- •5. Әдебиеттері:
- •6. Қорытынды сұрақтары (кері байланысы):
- •Балалар мен жасөспірімдердегі гипокинезия
- •Денешынықтыру тәрбиесінің салауаттандыру тиімділігі:
- •21 Мың қадам,
- •Оқу және еңбектегі іс әрекеті.
- •Бос уақыттағы пайда болатын қимыл-қозғалыс белсенділіктері
- •Денешынықтыру сабағы
- •Балалар мен жасөспірімдердің қимыл-қозғалыстарына ең көп әсер ететін факторлардың классификациясы
- •Қолайлы факторлар
- •Қолайсыз факторлар
- •1.Рационалды тәуліктік тәртіп
- •2.Еңбек пен демалыс уақыттарын дұрыс алмастыру
- •3.Денешынықтыру тәрбиесінің құралдары мен түрлерінің әртүрлілігі.
- •4.Экологиялық жағдай;
- •5.Гигиеналық дағдылардың қалыптасуы;
- •6.Жанұядағы тіршіліктің дұрыстығы.
- •1.Мектептегі және үйдегі оқу жүктемесінің шамадан тыс көп болуы.
- •2.Күн тәртібінің орындалмауы.
- •3.Денешынықтырумен шұғылданбау, менсінбеу.
- •4.Денешынықтыру тәрбиесінің дұрыс ұйымдастырылмауы.
- •5.Зиянды әдеттермен айналысу.
- •6.Жанұядағы және ұжымдағы қолайсыз психологиялық климат.
- •Бірінші кезең
- •Үшінші кезең
- •Екінші кезең
С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ |
|
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА |
ФАКУЛЬТЕТ: Қоғамдық денсаулық сақтау.
КУРС: 4
№ 7 ДӘРІС
ДӘРІС ТАҚЫРЫБЫ: Балалар мен жасөспірімдердің дене тәрбиесінің физиологиялық-гигиенлық негіздері. Тәуліктік қозғалыс белсенділігі. Дене тәрбиесінің құралдары мен формалары. Дәрігерлік бақылау..
Мемлекеттік тілде құрастырған:
доцент Уважанова А.С.
2010 - 2011 ж.
3 кредит
7 – дәріс
1. ТАҚЫРЫБЫ: Балалар мен жасөспірімдердің дене тәрбиесінің физиологиялық-гигиенлық негіздері. Тәуліктік қозғалыс белсенділігі. Дене тәрбиесінің құралдары мен формалары. Дәрігерлік бақылау..
2. МАҚСАТЫ:
Студенттерді балалар мен жасөспірімдердің дене тәрбиесінің физиологиялық-гигиенлық негіздері. Тәуліктік қозғалыс белсенділігі. Дене тәрбиесінің құралдары мен формалары. Дәрігерлік бақылауымен таныстыру.
3. ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ:
Сұрақтың тарихы
Денешынықтыру тәрбиесінің мақсаты мен міндеттері
Қимыл-қозғалысқа биологиялық қажеттілік.
Балалар мен жасөспірімдердегі гипокинезия
Гиперкинезия
Денешынықтыру тәрбиесінің құралдары мен түрлері.
Денешынықтыру тәрбиесінің тәсілдері.
4. ИЛЮЮСТРАЦИЯЛЫ МАТЕРИАЛДАР:
№1 слайд - Сұрақтың тарихы
№2 слайд - Денешынықтыру тәрбиесінің мақсаты мен міндеттері
№3 слайд - Қимыл-қозғалысқа биологиялық қажеттілік.
№4 слайд - Қимыл-қозғалысқа биологиялық қажеттілік.
№5 слайд - Балалар мен жасөспірімдердегі гипокинезия
№6 слайд - Гиперкинезия
№7 слайд - Денешынықтыру тәрбиесінің құралдары мен түрлері.
№8 слайд - Денешынықтыру тәрбиесінің тәсілдері.
5. Әдебиеттері:
Неменко Б.А., Оспанова Г.К. «Гигиена детей и подростков», 2007, 342с.
В.Р.Кучма «Гигиена детей и подростков», 2004, 383с.
Б.А.Неменко, Г.К.Оспанова «Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы»,2002,342 б.
Учебник «Гигиена детей и подростков» под.ред. В.Н.Кардашенко., М.,М., 1988, 512с.
Руководство к лабораторным занятиям по гигиене детей и подростков. Под.ред.В.Н.Кардашенко., М.,М.,-1983, 264с.
Гигиена детей и подростков. Под. ред. Г.Н.Сердюковой и А.Г.Сухарева., М., М.,-1986. 495 с.
Гигиена детей и подростков. Под. ред. Г.Н.Сердюковой М., М.,-1986.
Здоровье и физическое воспитание детей и подростков. Сухарев А.Г., М., Медицина.-1991.
6. Қорытынды сұрақтары (кері байланысы):
Балалар мен жасөспірімдердегі гипокинезия
Гиперкинезия
Денешынықтыру тәрбиесінің құралдары мен түрлері.
Денешынықтыру тәрбиесінің тәсілдері.
Денешынықтыру тәрбиесінің топтары.
Сұрақтың тарихы
Б
алалар
мен жасөспірімдердің денешынықтыру
тәрбиесі өте ерте заманның өзінде–ақ
жүргізіле бастаған. Мысалы, алғашқы
қоғамдық қауымда балалар арасында
ұйымдастырылған түрде қимыл-қозғалыс
ойындары өткізілетін.
О дан кейінгі кездерде денешынықтыру тәрбиесі әскери істерді жете меңгеру үшін қажет болды. Ежелгі Грецияда дененің сұлулығы мен үйлесімділігі ерекше бағаланды, ал денешынықтыру сабағы мен айналысу мемлекеттік сипатта болады. Олимпиядалық ойындар кеңінен таралды. Жастардың денешынықтыру тәрбиесі, рухани тәрбиеден кем болған жоқ.
Ф еодалдық құрылыс дәуірі кезінде, сонау қайта жаңару кезеңіне дейін денешынықтыру тәрбиесіне ешқандай мән берілген жоқ. ХҮ ғасырда Италияда ғылымға танымал, ең алғашқы денешынықтыру мектебі ашылды, мұнда сонымен қатар, басқа сабақтар да жүргізілетін. ХҮІ-ХҮІІ ғасырларда балалардың денешынықтыру тәрбиесі ептеп ғылыми бағыт ала бастады. Оны педагогикалық үрдістің негізгі бөлігі ретінде қарастыра бастады.
Б ірақ, осы саладағы арнаулы ғылыми зерттеулер, ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында ғана жүргізіле бастады. Әсіресе, балалар мен жасөспірімдердің денешынықтыру тәрбиесінің теориялық негізін еңгізген П.Ф. Лестгафт (1837-1909) жұмыстары ерекше көңіл аударуға тұрады. П.Ф. Лестгафт Ресейде ең алғаш денешынықтыру тәрбиесінің жүйесін құрды.
С онымен қатар П.Ф. Лестгафт дене еңбегіне шамадан тыс берілген жүктемелердің салдарынан болатын жағдайлардан сақтана отырып, спорттың өте жоғары көрсеткіштеріне жету үшін үлкен күш жұмсауға қарсы болды.
Содан соң денешынықтыру тәрбиесі саласында біршама жетістіктерге қол жетті:
Жалпы принциптері құрылды;
Мақсаты мен міндеттері анықталды;
Тиімді құралдары өңделді;
Бірыңғай жүйе құрылды.
М
ақсаты
мен міндеттері
Д енешынықтыру тәрбиесінің мақсаты - қандай да бір спорттық нәтижелерге жету емес, жоғары деңгейдегі денсаулық көрсеткіштеріне жету.
Бұл мақсат жеке адамдармен қатар, жалпы қоғамның мүддесіне де сәйкес келеді, көпшілік қауым баланың чемпион титулына талаптануына тиым сала алмайды, бірақ оны денсаулығына әсер ететін қауіптен қорғауға міндетті.
