Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
хирургия 3 тарау Есетбаева,Медеу.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
164.13 Кб
Скачать

III тарау. Асептика және антисептика

Таза емес заттарды залалсыздандыру барысында қолданылатын, іріп-шіруге қарсы қасиеті бар 6 минералды қышқылдардың эсерін бақылау негізінде, 1750 жылы ағылшын әскери хирургы Ргіngl «асептика» ұғымын енгізді. Алайда жұғуға, жараның іріңдеуі мен іріп-шіру үрдісіне қарсы багытталған шаралар осы үғымның пайда болуына дейін де жүргізілетін.

Асептика («а» - жоқ, «septicus» - іріп-шіру) - инфекцияның болмауы. Асептика дегеніміз-жараганемесе науқас адамның денесіне инфекцияның түсуінің алдын-алуға бағытталған шаралар кешенін айтамыз, басқаша айтқанда микробсыз жагдайда жүмыс істеу мүмкіндігін жасау.

Қазіргі таңда мынадай қағидалардың қатаң түрде сақталганын талап етеді,

олар:

1.«Жараға жанасатын заттың барлығы таза жэне залалсыз болу керек».

2.Барлық хирургиялық науқастар екі топқа бөлінуі керек - таза жэне инфекцияланган немесе іріңді.

Асептиканы механикалың, физикалық, химиялық әдістердің көмегімен іске асырады.

Антисептика - («аnti» - қарсы, «septicus» - іріп-шіру) - бар инфекциямен қарсы күресу шараларының кешені. Хининнің антисептикалық әсерін тапқан Дж. Прингл 1750 жылы «антисептика» терминін медициналық тэжірибеге енгізді, Сонымен, антисептиканы механикалық, физикалық, химиялық жэне биологиялық факторлардың көмегімен жараға, патологиялық ошаққа. ағзалар мен тіндерге, науқас адамның бүтіндей денесіне түскен микробтарды жоюға багытталған шаралардың кешені деп айіуымызға болады.

Асептика және антисептика заңдылықтарын қатаң сақтамайтын бірде-бір медициналық мекеме, науқастарға ем жүргізу қызметін атқаруына болмайды.

АСЕПТИКА

Операциялық жараның инфицирлену көздері мен жолдары

Инфекцияның жараға түсуінің алдын-алу үшін, оның денеге қандай жолдармен және қалай түсетінін білу керек. Инфекция жарага экзогенді және эндогенді жолдармен енеді.

Экзогенді инфекцияныц көздері:

  • бациллотасымалдаушылар,

  • іріңді хирургиялық науқастар.

Экзогенді ннфекцняның ену жолдары:

  • ауа-тамшылы жұғу жолы (ауа, шаң, тамшы арқылы),

  • жанасу жолы (құрап-саймандар, таңғыштар, төсек жапқыштар, хирургтың қолы жэне т.б.),

  • имплантациялық жол (тігетін, пластикалық материалдар, протездер және

т.б.).

Эндогенді ннфекцияның көздері:

  • науқастың терісі мен ауыз қуысы (тіс жегісі),

  • ішкі ағзалар (асқазан-ішек, жогаргы тыныс, зэр шығару жолдарының жедел жэне созылмапы аурулары),

  • патологиялық ошақтар.

Эндогенді инфекцияның жұғу жолдары:

  • гематогенді (қан тамырлары арқылы),

  • лимфогенді (лимфа жүйесі арқылы),

  • жанасу (контакт) арқылы.

Асептика әдістерімен экзогенді инфекциямен, антисептика әдістерімен эндогенді инфекциямен күрес жүргізіледі. Алдын-алу шараларының жетістікке жетуі үшін, барлық кезеңде онымен күрес жүргізілуі қажет:

  • инфекция көзі;

  • инфекцияның ену жолы;

  • жалпы организм.

Сурет 3.1. Экзогенді және эндогенді инфекцияның көздеріне әсер ету кестесі

Ауа-тамшылы инфекцияның жүғуының алдын-алу, операциялық болімнің қүрылысы және оның санитарлы-гигиеналық тәртібі

Микроорганизмдер жараға немесе организмге ауадан жүгатындықтан, операция жасаудың және операциядан кейін науқасты бақылаудың бір талабы -ауаның тазалыгын сақтау.Жараның дүрыс (жақсы, жылдам) жазылуының шарты - ол операциялық бөлімнің тазалығы. Операциялық бөлім стационар қүрылымының бірі болып табылатыны белгілі. Одан басқа стационарга - қабылдау бөлімі, емдеу-диагностикалық бөлімдер жатады.

Операциялық бөлімнің құрылысы

Операциялық бөлім - асептика заңдылықтары қатаң сақталынатын хирургиялық бөлімнІң «әулиесі». Басқа бөлімдерден операциялық бөлім бөлек орналасуы керек, кейде ол жеке согылады және негізгі ауруханамен арнайы дәліз арқылы байланысады.

Жараға инфекцияның түсуінің алдын алу үиіін операциялық бөлімде аймақтық принцип қолданылады немесе залалсызданған аймақтарды арнайы белгімен белгілейді.

  1. Абсолютті залалсыз аймақ.

  2. Салыстырмалы залалсыз аймақ.

  3. Шектелген тэртіп аймагы.

  4. Жалпы ауруханалық тэртіп аймагы.

Хирургия бөлімінің кубатурасы жалпы қабылданған стандарттар шамасында болуы керек. Мысалы: операциялық бөлменің биіктігі Зм, ені 2,2м болып, 1 операциялық үстелге берілетін аумақ 7,5м2 кем болмауы керек. Палатаның және емдік-диагностикалық бөлмелердіңаумағы қандай болса да, олардың терезесі мен еденінің ара қатынасы 1:6,1:7 болуы қажет.

Барлық стационарда аурухана ішілік инфекцияның алдын-алу үшін жоспарлық, жедел (шүгыл) жэне іріңді операциялық бөлмелер болады. Бұл қағида қатаң сақталуы тиіс. Операциялардың кестесін құрастырганда, бүл қағида сақталады жэне жүқпальлығына байланысты операциялар кезекпен жасалуы қажет.

Операциялық бөлмеде артық мебель және техника болмауы керек. Ауаның қозғалысын шақыратын қимылдар, жүрістер жэне әңгімелер азайтылуы қажет. Сондай-ақ, операциялық бөлмеде артық адамдар болмауы керек. Операциядан кейін, 1м3көлемінде микроб саны 3-5 есе, ал студенттер қатысса - 20-30 есеге дейін көбейеді. Осыган байланысты, көптеген операциялық бөлмелерде бейнетехникалық жүйе орнатылады. Ол болмаса, залалсызданган таңғыш заттар мен қүрапдардың маңайына қызыл түспен белгіленген, аттауға болмайтын шекараны көресіздер. Операция жасап түрған хирургқа, студенттер жанаспауы жэне кем дегенде 30 см - дей кашықтыкта түруы қажет. Әңгімені азайту өте маңызды, тыныштық жагдайында адам 10-100 мыңга дейін микроб денешіктерін, ал әңгімелескенде -1 млн. -ғадейін бөледі.

Ауадағы бактериялардың таралмгуын төмендегі шаралар іске асырады:

  • Ауруханаға түскен науқастар санитарлық өткелден өту керек.

  • Пациенттер жеке бас гигиенасын сақтау керек.

  • Медицина қызметкерлері жеке бас гигиенасын сақгауы (түмаудың, ірінді аурулардың болмауы) керек.

  • Медицина қызметкерлері 3 айда 1 рет мүрын-жүтқыншагын стафилококқа (тасымалдаушылыққа) тексерту керек.

Ауаның тазалыгының бір шарты - жинастыру. Жинастырудың түрлері:

Жұмыс кунінің басында - алдын ала жинастыру - горизонтальді жазықтықтагы заттардың шаңын сүрту, залалсыз үстел мен қажетті құрал- саймандарды дайындау

Ағымдық - операция кезінде пайдаланған заттар, таңғыштар жэне алып тасталған ағзаларды қайта-қайта жинап отыру.

Әр операциядан кейін - өңделген заттарды операциялық бөлмеден шығару, қажет болған жагдайда еденді жуу.

Жұмыс күнінің соңында - қорытынды жинастыру - бактерицидтік заттармен еденді жэне горизонтальді жазықтыктарды жуу.

Генеральді - операция жэне жараны таңу бөлмелерінде аптасына 1 рет қабырғаны, еденді, үстелді, шамдарды қимылдамайтын құрылымдарды антисептиктерді пайдаланып, жуу керек.

Ауа-тамшылы инфекциямен күресу эдістері

-Маска тағу (фильтрлейтін - А) - марліден жасалған маскалар 3 сағатқа дейін залалсыздықты сактайды; целлюлозадан жасалған маскапардыңтиімділігі ] сағатқа ғана жетеді.

-Бактерицидтік шамдарды қолдану (бактерицидтік қабілеті бар арнайы ультракүлгін шамдар).

-Вентиляция жасау (бактерицидтік фильтр арқылы бөлмелерді желдендіру). Желдендіру жэне вентиляция бөлмедегі микроорганизмдерді 30%-ға дейін азайтады, ал бактериальді фильтрі бар кондиционерлерді пайдаланса, оның тиімділігі 80%-ғадейін артады. «Ерекше» тазажерлерде вентиляция ағымды болу керек (ағып үшып келген ауаның көлемі, ағып кететін ауаның көлемінен көп болуы керек).

-Медицина қызметкерлері мен науқастар жеке бас гигиенасын сақтауы керек.

-Бахилді кию тэртібі сақталу керек - алдын ала бахилді жуып, қайнатып, залалсыздандырады. Оларды операцияныңалдында киеді, операциядан соң шешіп, пайдаланылған бахилдарды арнайы ыдысқа салады. 1 күнде операция бөлмесінде бахилді 2 реттен артық киюге болмайды.

Операциялық бөлмеде бактерияның көбейетіндігін мына жолдармен тексереді: ауаны қоректік ортаға егіп, кубатурага сәйкес етіп есептейді. Мысалы: операция алдында I м3ауада микроб денешіктері 500-ден аспау керек, ал операция кезінде - 1000 -нан, бірақ патогенді микроорганизмдер болмаған жағдайда ғана, осы көрсеткіштер қолданылады.

Жанасу инфекциясының алдын-алу шаралары

Жанасу инфекциясының алдын-алу асептиканың негізгі қагидасының орындалуымен жүзеге асады: «Жараға жанасатын заттың барлығы залалсыз болу керек».

Жарага не жанасуы мүмкін? Ол:

  • хирургиялық құрал-саймандар;

  • таңғыш заттар мен хирургиялық төсек жапқыштар;

  • хирургтың қолы;

  • операциялық алаң (науқастың өзінің терісі).

Залалсыздандырудың жалпы қагидалары

Залалсыздандыру (латынша «зіегіііз» - үрықсыз) қандай да бір заттың физикалық, химиялық факторлардың әсерінен микроорганизмнен толық тазаруы.

Залалсыздандыру асептиканың негізі болып табылады. Әдістер барлық, әсіресе, жоғары төзімді микроорганизмдердің өлімін қамтамасыз етуі керек. Сондықтан, залалсыздандырғыш заттарды пайдалану үшін, олардың спороцидтік белсенділігі қанша уақытқа созылатындыгына байланысты бағалайды.

Тәжірибеде пайдаланылатын залалсыздандырғыштардың сапасы мынадай болуы қажет:

  • бактерицидтік және спороцидтік белсенділігі тиімді болу керек;

  • медицина қызметкерлері мен науқастар үшін қауіпсіз болу керек;

  • қүрал-саймандардың жүмыс істеу қабілетін нашарлатпау керек.

Қазіргі таңдағы асептикада физикалық және химиялық залалсыздандыру әдІстері қолданылады.

Залалсыздандыру 4 кезеңнен түрады:

  • Залалсыздандыру алдындағы дайындық.

  • Залалсыздандырута дайындап орналастыру.

  • Залалсыздандыру.

  • Залалсыздандырылған заттарды сақтау.

Залалсыздандыру алдындағы дайындық

Залалсыздандьіру алдындағы дайындыққа-тазалау, жуу жэне кептіру жаггады. Оны барлық қүрал-саймандарға жасау керек.

Қүрал-саймандардың ластануына байланысты, залалсыздандыру алдындағы өңцеудің әдісі мен көлемі эртүрлі болу керек. Осыған байланысты бүрынғы кезде таза, іріңді, гепатитпен ауырған және ЖИТС қатерлі тобындағы науқастарға жасалынған операциядан кейінгі қүрал-саймандарды өңдеудің айырмашылығы болған. Бірақ қазіргі кезде ЖИТС -ң таралу қаупіне байланысты залалсыздандыру алдындагы өңдеуді күшейтіп, оны адам иммундытапшылық вирусының көзін жоюға бағыттаған.

Залалсыздандыру алдындағы дайындықтың мақсаты - қүрал-саймандарды, инелерді пирогенді заттардан механикалық тазарту және гепатит вирусын жою. Қан болған қүрал-саймандарды арнайы ерітінділерде жібітеді. Айта кететін жағдай, іріңді операциядан кейін, гепатитпен 5 жыл ішінде ауырған жэне ЖИТС қатерлі тобындағы науқастарғажасалынған операциядан кейінгі қүрал-саймандарды бөлек өңдейді.

Залалсыздандыру алдындағы дайындықгың барлық шараларын міндетгі түрде қолғап киіп жасау керек!

Қүрал-саймандарды тазарту үшін, оларды дезинфекциялық ерітінділерге (мысалы, 3% хлорамин, 0,1% диоцид, 5% лизол ерітінділеріне) салады. Содан кейін, оларды ағын суда жуып болған соң, арнайы сілтілі ерітіндіге салып, щетканың көмегімен жуады да, ағынды суда тағы бір рет шаяды. Болғаннан кейін, қүрал- саймандарды өздігінен немесе ыстық ауалы шкафқа салып кептіреді. Соңынан, жасырын қан мен жуғыш ерітінділердің қалдығына сынақ жасайды, егер «оң» нәтиже берсе, осы кезеңдерді қайтадан қайталайды.

Тазалау. Пайдаланылған қүрал-саймандарды дезинфекциялық ерітіндісі бар ыдысқа салады. Олар ерітіндіге толық батып жатуы керек. Дезинфекциялық ерітінділерге 3% хлорамин (экспозициясы - 40-60 мин), 6% сутегінің асқын тотығы (экспозициясы - 90 мин), 0,1 % диоцид, 5% лизол ерітіңділері (экспозициясы - 30 мин) жатады. Іріңмен ластанған қүрал-саймандар мен шприцтарды 0,1% диоцид немесе 5% лизол ерітінділерінде 30 минутқа малып қояды. Содан кейін, осы ерітінділерде щетканыңкөмегімен жуады. Анаэробты инфекциямен салданған науқаска операция жасаганнан соң, құрал-сай ман дар мен шприцтарды кұрамында 6% сутегінің асқын тотығы мен 0,5% жугыш заты (жуғыш ұнтагы) бар арнай ерітіндіге 1 сағатқа батырып қояды, содан кейін осы ерітіндіде щеткамен жуып 90 минут қайнатады. Соңынан құрал-санмандарды ағынды суда 5 минут жуу керек. Осыдан кейін ғана, залалсыздандыру алдындағы дайындықтың келесі кезеңін жүзеге асыруға көшуге болады.

Жуу. Құрал-саймандарды арнайы (сілтілі) жуатын ерітіндіге салады, оның құрамы мынадай: А — ерітіндісі: пергидроль - 20 г, жуғыш ұнтағы - 5 г, су-975мл; Б - ерітіндісі: 2,5% сутегінің асқын тотығы - 200мл, жуғыш ұнтагы - 5 г, су - 795мл 50-60°С температураға дейін жылытылған сілтілі ерітіндіде 15-20 минутқа салып қояды. Содан кейін, құрал-саймандар мен шприцтарды осы ерітіндіде щеткамен жуып, 5 минут жылы сумен, одан кейін 1 минут дистиллденген сумен шаяды. Сөйтіп, залалсыздандыру алдындағы дайындықгың келесі - кептіру кезеңіне көшеміз.

Кептіру. Құрал-саймандарды өздігімен (табиғи жолмен) кептіреді немесе кептіруге арналған шкафта ыстық ауамен 85°С температурада 30 минутұстайды,

Кепкеннен соң, құрал-саймандарзалалсыздандыруғадайын деп есептелінеді,