Мазмұны
КІРІСПЕ 3
1 Бастапқы дайындаманы таңдау және оны конструкциялау 4
2 Өндірістің типін анықтау 6
3 Механикалық өңдеуге қажетті әдіптер. Операциялық өлшемдер және олардың шақтамалары 7
4 Тетіктерді өңдеудің операциялық технологиясын жасау 12
5 Кесу режимдерін есептеу 14
6 Уақыттың техникалық нормасын есептеу 16
7 Құрастырудың технологиялық үрдісін жобалау 21
ҚОРТЫНДЫ 22
Әдебиеттер тізімі 23
Кіріспе
Еліміздің экономикасын дүние жүзіндегі ең жетілдірілген және қуатты экономикаға айналдыру экономикалық күш-қуаттың негізі – ауыр индустрияны одан әрі дамытуды қажет етеді.
Ғылым мен техниканың ең жаңа жетістіктерін іске қосуда машина жасау саласына басты орын берген жөн. Машина жасау өндірісінің технологиясы мен ұйымдастырылуына революциялық өзгерістер жасауды, еңбек өнімділігін еселеп арттыруды, материал мен энергияның жұмсалуын кемітуді, өнімнің сапасын жақсартуды, қор қайтарымын өсіруді қамтамасыз ететін техникалық-экономикалық жағынан ең жоғары дәрежедегі машиналар, жабдықтар мен аспаптар жүйелері мен комплектілерін шығаруға тиіс.
Өндірістің тиімділігі, оның техникалық прогресі, шығарылатын өнімнің сапасы көбінесе жаңа жабдықтарды, машиналарды, станоктар мен аспаптарды шығаруға, сондай-ақ технологиялық және конструкторлық шешімдердің экономикалық тиімділігі мен техникалық мәселелерді қамтамасыз ететін әдістерді жан-жақты енгізуге байланысты. Ғылыми-техникалық революцияны жүзеге асыруда машина жасау саласы басты, өзекті роль атқарады.
Қолда бар қуатты мейлінше толық пайдалану және саланың ең бірінші кезекте қайта құрылуын жүзеге асыру міндеті алға қойылады. Бұл үшін қайта бөлу есебінен машина жасауға жұмсалатын күрделі қаржыны 1,8–2 есе ұлғайтып, қазіргі заманға сай жабдық түрлерін беруді шұғыл арттырған жөн.
Өндірістік үрдістерді жобалаудың инженерлік әдістерін толықтай игере алатын маман кадрларды даярлауда осы мәселелердің бәрін жолға қоюдың маңыздылығы зор. Осыған орай жоғары оқу орындарының оқу үрдісінде студенттер орындайтын машина шығару технологиясы бойынша тәжірибелік жұмыстарға ерекше мән беріледі.
Бөлшектің технологиялық жобалауын талдау
Тех үрдустің базалық нұсқасында бөлшектің дайындамасы шыңдалу (поковка), сондықтан конфигурация, алу кезінде айтарлықтай қиындық туғызбайды. Материал ерекшеліктеріне қарай дайындаманы басқалай түрде алу қиындау.
Механикалық өңдеу жағынан бөлшектің, арнайы өңдеу әдістерін талап ететін, еңбекті көп қажет ететін бірнеше беті бар.
2 Базалық нұсқадағы технологиялық үрдісті талдау
Жетектегі тістегергіштің материалы болат 19ХГН болғандықтан, дайындаманы металды қысыммен өңдеу әдісімен ғана алуға болады. Ұсақ сериалы өндіріс болса оны прокатка әдісімен алаға болады.
