Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДР_положение-каз_2017.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.49 Mб
Скачать
      1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Ы.Алтынсарин атындағы

Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты

«БЕКІТЕМІН»

Ы.Алтынсарин атындағы

АрқМПИ ректоры

г.ғ.д. С.Қуанышбаев __________________

«___» ________ 2016 ж.

Дипломдық жұмысты орындау ережесі

АрқМПИ Ғылыми кеңесінің мәжілісінде қаралды

«___» ___________ 2016 ж.

Хаттама №____

Арқалық, 2016

1 Негізгі ережелер

1.1 Осы Дипломдық жұмысты орындау ережесі (бұдан әрі – Ереже) Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтында (бұдан әрі – Институт) дипломдық жұмысты орындау және рәсімдеу тәртібіне қойылатын талаптарды анықтайды.

1.2 Дипломдық жұмыс оқудың соңғы сатысында орындалатын жазбаша бітіру жұмысы болып табылады, егер ол мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартында және мамандықтың оқу жоспарында қарастырылатын болса.

1.3 Дипломдық жұмысты орындаудың мақсаты:

1) студенттердің таңдаған мамандығы бойынша теориялық және практикалық, кәсіптік білімдерін жүйелеу, бекіту және кеңейту, оларды нақты практикалық міндеттерді шешуде қолдану;

2) дербес жұмыс жасау дағдысын дамыту және ғылыми зерттеу, материалды жинақтау және логикалық баяндау әдісін меңгеру;

3) заманауи өндіріс, ғылым, техника, мәдениеттің жағдайында студенттің таңдаған мамандығы бойынша дербес жұмыс жасауға дайындық деңгейін, сонымен қатар оның кәсіби құзыреттілік деңгейін анықтау.

1.4 Дипломдық жұмыс тиісті ғылым саласының белгілі бір мамандығының өзекті мәселесі бойынша дербес зерделеу және зерттеу нәтижелерін қорытындылайды.

1.5 Дипломдық жұмыс ғылыми жетекшінің жетекшілігімен орындалады және келесі талаптардың біреуіне сай болуы тиіс:

1) ғалымдардың, сарапшылардың, практиктардың жүргізген зерттеу нәтижелерін зерделеу және қорытындылау;

2) зерттелетін объект бойынша ғылыми негізделген теориялық қорытындылардың бар болуы;

3) қолданыс барысында нақты міндеттің шешілуін қамтамасыз ететін ғылыми негізделген қорытындылардың бар болуы.

1.6 Дипломдық жұмысты орындау барысында студент келесі міндеттерді орындау керек:

1) таңдаған тақырыптың өзектілігі мен маңыздылығын негіздеу;

2) қажетті мәліметтерді жинақтау арқылы зерттеу объектісі (пәні) жағдайын талдау;

3) зерттеу барысында алынған нәтижелерді жалпылау негізінде нақты қорытынды мен ұсыныстарды тұжырымдау;

4) алынған нәтижелерді жалпылау негізінде зерттеу объектісінің қызметін жетілдіру жолдарын немесе нақты мәселе, сұрақ, міндеттерді шешу жолдарын ұсыну.

1.7 Дипломдық жұмыста келтірілген барлық мәліметтердің дәлдігі мен дұрыстығы үшін студент, дипломдық жұмыстың авторы ретінде, жауапты болып келеді.

1.8 Институттың шығарушы кафедралары және дипломдық жұмысты орындайтын бітіруші курс студенттері осы Ережені басшылыққа алуға міндетті.

2 Дипломдық жұмысты орындау сатылары

2.1 Дипломдық жұмыстардың тақырыптамасына қойылатын талаптар

2.1.1 Дипломдық жұмыстардың тақырыптамасы мамандыққа және бакалаврларды дайындау бағдарына сай, өзекті, ғылым, техника, мәдениеттің жағдайы мен даму перспективаларына сай, мазмұны бойынша осы Ереженің 1.5 тармағының талаптарына сай болу керек.

Дипломдық жұмыстардың тақырыптарын анықтау кезінде білім мен ғылымның нақты міндеттері мен мәселелерін ескеру қажет.

2.1.2 Дипломдық жұмыстардың тақырыптамасын шығарушы кафедра әзірлейді және Инстиуттың Ғылыми кеңесі бекітеді.

2.1.3 Дипломдық жұмыстардың тақырыптамасы бітірушілер санынан 2 есе көп болу және жыл сайын кем дегенде 30%-ға жаңартылып отыру керек.

2.1.4 Студент бекітілген тақырыптамадан кафедра меңгерушісінің атына жазылған жеке өтініші (1-қосымша) негізінде дипломдық жұмыстың тақырыбын таңдайды. Өтініште бітіруші студент нақты тақырыпты бекітуді сұрауымен қатар кафедра ПОҚ-нан нақты оқытушыны ғылыми жетекші ретінде тағайындауды сұрауы мүмкін.

2.1.5 Студент зерттеу үшін дипломдық жұмыстардың тақырыптамасына кірмеген өз тақырыбын ұсынуға болады. Мұндай жағдайда студент өзінің ғылыми және тәжірибелік мүддесіне сүйене отырып жазбаша түрде негіздеме беруі қажет.

2.1.6 Дипломдық жұмыстың тақырыбы оқу жылының басында студентке Институт ректорының бұйрығымен бекітіледі.

2.1.7 Дипломалды тәжірибе аяқталғаннан кейін қажеттілігіне байланысты диплом жұмысының тақырыбы шығарушы кафедра меңгерушісінің дәлелді ұсынысымен өзгертілуі, нақтылануы, түзетілуі мүмкін.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]