- •Компьютер архитектурасы пәнінен лекциялар жинағы Шымкент, 2015
- •2. Негізгі логикалық элементтер. Алгебра логикасының негіздері. Логикалық құрылымды синтездеу .
- •100110- Коды берілген болсын
- •11101- Коды берілген болсын
- •Орын алмастырулар шифрлары
- •Тақырыбы: Перифериялық кұралдары.
- •1. Перифериялық құралдардың техникалық мүмкіндіктері, құрылымы, қолданылуы. Перифериялық құралдар. Ақпаратгы енгізу құралдары. Перне тақта және графикапық манипулятор.
- •2. Ақпаратты бейнелеу құралдары . Видеоманитор. Қмдж. Принтер. Сd-rом. Олардың қызметтері.
- •1. Микропроцессор түсінігі. Микропроцессор жасау технологиясының түрлері. Микропроцессор (поколения) буындары және олардын негізгі мүмкіндіктері.
- •2. Микропроцессордың жалпыланған кұрылымы. Микропроцессордың негізгі өндірістік салалары. Болашактағы микро-процессор. Микропроцессорлік жинақтар.
- •1. Қазіргі компьютердің архитектурасы. Жүйелік плата, оның қолданылуы, негізгі элементтері және жүйедегі өзара әрекеті.
- •2. Жүйелік магистраль. Жүйелік магистральдардың негізгі стандарттары (шиналар). Шиналарды буферизадиялау. Жүйелік магистральдарды басқару. Сырткы құрылғы ( кеңейтілу платалары) адаптерлері.
- •1. Ақпаратты өңдеу жүйесінде компьютерді қолдану.
- •2. Сервер және жумыс станцияларының архитектурасы.
- •Негізгі желілік топологиялар
- •Интернетке қосылу
- •Word wide web – тің негізгі түсініктері
- •1. Жоғары деңгейдегі өндірістік эмбебап және арнайы эем.
- •2. Арнайы есептегіш комплекстер архитектурасы, бағдарламалық жабдыктауға бағытталған архитектура.
- •3. Мәліметтер қоры машиналары, объектілі-бағытталған архитектура.
- •Жүйелік блок
- •Монитор
- •Пернетақта немесе пернелік
- •Дербес компьютерлердің ішкі құрылғылары
- •Аналық тақша
- •К омпьютердің жады
- •Қатқыл диск
- •Иілгіш дискілерге арналған дискжетек
- •Жинақы – дискіге арналған дискжетек
- •Бейнекарта
- •Дербес компьютерлердің сыртқы құрылғылары
- •Енгізу құрылғылары
- •Графиктік мәліметтерді енгізуге арналған құрылғылар
- •Мәліметтерді баспаға шығару құрылғылары
- •Мәліметтерді сақтау құрылғылары
- •Мәліметтермен алмасу құрылғысы
1. Ақпаратты өңдеу жүйесінде компьютерді қолдану.
2. Сервер және жумыс станцияларының архитектурасы.
Интерфейстер – желінің функционалдық элементтерін бір-бірімен үйлестіру құралдары.
Протоколдар – желінің функциональдық элементтерінің бір-бірімен қатнас жасау ережелері. Функциональдық элементтер ролін әртүрлі құрылғылар және де программалық модуль дер атқара алады. Сол себепті ақпараттық және программалық интерфейстер қарастырылады.
Негізгі желілік топологиялар
Желіні атқаратын қызметіне байланысты топологиялардың үш түрі болуы
мүмкін.
Шиналық топология. Мунда жұмыс станциялары желі адаптерлері арқылы жалпы шинаға немесе магистральға (кабельге) қосылады.
Жұлдыз тәрізді топология. Мунда ортақтандырылған коммутациялық түйін – желілік сервер болуы тиіс, ол барлық мәліметтерді жеткізуді жүзеге асырады.
Сақиналық топология. Мунда байланысу арналары тұйықталған сақина бойында орналасады. Жөнелтілген мәлімет біртіндеп барлық жұмыс станцияларын ара лап шығады да, он коректі комп’ютер қабылдған соң жұмыс тоқтатылады. Бұл топологияның кемшілігі-кез-келген бір жұмыс станциясының істен шығуы жалпы байланысты бұзады.
Мәліметтер базасы
Көбінесе қарапайым мәліметтер базасы бір компьютердің дискісінің бір немесе бірнеше файлында орналасады. Мұндай мәліметтермен бір адам жұмыс істей береді. Ал егер мәліметтер базасы алкен компанія үшін құрылған болса ше? Ондай да бұл мәліметтерді бір мезетте екі – үш адам пайдалануға тура келеді. Ал, ол компаниялардың филиадцары әр жерде және бір-бірінен қашық орналсса ше? Мұндайда мәліметтер базасын қажет еткендер уақытша қалай пайдалана алады?
Сол компьютерлерді бір компьютерлік желіге біріктіріп мәліметтер базасын серверне орналастыру керек. Желінің жұмыс станциялары жерделі термінал ролін атқарып, қажетті мәліметтерді керек кезінде мәліметтер базасының басқару жүйесі орналасқан серверден скрап, оның дискісінен Альп отырады. Мәліметтер базасынынң басқару жүйесі орналасқан серверге сұраныс түскен соң, коректі мәліметтер жұмыс станцияларына жіберіліп отырады. Серверлік компьютер әр жерде орналасқан ЭЕМ –дермен (яғни мәліметті пайдаланатын адаммен) тек желілік байланыс арқылы ғана мәліметтер алмаса алады.
Интернет деп бүкіләлемдік компьютерлік торапты айтады. Интернет сөзінің тікелей аудармасы – желіаралық, яғни желілердің бірігуі деп түсінеміз. Компьютерлік желі деп екі немесе одан да көп компьютерлердің бір-біріне жалғануын айтады.
Барлық компьютерлік желілерден пайдаланудағы негізгі мақсат – олардың ортақ ресурстарға бірлесіп қатынауын қамтамасыз ету.
Ресурстардың үш түрі бар: аппараттық, программалық және ақпараттық. Аппараттық ресурстарға барлық компьютерлік құрылғылар, сол құрылғылардың сыйымдылығы және т.б. жатады. Мысалы, принтер, қатқыл диск, қатқыл дискінің көлемі.
Қашықтағы компьютерлерде сақталған мәліметтер ақпараттық ресустарды құрайды.
Компьютерлік желідегі аппараттық және программалық үйлесімділікті қамтамасыз ету үшін хаттама деп аталатын арнаулы стандартты программалар қызмет етеді. Соңғы жылдары Интернет ұғымының мағынасы кеңейіп, ол Бүкіл әлемдік компьютерлік желі дегенді білдіреді. Шындығына келсек Интернет өзара тікелей қосылған компьютерлердің жиынтығы емес,ол қандайда бір ақпараттық кеңістікті құрайды.
Интернетте жұмыс істеу дегеніміз –– шындығына келгенде толығымен алғандағы Интернетте емес, тек оның көптеген қызмет түрлерінің біреуінде жұмыс атқару.
Қарапайым тілмен айтсақ, қызмет түрі деген қандайда бір ережелерге сай өзара қарым қатнаста болатын хаттама деп аталатын программалар жұбы.Осы жұптың программасының біреуі сервер, екіншісі –– клиент деп аталады. Әрбір қызмет түрінің әр алуан хаттамалары бар. Интернеттің қызмет түрлерінің хаттамалары қолданбалы хаттамалар деп аталады. Мысалы, Интернетке файылдарды жіберу үшін арнайы FTR қолданбалы хаттамасы пайдаланылады.Сәйкесінше интернеттен файл алу үшін мынадай іс әрекеттер жасау қажет:
Компьютерде FTR клиенті болып табылатын программа орнату;
FTR қызметін ұсынушы сервермен байланыс орнату.
Тағы бір мысалы, электрондық поштаны қолдану үшін хабарды жіберу және қабылдау хаттамалары қажет. Ол үшін пошталық клиент программасы компьютерге орнатылады және пошталық сервермен байланыс түзіледі.
