- •6 Маусым, 2009 жыл.
- •«Айыптау қорытындысы
- •1. Тарихи анықтама
- •3 Бөлімнің өкілі Лаптев. «Келісемін»: опп огпу-дің бастығы – Хворостян.
- •1. Қазақ халқы өзінің ұлттық тәуелсіздігі мен дербестігін әлі ұмыта қойған жоқ еді, қазақтардың орыс бодандығына толық өтуі өткен ғасырдың 80-жылдарында, яғни, бұдан 50 жылдай бұрын ғана аяқталды.
- •2. Бастан кешіріп отырған патша өкіметі отарлау саясатының қорлығы мен езгісі.
- •22). «Егерде төңкеріс бола қалған жағдайда, онда біздің ұйымның дәргейімен жалпыға ортақ әскери міндетті енгізу керек»,– деген ұсыныс жасалды».
- •1. 1922 Жылы өзімнің кеңес өкіметіне қарсы астыртын әрекеттер жасау туралы үйірме құрмақшы болғанымды;
- •2. Сол, 1922 жылы Ташкентке келген Заки Валидовпен кездесіп, онымен әңгімелескенімді;
- •2. „Алқа” үйірмесіне қатысқамын жоқ. Ол туралы білгендерімді бұрын айтқанмын».
- •4. Жер жөніндегі мәселеден түсінігім шамалы. Жер жөнінде және оған қатысты мәселелер туралы алашордашылардың ешқайсысы маған хабарласқан емес.
- •3). Ұйымның құрылымы. Ташкенттегі ұйымның жұмыстары жалпы жиналыста шешілді, онда бөлімдік құрылымдар болған емес.
- •1) Мақаланың жоспары (аяқталмаған)
- •2) Зерттеудiң қорытындысына пікір
- •2) Ұлтшыл ұйымның жетекшісі ретінде басмашылардың бастығымен байланыс жасағаны және 27-жылы Әділев басқарған бандыларға қолдау көрсеткені үшін;
- •1) Қазіргі қалыптасқан шаруашылық жүйесіне түбірімен өзгеріс жасау мүмкін емес.
- •2) Жер бөлісі таптық тұрғыдан жүргізіліп, оған еңбекші бұқара кеңінен тартылуы тиіс – деген жалпы ереже қабылданды.
- •1.Мәннан Тұрғанбаев
- •2.Жақып Ақбаев
- •1922 Жылдың наурызында өкпе қабынуымен ауырып, науқастығым себепті үйге қайттым.
- •1907 Жылдан осы уақытқа дейін Семей географиялық қоғамының мүшесімін, оған мен қазақ халқының шығу тегі туралы тақырыпта баяндама табыс еттім.
- •3.Даниал Ысқақов
- •1.Гусом бекіткен, Байтасов қайта қарап шыққан 1-баспалдақтағы мектептерге арналған жалпыға ортақ оқу бағдарламасы.
- •2. М.Тынышбаевтің «Мырза Едіге батыр» (тарихи дастанның кейіпкері) атты мақаласы және қазақ тұрғындарының саны туралы кесте.
- •3. Жұмабаевтің қазақтың халық ақыны Ақан туралы мақаласы.
- •4.Қошке Кемеңгеров
- •5. Жұмахан күдерин
- •3 Бөлімнің өкілі Лаптев. «Келісемін»: опп огпу-дің бастығы – Хворостян.
- •1.Қазақ қызметкерлерiн осы жұмысқа тарту және олардың күшiн пайдалану туралы Алманов жолдас баяндама жасады.
- •Комиссия ҚазЦик бекiткен ерекше ереже бойынша жұмыс iстейдi және өзiнiң барлық жұмысын Обком мен ҚазЦик арқылы жүргiзедi.
- •Қазақ қызметкерлерiнiң 1921 жылғы 10 желтоқсан күнгi Кеңесiнiң хаттамасы
- •Қазақ арасындағы жұмыстарды күшейту және кеңес аппаратын жөнге келтіру.
- •Сәдуақасов жолдастың мәлімдемесі.
- •5.Жергілікті халық өкілдері партия, кеңес орындарына тартылсын.
- •Ермековтің «Ашық хаты»
- •Заявления Ермекова
- •М.Жұмабаевтің «Ашық хаты
- •Открытое письмо
1.Қазақ қызметкерлерiн осы жұмысқа тарту және олардың күшiн пайдалану туралы Алманов жолдас баяндама жасады.
Алманов жолдас мынаны атап айтты: Бiз ешқашанда қазақ қызметкерлерiн орынды пайдаланып көргемiз жоқ. Аштық болса тамағымыздан алып, қылқындырып жатқан кездiң өзiнде бiз ешқандай қолғанатсыз, жергiлiктi жерде жетекшiсiз отырмыз. Оның үстiне, былтыр, одан арғы жылы осында iстеген партия қызметкерлерiнiң өзi бiзден кетiп қалды. Мұның басты себебi – орыс коммунистерiнiң жүргiзiп отырған отарлаушы бағытында. Бiз әу баста қазақ қызметкерлерiн орынымен пайдаланбадық, – дедi одан әрi Алманов жолдас, – бiз оларды жан-жаққа қуып, жыртығымыз бен тесiктерiмiздi бiтедiк, бұл онсызда саны аз қызметкерлердi есiнен тандырды, белгiлi бір нақты жұмыспен айналысуға мүмкiндiгi болмады. Қазақ арасындағы аса зәру iстерге де жұмсайтын адамымыз жоқ. Бұл мәселенi дәл қазiр шешу керек, қазақ қызметкерлерiн жұмысқа тарта отырып, олардың мiндетiн анықтауымыз қажет. Сөйлеген адамдардың пiкiрi осыған тоғысып жатыр, – деп ойын қорытты Алманов жолдас.
Жарыс сөзден кейiн кеңес төмендегiдей қаулы қабылдады.
Қаулы:
Қырдағы аудандардың аштыққа ұшыраған тұрғындарына нақты көмек көрсетудi ұйымдастыру туралы Әуезов жолдастың баяндамасын тыңдағаннан кейiн жауапты қазақ қызметкерлерiнiң кеңесi мынаны атап өтедi:
Осы уақытқа дейiн аштыққа ұшыраған қырдағы аудандардың бiрде-бір тұрғыны мемлекет тарапынан нақты көмек алған жоқ, олар өз беттерiмен қаңғып кеттi, сөйтiп өлiм тырнағына iлiндi. Олардың ешқандай көмек алмағаны былай тұрсын, тiптi КССР-нiң партия және кеңес ұйымдарының, орталықтың да, жергiлiктi жердiң де, тiптi қаперiне де iлiнбеген, яғни, турасын айтқанда, ұмыт қалған, тағдырдың тәлкегiне тастаған. Жоғарыда айтылған жайларды көрсете отырып, бишаралыққа ұшыраған қазақ елiне біз былай немкеттi және самарқау қарауға төзуге болмайтынын атап өтеміз, жауапты қазақ қызметкерлерiнiң кеңесi – барлық өлкелiк және жергiлiктi партия және кеңес, кәсiподақ ұйымдарын, белсендi түрде көмек көрсетуге шақырады. Пәрмендi көмек көрсету үшiн кеңес өзiнiң тарапынан мынадай нақты шараларды белгiледi:
а). Аштыққа ұшыраған қырдағы аудандарға көмек көрсету үшiн Орталықтағы және жергiлiктi жердегi аштарға көмек көрсету ұйымының басты мiндеттерiн анықтап, оларды топ-топқа бөлсiн.
б). Қыр елiне көмек көрсету үшiн барлық жерде салауат-сауын (компание) жүргiзiлсiн: бұл мәселенiң осы уақытқа дейiн ескертiлмегендiгiне мән берiлiп, барлық партия, кеңес және кәсiподақ ұйымдары, бұл мекемелерде iстемейтiн жекелеген қазақ қызметкерлерi салауат – сауынға белсендi түрде тартылсын, республикалық баспасөз мекемелерi халықтың санасын оятып, съездер мен жиналыстарда оларға ықпал етуге тырыссын.
в). Аштарға көмек көрсету ұйымының жергiлiктi жердегi құрамына адал қазақ қызметкерлерi кiргiзiлсiн, оларды неғұрлым көбiрек тартуға ұмтылсын, қыр елiне тiкелей көмек көрсету үшiн оларды аштарға көмек ұйымының жауапты өкiлi ретiнде пайдалансын.
г). Республикалық және уездiк аштарға көмек ұйымының қызметкерлерi тек қана аштыққа ұшыраған қырдағы аудандарда жұмыс iстеу үшiн төтенше өкiл боп барсын. Оларды аштарға көмек көрсету ұйымының өлкелiк төтенше өкiлдiгi ұсынады, обком мен қазақ Орталық Атқару Комитетi бекiтедi, соңғысы мандатпен қамтамасыз етедi. Жергiлiктi өкiлдердi аштарға көмек көрсету ұйымының төтенше өкiлi бекiтiп, мандат бередi, оны жергiлiктi партия және әкiмшiлiк мекемелерi растайды.
д). Аштарға бөлiнетiн азық-түлiктiң жайы туралы аштарға көмек көрсететiн орталық комиссияға мынадай ұсыныс жасалсын: аштарға көмек көрсететiн губерниялық ұйымға қолдағы бар азық-түлiк қорының белгiлi бір мөлшерi нақты санмен көрсетiлсiн; уездерге бөлiнген кезде мiндеттi түрде аштарға азық тарататын бір қазақ өкiлi қатысып тұрсын.
2.Орталық және жергiлiктi партия, кеңес мекемелерiн көмекке тартуды қатаң кеңсе тәртiбiмен жүргiзудi, сонымен қатар осы мақсатпен арнайы адамдарды жол сапарға шығаруды облыстық мекемелер, ҚазЦИК және жекелеген халық комиссариаттары өз мiндетіне алады.
3. Партия, кеңес мекемелерiнде жұмыс iстейтiн және жұмыссыз жүрген қазақ қызметкерлерiнiң тiзiмiн өкiлдерiмен бiрлесе жасау мiндетi ҚазЦИК-ке тапсырылсын, аштарға көмек комиссиясы мен өлкелiк төтенше өкiлдiктiң қатысуымен олар аштық жайлаған губернияларға жөнелтiлсiн, сондай-ақ арнайы азық-түлiк жинау үшiн Түркiстан Республикасына жiберiлсiн.
4. Аштарға көмек комиссиясымен келiсiп отырып осы қаулының негiзiнде шара қолдану құқына ие болатын ҚазЦИК-тiң бір мүшесiн өлкелiк төтенше өкiл етiп тағайындау мiндетi ҚазЦИК-ке жүктелсiн.
5. Тұрған жерлерiнен босып, темiр жолдың бойында (Ақбұлақ, Ақтөбе, т.б.), сордай-ақ Түркiстан бағытындағы бекеттерде жиналып қалған аш қазақтарға ерекше көңiл бөлiп, назарда ұстау Аштарға көмек комиссиясына тапсырылады: босқындардың ұйлығып қалу себебi шұғыл анықталып, оларды уақытында отырғызып жiбермеген барлық мекемелердiң басшылары сотқа тартылсын.
6. Барлық тиiстi мәліметтердi жинақтап, ашаршылыққа ұшыраған қыр елiне көрсетiлетiн көмектiң мөлшерiн өсiру туралы қалайда Орталықтың келiсiмiн алу мiндетi Меңдещев пен Әуезовке жүктелсiн. Соның iшiнде бұл жолдастарға мына мәселенi шешу тапсырылады:
а). Торғайға жiберiлетiн азық-түлiк жәрдемi Қостанайдан бөлек жiберiлуiн орталық арқылы шешуге қол жеткiзсiн.
б). Гурьев ауданына азық-түлiктi тiкелей тасымалдау мүмкiндiгi болмағандықтан да, Гурьев пен Астраханның ауланған балықтарын сонда бөлудi, сонымен қатар Гурьев пен Оралдағы балық кәсiпшiлiктерi оларды тиiстi жабдықтармен қамтамасыз етiп, балық аулауға рұқсат беруiн Орталықтан сұрасын.
в). Қазақ республикасының шикiзаттарының ауқымды мөлшерiн азық-түлiк пен керектi заттар, аштарға қажеттi ақша алуға пайдалану үшiн бұл мәселенi дербес шешуге орталықтың келiсiмiн алсын.
7. Обкомның, ҚазЦИК-тiң және барлық жауапты қазақ қызметкерлерiнiң атынан партия ұйымдарында iстейтiн, одан тыс жұмыссыз жүрген қазақ қызметкерлерiне үндеу жариялансын, оларды ашаршалыққа қарсы күресуге шақырсын.
8. Бұл қаулының көшiрмесi жан-жаққа таратылсын.
Қол қойылып, мөр басылған.
II. Қазақ қызметкерлерiн жұмысқа тарту және оларды тиiмдi пайдалану туралы Алманов жолдастың баяндамасын тыңдап, мұндай жолды табудың қажеттiгiн ескерiп, қазақ қызметкерлерiнiң күшi дұрыс әрi тиiмдi пайдаланылмай отырғанын ескерiп, қазақ қызметкерлерiнiң кеңесi қаулы қабылдады:
1. ҚазЦИК-тiң жанынан ерекше комиссия құрылсын оған мынадай мiндеттер жүктелсiн:
а). Комиссияның пiкiрi бойынша қандайда бір iске пайдалануға болатын барлық қазақ қызметкерлерiнiң тiзiмi жасалсын.
б). Өзiнiң туған жерiнен басқа ауданға немесе басқа лауазымды қызметке ауыстыру арқылы қазақ қызметкерлерi тұрақты әрi тиiмдi пайдаланылсын.
в). Партияда жоқ қазақ қызметкерлерi кеңес құрлысындағы жауапты жұмыстарға дейiн тартылсын, сөйтiп олардың өкiметтен де, жұмыстан да шеттетiлмегенiне көзiн жеткiзсiн.
г). Қазақтардың iшiндегi ең жауапты әрi шұғыл: аштықпен күресу ісіне жұмылдырылсын, қазақ қызметкерлерiн дайындау, қазақ арасындағы сот жұмысын дұрыс жолға қою, милиция жұмысын жолға қою, жергiлiктi өкiметтi нығайту, кооперація ұйымы, т. б. сияқты iстерге пайдалансын.
д). Обком мен ҚазЦИК-тiң ерекше тiзiмi арқылы Түркiстан Республикасындағы барлық қазақ қызметкерлерi шақырылып алынсын.
ж). Жергiлiктi жерлерде партияда жоқ қазақ қызметкерлерiнiң кеңесiн өткiзу дәстүрге айналсын.
з). Баспасөз арқылы барлық қазақ қызметкерлерiн жұмысқа шақырған үндеу жариялансын, бұл үндеуге құлақ аспағандардың белсендiлiгiн оятсын.
Комиссияның құрамына мыналар: 1. Әуезов. 2. Асылбеков. 3. Алманов. 4. Байтұрсынов. 5. Кенжин – мүше боп; 1. Нахим – жан. 2. Төлепов – кандидат боп сайланды.
