Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДР_положение-каз_2017.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.49 Mб
Скачать

3 Дипломдық жұмыстың рәсімделуіне қойылатын талаптар

3.1 Әрбір дипломдық жұмыс дипломдық жұмыстардың рәсімделуіне қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау мақсатында нормативтік бақылаудан өтеді. Дипломдық жұмыстың қойылатын талаптарға сәйкестігі нормативтік бақылау парағымен (7-қосымша) рәсімделеді. Нормативтік бақылау парағы бақылау өткізген оқытушы мен студенттің қолдары қойылып, нөмірленбей дипломдық жұмысқа тігіледі және жалпы бет санына кірмейді.

3.2 Нормативтік бақылауды өткізетін оқытушылар шығарушы кафедра меңгерушісінің өкімімен кафедраның ПОҚ-нан тағайындалады. Дипломдық жұмыстың ғылыми жетекшілігіне бөлінген уақыт есебінен (24 сағат) бір дипломдық жұмыстың нормативтік бақылауына 1 сағат бөлінеді.

3.3 Нормативтік бақылауды өткізетін оқытушының міндеті – дипломдық жұмыстың рәсімделуінің қойылатын талаптарға сәйкестігін тексеру.

3.4 Дипломдық жұмыс баспа тәсілімен компьютер мен принтер арқылы А4 форматты ақ қағаздың бір жақ бетіне бір аралық (интервал) сақтай отырып орындалады. Шрифт – Times New Roman, кегль – 14. Мәтін парақ ені бойынша тегістеледі. Дипломдық жұмыс Институттың редакциялық-баспа бөлімінде (4-қабат) түптеледі.

3.5 Қағаз бетінің келесі мөлшерлерін сақтай отырып басу керек: жиектері – сол жағы – 30 мм, оң жағы – 10(+3) мм, жоғарғы жағы – 20(+3) мм, төменгі жағы – 25(+3) мм. Азат жол басындағы бос жер (абзац) – 1,0 (бесінші таңбадан).

3.6 Дипломдық жұмысты әзірлеу барасында көрінген қателер және графикалық дәлсіздіктерді тазартқышпен немесе ақ бояумен бояу арқылы және сол жерге қолжазба түрінде (қара сия, қара тушь немесе гель қаламсабымен) түзетуге рұқсат беріледі.

3.7 Дипломдық жұмыстағы тектер, мекеме, ұйым, фирмалардың аттары, өнімнің аталуы және басқа жалқы есімдер атаулары түпнұсқа тілінде келтіріледі.

3.8 Дипломдық жұмыстың әрбір тарауы (бөлімі) мен параграфы (бөлімшесі) аяқталған ақпараттан тұруы қажет және дипломдық жұмыстың тақырыбын ашу керек.

3.9 Бөлімдердің атаулары диплом жұмысының тақырыбын ашып көрсетуі, ал бөлімшелердің атаулары сәйкесті бөлімінің тақырыбын ашып көрсетуі тиіс.

Бөлім мен бөлімшелердің атаулары олардың мазмұнын нақты және қысқаша дәріптеуі тиіс.

3.10 Тараулардың (бөлімдердің) атаулары бас әріптермен басылады. Параграфтардың (бөлімшелердің) атаулары бас әріптен бастап басылады. Тарау (бөлім) және параграфтардың (бөлімшелердің) атаулары абзацтан (бесінші таңба), тырнақшаға алмай, соңына нүкте қоймай, астын сызбай басылады (8-қосымша). Тарау (бөлім) мен параграфтардың (бөлімшелердің) атаулары бір сөйлемнен туруы тиіс.

Дипломдық жұмыс тарауларының (бөлімдерінің) бүкіл жұмыс шегінде нүктесіз араб цифрларымен белгіленген реттік нөмірлері болуы тиіс. Параграфтардың (бөлімшелердің) әрбір тарау (бөлім) шегінде нүктемен бөлінген нөмірлері болуы қажет. Параграф (бөлімше) нөмірінің соңынан нүкте қойылмайды.

Дипломдық жұмыстың әрбір тарауы (бөлімі) жаңа беттен басталады. Мәтін тарау (бөлім) және параграф (бөлімше) атауларынан екі жол арақашықтықпен (екі Enter) бөлінеді. Бір тарау (бөлім) шегіндегі параграфтар (бөлімшелер) бірінен-бірі және мәтіннен екі жол арақашықтықпен (екі Enter) бөлінеді

3.11 Мұқаба, негізгі (титул) беті және дипломдық жұмыстың тапсырмасына нөмір қойылмайды.

3.12 Дипломдық жұмыстың мазмұны және кіріспенің бірінші беті нөмірленбейді, бірақ жалпы нөмірленуіне кіреді. Дипломдық жұмыс беттерінің нөмірлері кіріспенің екінші бетінен бастап, әрі қарай бүкіл жұмыс бойынша қойылады.

3.13 Жекелеген беттерге орналастырылған иллюстрациялар мен кестелер дипломдық жұмыс беттерінің жалпы нөмірленуіне кіреді.

3.14 Дипломдық жұмыстың беттері бүкіл мәтіні бойынша қатар нөмірленуін сақтай отырып, араб цифрларымен нөмірленеді. Беттің нөмірі парақтың төменгі жағында ортасында нүктесіз қойылады. Шрифт – Times New Roman, кегль – 14.

3.15 Иллюстрацияларды (сызба, карта, график, схема, диаграмма, фотосуреттер) олар жайында алғаш айтылған мәтіннен кейін немесе келесі бетке орналастырылады. Иллюстрациялар түрлі түсті болуы мүмкін және оларды араб цифрларымен бүкіл дипломдық жұмыс бойынша қатар нөмірлеуге болады. Иллюстрацияларды тарау (бөлім) шеңберінде нөмірлеуге болады Жұмыста барлық иллюстрацияларға сілтеме жасау қажет. Иллюстрацияларға сілтеме жасау кезінде, егер суреттер басынан аяғына дейін нөмірленсе, «...2-суретке сәйкес ...», ал тарау (бөлім) бойынша нөмірлеуде «...1.2-суретіне сәйкес...» деп жазу қажет.

Қажеттілігіне қарай иллюстрациялардың аталуы және түсініктеме деректері (сурет астын мәтіндері) болуы мүмкін. «Сурет» сөзі мен оның аталуы түсініктеме деректерден кейін ортада келесідей орналастырылады:

1-сурет. Қазақстан Республикасы халқының жұмыспен қамтылуы

3.16 Кестені өзі ескертілген мәтіннен кейін немесе келесі бетке орналастыру қарастырылады. Барлық кестелерге сілтеме болуы тиіс. Кесте атауын кестенің үстінен, нөмірі және «кесте» сөзінен кейін келесі жолға абзацтан (бесінші таңба) орналастыру керек.

Мысал:

1-кесте

Қазақстан халқының жұмыспен қамтуын талдау (өңірлер бойынша)

мың адам

Е с к е р т у - ҚР статистика жөніндегі Агентігінің 2008 ж. №5 жинағынан алынған мәліметтер

Көп жолдарды алатын кестені келесі бетке тасымалдауға рұқсат етіледі. Кестенің бір бөлігін келесі бетке тасымалдау кезінде оның нөмірі мен «кесте» сөзін кестенің бірінші бөлігінің үстінде сол жақта бір рет көрсетеді, өзге бөліктерінің үстінен кестенің нөмірін көрсетіп, «кестенің жалғасы» деген сөз жазады. Кестенің бөлігін тасымалдау кезінде кестені шектейтін төменгі көлденең сызық сызылмайды. Бағандары көп кестелер қосымшаға енгізіледі.

Кестеде келтірілген шамалардың өлшем бірліктері көрсетілуі және оларды қысқарту ережелері сақталуы тиіс. Бағандар мен мәтінде өз бетінше қысқартулар жасауға болмайды. Кесте ішіндегі мәтіндердің соңында нүкте қойылмайды.

Кесте бағанының әрбір жолында қайталанатын мәтін бір сөзден тұратын болса, онда оны бірінші жазғаннан кейін тырнақшалармен алмастыруға рұқсат етіледі; егер екі одан да көп сөзден тұрса, онда бірінші қайталану кезінде оны «ол да солай» сөзімен алмастырады, ал одан әрі қарай – тырнақшалармен алмастырылады. Тырнақшаларды қайталанатын сандардың, маркалардың, белгілердің, математикалық және химиялық символдардың орнына қоюға жол берілмейді. Егер кестеде қандай да бір жолында сандық немесе өзге де деректер келтірілмесе, онда оған сызықша қойылады. Кестелер араб цифрларымен бүкіл дипломдық жұмыс бойынша нөмірленеді. Кестеде мәтіндегіден кіші шрифт мөлшерін қолдануға рұқсат етіледі.

3.17 Ескертуді оған қатысты мәтіннен, гарфикалық материалдан кейін немесе тиісті кестеге орналастырады. Кестеге қатысты ескерту кестенің аяқталуын білдіретін көлденең сызықтың үстіне жазылады.

«Ескерту» сөзі абзацтан бас әріптен, әріп арасы сиретіліп, жазылуы және сызылмауы тиіс. Егер ескерту біреу болса, онда «Ескерту» сөзінен кейін сызықша қойылып, ескерту бас әріппен жазылады. Бір ескерту нөмірленбейді, бірнеше ескертулер араб сандарымен рет-ретімен нүктесіз нөмірленеді.

3.18 Формулалар және теңдеулер жеке жолға бөліп көрсетіледі. Әрбір формуланың немесе теңдеудің жоғары және төменгі жағынан бір бос жол (бір Enter) қалдырылуы тиіс. Егер теңдеу бір жолға сыймаса, онда ол теңдеу теңдік (=) немесе қосу (+), алу (-), көбейту (х), бөлу (:) белгілерінен кейін немесе өзге математикалық белгілерден кейін тасымалдануы тиіс және келесі жолдың басында белгі қайталанады.

Символдар мен сандық коэффиценттердің түсініктемелерін, олардың формулада берілген реттілігімен, тікелей формуланың астынан келтіру керек. Әр символ мен коэффициенттің түсініктемесін жаңа жолдан бастайды. Бірінші жолды «бұл жерде» деген сөзден, қос нүкте қоймай, бастайды.

Дипломдық жұмыстағы формулаларды барлық жұмыс шегінде реттік нөмірлеумен, жолдың оң жақ шетінен дөңес жақшаларда араб сандармен нөмірлеу көзделеді.

Мысалы:

Э1-n = ТП1-n / ЖА1-n (8)

Эорт = ∑ Э1-n / n (9)

Эк=[∑(ТП1+ТП2+ …+ ТПn )] / [∑(ЖА1+ЖА2+…+ЖАn)], (10)

бұл жерде

Э1-n – 1-ден n-ға дейінгі кәсіпорындардың экономикалық тиімділігі;

ТП1-n – 1-ден n-ға дейінгі кәсіпорындардың таза пайдасы;

ЖА1-n – 1-ден n-ға дейінгі кәсіпорындардың жалпы активтері;

Эорт – 1-ден n-ға дейінгі кәсіпорындардың орташа экономикалық тиімділігі;

n – кәсіпорын саны;

Эк – кластер тиімділігі;

ТП1, ТП2, …, ТПn –n кәсіпорынның таза пайдасы;

ЖА1, ЖА2, …, ЖАn – n кәсіпорынның жалпы активтері.

3.19 Пайдаланылған ақпарат көздеріне сілтемелер тік жақшаға алынады. Мысалы, [4]. Бір ақпарат көзіне сілтеме бір неше рет қайталанса, тік жақшага ақпарат көзінің реттік нөмірі мен сәйкесті беттердің нөмірлері көрсетіледі. Мысалы, [2, 27 б.]. Мәтіндегі сілтеме саны пайдаланылған әдебиеттер тізіміндегі ақпарат көздердің санына сәйкес болу керек.

3.20 Дерек көздер туралы мәліметтерді дипломдық жұмыста пайда болу реттілігімен орналастыру керек. Олар абзацтан бастап араб цифрларымен нүктесіз нөмірленеді.

3.21 Қосымшалар дипломдық жұмыстың жалғасы ретінде рәсімделеді және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен кейін орналасады. Дипломдық жұмыстың мәтінінде барлық қосымшаларға сілтемелер берілуі тиіс. Қосымшалар мәтіндегі сілтемелердің ретіне қарай орналасады. Әрбір қосымша жаңа беттен басталады, беттің жоғарғы жағының ортасында қосымшаның нөмірі мен «қосымша» сөзі көрсетілуі тиіс. Қосымшаның атауы бас әріптен жеке жолдан мәтінге қатысты симметриялы түрде жазылады. Қосымшалар араб цифрларымен нөмірленеді және дипломдық жұмыстың қалған бөлімдерімен ортақ басынан басталатын беттердің нөмірленуіне жатады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]