (директор-педагог, директор-орынбасарлар, педагог-оқушылар т.с.с.) болуы координация қатынасының басымдығын көрсетеді. Бұл педагогикалық менеджментің негізгі функцияларын тиімді, нақты, тез жүзеге асыру мүмкіндігін береді.
Білім беру үрдісіндегі жоғары иерархия деңгейін педагогикалық менеджменттің жоғары иерархия деңгейі - шешім қабылдау немесе жоспарлаумен байланысты мақсат анықтайды.
Ал орта иерархия деңгейін «педагог-окушылар» қатынасы, олардың іс-әрекеті мазмұндары мен тәсілдері сипаттайды. Бұлар (педагогикалық менеджменттің екінші иерархия деңгейі - білім беруді ғылыми ұйымдастыруды анықтайды.
Кез келген педагогикалық жүйенің төменгі иерархия деңгейі тұтастай алғандағы білім беру үрдісі нәтижесімен (даму, өзін-өзі дамыту) сипатталады. Бұл деңгейге педагогикалық менджменттің үшінші функциясы - бақылау (сырттай және ішкі, өзара, өзіндік т.с.с.) жатады.
Келесі маңызды қасиеттердің бірі - тұтастық. Тұтастық - білім беру үрдісінің педагогикалық жүйе ретінде өмір сүру шарты. Тұтастықтың бұзылуы іс-әрекеттік жүйенің бұзылуына алып келеді. Тұтастық қасиеті педагогикалық жүйенің барлық компоненттері мен жүйе кұраушы факторларының өзара байланысын, өзара әсерлесуін, өзара дамуын негіздейді.
Білім беру үрдісінің тағы бірі маңызды қасиеті - адаптация. Жүйе белгілі бір элементтерге қатысты тұрақтылықты қамтамасыз ете алады, егер бұл айнымалылар белгілі бір шекте тұрақтылыққа ұмтылатып болса сол арқылы жүйенің еміршеңдігін қамтамасыз етеді.
Қолданылған әдебиеттер
