Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
маала.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
146.16 Кб
Скачать

Үндістан

Әсем би, сұлу сазды- үнді елі,

Мәңгілік жаз, құлпырған гүлдің елі.

Сарайыңды ашып, шөліңді басар

Сусынның шай отаны- Үнді елі.

Отанымыз қыс болмайтын үнді елі,

Мәңгі жасыл құлпырған гүлдің елі.

Сіздер ішер шайыңыз біздердікі,

Біздің жер джунгли, пілдің елі.

Ән менен жыр, үнді ұлтының биі қандай,

Пейіштің жүргендейміз жұмағында-ай.

Киномыз кәрі- жасты елтіп кетер,

Әлем аруы атанған Айшвария Рай.

Біздің ел махаббаттың адал елі,

Тәж- Маһал куә болып қалған белгі.

Гауһар тас, жаһұт, меруерт, маржан,

Байлықтың жер бетінде тұнған жері.

Халқымыз көп, ал Дели- астанамыз.

Өзге ұлттан бай біздің асханамыз.

Дініміз- индуизм, рупи- ақша.

Дамушы елміз, әлі- ақ жақсарамыз.

Грузия

Тауда туып, тауда өскен, таудың халқы,

Елден ерек Кавказдың бөлек салты.

Бұлақ суы, жұтқаны кәусар ауа,

Көп жасаудан грузиннің шыққан даңқы.

Бар халыққа үлгіміз,

Грузинбіз- гүржіміз.

Жүзім шарап, сусын іш

Келсе ұзақ сүргіңіз.

Қара теңіз жағасы,

Батумидай қаласы.

Демалуға келеді

Барлық адам баласы.

Субтропика, қысы жоқ,

Жеміс- жидек, цитрус көп.

Шай менен бар небір ас,

Кеп кетіңіз қонақ боп.

Курорт қандай тамаша

Суға түссек жарыса,

Кел ортаға билейік,

Қуанайық балаша.

Корея

Киносымен біздерді баурап алған,

Электроникасымен әр үйді жаулап алған.

Корея «Азияның айдаһары»

Камбок киген келеді балалары.

Корея – «Азияның жолбарысы»,

Жаман емес алға аяқ алысы.

Экономикасы 24- ші орында,

Жоғары боп ішкі өнім, табысы.

Сеул қаласы Кореяның астанасы,

Дамыған өнеркәсіптің бар саласы.

Табиғаты –өзен, көл, таулы орман,

Күріш өсіп жайқалған кең даласы.

Автолары: «Хундай», «ДЭУ», «Пони–Эксел»,

Электроникасы: «LG», «ДЭУ», «Самсунгтер».

80% халқы тұрады қалада,

90% таза корейлер.

Қонақжай, мейірімді қазақ халқым.

Бауырға басқан 100 мыңдай корей халқын.

Көш басына сен де жет тілегіміз,

Жайылсын барша елге атақ- даңқың,

(Асқа жарнама)

Кәріспіз, дәмдеуішпен асын жеген,

Ал ұлттық тағамымыз «кокси» деген,

Көрсеткен тарихы мен ойын- сауық,

Қараймыз киноларын уақыт тауып.

Өзге ұлттан бөлек өнері,

Әсіресе, ән менен жыр, билері,

(Салем салады)

Армысыз, қазақ елі, дархан халық.

Барша ұлтты қарсы алған құшақ жайып.

Корей елі дәстүрлі салтыменен

Құрметпен келдік сіздің елге «Салем салып».

Украин

Ен байлықты үйіп берген Құдайым,

Қазақпенен дос боп келген ылайым.

Қарабұтақта болған жазушы, ақын, суретші

Тарас елі алдымызда Украин.

(орамалдағы нан мен тұз ұстап)

Ұлтымыз болады Украин,

Есігі ашық ылайым.

Досқа ашық құшағым,

Қуана досты құшамын,

Дәстүр солай елдегі-

Дастархан гүл кестелі.

Қонаққа ұсынар салтымыз

Нан- тұздан дәм татыңыз.

Қара теңіз жағалауы жағажай,

Санаторий, курорт қонған жағалай.

«Артек» деген лагері бар балаларға,

Курорттары – Евпатория, Ялтадай.

Украин туыс- бауыр орыспен,

Аты шыққан харчо, щи, борщпен.

Арулары ұзын шашты, ал жігіттер

Мүсіндерін сомдап құйған құрышпен.

Болған адам қоштасуға қимайды,

Табиғаты тамаша, ал егісі бидайлы.

Донбастан көмір алса, Карпатта

Қысы- жазы шаңғышылар зулайды.

Ресей

Табиғаты алуан, байлығымен таңдантады,

Бір шетінде күн батса, бір шетінде таң атады.

Қазақ- орыс достығы тарихы бар.

Үш ғасырды мәңгіге жалғатады.

Мен орыспын қара қылды қақ жарам,

Сауықшылмын, сайраншылмын басқадан.

Орыс- қазақ дос боп келдік 300 жыл

Қазақтардай көршім бар деп мақтанам.

Қазағы көп оңтүстікте Орынбор

Петр салған қалам Санкт- Петербург.

Москва- жан жүрегім астанам,

Иван Грозный салып кеткен бас қалам.