Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дістемелік нсау.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
127.71 Кб
Скачать

3. Станцияның пайдалану шығындарының есебі

Станцияның пайдалану шығындарын шаруашылықтар бойынша (қозғалыс, жүк, жолаушылар), тасымал үдерісіне байланысты топтар бойынша(негізгі және қоғамдық), шығын элементеріне қарай (еңбек ақы, әлеуметтік сақтандыру қорына аударым, материалдар, отын, электрэнергиясы, амортизациялық (өтелім) аударымдар және басқа да шығындар) және шығын номенклатурасы баптары бойынша жоспарланады.

3.1. Салалар үшін арналған негізгі шығындар

8, 15, 26 - баптар. Жолаушылар, жүк қозғалысы шаруашылығының нысандарына, қүрылысына кызмет көрсету және жабдықтары мен қүрал-жабдықтарын күтіп үстау. Бүл баптар бойынша: нысандардың көлемі мен Юм пайдалы ауданға кететін материалдар шығынының нормасына қарай отырып, жайларды, платформаларды, жүк аулаларын, қоймаларды т.б. жинау үшін кететін материалдар шығыны жоспарланады. Нысандарды таза күйде үстау үшін кететін материалдар шығынының нормасы жылына 10 метрге 57-60 теңгеге тең.

11- бап. Жүкті жөнелтуге және беруге қабылдау. Бүл бапқа:

- еңбекақы қоры (штаттық кестені қара);

- жүкті таңбалау үшін, вагондарды пломбылау үшін кететін материалдар және жүмыс көлемі мен материалдар шығынының орташа нормасын есепке ала отырып, ашық жылжымалы қүрамға жүкті бекіту үшін кеткен шығындар жатады.

Бұл жағдайда оқушы (үйренуші) жалпы тиелген жүк көлемінің тәулік ішіндегі орташа мөлшерін ала отырып, жылжымалы қүрам түрін және жүк жөнелтілімінің санын өз бетімен таңдап алуы керек.

Вагондарды пломбылау үшін кететін материалдар мен ашық жылжымалы қүрамға жүкті бекіту үшін кететін шығындар нормасы мынаны құрайды:

- жабық вагонда бір жүк жөнелтіліміне 10 теңге;

- астық тасымалдау үшін вагонға 20 теңге;

- машиналар артылған бір платформаға 30 теңге.

Таңбалау және қүжаттарды рәсімдеу (бояулар, қылқаламдар, көшірме қағаздар, қарындаштар, қаламдар, қауырсындар) үшін кететін материалдар шығынын жылына вагон үшін 1 теңге көлемінде жоспарлайды.

Нысандарды жылыту үшін кететін отын шығыны мына формула бойынша есептеледі:

Мұнда: V - сыртқы өлшем бойынша (м3) нысан көлемін 8000м3 , нысан биіктігін 4м деп қабылдау;

Т - жылыту маусымының үзақтығы (180-200 күнге тең деп алу);

В - тәулікте нысанның 1м3 1°жылыту үшін кететін шартты отынның шығын нормасы 3 кестеде келтірілген.

- нысан ішіндегі температура, 18-20°С тең деп алу;

- жылыту маусымы кезіндегі сыртқы ауаның;

Ц - 1 т белгіленген отынның бағасы 48 теңгеге тең;

К - нысанды инфильтрациялау эсерін көрсететін коэффициент 1,2 -1,5 тең.

Кесте - 3

Климаттық аудандар

Сыртқы өлшем бойынша нысан көлемі мЗ

500 ден

1000-ға

1000-нан

2000-ға

2000-нан

5000-ға

5000-нан

10000-ға

10000-нан

15000-ға

15000-нан

25000-ға

І

0,00215

0,00170

0,00150

0,00130

0,00120

0,00110

ІІ

0,00235

0,00190

0,00170

0,00145

0,00130

0,00120

ІІІ

0,00270

0,00215

0,00190

0,00165

0,00150

0,00140