Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ас орыту жне зр шыару жйесі.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
380.42 Кб
Скачать

5. Әдебиеттер:

Қазақ тілінде негізгі:

1. Айтбембет Б.М. Ішкі ағза ауруларының пропедевтикасы. Оқу құралы.- Алматы. “Кітап” баспасы, 2005.-568 бет.

2. Ахметов Қ.Ж. Ішкі аурулар пропедевтикасы. Оқу құралы.- Ақтөбе. 2007. -318 бет.

3.Асқамбаева К.А., Мустафина К.А. Балалар аурулар пропедевтикасы Оқулық.- Шымкент. 2002. 220 бет.

Қазақ тілінде қосымша:

4. Айтбембет Б.М. Ішкі ағза ауруларының пропедевтикасы. Оқу құралы. Алматы. Ғылым 2003. -544 бет.

5. Power Poіnt бағдарламасында дайындалған иллюстрациялар және тақырыпқа қатысты бейнефильмдер дәріскердің жеке электрондық кабинетінде.

6. Дәріс тақырыбы бойынша медициналық сайттармен танысу:

  1. www.center-hc.ru/diseases/arthritis...

  2. r-factor.ru/view_art.php?art=48&pag.

  3. medasia.ru/index.php?option=com_con.

  4. www.rmj.ru/articles_964.htm

  5. www.polit.ru/science/2010/06/03/dok.

6. Қорытынды сұрақтары:

ЕСЕП 1.

Науқасты қарағанда дәрігер терісінің бозарғанын анықтады. Жүрек ұщы түрткісі көтеріліп тұрады, ұйқы артериясының пульсациясы білінеді, басы шайқалады, жүрек соғуымен бірге. Бұл белгіні көріп, дәрігер не туралы ойлайды? Қалай түсіндіруге болады?

ЕСЕП 2.

Дәрігер науқасты қарап, оң жақ ІІ қабырға аралықта пальпация кезінде дірілді анықтады. Қандай патология деп ойлайсыз?

ЕСЕП 3.

Қарағанда, пальпацияда жүрек ұшы түрткісі V қабырға аралықта бұғана ортасы сызығынан 4 см. сыртқа орналасқан, ауданы 4 см2, әлсіз. Бұл неге байланысты?

ЕСЕП 4.

Жүрек ұшын пальпация жасағанда, қолға діріл сезілді (“мысық пырылы сияқты”). Бұл қандай патология деп ойлайсыз?

ЕСЕП 5.

Науқастың жүрек жиырылу саны 115 рет минутына, пульстің жиілігі бір минутта 98 рет.

  1. Жүрек жиырылу жиілігі мен пульс арасындағы бұл айырмашылық қалай аталады? Нені білдіреді?

ЕСЕП №6

Дәрігер науқасты тексергенде: акроцианоз, екі бет ұшының қызғылт реңді көгеруі, жүрек ұшы түрткісін сол жақтан бұғана ортасы сызығынан 1 см сыртқа V қабырға аралықта, ені 2 см2, биіктігі және күші өзгермеген; жүрегін тыңдағанда жүрек ұшында I тон күшейген, диастолалық шудың естілуін анықтады.

1. Жүрек тоны өзгеруі мен шудың даму механизмі.

2. Сіз қай патология деп ойласыз?

ЕСЕП №7

Ұзақ жылдан анемиямен ауырған жас әйелде жүрек ұшында жеңіл систолалық шу естіледі. 2 тон күшейген, бір минуттың ішінде ЖСЖ 92, жүрек шекарасы өзгермеген, шу ешқайда тарамайды.

  1. Бұл қандай шуларға жатады?

  2. Пайда болу жолын анықтаңыз?

1. Дәріс тақырыбы: Жедел коронарлық жетіспеушілік синдромы. Себептері. Симптомдары. Негізгі тексеру әдістері. Эссенциальды артериялық гипертензия синдромы. Себептері. Симптомдары. Негізгі тексеру әдістері. Балалардағы ерекшелігі. Жедел сол қарыншалық және созылмалы жүрек жетіспеушілік синдромы. Жедел тамырлық жетіспеушілік (талма, коллапс, естен тану). Себептері, симптомдары. Негізгі тексеру әдістері.

2.Дәрістің мақсаты: Клиникалық тексеру тәсілдерін қолдану нәтижесінде стенокардия мен миокард инфарктісінің симптомдарын, ЭКГ белгілері мен лабораториялық өзгерістерін талдауды меңгерту. Эссенциялық артериялық гипертензия (ЭАГ) белгілерін клиникалық және параклиникалық зерттеу әдістері арқылы анықтауды, жедел және созылмалы жүрек жетіспеушілік және жедел тамырлық жетіспеушілік синдромдарының клиникасын және диагностикасын білуді меңгерту.