- •III тарау. Асептика және антисептика
- •Асептиканы механикалың, физикалық, химиялық әдістердің көмегімен іске асырады.
- •Залалсыздандыруға дайындап орналастыру
- •Бу қысымымен залалсыздандыру (автоклавтау)
- •Залалсыздандырудың 3 негізгі тәртібі бар:
- •Құргақ ыстық ауамен залалсыздандыру
- •Сәулелі залалсыздандыру
- •Таңгыш заттар мен операциялық жапқыштарды залалсыздандыру
- •Заттардың залалсыздыгын тексеру әдістері
- •Залалсызданган заттарды сактау
- •Хирургтың қолын өңдеу
- •Операциялық аланды өндеу
- •Тігіс жіптерін залалсыздандыру әдістері.
- •Антибиотиктермен емдегенде кездесетін негізгі асқынулар:
- •Бақылау тесттері мен есептер
Антибиотиктермен емдегенде кездесетін негізгі асқынулар:
аллергиялық реакциялар;
ішкі ағзаларғатоксикалықәсер етуі;
дисбактериоз;
микроорганизмдердің тұрақты штаммдарының түзілуі.
Аллергиялық реакциялардыц белгілері: аллергиялық бөртпе (есекжем), Квинке ісінуі, тыныс алудың бұзылуы, бронхоспазм, тіпті анафилактикалық шок. Көбінесе олартабигаты биологиялық болып келетін дэрілерді қолданғанда дамиды.
Улылыгы бойынша ото-, нефро-, гепато- және нейротоксикалық әсері бар антибиотиктер деп бөлінеді.
Антибиотиктерді таңдаган кезде, міндетгі түрде микроорганизмдерге егу жасау үшін, науқастан қан аламыз, антибиотиктерге деген сезімталдығын анықгаймыз. Антибиотиктерге сезімталдығын анықгайтын талдау дайын болғанша, емдеуді кең спектрлі антибиотиктерден бастаймыз. Жоғарыда айтылған асқынуларды болдырмау үшін, антибиотиктердің енгізу реттілігін сақтау керек, емдік курсы 5-7 күннен 14 күнге дейін. Сонымен қатар, тиімділігі аз болса антибиотиктерді ауыстыру керек жэне оларды тағайындағанда синергизм мен антагонизм қасиеттерін ескеру керек. Егер де емдеу курсын ұзартатын болсақ, онда дисбактериоздың алдын-алу үшін, саңырауқұлақтарға карсы антибиотиктерді тағайындау керек.
Протеолиттік ферменттер
-жануар тектес (трипсин, химотрипсин, химопсин);
-өсімдік тектес (териллитин, ируксол);
-табиғаты бактериальді болып келетін (стрептокиназа, имозимаза).
Иммунды заттар
Ағзаның инфекцияга қарсы тұру қабілетІн жоғарылататын иммунды заттар:
-белсенді иммунизация үшін - анатоксиндер;
-белсенсіз иммунизация үшін - гипериммунды антистафилококкты сарысу, антистафилококкты гамма-глобулин, сіреспеге, ганренага қарсы сарысулар;
-бейспецификалық иммуномодуляторлар: продигиозан, левамизол, лизоцим, тималин, Т-активин, иммуномодулин, интерферон, циклоферон, ридостин және ронколейкин.
Экстракорпоральді иммунотерапия:лейкоцитарлы тұнбадан
мононуклеарлы жасушаларды бөліп алып, оларды 24-48 сағат ішінде ронколейкинмен өсіп-өндіреді, содан кейін науқасқа белсендендІрілген жасушаларды реинфузия жасайды.
Бақылау тесттері мен есептер
1.Асептика бұл:
жараға инфекцияның түсуінің алдын-алуға бағытталған шаралар
жарадағы микробтарды жоюға арналған шаралар
микроорганизмдер таралуын болдырмауға арналған шаралар
адам ағзасындағы патогенді микрофлораны жоюға арналған шаралар
2.Баккал әдісімен операциялық алаңды өцдеу үшін, қолданады:
1% бриллиант жасылын
5% йодты
метилен көгін
Ә) С-4 (первомурды)
Е) мүсэтір спиртін
3.Биксті қүрастырып, клиникалық тәжірибеге алғаш рет енгізген
Шиммельбуш
Бергман
Земмельвейс
Пастер
Губарев
4.Көк-іріңді таяқшаны жояды:
салицил қышқылы
бор қышқылы
сутегінІң асқын тотығы
йод
спирт
5.Операция бөлмесіндегі ауаны залалсыздандыру үшін, агылшын хирургы Листер қолданды:
сулеманы
карбол қышқылын
хлораминді
И) хлороформды
Е) спиртті
6.Хирургтың қолын Спасокукоцкий-Кочергин эдісімен өңдеу үшін, қанша % мүсәтір спирті колданылады?
0,05%
0,1%
0,5%
D) 1%
Е) 2%
7.Оптикалық құралдарды төмендегі әдістермен залалсыздандырмайды
автоклавта ағымды бумен
құрғак кептіретін шкафта
формалин буларымен
антисептик ерітінділерімен
қайнатумен
8.Операция кезінде операциялық бөлменің 1м3ауасында рұқсат етілетін микроорганизмдердің саны:
500
1000
3000
5000
5000 астам
9.Матаға оралып залалсыздандырылған құрал-саймандар мен жапқыштарды сақтауға болады:
24 сагат
48 сағат
72 сағат
72 сағаттан астам
Е)1 апта
10.Жанасу арқылы жұгудың алдын-алу үшін, мынадай шаралар жүргізіледі:
A)жапқыштарды залалсыздандыру
B)құрал-саймандарды залалсыздандыру
C)тігіс жіптерді залалсыздандыру
D)хирургтың қолын өңдеу
Е) операциялық аланды өңцеу
11 .Залалсыздықты бақылаудыц ең сенімді эдісі болып табылады:
A)күкІрттің балқуы
B)антипириннің балқуы
C) бензой қышқылының балқуы
D)Микулич эдісі
Е) бактериологиялық
12. Оң аяғының газды гангренасы бар науқасқа шүгыл түрде аяғын кесу қажет. Операция қандай ретпен жасалуы тиіс? Осындай операциядан кейін, қүрал-саймандарды қалай залалсыздандырады?
A)кез-келген бос операция бөлмесінде жедел жасау керек.
B)Операциядан кейін, қүралдарды 96 % спиртке салу керек.«іріңді» операциялық бөлмеде жасау керек. Операциядан кейін, қүралдарды лизол ерітіндісіне салу керек.
С) «таза» операциялық бөлмеде, барлық жоспарланган операциядан кейін жасау және кұралдарды фурацилин ерітіндісіне салу керек.
13.23 жасар наукасқа 3 күн бұрын аппендэктомня жасалды. Қызуы көтерілді, жара төңірегінде қызару, ауру сезімі пайда болды. Жарадан лнгатураны алып тастады. Науқаста жұқтырудың қандай жолы болды?
жанасу арқылы
имплантациялық
ауа арқылы
d)тамшылар арқылы
14.Сынап оксицианиді мынадай антисептикалық топқа жатады:
a)галлоидтар
b)ауыр металл тұздары
c)сульфаниламидтер
d) альдегидтер
e)тотықгыргыштар
15.Шиммельбуш биксінде заттарды орналастыру түрлері:
a)еркін
b)әмбебап
c)арнайы
d)бағытталған
e)түрлік
16.Анаэробты микробтарга қарсы негүрлым тиімді антисептектер мыналар:
a)сутегінің асқын тотығы
b)риванол
c)калий перманганаты
d) этил спирті
e) бор қышқылы
17.Альдегидтер тобына жатпайтын антисептнктер:
a)карбол қышқылы
b)сулема
c)калий перманганаты
d) формалин
e) күміс нитраты
18.Биологиялық антисептика әдістеріне мынадай емдеу шаралары жатпайды:
a)жараны біріншілік хирургиялық өңдеу
b)жараны сутегінің асқын тотығымен жуу
c) стрептомицинді бұлшықетке енгізу
d) сульфадиметоксинді ішке тағайындау
e) белокты диета
19.Операциялық алаңды өңдеуге арналған антисептиктерді атаңыз:
a)күміс нитраты
b)йодонат
c)лизоформ
d)этил спирті
e) калий перманганаты
20.Тотықтырғыштар тобына жататын антисептиктер:
a)бор қышқылы
b)карбол қышқылы
c)риванол
d) сутегінің асқын тотығы
e) калий перманганаты
21.Физикалық антисептнка әдістері қандай физика зандарына негізделген?
a)гигроскопиялық
b)осмостық
c)диффузия
d) тіндерді инфильтрациялау
e) капиллярлық
22.Аитибактериальді заттарды қолдануға қарсы көрсеткіштер:
a)антибиотиктердің жақпауы
b)жүктілік
c)анамнезінде аллергиялық аурушаңдықтың болуы
d) сезімталдыққа сынақтың оң болуы
e) іріңді қабыну ошағының болуы
23.Губарев әдісімен кетгутты залалсыздандырғаннан кейін, мына ерітіндіде сақтайды:
a)5% йод ерітіндісінде
b)эфирде
c)Люгольдің спирт ерітіндісінде
d) 96 % спиртт
e) 70 % спиртте
24.Антибиотиктерді үзақ уақыт қабылдағанда, мынадай асқынулар болуы мүмкін:
a) дисбактериоз
b)АҚ жоғарылауы
c)естудің нашарлауы
d)аллергиялық реакциялар
e)тахикардия
25.Іріңді жаралар кезінде протеолиттік ферменттерді мынадан мақсаттармен колданады:
a)өліеттенген тіндердің лизисін күшейту үшін
b)қанның ұюын арттыру үшін
c)фибринолиз үшін
d) антибактериальді заттардың эсерін күшейту үшін
e) ісінуге қарсы зат ретінде
26.Науқаста септнкалық жағдай. Иммунологиялық төтеп беру қасиеті төмендеген. Қандай бейспецифнкалық заттармен иммунитетті көтеруге болады?
a)гангренага қарсы қан сарысумен
b)стафилококкты анатоксинмен
c)продигиозанмен
d) декариспен
e) Т-активинмен
27.Операция бөлмесін қандай тәртіппен жинастырады?
a)агымды
b)операциядан кейінгі
c)алдын-ала
d) қорытынды
e)генеральді
28.Саңырауқүлақтарга қарсы қолданылатын антибиотиктер:
a)пенициллин
b)низорал
c)дифлюкан
d)биомицин
e)цифран
29.Хирургтың қолын өңдеу әдістерін үсынган авторларды атаңыз:
a)Альфельд
b)Фюрбрингерc
c)Спасокукіюцкий
d) Кохер
e) Баккал
