- •І. Мақсаты мен міндеттері.
- •Іі. Жарысқа басшылық.
- •Ііі. Шаңғы спорты Фестивалін өткізу кезеңдері мен мерзімі.
- •IV. Өтінімдерді тапсыру мерзімі.
- •V. Шаңғы Фестивалінің бағдарламасы және жеңімпаздарды анықтау тәртібі.
- •Vі. Фестивалді өткізу шығындары.
- •Vіі. Марапаттау
- •«Денсаулыққа шаңғы жолымен – 2017» Аудандық шаңғы спортының Фестивалін ұйымдастыру және көпшілік шаңғы жарыстарына қатынасу үшін _____________________________________ командасынан
- •________________Ауылдық округ әкімі __________ ___________________
- •«Денсаулыққа шаңғы жолымен – 2017» шаңғы спорты Фестивалінің өткізілген і кезеңінің есебі
- •2016 Жылғы (қанша) ____ жұп шаңғы және (қанша) ______ теңгеге алынды
- •«Денсаулыққа шаңғы жолымен – 2017» Аудандық шаңғы спортының Фестивалін ұйымдастыру және көпшілік шаңғы жарыстарына қатынасу үшін _____________________________________ командасынан
- •_______________Ауылдық округ әкімі __________ ___________________
Амангелді ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі
«КЕЛІСЕМІН» Амангелді ауданы әкімінің орынбасары _____________________ С. Хайруллин « ___ » ________________ 2017 г. |
«БЕКІТЕМІН» Амангелді ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы _____________________ Б. Мусин « ___ » ________________ 2017 г.
|
«Денсаулыққа шаңғы жолымен-2017»
Аудандық шаңғы спортының Фестивалін ұйымдастыру және көпшілік шаңғы
жарыстарын өткізу
Амангелді селосы
2017 жыл
«Денсаулыққа шаңғы жолымен – 2017» Аудандық шаңғы спортының
Фестивалін ұйымдастыру және көпшілік шаңғы жарыстарын өткізудің
РЕГЛАМЕНТІ
"Денсаулыққа шаңғы жолымен-2017" Аудандық шаңғы спортының Фестивалі және көпшілік шаңғы спорты жарыстарын ұйымдастыру. (бұдан әрі – Фестиваль) Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының 2017 жылға бекітілген бірыңғай өңірлік спорттық-бұқаралық іс-шараларның күнтізбелік жоспарына сәйкес жүргізіледі
Осы регламенттің талаптары барлық санаттары үшін міндетті болып табылады
І. Мақсаты мен міндеттері.
Фестивалді өткізу Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауын жүзеге асыру мақсатында дене шынықтыру мен спортты насихаттаудың маңызды факторы ретінде халық арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, спорттық іс-шаралар арқылы салауатты өмір салты құндылықтарын және шаңғы спортын одан әрі насихаттай отырып, ауданды шаңғы құралдарының материалдық базасын нығайту.
Іі. Жарысқа басшылық.
Шаңғы спорты Фестивалін өткізудің жалпы басшылығын ауданның дене шынықтыру және спорт бөлімі жүргізеді. Мекеме, мектеп, ауыл және ауылдық округтерде басшылықты жергілікті жердің әкімдері, спорт әдіскерлері, дене шынықтыру пәні мұғалімдері және мекеме басшылары жүргізеді. Ұйымдастыру алқасының құрамына дене шынықтыру және спорт бөлімінің қызметкерлері, жергілікті жердің әкімдері, спорт әдіскерлері, білім саласының, денсаулық саласының өкілдері кіреді.
Ііі. Шаңғы спорты Фестивалін өткізу кезеңдері мен мерзімі.
Фестивал мемлекеттік және қоғамдық мекемелердің белсене қатынасуымен үш кезеңде өткізіледі.
І кезең – шаңғы жарыстары ауданның барлық ауылдық округтерінде, селоларында, жалпы білім беретін мектептерінде төменде көрсетілген жас ерекшеліктеріне сәйкес өткізіледі. Қатысушылардың жас ерекшеліктері: 2003 жылғы және одан төмен жастағы ер балалар мен қыз балалар, 1999-2002 жылғы туылған ер балалар мен қыз балалар, 1988-1998 жылы туылған ерлер мен қыздар, 1967-1987 жылы туылған ерлер мен қыздар, 1966 жылғы және одан жоғары жастағы ерлер мен әйелдер. Өткізілу мерзімі: 2017 жылдың 30 қаңтарына дейін.
ІІ кезең – аудандық шаңғы Фестиваліне ауылдық округтерден, селолардан, жалпы білім беретін мектептерден төменде көрсетілген жас ерекшеліктеріне сәйкес 12 адамнан кем болмауы тиіс. Команда құрамы 12 спортшы 1 бапкер, 1 команда өкілі. Қатысушылардың жас ерекшеліктері: 1988-1998 ж.т. – 2 ер, 2 қыз, 1967-1987 ж.т. – 2 ер, 2 әйел, 1966 жылғы және одан жоғары жастағы – 2 ер, 2 әйел. Аудан орталығындағы мекемелерден төменде көрсетілген жас ерекшеліктеріне сәйкес кем дегенде 1 адамнан қатынасуы керек. Команда құрамы 6 спортшы және 1 команда өкілі. Қатысушылардың жас ерекшеліктері: 1988-1998 ж.т. – 1 ер, 1 әйел, 1967-1987 ж.т. – 1 ер, 1 әйел, 1966 жылғы және одан жоғары жастағы – 1 ер, 1 әйел. ІІ кезеңнің қорытындысы бойынша ІІІ кезеңге қатынасу үшін ауданның құрама командасы іріктеледі. 2003 жылғы және одан төмен жастағы 2 ер бала мен 2 қыз бала, 1999-2002 жылғы туылған 2 ер бала мен 2 қыз бала мектеп оқушыларының аудандық шаңғы жарыстарының қортындысы бойынша анықталып, аудан құрамасына алынады.
Өткізілу мерзімі: 2017 жылдың 11 ақпаны сағат 10:00 де. Жарыстың өтетін орны: Амангелді - Үрпек бағытындағы көпірдің оң жақ бетіндегі Жалдама өзенінің жағалауында өткізіледі.
ІІІ кезең – облыстық шаңғы Фестивалі 2017 жылдың 23 – 25 ақпан аралығында Қостанай қаласында өткізіледі. Команда құрамы 20 спортшы, 1 жаттықтырушы және 1 команда өкілі.
IV. Өтінімдерді тапсыру мерзімі.
Дәрігердің мөрімен бекітілген, белгіленген түрдегі өтінімді және қатысушылардың жеке куәлігінің, туу туралы куәлігінің көшірмесін ауданның дене шынықтыру және спорт бөліміне 2017 жылдың 9 ақпаны күні сағат 10:00 ден 16:00 ге деін тапсыруларыңыз керек. Төрешілер алқсының отырысы 2017 жылдың 9 ақпаны күні сағат 16:00 де Балалар-жасөспірімдер мектебінде өткізіледі.
