- •Ішкі аурулар пропедевтикасы пәнінен дәрістер жинағы (жүрек-қан тамыр жүйесі, зәр шығару және жыныс жүйесі модульдері бойынша). Оқу-әдістемелік құрал. – Түркістан, 2012. –78 бет.
- •3. Дәріс тезистері: Жүрек-тамыр жүйесін тексеру әдістері: прекардиальды аймақты қарау және пальпациялау. Жүрек ұшы түрткісі, оның қалыпты жағдайдағы қасиеттері.
- •Жүрек перкуссиясы
- •Жүрек аускультациясы
- •5. Әдебиеттер:
- •3. Дәріс тезистері:
- •Экстракардиальды шулар
- •Жүрек қақпағының бұзылу синдромы. Себептері. Гемодинамикасы. Симптомдары. Негізгі тексеру әдістері.
- •5. Әдебиеттер:
- •6. Қорытынды сұрақтары:
- •3. Дәріс тезистері: Жедел коронарлық жетіспеушілік синдромы. Себептері. Симптомдары. Негізгі тексеру әдістері.
- •Эссенциальды артериялық гипертензия синдромы. Себептері. Симптомдары. Негізгі тексеру әдістері. .
- •Жедел сол қарыншалық және созылмалы тотальды жүрек жетіспеушілік синдромы. Жедел тамырлық жетіспеушілік (талма, коллапс, естен тану). Себептері, симптомдары. Негізгі тексеру әдістері.
- •5. Әдебиеттер:
- •6. Қорытынды сұрақтары:
- •3. Дәріс тезистері:
- •5. Әдебиеттер:
- •Л.Т.Алимбекова Ішкі аурулар пропедевтикасы пәнінен дәрістер жинағы (жүрек-қан тамыр жүйесі, зәр шығару және жыныс жүйесі модульдері бойынша).
5. Әдебиеттер:
Қазақ тілінде негізгі:
1. Айтбембет Б.М. Ішкі ағза ауруларының пропедевтикасы. Оқу құралы.- Алматы. “Кітап” баспасы, 2005.-568 бет.
2. Ахметов Қ.Ж. Ішкі аурулар пропедевтикасы. Оқу құралы.- Ақтөбе. 2007. -318 бет.
3.Асқамбаева К.А., Мустафина К.А. Балалар аурулар пропедевтикасы Оқулық.- Шымкент. 2002. 220 бет.
Қазақ тілінде қосымша:
4. Айтбембет Б.М. Ішкі ағза ауруларының пропедевтикасы. Оқу құралы. Алматы. Ғылым 2003. -544 бет.
5. Power Poіnt бағдарламасында дайындалған иллюстрациялар және тақырыпқа қатысты бейнефильмдер дәріскердің жеке электрондық кабинетінде.
6. Дәріс тақырыбы бойынша медициналық сайттармен танысу:
www.center-hc.ru/diseases/arthritis...
r-factor.ru/view_art.php?art=48&pag.
medasia.ru/index.php?option=com_con.
www.rmj.ru/articles_964.htm
www.polit.ru/science/2010/06/03/dok.
6. Қорытынды сұрақтары:
1. ІІ тон жүрек циклінің қай фазасына сәйкес келеді:
А. систолалық
В. систолалық және диастолалық
С. жүрекшелердің және қарыншалардың жиырылуына
D. диастолалық
E. қарыншалардың жиырылуына
2. Қалыпты жағдайда І тонның ұзақтығы:
А. 0,11-0,14 с
В. 0,08-0,1с
С. 0,05-0,07 с
D. 0,08-0,09 с
E. 0,09-0,10 с
3. Қолқа қақпағының кеуде сарайына проекциясы:
А. ІІ қабырғаның төске бекінген деңгейдегі төс ортасында
В. сол және оң жақтағы V қабырғалардың төске бекіген жерлерін қосатын сызықтың ортасында
С. ІІІ қабырғаның төске бекінген деңгейдегі төс ортасында
D. төстің сол жақ шетінен 1-1,5 см қашықтықта ІІ қабырға аралықта
E. сол жақтан ІІІ қабырғаның төске бекінген жері
4. Нәрестелердің жүрек ұшы мен Боткин-Эрб нүктесінде қай тон анық естіледі:
А. ІІІ тон
B. ІІ тон
C. І тон
D. І және ІІ тондар
E. ІV тон
5. Балаларда 2-3 жастан 11-12 жас аралығында жүректің ІІ тоны жақсы естілетін нүкте:
А. жүрек ұшында
B . төстің сол жақ қырында, ІІ қабырға аралықта
C. төстің сол және оң жақ қырымен ІІ қабырға аралықта
D. семсерше өскіннің негізінде
E. ІІ қабырға аралықта оң жақтан төс ќырында.
ЕСЕП 1.
Науқасты қарағанда дәрігер терісінің бозарғанын анықтады. Жүрек ұщы түрткісі көтеріліп тұрады, ұйқы артериясының пульсациясы білінеді, басы шайқалады, жүрек соғуымен бірге. Бұл белгіні көріп, дәрігер не туралы ойлайды. Қалай түсіндіруге болады.
1. Дәріс тақырыбы: Жүрек-тамыр жүйесі патологиясымен науқастарды сұрастыру және қарау. Патологиялық жағдайда жүрек пальпациясы мен перкуссиясының диагностикалық маңызы. Жүрек аускультациясы: патологиясы, жүрек тондары. Жүрек шуының диагностикалық маңызы. Жүрек қақпағының бұзылу синдромы. Себептері. Гемодинамикасы. Симптомдары. Негізгі тексеру әдістері. Балалардағы ерекшелігі.
2.Дәрістің мақсаты: жүрек аймағын және ірі тамырларды қарау арқылы, жүрек аймағын пальпация және перкуссия тәсілдерімен зерттеу барысында анықталған патологиялық өзгерістердің даму механизмдерін бір-бірімен байланыстырып, олардың негізінде клиникалық қорытындысын шығаруды үйрету. Балаларда жүрек-тамыр жүйесі патологиясы кезінде жүрек аймағын, ірі және шеткері тамырларды қарау, пальпация және перкуссия ерекшеліктеріне көңіл аудару және диагностикалық маңызын түсіндіру. Жүрек аускультациясында жүрек шуларының диагностикалық ерекшеліктерін, жүрек жұмысы кезіндегі дыбыстардың өзгерістерін анықтауды, жүрек функциясының бұзылу ерекшеліктерін диагностикалауды меңгерту. Жүректің митральды қақпағының жетіспеушілігі мен стенозы, қолқа қақпағының жетіспеушілігі мен стенозы кезінде қақпақтық аппараты зақымдану синдромдарын, олардың себептерін, гемодинамикалық бұзылыстарын, диагностикасының негізгі әдістерін білу. Қолқа және қос жармалы қақпақтардың ақауларының клиникалық белгілерін анықтауды меңгерту.
