Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ас орыту жне зр шыару жйесі.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
380.42 Кб
Скачать

Жүрек перкуссиясы

Жүрек шекараларын анықтағанда оның шегін, тамыр шоғырларын және пішінін анықтауға болады. Жүрек-ауасыз, тығыз ағза, сондықтан перкуссияда тұйық (шынайы тұйық шекарасы) дыбыс береді, ал оның жартылай өкпемен жабылған жерлері – тұйықтау дыбысты шекара (шала тұйық шекарасы) болады. Жүректің шала тұйық шекарасын анықтағанда жәй перкуссия қолданылады. Оң, жоғарғы және сол шекараларын анықтайды.

Оң шекарасын анықтағанда, бірінші оң өкпенің төменгі шекарасын табады (диафрагма деңгейін білу үшін), сол жерден бір қабырға аралыққа жоғары көтеріліп, плессиметр саусақтытөс сүйегіне параллельді қойып, жүрекке қарай жәй перкуссия жасалады. Қалыпты жағдайда жүректің оң жақ шекарасы ІV қабырға аралықта төс сүйегінің оң жақ қырынан 1-1,5 см сыртқа орналасады,ол оң жүрекшеге сәйкес келеді.

Жоғарғы шекарасын анықтағанда плессиметр саусақ қабырғаларға параллельді төстің сол жақ қырынан 1 см сыртқа қойылып, жүрекке қарай перкуссияланады, ол ІІІ қабырғаға сәйкес (сол жүрекше құлағы) келеді.

Сол жақ шекарасы, әдетте, ЖҰТ сәйкес V қабырға аралықта болады. Сондықтан бірінші ЖҰТ тауып алу керек және сол табылған қабырға аралықпен перкуссияланады. ЖҰТ табылмаған жағдайда, V қабырға аралықпен анықтау керек. Алдыңғы қолтық сызығының деңгейіне плессиметр саусақты орто-сагитальды қойып, қабырға аралықпен жүрекке қарай перкуссия жасалады. Қалыпты жағдайда сол жақ шекарасы сол жақ бұғана орта сызығынан 1-1,5 см ішкерек орналасады, ол сол қарыншаға сәйкес келеді.

Жүректің шала тұйық шекарасын анықтағанда, оның нағыз шекаралары туралы мәлімет алынады. Осыдан кейін жүректің көлденең ені анықталады. Қалыпты жағдайда оң жақ ІV қабырға аралықта жүрек шекарасының ең алшақ нүктесі төс сүйегі ортасы сызығынан 3-4 см болса, сол жақ V қабырға аралықта ең алшақ нүкте осы сызықтан 8-9 см-дей болады. Сөйтіп, жүректің шала тұйық шекарасының көлденең ені 11-13 см құрайды.

Шынайы тұйық шекарасы – бұл жүректің өкпемен жабылмаған бөлігі. Бұл шекараны анықтағанда, шала тұйық шекарасы анықталған нүктелерден жүрекке қарай өте жәй перкуссия жасалады. Қалыпты жағдайда оң жақ шекарасы төстің сол жақ қырында ІV қабырға аралықта орналасады. Жоғарғы шекарасы ІV қабырғада болады. Сол жақ шекарасы шала тұйық шекарасына сәйкес немесе 0,5 см ішке орналасады. Бұл шекаралар жүректің кеуде сарайының алдыңғы қабырғасына тиіп жатқан беті, яғни бұл оң қарыншаға сәйкес келеді.

Тамыр будасының шекарасы (ТБШ) ІІ қабырға аралықта болады, оң және сол жақтан анықталады.

Өте жай перкуссия қолданылады, плессиметр саусақтың тырнақ түбіне соғылады. Екі жақтан да қалыпты жағдайда ТБШ төс шетінен сыртқа шықпайды.

Тамыр будасының құрамына оң жақта өрлеме қолқа мен жоғарғы қуысты вена, сол жақтан төмендеме қолқа мен өкпе артериясы кіреді. Тамыр будасының көлденең ені 5-6 см тең болады.

Жүрек конфигурациясын (сырт пішіні) анықтау үшін жүрек шекарасын оң және сол жақтан анықтайды. Оң жақтан ІІ-ІІІ-ІV қабырға аралықта, ал сол жақта ІІ-ІІІ-ІV-V қабырға аралықта анықтау керек. Қалыпты жағдайда оның оң контуры ІІ-ІІІ қабырға аралықта төстің оң шетін ала, ал ІV қабырға аралықта, одан 1-1,5 см сыртқа орналасады. Сол жақ контуры ІІ қабырға аралықта төстің сол шетін ала, ІІІ қабырға аралықта төстің сол шетінен 1 см солға, ІV қабырға аралықта ІІІ және ІV қабырға аралықтардағы контурдың ортасында, V қабырға аралықта жүректің сол жақ шекарасын ала орналасады.

Сол жақтағы тамыр будасы мен жүректің сол жақ шекарасының ортасындағы доғал бұрыш жүрек мықыны деп аталады.