Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
хирургия 3 тарау Есетбаева,Медеу.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
164.13 Кб
Скачать

Хирургтың қолын өңдеу

Хирургтың қолын өңдеу (жуу) - өте маңызды іс-әрекет, белгілі заңдылықгардың орындалуын талап етеді. Кезектесіп механикалық және химиялық өңдеуді (залалсыздандыруды), антисептикалықзаттармен эсеретуді жэне қүрғатып бітеуді жүргізу керек.

Механикалық және химиялык өңдеу.

Механикалық жэне химиялық өңдеуді шүмектен аққан суда қолды сабындап, щеткаменжуу арқылы жасайды. Саусақгың үшынан бастап, білектің жоғарғы үштен бір бөлігіне дейін жуу керек. Негізгі талап сақгалынуы керек: «өңделген қолмен ластау терінің бөлігін немесе лас заттарды үстауға болмайды». Қазіргі кезде қолды сабынмен немесе сүйық қол жуғыш заттармен тазарту рүқсат етіледі (егер қолы түрмыстық жагдайда ластанған болмаса).

Антисептикалық заттармен өңдеу.

Қолды өңдеу үшін қолданылатын химиялық антисептиктердің, төмендегідей қасиеттері болуы керек:

-күшті антисептикалық әсер көрсету;

-хирургтың терісіне қауіпсіз болу;

-қымбат емес және оңай табылатын болуы керек (өйткені, өте көп мөлшерде қолданылады).

Теріні қүргатып бітеу (дубление).

Теріні қүрғатып бітеудің көмегімен, терідегі саңылауларды жауып, терінің залалсыздыгын үзартуға болады. Қазіргі таңда хирургтың қолын өңдеу әдістері, оны істеуді талап етпейді, өйткені пленка түзуші жэне қүрғатып бітеу қасиеті бар антисептиктер қолданылады.

Қолды өңдеудің классикалық эдістері - Спасокукоцкий-Кочергин, Альфельд, Фюрбрингер жэне т.б. тарихта қалды жэне қазіргі кезде қолданылмайды.

Спасокукоцкий-Кочергин әдісімен қолды ондеу.

Бұл эдіспен өңдегенде, алдын-ала қолды сабындап жумайды. Әдістің кезеңдерІ мынадай:

  1. 0,5% мүсәтір спиртінде тампонды пайдаланып, бірінші шылапшында шынтаққа дейін қолды 3 минут жуу керек;

  2. 0,5% мүсәтір спиртімен екінші шылапшында білектің жоғарғы және ортаңғы 1/3 бөлігінің шекарасына дейін 3 минутжуу керек;

  3. Залалсыз матамен қолды сүртіп кептіру керек;

  4. 96% этил спиртімен қолды 2 рет 2,5 минуттан өңдеу керек;

  5. 5% йодтыңспирт ерітіндісімен саусакгың ұштары мен тырнактарын өңдеу

керек.

Қазіргі кездегі хирургтың қолын өңдеу әдістері.

Қолды өңдейтін ерітінділер: первомур, хлоргексидин, дегмин (дегмицид), церигель, АХД-специаль (хлоргексидин жэне детергенттердің біреуі қосылған антисептик), евросепт және т.б.

Қолды первомурмен (С-4) өңдеу. Первомур - (1967ж. Ф.Ю. Рачинский, В.Т. Овсипян үсынған) қүмырсқа кышқылы, сутегінің асқын тотығы жэне судан тұратын ерітінді. Бүл өте күшті антисептик - терідегі саңылауларды жабатын жүқа пленка түзеді. Ех Іетроге дайындалатын 2,4% ерітіндіні пайдаланады. Басында жүмыс ерітіндісін дайындайды, оның күрамына 81 мл 85% қүмырсқа қышқылы мен 171 мл 33% сутегінің асқын тотығы кіреді. Оларды қақпағы тығыз жабылатын шыны ыдысқақүйып, 1 сағатқатоңазытқышқасалып қояды да, аңда-санда ыдысты шайқап отырады. Осы уақытта бүлардың арасында химиялық реакция жүріп, первомур ерітіндісі түзіледі, ал оның өте күшті бактерицидтік қасиеті бар. Осы шамадагы ерІтіндіні 10 литрге дейін дистиллденген сумен сүйылтады жэне оны сол күні ғана қолдануғаболады. Ерітіндіні дайындағанда міндеггі гүрде қолғагі кию керек, өйткені қолы күйіп қалуы мүмкін.

Әдісі: қолды бір минут ағынды жылы сумен жуады, содан кейін первомур ерітіндісі қүйылған шылапшында, білектің жоғарғы жэне ортаңгы 1/3 бөліғінің шекарасына дейін шайып, өңдейді. Залалсыз матамен сүртіп, қүрғатқаннан кейін, қолғап киеді. Первомур ерітіндісі бар 1 шылапшында 5 хирург қолын өңдеуге болады. Әдістің тиімділігі - жылдамдығында, кемістігі - хирург қолында дерматит дамуы мүмкін.

Хлоргексндинмен қолды өңдеу. Хлоргексидиннің 0,5% спиртгік ерітіндісі па йдаланы лады.

Әдісі: 2-3 минут ішінде ерітіндіге малынған тампонмен 2 рет қолды өңдейді. Салыстырмалы кемістігі - эдістің үзақтығы.

Дегмин және дегмицидпен өндеу. Беткей белсенді заттар (детергенттер) тобына жататын антисептиктер.

Әдісі: 5-7 минут ішінде ерітіндІге қолды салып жуады, соңынан қолды залалсыз матамен сүртеді. Кемістігі - эдістің ұзақтығы.

Цирегельмен өндеу. Церигель - детергенпер тобына жататын пленкатүзетін, бактерицидтік қасиеті өте күшті антисептик (құрамына поливинилбутирол мен 96% спирт кіреді).

Әдісі: 3-4 мл церигельді 10 секунд ішінде қолға жағады да, 2-3 минут саусақтарының арасы ашық, жартылай бүгілген күйде қолды ұстап тұрады, осы кезде қолдың терісінде пленка түзіледі. Бұл әдісті бұрынғы кезде қолғапты киюді қажет етпейтін, кішігірім хирургиялық іс-әрекеттерді орындау кезінде қолданған. Бұл әдістің кемістігі - хирургтың қолында дерматит дамуы мүмкін.

АХД, АХД-специаль, евросептпен өцдеу.

Комбинирленген антисептиктің негізінде - этанол, полиольді май қышқылының эфирі, хлоргексидин жатады.

Әдісі: Ерітінді арнайы флаконда шығарылады, қақпағын басқанда, хирургтың қолына ерітіндінің бір мөлшері құйылады, сонан соң, оны 2-3 минут ішінде қолына жағады, бұл процедураны 2 рет қайталау керек. Қосымша сүрту жэне кептіру керек емес.

Бұл әдістің кемістігі жоқжәне қазіргі кезде кең пайдаланылады.

Қолды өндеудің қаншама эдісі болса да, қазіргі кезде операцияның барлық түрі залалсыз қолгапты киіп жасапуы тиіс!

Кішігірім іс-әрекеттерді жасаған кезде және кездейсоқ жағдайларда қолды өңдеместен залалсыз қолғапты киюге болады. Ал басқа операциялар үшін мІндетті түрде, қолды өңдеп болғаннан кейін, залалсыз қолгапты кигені дұрыс, себебі қолғаптың тесілуі операциялық жараның ластануына (инфицирленуіне) әкеліп соғады.