Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1256_ndiristik_praktika_2-2.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
167.42 Кб
Скачать

Ф.4-34

С.БӘЙІШЕВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ УНИВЕРСИТЕТІ

БЕКІТЕМІН

Кафедра меңгерушісі

_________Токсанбаева Т.Ж.

5В011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті»

мамандығына арналған өндірістік тәжірибе

Бағдарламасы

Педагогика факультеті

Оқу түрі: күндізгі

Ақтөбе, 2017

С.БӘЙІШЕВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ УНИВЕРСИТЕТІ

Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы

5В011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті»

мамандығына арналған өндірістік тәжірибе

Бағдарламасы

Ақтөбе, 2017

Өндірістік педагогикалық тәжірибе бағдарламасы 5В011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының сырттай бөлім студенттеріне арналған ҚР МЖМББС 5.03.005-2009 негізінде құрастырылды.

ҚР білім жүйесі. Оқу тәжірибесі. Негізгі ережелер 09.01.2009

ҚҰРАСТЫРҒАН: Тоқсанбаева Т.Ж. - филология және

аударма кафедрасының доценті,ф.ғ.к.

ПІКІР БЕРУШІЛЕР:

Ниязова Ғ.М. - Қ.Жұбанов ат. Ақтөбе мемлекеттік өңірлік

университетінің доценті,ф.ғ.к.

ЕсеноваҚ.Е. - С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің

доценті, ф.ғ.к.

©С.Бәйішев атындағы АУ-нің оқу-әдістемелік бөлімі, 2017

Мазмұны

Кіріспе....................................................................................................................5

1. тәжірибенің мақсаты мен міндеті..................................................6

2. тәжірибе БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ мазмұны........................................7

3. тәжірибенІ даЙындау мен ұЙымдастыру және

тәжірибе өтетін орындар........................................................................8

4. ӨНДІРІСТІК ПРАКТИКА КҮНДЕРІНДЕ АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР

ТУРАЛЫ СТУДЕНТТІҢ ЕСЕП БЕРУІ КЕЗІНДЕ ТАПСЫРАТЫН

ҚҰЖАТТАРЫ.....................................................................................................10

5. ӨНДІРІСТІК ПРАКТИКА НӘТИЖЕЛЕРІН

БАҒАЛАУДЫҢ НЕГІЗГІ БЕЛГІЛЕРІ:.............................................................10

6. РЕЙТИНГТІК–БАЛЛ ЖҮЙЕСІ БОЙЫНША БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ

..................................................................................................................................11

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі.............................................................13

ҚОСЫМША............................................................................................................14

КІРІСПЕ

Өндірістік практика – болашақ кәсіби мамандардың теориялық білімдерін практикамен ұштастыратын алғашқы әдістемелік оқу-тәрбие шараларының бірі. Жоғары оқу орнын бітіріп, мұғалімдік қызмет атқаруды мақсат еткен әр студент бұл жолдан ерекше дайындықпен өтуі тиіс.

Оқыту-мұғалімнің білім берудегі жетекші әрекеті болса, оқу-баланың өзінің танымдық, тәжірибелік әрекеті. Сондықтан оқушылардың оқу таным белсенділігін арттыру жолдарын іздестіріп, олардың танымдық әрекетін қалыптастыру, терең білім мен өнегелі тәрбие беру ісі мұғалім алдына үлкен талап қояды.

Педагог мамандарды кәсіби дайындықтан өткізуде оқу-тәрбиелік тәжірибесінің орны ерекше. Тәжірибе – оқу-тәрбие процесінің бір бөлігі ретінде болашақ мұғалімдердің теориялық дайындығын практикалық қызметпен ұштастыруды қамтамасыз етеді.

Қазіргі білім беру жүйесіндегі бағыттар мен жаңа әдістер тәжірибені ұйымдастыру жұмысының белгілі міндеттерін анықтады.

Тәжірибе мақсаты, мазмұны мен міндеті бүгінгі мектеп пен мұғалімге қойылатын талаптардың мазмұнымен сабақтас, сонымен бірге тәжірибе өзінің сипаты жағынан кешенді. Өйткені арнайы пән Қазақ тілі мен әдебиеті – педагогика-психология пәндері арасында студенттердің түрлі қызметін үйлестіруге негізделген.Тәжірибе мақсаты студеттердің теориялық және практикалық дайындығының өзара байланысын құру, Өндірістік процесс тұтастығын кәсіби қызмет тұрғысынан түсіну болып табылады.

Студенттердің практикалық қызметін ұйымдастырудың ғылыми негізі өндірістік тәжірибесі кезеңдік жүйемен ұйымдастыру болып табылады. Әрбір курстың өткізілетін тәжірибесінің мақсат - міндеттері анықталған:

Өндірістік тәжірибесінің мақсаты-студенттердің өздері қалаған мамандығын тек теориялық жағынан игеріп қана қоймай, оқыту әдіс-тәсілдерін іс жүзінде қолдана білуге дағдылануына жағдай жасап, оқу-тәрбие жұмыстарында педагогика-психология талаптарына сай дұрыс шешім қабылдау жолдарын үйрету.

Өндірістік тәжірибесінің мақсаты – студенттерді пән мұғалімі және кәсіби қызметін толық орындауға дайындау.

Өндірістік тәжірибесінен өту барысында студент келесі талаптарды басшылыққа алуы керек:

  • тәжірибе бағдарламасында қарастырылған тапсырмаларды толық орындау, тәжірибе күнделігін толық жүргізу;

  • мектеп, колледж, кәсіпорынындағы ішкі еңбек ережелерін орындау;

  • өндірістік тазалық, қауіпсіздік техникасымен еңбекті қорғау ережелерімен танысу және оларды орындау;

  • кафедраның тапсырмалары бойынша оңтайландырғыш және өнер тапқыш жұмыстарға араласу;

  • барлық тапсырмаларды орындағандығы туралы мекеме жетекшісінің қолы бар кафедра жетекшісіне есеппен күнделікті ұсыну.

Өндірістік тәжірибе мазмұны болашақ мұғалімнің мамандығымен байланысты құрылады.

Оқыту міндеті - білім беріп қана қою емес, білім мазмұны арқылы баланың өмірге, еңбекке, адамдарға, айналадағы қоршаған ортаға дұрыс қатынасын қалыптастыру. Осы орайда, өндірістік практика студентке төмендегідей міндеттер жүктейді:

  • оқытудың дидактикалық принциптерін біліп, оның оқу ісін ұйымдастырудағы басшылыққа алынатын негізгі қағида екендігін ескеру;

  • оқу-тәрбие жұмыстарында педагогика-психология заңдылықтары талаптарына сай шешім қабылдай білуге дағдылану;

  • қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша теориялық білімдерін оқыту әдіс-тәсілдерімен ұштастыра білу әдістемесін меңгеру.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]