- •І бөлім. Зерттелетін объектіге сипаттама
- •Орналасқан жері
- •1 Сызба
- •Цехтың жұмыс орны мен технологиялық желісі
- •Іі бөлім. Есептеу бөлімі
- •Кәсіпорын бөлімдеріне талап
- •22.Ұйымдастыру қызметінің талабы
- •2.3. Бастапқы деректерді жобалау
- •1 Кесте
- •Жалпы құрал – жабдықтар шығымы:
- •Ыдыс – аяқтар шығымы:
- •Инженерлік – техникалық жабдықтар шығымы:
- •Зал жиһаздарының шығымы:
- •2.4 Сауда залын өткізу
- •2 Кесте. «Түскі ас кезіндегі залдың графигі»
- •2.5. Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасының зерттемесі, жалпы тағам санын анықтау, тұтыну сипатына байланысты тағамдарды топтап бөлу
- •3 Кесте
- •Тағамдар жиыны:
- •Сусындар жиыны:
- •2.6. Жоспар – мәзір құру
- •4 Кесте
- •2.7. Жоспар – мәзірді орындау үшін қажетті өнімнің санын анықтау
- •1 Қосымша Залдағы жүзеге асырылатын тағамдар саны
- •2.8. Қоймадан алынатын өнімдерге талап – қағаздарын толтыру ережесі
- •2 Қосымша
- •2.9. Дайын тағамға калькуляциялық карта құрастыру «Борщ» тағамының калькуляциялық картасы
- •3 Қосымша
- •2.10. Түскілік ас мәзірін құрастыру
- •4 Қосымша
- •2.11. Ас үй өнімдерін жіберу және өткізу актісін құрастыру
- •5 Қосымша
- •24 Желтоқсаннан 2014 ж.
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер
Іі бөлім. Есептеу бөлімі
Кәсіпорын бөлімдеріне талап
Өндіріс бөлмесінің алатын орын – алаңы
Өндірістік цехтарды дұрыс орналастыру, жұмыс орындарын тиімді ұйымдастыру, еңбек өнімділігін арттыруды қамтамасыз етеді, шикізаттарды неғұрлым тиімді жұмсауға ықпал жасайды, өнімдерді алғашқы өңдеуден өткізу кезіндегі шығындарды азайтады және шығарылатын бұйымдардың сапасын жақсартады.
Цехтардың аумағы кәсіпорындардың қуатына байланысты. Жабдықтарды технологиялық процесстің жүйелілігін, сондай–ақ еңбек қорғау және қауіпсіздендіру талаптарына сәйкес орналастырады.
Өндірістік бөлмелер жердегі қабаттардың сол жақ және солтүстік батыс жақ қанаттарында орналасуы қажет, өндірістік бөлмелер әр түрлі технологиялық жабдықтар пайдаланатын бөлме және пайдаланбайтын, яғни дәліздер, т.б. болып бөлінеді.
Өндірістік бөлменің биіктігі һ=3м-3,3м.
Қабырғалар 1,8м биіктіктегі қыш плиталармен көмкерілген.
Еден – ылғал өтпейтін, өндірістік канализация траптарының соққысына шыдамды болуы керек. Модульді жабдықтарды орнату кезінде баспалдақты жабдықтар жүйесінің бүкіл ұзындығына қарай салады.
Өндіріс цехтарындағы температура еңбек қорғау талаптарына сәйкес келуге: яғни ас үйде – 28С – дан астам, дайындау цехтарында 15С – дан төмен болмауға тиіс. Қажетті температуралық режим сорып – тартатын желдеткіштің көмегімен сақталады.
Микрожағдай: температура, ылғалдылық, ауаның ылғалдығы 60-70%, ауаның қозғалу жылдамдығы – 2м/сек.
Цех және дайындық жасайтын цехтар температурасы 16-17С, ауаның ылғалдылығы 60-70%, 75% аспайды.
Өндірістік бөлмелерде шудың рұқсат етілген деңгейі – 60-75 Дб.
Қыш плита мен бояудың ара қашықтығы һ=1,8м.
Өндірістік үстелдің ұзындығы 1,5м.
Өндіріс цехтарын мол табиғи жарықпен қамтамасыз ету үшін терезелер мен еден аумағының арақатынасы 1/8 кем болмауы керек. Қолдан жарықтандыру кезінде люменесцент шамдарын пайдаланған жөн, өйткені бұлар беркелкі жарық түсіреді және электр энеогиясын аз шығындатады.
Жарық көзі жұмыс орнының сол жақ тұсына, ең көбі 6-7м қашықтау орналасқаны жөн. Жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қоршаулар, қалқандар, сақтандырғыш құрылғылар орнатылады. Пышақтарды арнайы тетіктерге салып, столдың шетіне немесе қабырғаға сақтайды.
Жұмыс орны – бұл белгілі бір өндірістік операцияларды атқару үшін бейімдетілген, қажетті жабдықтармен және бұйымдармен жарықтандырылған өндіріс цехының бір бөлігі. Әрбір жұмыс орнының аумағы жұмыс істеуге ыңғайлы келетіндей кең болуға тиіс. Қазіргі өндіріс столдарнда суырма қуыстар басқа бірнеше қатар текшелер, жәшіктер болады, мұның өзі ұсақ саймандар мен ыдыстардың дұрыс сақталуын қамтамасыз етеді. Жарық көзі жұмыс орнының ол жақ тұсына, ең көбі 6-7 м қашықтау орналасқан жөн. Жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қоршаулар, қалқандар, сақтандырғыш құрылғылар орнатылады. Пышақтарды арнайы тетіктерге салып, столдың шетіне немесе қабырғаға сақтайды.
Саймандарды және бұйымдарды қызметкерлердің оң жағына, ал өңделген өнімдерді – сол жағына орналастырады. Таразыларды, қоспаларды және тұздықтарды қол созым тұсқа столдың ойық бетіне, турағыш тақтайды – тура алдына қояды. Жұмыс барысында қызметкер еңкеймей, тік тұру қажет. Денені дұрыс қалыпта ұстамау, тезшаршауды туғызады. Кейбір операцияларды аспазшы отырып істеуі мүмкін, сондықтан әр цехқа биік орындықтар орнату қажет.
