Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
маала.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
146.16 Кб
Скачать

География сабағында өлеңдердің сабақ сапалығын арттырудағы ролі. Есжанова Роза

Маржанбұлақ орта мектебінің

география пәні мұғалімі.

Мектептің білім беру жүйесінде жас ұрпақты жан –жақты дамыту мен тәрбиелеуде, патриоттық сезімдер мен ұлттық саналы қарым-қатынас қалыптастыруда, функционалды сауатты, шығармашыл тұлға тәрбиелеуде, Жер бетіндегі тіршілікті сақтауда, табиғат пен қоғам алдындағы жауапкершілікті сезінуде, қазіргі әлемде Қазақстанның орнын түсінуде және ел әлеуетін көтерудегі өз үлесін ұғынуда география пәні үлкен рол атқарады.

География пәнін оқытуда зерттеушілік құштарлықты, қиялды дамыту; ғаламтор мен білім берудің цифрлық ресурстарын қолдана білу дағдыларын дамыту; өз өмірі және әрекеті барысында географиялық білімді тиімді пайдалана білуі үшін білім, дағды және шеберлікті меңгерту; жоғарғы отансүйгіштік сезімге, Қазақстан Республикасының Конституциясын сыйлауға тәрбиелеу, белсенді өңірлік көзқарас қалыптастыру міндеттерін шешу арқылы география пәнінің алға қойған мақсатына қол жеткіземіз. Осы мақсаттарға жету жолында кездесетін көптеген қиындықтар, әсіресе бүгінгі таңда өскелең жас ұрпақтың сөйлеу мәнерінің қалыптаспағаны мен сөздік қорының жұтаңдығы, әдеби көркем шығарма оқымайтындығы олардың өз ойларын сөзбен айтып жеткізе алмауына кесірін тигізіп отыр. Қазақтың ұлттық құндылықтарын көзқарашығындай сақтауға, өз отанын жанымен сүюге, қазақ боп туылғанын мақтан етуге және өз ұлтын өзге ұлттан жоғары қоюға насихаттау мақсатында көптеп ізденуге тура келеді. Ғаламтордағы көптеген балалар үшін өте қызықты әлемнен тек қана өз ұлтымызды, өз елімізді алға қарай дамытатын ақпараттарды саралап алуға үйретуіміз керек. Ол үшін күнделікті сабақта бала санасына ұлтымыздың асыл құндылықтарын құйып отыруға жұмыстануымыз керек. Ал бұл жерде ұстаздар үшін кездесетін қиындық бізге қажет әдістемелік құралдар мен кітаптардың жетіспеушілігі. Мен де осы мәселені шешу үшін шығармашылықпен айналысуыма, көп ізденуіме тура келді. Жинаған ақпараттарымды саралап, бір жүйеге келтіріп, тек қажеттілерін өз ұлтымыздың бойындағы бар өлеңнің құдіретіне жүгіндім. Өзімнің бірнеше жылдық тәжірибемнен қолданған еңбектерімді ұсынбақпын.

Сабақты жақсы көңіл күймен бастау үшін тренингтер ұйымдастыру сыныпта жағымды атмосфера қалыптастырып, іскерлік дағды орнатады. Ол тренинг сол күнгі сабақтың мақсатына қатысты болуын ескерілуі керек. «Кереге, уық, шаңырақ» әрі тренинг, әрі сергіту үшін мынадай қимылды өлең жолдарын құрастырып, отанымыздың бірлігі, сыныптың тұтастығы, білімді де бірлесе отырып нәтижеге бірге жетуге насихаттау үшін қолдандым.

Қане, жылдам тұрамыз,

Қол ұстасып шеңбер құрамыз..

Отырамыз.

Бәріміз жайлап тұрамыз.

Керегені құрамыз.

Біз әрқашан біргеміз,

Ажырамас іргеміз.

Біз бірлікті қалаймыз,

Уықтарды қадаймыз.

Шаңырақ биік тұрады,

Көтереміз жоғары.

Бірлесіп білім аламыз,

Оқу - білім бұлағы.

Оқушылардың бойында патриоттық сезімдер мен ұлттық саналы қарым-қатынас қалыптастыру мақсатында мынадай сергіту сәттерін қимылмен жасаған ұтымды.

Кең байтақ менің Отаным,

Асқар да биік тауларың.

Шыңдарың тіреп аспанды,

Мөп-мөлдір ашық аспаны.

Төбеде күні жайнады,

Желбіреп туы, байрағы.

Қалықтап көкте қыраны,

Мен бақытты ұланы.

Азамат болып өсемін,

Отанға қызмет етемін.

Жайқалған гүлін теремін,

Анама сыйға беремін.

Қазақтың ұлттық құндылықтарын көзінің қарашығындай сақтауға, өз отанын жанымен сүюге, қазақ боп туылғанын мақтан етуге және өз ұлтын өзге ұлттан жоғары қоюға насихаттау мақсатында бірнеше таныстыруларды ұсынбақпын.

Мен,қазақпын, қазақпын деп мақтанам,

Сен де тудым жазиралы кең далам.

Өзіңменен кеткен өмірім ұштасып

Туған өлкем сен де ғана бақ табам.

Қыраны көк төсінде қанат қағып,

Жас шыбықтай көктеген тасты жарып.

Тыңнан жол сап, Қазақстан көш басына

Күннен күнге қарыштап барады дамып.

Армысыздар, қалың жұртым, қазағым.

Алға ұмтылып жалындадың, маздадың.

Ауызбірлік болсын елде, тыныштық,

Құдай өзі бере жатар қалғанын.

Тәй- тәй басып, шықтың атақ- даңқыңмен,

Жалғасысың, өшпейсің дәстүр- салтыңмен.

Қазақстан жаса- жаса мәңгілік,

130- дай ұлт пен ұлыс халқыңмен.

Қазақстан, қазақ елі Отаным,

Сенде туып, сенде өскен ұланмын.

Шаңырағыңда желбіресін көк байрағың,

Көк аспанда қалықтасын қыраның.

Сыныптан тыс шаралар мен «Қазақстанның экономикалық географиясы» курсында Қазақстанның экономикалық аудандарын таныстыруда мына өлең жолдарын жаттатса, экономикалық аудандарға кіретін облыстар, өндіріс орындары мен шығатын қазба байлықтары туралы алған білімдерін балалар есте ұзақ сақтайды.

Батыс Қазақстан:

Қазақстан Батысымен шетелге де ұнайды

Хром, никель, фосфор, газды, мұнайлы.

Облыстар: Ақтөбе, Маңғыстау мен Атырау,

Орал Батыс Қазақстанды құрайды.

Тұщы су өндіретін АЭС- і бар Ақтауда,

Мұнай өндіретін зауыты бар Атырауда.

Ақтөбеден шыққан рентген аппаратын

Жапониядай елдер көп сатып алатын.

Солтүстік Қазақстан:

Солтүстік Қазақстан астықты өлке,

Сенің арқаң нан жесек бөлке- бөлке.

Екібастұз сенің көмірің жаққанымыз,

Павлодар сенің тракторың сатқанымыз.

Жетіқара, Степняктан алтын қазып,

Сакалов- Сарыбайдан темір алып.

Қостанай, Ақмола, Павлодар, Петропавл,

Елордасы Астанадай қала салып.

Орталық Қазақстан

Қазақтың Сарыарқасы, Қарқаралы

Орталық Қазақстан Қарағанды.

Көмірі кокстеліп домна пеші үшін

Экспортпен көп елге таралады.

Жезқазған жаяу жүріп Қаныш ашқан,

Мыс рудасы шет елден инвестр тартқан.

Теміртауда толық циклді комбинат бар

Нұраға да еңбектің алғаш дәмін татқан.

Шығыс Қазақстан

Өскемен полиметалымен елге аян,

Алтын-күміске бай Алтай-Саян.

Семейде Шоқан туған, Абай туған,

Аягөзде –Қозы Көрпеш, сұлу Баян.

Күнбағыс, тұт жібек құрты, омарта,

Марал мүйізінен жасалады панта.

Семейде қалдықсыз ет комбинаты,

Ертісте СЭС-і бар «Бұқтырма».

Оңтүстік Қазақстан

Қызылорда, Жамбыл,Шымкент,Талдықорған

Құрамына кіреді Оңтүстік Қазақстан.

Алматым қар жамылған Алатауда, Бақ қонған киелі жер Түркістан.

Өсіріп күріш, мақта, темекі, қант,

Шымкентте дәрі, шина, прессавтомат,

Жасалады эксковатор Кентауда,

Фосфорит өндіріледі Қаратауда.

«Қазақстанның Қызыл кітабы» немесе «Қорықтар», «Табиғат зоналары» т.б. тақырыптарды өткенде, 6, 7, 8-ші сыныптарды топтарға бөлген кезде бөлінген топтардың аттарымен таныстыруға мына өлең жолдарын алуға болады.

«Қызғалдақ»

Біреу білсе, біреу білмес отанын,

Ақтөбе екендігін қызғалдақтың.

Қысқа ғана ғұмыры болсадағы

Көктемін құлпыртады біздер жақтың.

Голландияға ауып барған тағдыр айдап,

Бір қазақ корольге сатқан сайлап.

Айырбастап үш түйір жуашығын қамал,жерге

Ал Нидерланд гүлді сатып байыды демде.

«Қасқыр»

«Көкбөрінің ұрпағымыз айбарлы,

Кіші жүзбіз ел қорғаған найзалы.

Қасқыр- жыртқыш, өте ұйымшыл үйірі.

Батыл жүрек, қолға түспес айлалы.

«Жусан»

Көршілері: Орыс-«Аю» тотемі,

Қытай-«Айдаһар» жалмап жұтқан бөтенді.

Ұйымшыл бол, қазағым, қорға барыңды

Тайраңдатпай өз жеріңде бөтенді.

Жалғасымын қыпшақ, сақтар тегінің,

Жусан исі аңқыған қазақ жерінің.

Құдіретің сенің сондай күшті ғой

Малға азық, жанға дауа шөбіңнің.

Мысырды билеп сұлтан болған Бейбарыс,

Қыпшақ жері болсадағы қанша алыс.

Ұлтан болып өз еліне оралған

Қымыз дәмі, жусан исі боп таныс.

Өлеңдер жаттату арқылы дәрігерлер есте сақтау қабілеттері нашарлаған адамдардың жадын емдеп қалпына келтіретін болса, біз де балалардың жадында қажет ақпараттарды ұзақ сақтауды дамытуда өлең жаттататын болсақ, шежіре мен тарихи оқиғаларды да есінде сақтауға, сөз сөйлеу мәнерін де қалыптастырамыз. Америка материгінің халқы туралы өткен кезде мына өлеңдерді пайдаланса, аз сөзбен қысқа мерзімде көп нәрсе ұтатынына кепілдік беремін.

(Бұл өлең жолдарын мұңды дауыспен оқып,

сол тайпалардай киініп, боянып бейне таспаға үйден түсіп келіп, сабақ барысында көрсетеді

Үндіс көсемі

Тыңда, Адамзат, тарихымды айтамын

Мен көсемі үндіс деген тайпаның

Қарғыс атқыр алтын үшін ақ нәсіл

Халқымды кеп қырып жойып, жайпадың

Аямадың кәрі мен әйел – баланы,

Қанға бояп оқ көрмеген даланы.

Жұқпалы ауруды әкеп тараттың

Тып – типыл боп қалдық содан шамалы.

Колумб келіп бұзды біздің тыныштықты,

Еуропалықтар бәрін тонап, бәрін жұтты,

Қарғыс алған Христофор ең соңында

Көк тиынсыз, қаңғып қалып нені ұтты?..

Үндістердің асыл тас, тау – тау алтындары

Қоймасына испан королінің құйылғаны.

Ұрпақтары байлығымызға қарық болып,

Ал үндістер резерваттарға қуылғаны.

Жауынгер халқымыздың даңқы өшпес,

Біз үндістер нәсіліміз монғол тектес,

Келгенбіз «Жаңа жерге» Азиядан

Болған кезде Аляскамен шектес.

Ацтектер

Мексика жерін мекен еткен ацтектер

Тайпамыз біз жеңілмейтін жауынгер.

Елді билеуші басқарып, ал билік

Ауысатын баласына мұрагер.

Астанамыз– Мехико аралында үлкен көлдің,

Дамыған барлық түрі қолөнердің.

Тас қашап, металл менен ағаш өңдеп,

Сауда жасап айырбастап өнімдерін.

Көрші елдерді күшпенен басып алып,

Құл алатын және де салық салып.

Құлды жұмсап батпақтарды құрғатып,

Бау – бақшаға баратын канал салып.

Майя тайпасы.

Тайпамыз-маия, мекеніміз-Юкатан,

ІІІ-ғасырдан жазу білген арғы атам.

Иероглифпен жазылған тарихи оқиғалар,

Храмдарда тас қабырға бар бақан.

Чичен – Ицедегі пирамида сатылы –

Дәл күнтізбе өткерген он ғасырды.

«0»-санын да біз ғылымға енгізген,

Тастан қалап жол да салып желгізген.

Обсерваторияда зерттеп жұлдыз, аспанды,

Ғаламшарлар Күнді айналатынын ашқанды.

Ай мен Күннің тұтылуын дәл есептеп,

Тоқырау күндерін де дәл тапқанды.

ХҮІ ғасыр... Инквизация бұйрығы «соғып сойылды»,

Маия қолжазбасы өртелді де, жойылды.

Өлді абыздар, маия тілі ұмытылды.

Соңғы төрт қолжазбасы (кітап) мұражайға қойылды.