Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ас орыту жне зр шыару жйесі.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
380.42 Кб
Скачать

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Алимбекова Л.Т.

ІШКІ АУРУЛАР ПРОПЕДЕВТИКАСЫ

ПӘНІНЕН ДӘРІСТЕР ЖИНАҒЫ

(жүрек-қан тамыр жүйесі, зәр шығару және жыныс жүйесі модульдері бойынша)

Түркістан

2012

Автор: Л.Т.Алимбекова

Ішкі аурулар пропедевтикасы пәнінен дәрістер жинағы (жүрек-қан тамыр жүйесі, зәр шығару және жыныс жүйесі модульдері бойынша). Оқу-әдістемелік құрал. – Түркістан, 2012. –78 бет.

Осы дәрістер жинағында жүрек-қан тамыр жүйесі, зәр шығару және жыныс жүйесі модульдері бойынша науқастарды сұрастыру әдістері, шағымдырдың даму механизмдері, қарау арқылы сипаттау, обьективті тексеру бойынша пальпация, перкуссия, аускультация ерекшеліктері және де, осы науқастарды қосымша тексеру әдістері берілген. Әр тақырып соңында кері байланыс бойынша студенттің өз білімін тексеруі үшін сұрақтар: тест, есеп, анализдер түрінде келтірілген.

Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ №2 медицина факультетінің оқу әдістемелік кеңесімен бекітілген және баспаға ұсынылған, хаттама № 5, «07» 05. 2012 жыл.

1. Дәріс тақырыбы: Жүрек-тамыр жүйесін тексеру әдістері: прекардиальды аймақты қарау және пальпациялау. Жүрек ұшы түрткісі, оның қалыпты жағдайдағы қасиеттері. Жүрек перкуссиясы. Қалыпты жағдайдағы жүрек шекаралары. Балалардағы ерекшелігі. Ірі және шеткі тамырларды қарау мен пальпациялау; артериялық пульстің соққысын зерттеу, оның қалыпты жағдайдағы қасиеттері. Жүрек аускультациясы. Жүрек тонына сипаттама, оның қалыпты жағдайдағы пайда болу механизмі. Балалардағы ерекшелігі.

2.Дәрістің мақсаты: жүрек аймағын және ірі тамырларды қарау арқылы, жүрек аймағын пальпация және перкуссия тәсілдерімен зерттеу барысында анықталған нәтижелерінің даму механизмдерін бір-бірімен байланыстырып, олардың негізінде клиникалық қорытындысын шығаруды үйрету. Жүрек аускультациясының негізгі тәсілін, жүрек жұмысы кезіндегі дыбыстарды және олардың пайда болу механизмдерін, жүрек функциясының ерекшеліктерін анықтауды меңгерту.

3. Дәріс тезистері: Жүрек-тамыр жүйесін тексеру әдістері: прекардиальды аймақты қарау және пальпациялау. Жүрек ұшы түрткісі, оның қалыпты жағдайдағы қасиеттері.

Жалпы қарау және прекардиальды аймақты қарау

Жалпы қарағанда мәжбүр қалып болуы мүмкін – ортопноэ – науқастың бас жағы биік (бірнеше жастық салып жатады), аяқ жағы төмен болады.

Акрацианоз – науқастың ерні, бет ұштары, тырнақтарының ұшы, мұрны мен құлақтарының ұштары кезеріп көкшілденеді. Бұл қан айналым жүйесінде қан іркіліп, гемоглобиннің құрамында СО2 көбеюінен болады.

Егер терісі түгел көкшіл тартса, онда жайылма цианоз деп аталады.

Ісіну анықталады, ауыр жағдайларда анасарка болуы мүмкін – бұл дененің толық ісінуі.

Мойын тамырлары (веналары) білеуленуі мүмкін, ұйқы артериясының қатты соғуы (пульсациясы) көрінуі мүмкін. Веналардың білеуленуі - оларда қанның іркілуінен болады. Ұйқы артериясының көзге көрінерліктей қатты әрі тез соғуы “каротидтер биі” деп аталады, ол қолқа қақпағының жетіспеушілігінде болады. Науқастың басы тамыр соғуымен сәйкес теңселуі Мюссе белгісі деп аталады.

Микробтар қанға өтіп, сепсистік эндокардит дамыса, терінің түсі сүт қосқан кофеге ұқсап, ақшыл-бозғылттанып, сарғыш тартады. Денеде және конъюктивада қан құйылған нүктелер пайда болады (Лукин белгісі). Үлпершек (перикард) сұйықтыққа толса немесе жоғарғы қуыс венаны кеуде қуысының артқы жағында өскен ісік қысып тұрса, бет пен мойын ісінеді – бұл Стокс “жағасы” деп аталады.

Қолқаның сағасы тарылса, кеуденің алдыңғы жағындағы веналар білеуленіп, қабырға аралық тамырлардың соғуы күшейіп, қолмен сипағанда байқалады. Саусақтардың тырнақтары дөңестенеді.

Жүрек маңайын қарағанда қалыпты жағдайда тек жүрек ұшы түрткісі ғана көрінеді, ол сол жақтан V қабырға аралықта бұғана орта сызығынан 1-1,5 см ішке орналасады.

Жүрек пальпациясы.

Жүрек ұшы түрткісінің (ЖҰТ) пальпациясы: ол үшін науқасты сол қолмен демеп, оң қолдың алақанын кеуденің сол жағына, төс сүйегінің негізіне қойып, ал саусақтарын қолтық жаққа қаратып ІV-V-VІ қабырға аралықтарға параллелді қойып алып, алдымен алақанмен, содан кейін үш саусақтың жұмсақ бетімен сырттан ішке қарай қабырға аралықтарын баса сипай отырып, жүрек ұшы түрткісі басталған жерді тауып алу керек.

Оның бірнеше қасиеттерін сипаттау керек:

  1. енін (көлемін) қалыпты жағдайда 1-2 см2. V қабырға аралықта бұғана орта сызығынан 1-1,5 см ішке орналасады;

  2. Күшін;

  3. Биіктігін;

  4. Серпімділігін.

Күші, биіктігі, серпімділігі қалыпты жағдайда орташа болады.

ЖҰТ-нің балалардағы ерекшелігі:

1-2 жасқа дейін сол жақ ІУ қабырға аралығында бұғана орта сызығынан 1-2 см сыртқа орналасады;

2-7 жасқа дейін сол жақ У қабырға аралығында бұғана орта сызығынан 1 см сыртқа орналасады;

7-12 жасқа дейін сол жақ У қабырға аралығында бұғана орта сызығында немесе 0,5-1 см ішке орналасады.

Тамырларды зерттеу. Артериялық пульстің қасиеттерін анықтау.

Сол қарынша жиырылған сайын қан қолқаның серпімді іргесіне күшпен соғылып, оны кереді. Осы кезде пайда болатын ырғақты тербеліс артерия іргелері арқылы таралады, соны тамыр соғуы – пульс (лат: pulsus-соғу) деп атайды.

Пульс жиілігі деп - бір минуттағы пульс санын айтады.. Қалыпты жағдайда 1 минуттағы пульс саны мен жүректің соғу саны 60-90-ге тең.

Пульс жиілігін анықтау үшін оның санын 1 минут ішінде санау керек, немесе 15 не 20 сек. санап, сосын оны төрке не үшке көбейту керек.

Қалыпты жағдайда пульс жиілігіне әсер ететін жағдайлар:

  1. Жыныс. Еркектерде қарағанда әйелдерде пульс 6-8 соққыға жиі.

  2. Төсекте жатқан адамда отырғандағыдан 4-6 ретке, ал түрған адамнан 6-8 соққыға кем болады.

  3. Демді алғанда пульс жиілейді (өкпе кеңігенде кезбе нерв тежеледі), ал демді шығарғанда сирейді (өкпе басылғанда кезбе нерв қозады).

  4. Дене қызметінде пульс жиілейді.

  5. Тамақтан соң пульс жиілейді.

  6. Қобалжу, қорқу, ашулану, қатты қуану кезінде пульс жиілейді.

  7. Бойы биік адамдарда пульс сиректеу болады.

  8. Ұйықтағанда пульс сирейді.

Пульс жиілеуін – тахикардия (90-нан жоғары болса) деп атайды. Пульс сиреуін – брадикардия (60-тан төмен болса) деп атайды.

Пульсті анықтаудағы қажетті жағдайлар:

  1. Артерия тері астына жақын (беткей) жатуы керек.

  2. Артерия сүйекке жақын жатуы керек.

Пульсті анықтайтын жерлер: самай, ұйқы, білезік, сан, тізе арты, бақай артенриялары.

Анықтайтын қасиеттері:

  1. Синхрондылығы – оң және сол жақта тамыр соғуы бірдей болады.

  2. Жиілігі (60-90 рет қалыпты жағдайда жүрек соғуына сәйкес).

  3. Ырғағы (дұрыс ырғақты) - әрбір соғу аралығы бірдей болу керек.

  4. Кернеуі – білезік артериясын саусақпен басып, ондағы пульс толқынын жою үшін қажетті күш көлемі арқылы анықталады. Гипертонияда ол қатты, ал гипотонияда – жұмсақ болады.

  5. Толықтығы – артерияны басып тұрып, жібергенде толуы тез болса, ол толық, яғни ол жүректің қолқаға айдайтын қан көлеміне байланысты, жеткілікті мөлшерде болса толық, ал қанның мөлшері аз болса, онда әлсіз (бос) болады.

  6. Көлемі- қанның систолалық көлемі жоғары, артериядағы қысымның мөлшері өте ауытқыған, артерия іргесінің серпімділігі төмен жағдайда пульс толқыны ұлғайып, көтеріледі - бұл көлемі үлкен пульс.

Систолалық қан көлемі төмендегенде артериялық қысымның деңгейі аз мөлшерге ауытқып, олардың іргелерінің серпімділігі артады, қансырағанда пульстің көлемі кішірейеді – кіші пульс болады. Ол жіңішке жіп тәрізді, сыздықтағандай әсер туғызады.

Пульс тапшылығы – жүрек ырғағы бұзылғанда пайда болады. Жыбыр аритмиясында жүрек соғу саны мен тамыр соғу саны бірдей болмайды, пульс саны кем болады.

Пульсті көбіне білезік артериясын тексеру арқылы зерттейді. Дәрігер бас бармағын науқастың қолының шынтақ жағына, басқа саусақтарын білек жағына орналастырады. Білек артериясын сипап тауып алып, оны сұқ және ортаңғы саусақпен сүйекке қысып және саусақтарды артерия қабырғасының бойымен жүргізіп тексереді. Саусақ астынан пульс толқыны өткен кезде артерия қабырғасы бір кеңіп, бір басылып тұрады.

Артерия қысымын өлшеу.

Қан толқынының артерия қабырғасына түсіретін күші артериялық қан қысымы (АҚ) деп аталады. АҚ жүрек қызметінің фазасына байланысты өзгеріп тұрады. АҚ жоғарғы мөлшері – систолалық, төменгі мөлшері - диастолалық деп аталады. Систола кезінде болатын максимальды қысым – систолалық, ал диастола кезінде болатын минимальды. қысым - диастолалық болады.

АҚ өлшеудің тікелей және жанама тәсілдері бар. АҚ тікелей өлшеу артериялардың функциясымен байланысты болғандықтан, жалпы медициналық практикада қолданылмайды.

Жанама тәсілдер АҚ артерия қабырғасын сырттан толық қысу үшін керек күштің мөлшеріне қарап өлшеуге негізделген. АҚ өлшеуде жиі сфигмомонометрлер немесе тонометрлер қолданылады (Коротков әдісі, 1905).

Тонометр манжетадан, манометрден және екеуін жалғастыратын резиналық түтіктерден, және ауа айдайтын баллоннан тұрады. Манжетаны иыққа тығыз орағанда, манжетамен қолдың арасына бір саусақ сиятындай етіп орау керек. АҚ өлшеген кезде манометрдің нольдік деңгейі жүрек деңгейінің тұсында болу керек. Тексерілуші өзін еркін (босаңсыған) күйде ұстауы керек. Манжетаға баллон арқылы ауа айдағанда, екінші түтік арқылы манометрге де ауа барып, қысым көтеріледі де, тілі көтеріле бастайды. Манжетадағы ауаның қысымы жұмсақ тіндер арқылы артерияны қысады. Ауаны пульс толық тоқтағанға дейін, не шынтақ артериясында дыбыстың жойылғанына дейін айдау керек. Шынтақ буынының бүгетін бетінің ішкі жағына фонендоскопты қояды, сосын вентильді аздап ашып, ауаны жайлап шығару керек, монометр тілі түсе бастайды. Қысым артериялық максимальды қысымнан төменірек түсе бастаған кезде қан артерияның ішіне қарай өте бастайды. Бұл кезде пайда болатын бірінші пульс толқыны максимальды қысымға – систолалық қысымға сәйкес келеді. Естілетін пульс толқындарының ең соңғысынемесе бірден бәсеңдегені – минимальды қысымға – диастолалық қысымға сәйкес келеді.

АҚ қалыпты мөлшері.

АҚ тексергенде дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының (ДЖДСҰ) нормативтерін қолдану қажет. Ол нормативтер бойынша АҚ қалыпты мөлшері мм сынап бағанасы (мм.с.б.) бойынша өлшегенде систолалық қысым - 100 мм-ден 139 мм-ге дейінгі арада болады, диастолалық қысым - 60 мл-ден 89 мм-ге дейінгі арада болады.

Систолалық және диастолалық қысымның арасы пульстік қысым деп аталады. Қолқа сағасы тарылса, ол аз, ал қолқа қақпағының жетіспеушілігінде - үлкен болады. Систолалық қысымның 140-149 мм с.б. дейінгі және диастолалық қысымның 90-95 мм с.б. дейінгі мөлшері шекаралық деп аталады. Орта қысымды тек осцилографпен анықтайды, қан тамыр жүйесінде пульсациясыз қан ағу жылдамдығы қалыпты жығдайда 80-100 мм с.б.

АҚ мөлшері жүректен артерия жүйесіне құйылатын қан мөлшеріне, қан ағысының жалпы кедергісіне және айналымдағы қан массасына тәуелді. Дені сау адамда АҚ қысқа уақытқа жоғары болуы мүмкін: ішімдік, кофе, қою шай ішкеннен кейін, дене және ми қызметі күшейген кезде, эмоциялық жағдайларда. Тұрақты АГ – гипертония ауруының немесе симптоматикалық гипертонияның белгісі.

Веналардың соғуын зерттеу

Жүрекке жақын орналасқан веналардың іргесін қан кернегенде дамитын тербелісі - венаның соғуы деп аталады. Оны арнайы аспап – флебограф арқылы, график түрінде сызып алуға болады. Көбінесе мойын венасының пульсі жазылады; оның түрі мен енінің сипатына қарап, оң жүрекшедегі қысымның өзгеру деңгейін сараптауға болады.