Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
хирургия 3 тарау Есетбаева,Медеу.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
164.13 Кб
Скачать

Бу қысымымен залалсыздандыру (автоклавтау)

Бүл әдісте залалсыздандыруды ыстық бу арқылы іске асырады. Жэй бу арқылы қазіргі кезде залалсыздандыруды пайдаланбайды, себебі қызуы жеткіліксіз (100°С) болады жэне микробтардың барлығын жоймайды.

Автоклавта (бу қысымымен залалсыздандыратын аспап) қысымды жоғарылатып, суды ысыту мүмкіндігі туады. Бүл қайнату нүктесін жоғарылатып, оған сәйкес будың температурасын 132,9°С -қа дейін көтереді (2 атм. қысымда). Қысымды 1,0; 1,5 немесе 2,0 атмосфераға дейін жеткізуге болады.

Хирургиялық құрал-саймандар, таңғыш заттар, жапқыштар және т.б. материалдар металл қорап - Шиммельбуш бикстеріне салынады. Залалсыздандыру алдында бикстердің бүйірлеріндегі тесіктерді ашады, ал бикстің қақпағын тыгыз етіп жабады. Бикстерді салып болғаннан кейін, автоклавтың есігін қысып жауып, белгілі бір тәртіппен жұмыс істеуге керекті іс-әрекет жасайды. Автоклавтың жүмысы манометр және термометр көрсеткіштері көмегімен бақыланады.

Залалсыздандырудың 3 негізгі тәртібі бар:

  1. 1,1 атмосферада (1-119,6°С) - 1 сағат;

  2. 1,5атмосферада(і- 126,8°С)-45 минут;

  3. агмосферада (I - 132,9°С) - 30 минут.

Залалсыздандыру аяқталғаннан кейін, автоклавтың есігін шамалы ашық қалдырып, біраз уақытқа дейін бикстердің ішіндегі заттарды кептіреді. Бикстерді автоклавтан алганнан кейін, бүйірлеріндегі тесігін жауып, заласыздандыру уақытын белгілеп қояды. Жабық бикс 72 сағат ішінде залалсыздығын сақтайды.

Сурет 3.4. Автоклавтың құрылысы

А және Б - автоклавтың сыртқы және ішкі қабырғалары;

1- термометр;

2- судың деңгейін өлшегіш;

3- суды кіргізетін шүмек;

4- суды шығаратын шүмек;

5- манометр;

6- сақтау жаргағы.

Құргақ ыстық ауамен залалсыздандыру

Залалсыздандырудың бүл әдісі - ыстық ауа арқылы іске асырылады. Залалсыздандыру арнайы қүрғақ ауалы аспапта жасалады.

Қүрал-саймандарды залалсыздандырғыш аспаптың сөрелеріне салып, алгашында ЗОминут ішінде 85°С температурада есігін шамалы ашып кептіреді. Залалсызданыру үшін есікті жауып, 1 сағат 180°Стемпературада ұстайды.Соңынан аспаптың есігін шамалы ашып, 60-70°С -қа дейін төмендегенше күтеді, ал құрал- саймандарды толық суығаннан соң, алуға болады.

Хирургиялық қүрал-саймандарды автоклавта жэне құрғақ ыстық ауалы аспаптазалалсыздандыру, қазіргі кездегі еңтиімді әдістердіңбірі болыптабылады.

Үздік стационарларда арнайы орталық залапсыздандыру бөлімі болады, жогарыда аталған екі әдіс арқылы аурухананың барлық бөлімдерінде пайдаланған құрал-саймандар (шприцтер, инелер, қарапайым хирургиялық саймандар, зондтар, сүңгі түтіктер және т.б.) залалсыздандырылады.

Сурет 3.5. Құргақ ауалы аспап - стерилизатор

  1. - корпусы;

2- термометрі мен термореттеушісі бар басқару пульті;

3- астына койғыш.

Сәулелі залалсыздандыру

Антимикробтық өңдеуді иондаушы (§-сэулелер), ультракүлгін сәулелерімен жэне ультрадыбыс арқылы жасауға болады. Қазіргі кезде §-сәулелерімен залалсыздандыру кең тараған. Со65және Сз,38изотоптарын қолданып, радиация мөлшері 20-25 мкГр дейін жеткізу керек, бірақ қауіпсіздік шаралары қатал сақгалуы тиіс. Осыған байланысты, бұл әдісті заводтардың арнайы бөлмелерінде жасайды (стационарда жасауга болмайды).

Құрал-саймандар мен әртүрлі заттар ғерметикалық қалталарда залалсыз- дандырылады және оларды 5 жылға дейін сақгауға болады. Герметикалық қалталар қүрал-саймандардың сақгалуына және пайдаланылуына ыңғайлы. Бүл әдіс бір рет пайдалануға болатын заттар үшін (шприцтер, тігіс жіптері, сүңгі түтіктер, зондтар, қан қүятын жүйелер, қолғаптар жэне т.б.) ыңгайлы жэне соңғы кезде кең қолданылады. Себебі, сәулелік залалсыздандырудан кейін, ол загтардың қасиеттері өзгермейді.

Залалсыздандырудыц хнмиялық әдістері

Химиялық залалсыздандыруға газбен жэне антисептикалық ерітінділермен залалсыздандыру жатады.

Газбен залалсыздандыру.

Газбен запалсыздандыру арнайы герметикалық камераларда жасалады. Залапсыздандыраггын агенттер: формалин булары (камера түбіне формальдегид таблеткасын қояды) немесе этилен тотығы. Құрал-саймандарды торға сапып, 6-48 сағатқа дейін (ол камерадағы температура мен газдың компонеттеріне байланысты) залалсыздандырады.

Бұл әдістің ерекшелігі - залалсыздандырылған заттардың сапасына кері әсері өте төмен, сондықтан бұл әдіспен оптикалық немесе қымбат түратын құрал-саймандарды залалсыздандырады.

Сэулелі залалсыздандырудан айырмашылығы, бұл эдісті стационарларда пайдапануға болады.

Антисептнкалық ерітінділермен залалсыздандыру.

Газды және сәулелі залалсыздандыру сияқты, химиялық антисептитка залалсыздандырудың суық эдістеріне жатады жэне кұрал-саймандардың өткірлігіне әсеретпейді, сондықган кесетін хирургиялық құрал-саймандарды залалсыздандыру үшін қолданады.

Көбіне залалсыздандыру үшін, 3 ерітіндіні пайдаланады: үштік ерітінді (Антисептика бөлімін қараңыз!), 96% этил спирті және 6% сутегінің асқын тотығы. Соңғы кезде оптикалық кұрал-саймандарды хлоргексидиннің спиртгік ерітіндісімен, первомур жэне т.б. ерітінділермен залалсыздандырады.

Құрал-саймандарды бөлек-бөлек жайып салып, жоғарыда аталған ерітіндІлердің біреуіне салады. Спирт немесе үштік ерітіндіде 2-3 сағаг, сутегінің асқын тотығында 6 сағат залалсыздандыру керек.

Хнрургиялык кұрал-саймандарды залалсыздандыру

Барлық құрал-саймандарды өңдеу 2 кезеңнен тұрады: залалсыдандыру алдындагы өңдеу жэне залалсыздандырудыңөзі. Залалсыздандыру алдындағы өңдеу құрап-саймандардың ластануына, ал залалсыздандыру құрап-саймандардыңтүріне байланысты болады.

Бірінші кезекте хирургиялық құрал-саймандардын түріне қарап залалсыз- дандыру әдісін таңдайды. Барлық хирургиялық құрал-саймандар сапасына жэне құрамындагы заттарга байланысты 3 топқа бөлінеді:

  1. металлдан жасалған (кесетін, кеспейтін);

  2. резеңке жэне пластмасстан жасалған;

  3. оптикалық және шыныдан жасалған.

Кеспейтін металлдан жасалған құрал-саймандарды залалсыздандыру.

Негізгі әдістерге құрғақ ыстық ауамен немесе бу қысымды автоклавта айтылып кеткен тэртіппен залалсыздандыру жатады. Анаэробты инфекция, гепатит жэне ЖИТС катерлі тобындағы науқастарға жасалған операциядан кейінгі құрал- саймандарды қайнатуга болмайды. Бір рет пайдаланылатын құрал-саймандар (пинцеттер, қысқыштар, зондтар жэне т.б.) сәулелік әдіспен залалсыздандырылады.

Кесетін металл құрал-саймандарды залалсыздандыру.

Кесетін хирургиялық құрал-саймандарды термиялық жолмен залалсыздандыру, олардың өткірлігін төмендетеді. Бұл құрал-саймандардың негізгі залалсыздандыру әдісі - ол антисептикалық ерітінділерді пайдаланатын суық химиялык әдіс.

Соңғы кезде таңу бөлмелеріндегі құрал-саймандарды ыстық құрғақ ауалы аспаптарда залалсыздандырып жүргендіктен, олардың өткірлігі біршама төмендеген, бірақ өте тиімді залалсыздандырылады.

Ең жақсысы - газбен жэне заводтардағы сәулелі залалсыздандыру болып табылады. Соңғы әдіс бір рет пайдаланылатын скальпель лезвиясына және инелерге (атравматикалық тігіс жіптер) көп жасалады.

Резеңкеден және пластмасстан жасалған құрал-саймандарды

залалсыздандыру.

Негізгі әдіс - автоклавта залалсыздандыру. Бірнеше рет залалсыздандырылган резеңке өзінің эластикалық қабілетін жоғалтады жэне жарылып кетуі мүмкін. Сондай-ақ, резеңкеден жасалған заттарды 15 минут қайнатуға болады.

Бір рет пайдалануға болатын пластмасстан жасалған заггарды, сүңгі түтіктерді (катетерлерді) және зондтарды заводта сәулелі залалсыздандырудан өткізеді.

Резеңке қолгаптар жөнінде ерекше айтып өтуге болады. Соңғы кезде бір рет пайдаланылатын қолғаптарға сэулелік залалсыздандыру әдісі жүргізіледі. Көп рет пайдаланылатын жағдайда, оларды автоклавта арнайы (аяйтын) режимде залалсыздандырады: залалсыздандыру алдындағы өңдеуден кейін кептіреді, тальк себеді (бір-біріне жабыспас үшін), дэкеге орап, бикстерге сапады да, 1,1 атм. 30-40 минут немесе 1,5 атм. - 15-20 минут автоклавта залалсыздандырады.

Залалсыздандырылған қолғаптарды киген кезде, талькті кетіру үшін, спиртті мақга-шарикпен сүртеді.

Шұғыл жағдайда мынадай эдіспен залалсыздандыруға болады: хирург қсдғалты кигеннен кейін, 5 минутбойы 96% спиртке батырылган мақтамен сүртеді.

Оптикалық құрал-саймандарды залалсыздандыру.

Ақырын залалсыздандыруды талап ететін оптикалық құрал-саймандарды газбен залалсыздандырады. Бұл әдіспен күрделі құрылысты, қымбат тұратын лапароскопиялық жэне торакоскопиялық құрал-саймандарды залалсыздандырады.

Фиброгастроскоп, холедоскоп жэне молоноскоптарды залалсыздандыру үшін, химиялық антисептиктерді пайдалануға болады (этил спирті, хлоргексидин, сайдекс-глутарь альдегиді бар екі компонетгі зат).

Жанасу инфекциясының алдын-алу үшін, заводта сәулелік залалсыздандырудан өткен құрал-саймандарды пайдапану керек!