3. Олардың пікірлерін сыйлау
Бозбалалар өздері араласатын бойжеткендердің – әсіресе өз таңдаулыларының – бозбалалардың пікірлері мен шешімдерін сыйлауларына аса мұқтаж. Жігіттер өз құрбыларының ақымақ немесе түк білмейтін болып көрінгендерін қаламайды, бірақ олар бойжеткендердің жігіттердің біліміне күмәнмен қарап, олардың шешімдеріне үнемі наразылық танытпауларын қалайды. Саған осы нәрсеге қатысты бірнеше бозбаланың түсіндірмелерімен танысуды ұсынамыз:
Мен бір бойжеткенмен кездесіп жүрдім, ол үнемі наразы болып, діңкемді құртып жіберетін: «Сен ешқашан соны істеген жоқсың». «Сен мені ешқайда шақырмайсың». «Сен неге мына ескі «Хонданы» сатып алдың?» Ол менің ақша жағынан қиналып жүретінімді түсінбеді. Ол мені сынап-мінеген кезде немесе осындай сұрақтар қойған кезде, өзімді тұтастай жолы болмағыш деп сезінетінмін. Жігіт үшін мұндай сынды сезіну өте азапты.
Кейде мен қыздың менен неге солай істегенімді сұрауына қарсы емеспін. Дәл осы сәтте менің айналысып жүрген ісімді білуге мүдделі бола отырып, ол менің бәрін де дұрыс істейтініме көзін жеткізе алады және бұл оның маған деген сенімін нығайтады. Бірақ ол келесі жолы күдік келтірсе, ал мен еш нәрсенің өзгермегенін түсінсем, онда онымен әңгімеге уақыт бөлуді қажетсіз деп ұйғарамын».
Кейбір жігіттер бізге олардың пікірлеріне өздері араласатындардың барлығы дерлік (мұның ішінде өздері сыйластық пен сенім артуды көбірек күтетін қыздарды есептемегенде) құлақ асатындарын мойындады. Басқалары өздеріне өз құрбыларына қарағанда, жолдастары мен әріптестері көбірек сенім артатындарын айтты. Одан да бетері бозбалалар өздерінің құрбылары оларға билік жүргізуге талпынатындарын сезінеді, ал мұны тіпті олардың ата-аналары мен бастықтары істемеген еді.
Біздер, әйелдер, басқаша ойлайтындықтан, біз мән бермейтін нәрсенің не себепті ер адамдар үшін үлкен мәні барын түсіне алмаймыз. Сенің жігітің былай деп толғануы мүмкін: «Егер қызым маған мұндай кішкентай нәрседе сенім артпаса, онда ешбір маңызды істе ол сенім арта алмайды. Сірә, ол маған мүлде сенім артпайтын шығар».
ЕНДІ НЕ ІСТЕУІМІЗ КЕРЕК?
Бойжеткендер, сендердің қолдарыңда үлкен билік бар, соған байланысты сендерге үлкен жауапкершілік жүктеледі. Сендер бозбалаларға өз күштеріне сенімділігін сіңіре де, күйрете де аласыңдар, бұл тіпті оның өмірінің сендердің қарым-қатынастарыңа еш қатысы жоқ саласын да қамтиды. Айналасындағы адамдардың сыйластығы бозбалалардың өмірінің барлық салаларына ықпал ететін фактор болып табылады. Өзіне қанағаттану сезімі әлеммен қарым-қатынас құрудағы болашақ табыстың кепіліне айналады. Нақты осыған бола бозбалалар өздерін шынымен сыйлайтын және өздерін мақтан ететін бойжеткендерге ғашық болады. Жігіттерге (олардың өз сөздерімен айтқанда) бәрінен артық ұнайтыны да дәл осындай бойжеткендер.
Біз жігіттің өзіне деген сенімділігін үзе де аламыз немесе керісінше, оны нығайта да аламыз. Тәңір бізге осындай қабілет сыйлаған.
Сонымен, енді не істейміз? Бір бозбала былай деген еді: «Адамнан әрқашан жақсылық ізде, сонда оған сыйластық көрсету саған оңайырақ болады». Бұл жерде күрделі ештеңе жоқ сияқты – өзің үшін таныс бозбалаға сыйластық көрсет, ал сыйламаушылық танытпа.
Біз бозбалаларға олармен қалай мақтанатынымызды, оған деген біздің сеніміміздің қандай үлкен екенін сөзімізбен де, ісімізбен де жария ете аламыз. Егер бізге «мен сені сүйемін» деген сөзді есту ұнайтын болса, онда бозбалалардың жүрегі «мен өзіңмен мақтанамын» немесе «мен саған сенемін» деген қарапайым сөздерден жібіп кетеді. Біз қандай да бір бозбаланың алдында кінәлы екенімізді түсінген кезде, өз кінәмызды мойындап, одан кешірім сұрағанымыз жөн. Жігіттер былай деп айтуға кеңес береді: «Осылай істегенім үшін кешірші – бұл сені сыйламаушылық болды. Мен саған сенім артуға болатынын білемін».
Адамнан әрқашан жақсылық ізде, сонда оған сыйластық көрсету саған оңайырақ болады.
Уақыт өте бұл маңызды бола түседі...
Жас оқырман қыздар, бозбалалар үшін сыйластық махаббаттан да маңызды екенін алдағы уақыттарда есте ұстайсыңдар деп сенеміз. Бұдан да бетері, есте сақтаңдар – олар кейін әйелі болатын құрбыларының өздеріне сыйластықпен қарағандарын қалайды.
«Аса құпия: әйелдерге ерлер туралы» кітабын жазу үшін жүргізілген сауалнамаға қатысқан бір ер адам былай деген еді:
Мынадай мақалды білесіз бе: «Ерді ер қылатында, жер қылатында әйел». Бұл шындық. Егер әйелі күйеуін қолдап, оған сенер болса, ері бүкіл әлемді, ең аз дегенде бұл әлемдегі өз орнын басып ала алады. Ол барлық жерде: түзде де, үйде де табысты болады. Және керісінше: әйелінің сыйластығы мен қолдауынан айрылған ерлердің үйдегі немесе түздегі жақсылыққа бірен-сараны ғана қол жеткізе алады.
