Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
7_lek.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
248.83 Кб
Скачать

Балалар мен жасөспірімдердің қимыл-қозғалыстарына ең көп әсер ететін факторлардың классификациясы

Қолайлы факторлар

Қолайсыз факторлар

1.Рационалды тәуліктік тәртіп

2.Еңбек пен демалыс уақыттарын дұрыс алмастыру

3.Денешынықтыру тәрбиесінің құралдары мен түрлерінің әртүрлілігі.

4.Экологиялық жағдай;

5.Гигиеналық дағдылардың қалыптасуы;

6.Жанұядағы тіршіліктің дұрыстығы.

1.Мектептегі және үйдегі оқу жүктемесінің шамадан тыс көп болуы.

2.Күн тәртібінің орындалмауы.

3.Денешынықтырумен шұғылданбау, менсінбеу.

4.Денешынықтыру тәрбиесінің дұрыс ұйымдастырылмауы.

5.Зиянды әдеттермен айналысу.

6.Жанұядағы және ұжымдағы қолайсыз психологиялық климат.

Балалар мен жасөспірімдердегі гипокинезия

Г ипокинезия – дегеніміз тіршілік жағдайына мамандық ерекшеліктеріне, ұзақ уақыт төсек тартып жату және т.б. факторларға байланысты қимыл-қозғалыс қажеттілігінің шектелуі.

Көбінесе гипокинезия, гиподинамиямен (қимыл-қозғалысты іс-әрекеттерде бұлшық ет күшінің әлсіреуі) жүреді.

Б алабақшадағы жүргізілген зерттеулер, қимыл-қозғалыс белсенділігі қажетті сергектік уақытының 50%-ң орнына, 30%-дан аспайтынын көрсетті. Оның ішінде ұйымдасқан түрдегі денешынықтыру тәрбиесіне 14%, ал өз еркімен қимыл-қозғалысқа 16% келеді екен.

Э стониялық гигиенистердің зерттеулері гипокинезия бастауыш сынып оқушыларының 50% -да, орта мектеп жасындағы балалардың 60% -да, жоғарғы сынып оқушыларының 80%-да кездесетінін көрсетті.

М әскеу қаласының мектеп оқушыларының локомоциясының (қимыл-қозғалыстары) саны 11-14 жаста тәулігіне 12 мыңнан аспайды екен (норма бойынша 13-25 мың болуы керек), 15-17 жастағы жасөспірімдерде -–13,5 мың (норма бойынша 25-30 мың).

К ТУ оқушыларының қимыл-қозғалыс қажеттілігіне тәуліктік уақыт бюджетінің 11% ғана сәйкес келеді, ал локомоция саны 11,5 мыңнан аспайды. Сонымен, гипокинезия балалардың барлық жас топтарына тән екені дәлелденген.

Қажетті қимыл-қозғалыстың жетіспеушілігі организмді белгілі өзгерістерге ұшыратады. Алғашқыда үйреніп, дағдылану басталады, қимыл-қозғалыс жетіспеушілік жағдайы ұзақ уақыт сақталса – патологияның алдындағы жағдайға ұшыратады.

Г ипокинезияның мектеп оқушыларының дене еңбегін,қан тамыры жүйесінің үйреніп, дағдылануын нашарлататыны , өкпенің тіршілік сыйымдылығын, бұлшық ет күшін төмендететіні, артық салмақ қосуына жағдай жасайтыны дәлелденген. Гипокинезия мен қан тамырлары аурулары арасында тығыз байланыс бар екені анықталды.

О қу сабақтарының статистикалық компоненттерін және бос уақытты азайту , ал мектеп жасына дейінгі мекемелерде тамақтану уақытын (қажетті мөлшерден ұзақ болатындықтан) азайту.

Д енешынықтыру және еңбекке тәрбиелеу сабақтарының динамикалық компоненттерін көбейту.

Д енешынықтыру тәрбиесінің сабақтан тыс түрлерін (таңертеңгі жаттығу, денешынықтыру үзілістері, сабақ арасындағы үзілістердегі қимыл-қозғалыс ойындары, өндірістік гимнастика т.б.).

Спорттық жұмыстарға, қоғамға пайдалы еңбектерге жұмылдыру.

Салауатты өмір салтын қалыптастыруға, жанұяда денешынықтыру тәрбиесін насихаттау.

Гиперкинезия

Бұл терминмен қимыл-қозғалыстың шектен тыс белсенділігін түсіндіреді. Аптасына 5-12 жаттығулар жүргізілетін спорттың көптеген түрлерінде жасөспірімдердің қимыл-қозғалыс белсенділігі гигиеналық норманың шегінен асып кетеді.