- •Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
- •Дипломдық жұмысты орындау ережесі
- •1 Негізгі ережелер
- •2 Дипломдық жұмысты орындау сатылары
- •2.1 Дипломдық жұмыстардың тақырыптамасына қойылатын талаптар
- •2.2 Дипломдық жұмыстың ғылыми жетекшісін тағайындау
- •2.3 Дипломдық жұмыстың тапсырмасы
- •2.4 Дипломдық жұмыстың құрылымы
- •3 Дипломдық жұмыстың рәсімделуіне қойылатын талаптар
- •4 Дипломдық жұмыстың қорғауға ұсынылуы
- •5 Дипломдық жұмысты қорғау тәртібі
- •6 Дипломдық жұмысты сақтау тәртібі
- •20___-20___ Оқу жылы
- •Тапсырмасы
- •Жолдаманың түбіртегі
2.2 Дипломдық жұмыстың ғылыми жетекшісін тағайындау
2.2.1 Ғылыми жетекші ретінде профессор, доцент, аға оқытушылар тағайындалады.
2.2.2 Дипломдық жұмыстың ғылыми жетекшісі:
- дипломдық жұмысты орындау үшін тапсырма беруге;
- дипломдық жұмыс орындалуының барлық кезеңіне арналған дипломдық жұмыс орындауының барлық сатыларын көрсететін күнтізбелік кестесін әзірлеуге;
- дипломдық жұмыс арнайы әдебиеттерді терең зерделеу негізінде орындалуы себебінен мәліметтердің бастапқы дереккөздерді және қажетті негізгі әдебиеттерді, оның ішінде монографиялар, заңнамалық-нормативті актілер, анықтамалық және мұрағат материалдары, мерзімді ғылыми басылымдардағы мақалалар, нұсқаулар, ережелер, дәріс курстары, жорналдарды, оның ішінде шетел тілдерінде, ұсынуға;
- студенттің дипломдық жұмыс орындауының күнтізбелік кестесін сақтауын қадағалауға;
- бекітілген мерзімдерде дипломдық жұмыстың көлемі және бөлімдері бойынша кеңес өткізуге міндетті.
2.2.3 Кафедра меңгерушісі студенттерді дипломдық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқаулықтармен қамтамасыз етуге, студенттің дипломдық жұмысының орындалуы туралы есеп беру мерзімдерін белгілеуге, ғылыми жетекшімен бірге дипломдық жұмыстың дайындық дәрежесі жөнінде аралық есеп қабылдауға міндетті.
Дипломдық жұмысты орындау кестесі сақталмаған және дипломдық жұмыстың дайындық дәрежесі жөнінде есеп тапсырылмаған жағдайда ғылыми жетекші кафедра меңгерушісінің атына шара қолдану үшін жазбаша түрде ақпарат береді.
2.3 Дипломдық жұмыстың тапсырмасы
2.3.1 Дипломдық жұмыстың тапсырмасында (2-қосымша) бастапқы материалдар мен ақпарат көздерінің сипаттамасы, дипломдық жұмыста әзірлеуге жататын сұрақтар тізбесі, ұсынылған әдебиеттер тізімі, графикалық материалдың тізбесі (кестелер, диаграммалар, сұлбалар, суреттер және т.б.) келтіріледі.
2.3.2 Жұмыстың аяқталу мерзімі көрсетілген дипломдық жұмыстың тапсырмасын кафедра меңгерушісі бекітеді. Тапсырма дипломдық жұмысқа негізгі (титул) беттен кейін нөмірленбей тігіледі және жалпы бет санына кірмейді.
2.3.3 Қажет болған жағдайда дипломдық жұмыстың ғылыми жетекшілігіне бөлінген уақыт есебінен (24 сағат), диплом жұмысының жекелеген тараулары бойынша кеңесші шақыруға болады.
2.3.4 Күнтізбелік кесте дипломдық жұмыстың орындалу сатыларының реттілігі көрсетіліп, әдебиеттерді іріктеуден сын-пікірмен танысуына дейін толық кезеңге әзірленеді.
2.3.5 Дипломдық жұмыстың негізгі бөлімінде жұмыстың мақсаты, міндеттері, қолданылған есептеулердің әдістемелері, өткізілген эксперимент сипаттамасы, әртүрлі нұсқалардың салыстырмалы сараптамасы, иллюстрация, кесте, сурет, эскиз, диаграмма, сұлбалар келтірілуі және компьютерлік технология қолданылуы қажет.
2.3.6 Зерттеу объектісі мен пәніне қарай студент дипломдық жұмысты Институтта, сонымен қатар, білім беру мекемелерінде, кәсіпорындарда, ұйымдарда орындай алады.
2.4 Дипломдық жұмыстың құрылымы
2.4.1 Дипломдық жұмыс студенттің нақты мамандық бойынша дербес дайындаған көлемі 60-90 беттік компьютерлік мәтіннен тұратын ғылыми-зерттеу жұмысы болып табылады. Қосымшалар көрсетілген көлемге кірмейді.
2.4.2 Дипломдық жұмыстың құрылымдық бөлімдері келесі:
Мұқаба
Негізгі (титул) бет
Сын-пікір
Пікір
Нормативтік бақылау парағы
Дипломдық жұмыстың тапсырмасы
Мазмұны
Кіріспе
Негізгі бөлім (теориялық, сараптамалық және ұсынбалы бөлімдер)
Қорытынды (тұжырымдар мен ұсыныстар)
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымша(лар)
2.4.3 Мұқаба мен негізгі бет дипломдық жұмыстың алғашқы беттері болып келеді және құжатты өңдеу мен іздестіруге қажетті ақпарат көзі ретінде қызмет етеді.
Дипломдық жұмыстың мұқабасы (3-қосымша) мен негізгі беті (4-қосымша) нөмірленбейді, бірақ жалпы бет санына кіреді.
2.4.4 Дипломдық жұмыстың мазмұны кіріспе, барлық бөлімдер мен бөлімшелердің реттік нөмірлері мен атаулары, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, қосымшалардың атауларынан тұрады.
Мазмұнда дипломдық жұмыстың әрбір элементі басталатын беттердің нөмірлері көрсетіледі.
Дипломдық жұмыстың мазмұны (5-қосымша) келесі талаптарға сай болу керек:
Материалдың логикалық бірізділікпен баяндалуы;
Зерттеудің нақты мақсатты бағыттылығы;
Жұмыс нәтижелерінің нақты баяндалуы;
Тұжырымдар мен қорытындылардың дәлелділігі және шешімдер мен ұсыныстардың негізділігі.
2.4.5 Кіріспеде дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі, ғылыми жаңашылдығы және практикалық маңыздылығы негізделіп, қарастырылатын ғылыми мәселенің ағымдағы жағдайын бағалау қажет, сонымен қатар диплом жұмысының мақсаты, міндеттері, дипломдық зерттеудің объектісі, дипломдық жұмыстың теориялық және әдіснамалық негіздері және дипломдық жұмыс жазылуының тәжірибелік базасы көрсетіледі. Кіріспенің көлемі 2-5 бет болу керек.
2.4.6 Дипломдық жұмыстың негізгі бөлігінде орындалған жұмыстың маңызын, мазмұнын, әдістемесі мен негізгі нәтижелерін білдіретін мәліметтер келтіріледі. Дипломдық жұмыстың негізгі бөлігі бөлім және бөлімшелерге бөлінеді. Дипломдық жұмыс 2 немесе 3 тараудан тұрады.
Бірінші тарау – теориялық, 2-3 параграфтан тұрады. Бұл тарауда ғылыми, заңнамалық, практикалық және басқа әдебиеттік ақпарат көздеріне шолу жасалынып, зерделенетін мәселенің теориялық аспектілері мен мәселелері қарастырылады. Әдебиеттік ақпарат көздеріне шолу жасау барысында осы тарауда қаралатын мәселенің ұғымдық аппараты, әдіснамалық негіздері анықталу керек, зерделенген тақырып бойынша отандық және шетелдік ғалымдардың пікірлеріне салыстырмалы баға беру және қойылған мәселелерді зерделеу мен шешуге бағытталған өзіндік көзқарасы мен үлесін көрсету қажет.
Екінші тарау – сараптамалық, 2-3 параграфтан тұра алады. Бұл тарауда арнайы ақпаратты (ғылыми, анықтамалық, нормативті-заңнамалық, техникалық, статистикалық, тәжірибелік т.б.) зерделеу негізінде зерттеу объектісінің жанжақты кешенді сараптамасы келтірілуі, зерттеу объектісі мен пәнінің толық сипаттамасы берілуі, зерттеу объектісінің факторлары мен заңдылықтары, даму бағыттары, бар тәжірибенің кемшіліктері және оларды шешудің жолдары көрсетілуі керек.
Үшінші тарауда түйіндеу, ұсыныс жасалады. Бұл 2-3 параграфтан тұра алатын тарауда зерделенген мәселені теориялық және практикалық тұрғыдан талдау негізінде зерттелген объектінің кемшіліктері, осы саладағы шешілмеген мәселелер, даму перспективалары, мәселелерді шешу жолдары айқындалады.
2.4.7 Қорытынды бөлімі дипломдық зерттеулер қорытындыларының қысқаша тұжырымдарынан, қойылған міндеттердің толық шешілуін бағалаудан, зерттеу объектісі бойынша нақты ұсынысардан тұруы қажет. Көлемі 2-5 бет.
2.4.8 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі (6-қосымша) – пайдаланылған ғылыми, оқу, мерзімдік, заңнамалық-нормативті, статистикалық, электронды және басқа ақпарат көздерінен тұратын, ғылыми жұмыстарға қойылатын талаптарға сай рәсімделген және кем дегенде 25 ақпарат көзінен тұратын тізімдеме.
2.4.9 Қосымшаға негізгі бөлімде көрініс таппаған, дипломдық зерттеуді орындаумен байланысты материалдар енгізіледі. Қосмышаларды кесте, сурет, нұсқау, есептеулер т.б. түрде келтіруге болады.
