Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Д3.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
212.48 Кб
Скачать

3-тақырып

Педагогикалық менеджменттің негізгі ұғымы ретіндегі жүйелік-іс-әрекеттік амал Негізгі мәселелер

3.1 Жүйе теориясының қалыптасу тарихы

3.2 Ұғым ретіндегі жүйелік-іс-әрекеттік амал мәні

3.3 Білім беру үрдісінің жүйе құраушы факторлары

3.1 Жүйе теориясының қалыптасу тарихы

Білім беру үрдісіндегі кездесетін қарама-қайшылықтарды анықтау және талдау бөлік пен бүтін, жалпы мен жеке, себеп пен салдар қатынасы сияқты философиялық ұғымдарды қолдану негізінде мүмкін болады. Бұл ұғымдар жүйе теориясында қолданылады. Демек, педагогикалық менеджментті ғылыми негізде жүзеге асыру жүйе теориясы мәнін танып білуді қажет етеді.

Осыған байланысты жүйе теориясының дамуына қысқаша тарихи шолу жасаймыз.

Жүйе теориясының қалыптасуы XX ғасырдың бірінші жартысынан басталады. Жүйелілік теориясының алғашқы концепциясын Л.Берталанфи жасады. Бұл 1-концепция бойынша жүйе деп өзара әсерлесуге түсетін элементтер жиынтығын қарастырады.

Бірақ, барлық жүйе элементтері арасында өзара әсерлесу болмайтындықтан алғашқы концепция сынға түсті.

Жүйе теориясының 2-концепциясын А.Холм мен Р.Фейджин жасады. Бұлардың тұжырымы бойынша жүйе арасында өзара әсерлесу емес, объектілер мен олардың қасиеттері арасында қатынастар болуы деп түсіндіріледі.

Бұл анықтама да дәл емес, себебі бұл жерде кез келген элементтер жиынтығы жүйе деп қарастырылады. Қазіргі жүйе теориясында белгілі бір жетекші белгілері бар элементтер жиынтығын жүйе деп қарастыру ұсынылады. Мұндай белгілерге жататындар:

- жекелеген элементтерге тән емес, бірақ барлығын қоса алғанда байқалатын интегративтік қасиеттің байқалуы;

- жүйені қарайтын құрамдық элементтердің, бөліктердің болуы;

- құрылымның, яғни бөліктер мен элементтер арасында белгілі бір байланыстар мен қатынастар болуы;

- тұтастай алғандағы жүйенің және оның жекелеген компоненттерінің функциональдық сипаттамалары болуы;

- екі түрлі формада байқалатын жүйенің коммуникативтік қасиеттерінің болуы: ортамен өзара әсерлесу формасында және жүйенің суб-және супер жүйелермен өзара әсерлесу формасында;

- тарихилық, сабақтастық немесе өткеннің, бүгінгінің және болашақтың байланыста болуы.

Білім беру үрдісі жүйе болып табылады. Себебі, оған жоғарыда көрсетілген белгілердің барлығы да тән.

Жүйе ретіндегі білім беру үрдісінің құрылымын қарастырамыз.

2-сурет

Білім беру үрдісі педагогикалық жүйе ретінде пайда болады, жасалады және қоғамның оқыту мен тәрбиелеуге деген қажеттілігі негізінде анықталатын белгілі бір мақсаттарға сәйкес әрекет етеді.

3.2 Ұғым ретіндегі жүйелік-іс-әрекеттік амал мәні

Оқу мекемелеріндегі мұғалімдердің, жетекшілердің, әдіскерлер мен т.б. қызметкерлердің қандай да бір функциясына ғылыми және әдістемелік талдау жасағанда әр түрлі амалдар қолданылады. Мұндай амалдарға жататындар: элементтік, функциональдық, жүйелік. Соңғы уақытқа дейін, бір кұбылысты екіншісінен бөліп алып, жеке қарауға бейім элементтік және функциональдық амалдар қолданылып келді. Қазіргі кезде педагогика ғылымында жүйелік амалға көбірек көңіл бөлінуде.

Білім беру үрдісінің жүйе ретіндегі әрекет жасауымен дамуы заңдылықтарын, сол сияқты педагогикалық менеджмент заңдылықтарын ашып көрсету жүйелік-іс-әрекеттік амал жасауды қажет етеді.

Мұның мәні мынада. Білім беру үрдісі құрамына екі жүйе кіреді: жиынтық және іс-әрекеттік. Олардың мәнін түсіне білу оқу мекемелеріндегі педагогикалық менеджменттің негізгі мақсат, міндеттерін тиімді жүзеге асыру мүмкіндігін береді. Себебі, білім беру үрдісі белгілі бір ретімен орындалатын элементтер қосындысы немесе жиынтығы ғана емес, ол мұғалімнің мақсатты бағытталған және оқушылардың оқу-танымдық, өзбетіншелік іс-әрекеттерімен бірге жүретін оқу-тәрбиелік іс-әрекеті де болып табылады.

Педагогикалық жүйе ретіндегі білім беру үрдісінің мақсаты мен мақсатты сипаты оның негізгі қасиеті, маңызды белгісі және сипаттамасы болып табылады. Қандай да бір педагогикалық жүйе - бұл іс-әрекеттік жүйе, ал мақсатсыз іс-әрекеттің болуы мүмкін емес.