- •5. Әдебиеттері:
- •6. Қорытынды сұрақтары (кері байланысы):
- •Балалар мен жасөспірімдердегі гипокинезия
- •Денешынықтыру тәрбиесінің салауаттандыру тиімділігі:
- •21 Мың қадам,
- •Оқу және еңбектегі іс әрекеті.
- •Бос уақыттағы пайда болатын қимыл-қозғалыс белсенділіктері
- •Денешынықтыру сабағы
- •Балалар мен жасөспірімдердің қимыл-қозғалыстарына ең көп әсер ететін факторлардың классификациясы
- •Қолайлы факторлар
- •Қолайсыз факторлар
- •1.Рационалды тәуліктік тәртіп
- •2.Еңбек пен демалыс уақыттарын дұрыс алмастыру
- •3.Денешынықтыру тәрбиесінің құралдары мен түрлерінің әртүрлілігі.
- •4.Экологиялық жағдай;
- •5.Гигиеналық дағдылардың қалыптасуы;
- •6.Жанұядағы тіршіліктің дұрыстығы.
- •1.Мектептегі және үйдегі оқу жүктемесінің шамадан тыс көп болуы.
- •2.Күн тәртібінің орындалмауы.
- •3.Денешынықтырумен шұғылданбау, менсінбеу.
- •4.Денешынықтыру тәрбиесінің дұрыс ұйымдастырылмауы.
- •5.Зиянды әдеттермен айналысу.
- •6.Жанұядағы және ұжымдағы қолайсыз психологиялық климат.
- •Бірінші кезең
- •Үшінші кезең
- •Екінші кезең
Денешынықтыру тәрбиесінің салауаттандыру тиімділігі:
О
рганизмнің
қоршаған ортаның әсеріне төзімділігі
артады;
Өсу мен даму процестерінің жақсаруына жағдай жасайды;
Т ермореттеуші механизмдер жетіледі;
Организмнің салқын тигеннен пайда болатын ауруларға қарсы төзімділігі жоғарылайды.
П сихикалық денсаулығы нығайып, ми қыртысының тонусы жоғарылайды.
Қимыл-қозғалысқа биологиялық қажеттілік
Қ имыл-қозғалыс белсенділігі дегеніміз - белгілі уақыт аралығындағы дене қозғалыстарының жиынтығы.
Қимыл-қозғалыс белсенділігі дұрыс өсіп, даму үшін қажет және кинезофилия деп аталатын организмнің биологиялық қажеттілігі болып саналады.
Ол үдемелі сипат алып, жас өскен сайын ұлғаяды.
Мысалы,
8-9 жастағы ер бала еркін тәртіпке тәулігіне
21 Мың қадам,
10-11 жаста – 24 мың,
14-15 жаста – 28-29 мың қадам жүреді.
Ж ыныстық айырмашылық 10 жасқа дейін онша білінбейді, бірақ 11 жастан бастап қыз балаларда орташа тәуліктік қадамдарының саны ер балаларға қарағанда 3-4 мыңға кем болады.
Одан әрі қарай бұл айырмашылықтар бұрынғыдан да көп аралықпен жоғарылайды. Көрсетілген заңдылықтар балалар мен жасөспірімдердің денешынықтыру тәрбиесін ұйымдастыруда, жас-жыныстық нормаландырудың негізі болып табылады.
Қ имыл-қозғалысқа биологиялық қажеттілік ерте жаста биологиялық (генетикалық) механизммен, ал одан кейін, ересек жастарда әлеуметтік механизм бойынша реттеледі.
Б аланың даму кезеңдерінде дұрыс жүргізілген денешынықтыру тәрбиесі бағдарламаға сәйкес, дамуды жоғары деңгейге қарай ауыстырады. Бұл процесс өсу мен даму деңгейін жақсартуға табиғи жағдай жасау деп аталады.
Балалардың негізгі дене еңбегіне қажетті физикалық қасиеттерінің бәрі 10-12 жасқа дейін жақсы дамиды, бірақ төзімділікті дамыту үшін ең қолайлы кезең 15-17 жас аралығы деп есептелінеді.
Д ене еңбегіне қажетті жаттығулар, жыныстық жетілу механизмін реттеуші болып табылады. Бұл процестің даму қарқыны генетикалық процеске негізделсе де, спортпен дұрыс айналысу , қыз балалардың репродукциялық қызметінің дамуын жақсартады. Бірақ олардың спорттың кейбір түрлерімен (футбол, дзюдо, атлетикалық жаттығулар) айналысуы туралы сұрақ әлі күнге біржақты шешімін тапқан жоқ.
Балалар
мен жасөспірімдердің қимыл-қозғалыс
белсенділігінің негізгі бөлімдері.
Оқу және еңбектегі іс әрекеті.
Бос уақыттағы пайда болатын қимыл-қозғалыс белсенділіктері
Денешынықтыру сабағы
Т іршілік жағдайында тұрақты түрде пайда болатын белсенділікті, әдеттегі қимыл-қозғалыс белсенділігі деп айтамыз.
Қ имыл-қозғалыс белсенділігі биологиялық қажеттілік сияқты организм арқылы ретеледі. Мысалы, түске дейінгі мезгілде мектепте қимыл-қозғалыс аз болған оқушылардың, сабақтан соң қатты қимыл-қозғалыста болатындығы байқалған.
Қимыл-қозғалыс белсенділігінің өзін-өзі реттеуін физиологиялық норма деп есептеуге болады, бірақ мұндай реттеудің механизмі аз зерттелген және барлық қимыл-қозғалыс қажеттілігін бірдей қамтамасыз етпейді. Оған әртүрлі әлеуметтік фапкторлар бөгет жасайды.
