Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сборник ТЛФ на каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
597.5 Кб
Скачать

Дәрілік нысандар технологиясы

20 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТЫҢ НҰСҚАУ КЕСТЕСІ

Тақырып: Қиындықпен еритін дәрілік заттардың сулы ерітінділері.

Іс құралдары: өлшеуіш цилиндр, 30 мл. қоңыр түсті жіберілетін флакон, заттаңбалар, тығындауыш материал, дәрілік заттар, пергаментті қағаз т.б.

Рецепт және есептеулер

Дәрілік заттардың физико – химиялық қасиеттері

Іс-әрекеттердің реті және технологиялық процестің жүргізілуі

Сапасын бағалау

Сыртқа қолдану үшін 30 мл 1% Люголь ерітіндісін дайындаңыз

Есептеулер:

mIodi

1,0-100ml

x-30ml

x=0,3

mKalii iodidi

0,3*2=0,6

Vж=30ml

Kalii iodidum- калий йодиді - түссіз кристалдар немесе ақ кристалды ұнтақ. Суда жақсы ериді, жарық әсерінен жарамсыз болып қалады.

Iodum - Cұр-қара металлды жылтыр пластинкалар немесе кристаллдар, өзіне тән иісі бар. Ұшқыш зат. Суда өте аз ериді.

- Йод суда ерімейді, бірақ калий йодидінің қаныққан ерітіндісінде жақсы ериді. Калий йодидінің концентрлі ерітіндісін дайындау үшін оны йодтың мөлшерінен 2 есе көп мөлшерде алады.

- Басында 30 мл тазартылған суды цилиндрмен өлшеп, кең мойынды ыдысқа құяды

- Қоңыр түсті жіберілетін флаконға 0,6 калий йодидін өлшеп салып, оны бірнеше тазартылған судың тамшысына ерітеді (30 мл өлшеп қойған судан). Бұл концентрлі ерітінді болды.

- 0,3 йодты абайлап пергаментті қағаздан жасалған ораумен арнайы таразымен пергаментті қағазға (дөнгеленіп қиылған) салып өлшейді (өйткені йод өте күшті тотықтырғыш, таразыны бүлдіруі мүмкін). Алдынала йодты өлшеуге болмайды, өйткені йод ұшқыш зат.

- Қағаздан йодты флаконға салып араластырады. Йодтың толық ерігеніне көз жеткізгеннен кейін ғана, қалған өлшенген суды құяды.

- Қажет болған жағдайда йод ерітінділерін №1 немесе № 2 шыны фильтрлерден сүзеді.

- «Қараңғы жерде сақта» заттаңбасымен қоңыр түсті құтыларда жіберіледі.

- Резінке, полиэтилен немесе шыныдан жасалған тығындысымен тығындалады (қабықты тығындылар йодтың әсерінен құртылады).

- Сыртқа қолданатындай етіп безендіріледі.

- Йодты өлшегеннен кейін таразыны спиртке малынған мақтамен сүртеді.

Түсі қою-қоңыр ерітінді, көлемі 30 мл.

Безендірілуі тиісті қаулылардың талаптарына сәйкес.

Бақылау парағы дұрыс толтырылған.

Б.П.

Kalii iodidi 0,6

Iodi 0,3

VAquae purificatae 30ml

Vж=30ml

Дәрілік нысандар технологиясы

21 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТЫҢ НҰСҚАУ КЕСТЕСІ

Тақырып: Сулы ерітінділер

Іс құралдары: өлшеуіш цилиндр, 200 мл. жіберілетін флакон, заттаңбалар, тығындауыш материал, дәрілік заттар, т б.

Рецепт және есептеулері

Дәрілік заттардың физико – химиялық қасиеттері

Іс-әрекеттердің реті және технологиялық процестің жүргізілуі

Сапасын бағалау

Rp.: Solutionis Magnesii

sulfatis 20%-100 ml

M.D.S. 1 ас қасықтан күніне 3 мезгіл.

Magnesii sulfas.

Магния сульфат.

Түссіз призма тәрізді кристаллдар, дәмі ащы әрі тұзды. Суда жақсы ериді.

Ерітінді салмақ-көлемдік әдіспен дайындалады, яғни дәрілік затты салмағымен алып өлшеуіш цилиндрде судың аз мөлшерінде ерітіп содан соң сумен керекті көлемге жеткізіледі. Берілген жазба бойынша өлшеуіш цилиндрге азғана су құйып 20,0 магний сульфатын ерітеді және 100 мл көлемге дейін сумен толықтырады. Дайын ерітіндіні жіберілетін флаконға мақта тампоны арқылы сүзгілейді.Флаконды тығындап «Ішке» қолданатындай етіп безендіреді.

Мөлдір ерітінді, көлемі 100 мл.

Безендірілуі тиісті қаулылардың талаптарына сәйкес.

Бақылау парағы дұрыс толтырылған.

Б.П.

Aquae purificatae q.s.

Magnesii sulfatis 20,0

Aquae purificatae ad 100ml

Vж=100ml