Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сборник ТЛФ на каз.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
598 Кб
Скачать
☆

Дәрілік нысандар технологиясы

№ 36 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТЫҢ НҰСҚАУ КЕСТЕСІ

Тақырып: Линименттер

Іс-құралдары: келі, келсап, қырғыш, пергамент қағазы, қол таразылары, тарир таразылары, таразы тастары, заттаңба, дәрілік зат, ауызы кең қара қоңыр түсті шыны құты және т.б.

Рецепт және

есептеулері

Дәрілік заттардың физико-химиялық

қасиеттері

Іс-әрекеттердің реті және технологиялық процестің жүргізілуі

Сапасын бағалау

Rp.: Xeroformii

Picis liquide

Betule ana 1,0

Olei Ricini 31,0

M.D.S.Жараға жағуға арналған.

Xeroformium. Ксероформ- ұсақ, аморфты, өзіне тән әлсіз иісі бар, сары түсті ұнтақ. Спиртте және суда мүлде ерімейді.

Picis liquide Betule. Қайың қарамайы (деготь) – қою қоңыр түсті, ерекше иісі бар сұйықтық.

Olei Ricini. Майсана майы — ерекше иісі бар, жабысқақ сұйықтық.

  • Келіде ксероформды мұқият ысқылаймыз.

  • Мөлшерленген пробиркаға қарамайды өлшеп алады және жартысын (Дерягин ережесі бойынша) қосып, ысқылайды. Майсана майын аз-аздан құйып араластырады. Барлығын шайқап, қара қоңыр шыны жіберілетін құтыға құяды. «Сыртқа» этикеткасымен безендіреді. Төлқұжаттын толтырады. Бұл дәрілік нысан линимент-суспензия болып табылады.

Мөлдір емес, қою, өткір иісті сұйықтық. Сақтаған кезде босап кетеді (расслаивается).

Безендірілуі

тиісті

қаулылардың талаптарына сәйкес.

Бақылау парағы

дұрыс толтырылған.

Дәрілік нысандар технологиясы

№ 37 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТЫҢ НҰСҚАУ КЕСТЕСІ

Тақырып: Суспензионные мази.

Іс-құралдары: келі, келсап, қырғыш, пергамент қағазы, қол таразылары, тарир таразылары, таразы тастары, заттаңба, дәрілік зат, ауызы кең қара қоңыр түсті шыны жіберілетін құты, заттық шынылар және т.б.

Рецепт және

есептеулері

Дәрілік заттардың

физико-химиялық

қасиеттері

Іс-әрекеттердің реті және технологиялық процестің жүргізілуі

Сапасын бағалау

Rp.: Streptocidi 1,0

Vaselini 17,0

Lanolini

anhydrici 2,0

Misce fiat

unguentum

Da. Signa.

Терінің

зақымданған

жеріне жағуға

арналған.

Есептеулер:

Жақпамай салмағы: 1,0+17,0 +2,0 = 20,0

Қатты фаза:

20,0-100%

1,0 -х %

х= 5% құрайды

Стрептоцид ақ - кристаллды ұнтақ. Суда және спиртте аз ериді. Ыстық суда, қышқылда және сілтіде ериді. Күшті әсер етуші зат.

ЖРД 2.0,

ЖТД 7.0 Антибактериалды зат.

-Суспензиялық жақпамай жазылған. Себебі қатты фаза жалпы жақпамай массасының 5%нан аспайды. Дәрілік заттың жақсы ысқылануы үшін вазелин майының бірнеше тамшысын, шамамен дәрілік зат салмағының жартысындай көлемде (Дерягин ережесі бойынша), қосып, ысқылайды. (суспензиялы жақпамай дайындау ережесі).

- Келіге 1,0 стрептоцид өлшеп алады.

- Вазелин майының бірнеше тамшысын қосамыз және біркелкі масса болғанға дейін ысқылайды.

- Тарир таразысында пергамент қағазына 17,0 вазелин өлшеп алады.

- Вазелинді пластмассадан жасалған скребок көмегімен келіге аз-аздан салады және стрептоцидпен бірге ысқылайды.

- Содан кейін 2,0 ланолин өлшеп алып, келіге салады және біркелкі болғанға дейін ысқылайды.

- Біркелкілігін тексереді.

  1. Келсаппен жақпамайдың аздаған көлемін алып, алақанда ысқылайды. Егер жақпамай сапалы болса, жақпамайды теріге жаққанда теріні тырмаламауы керек.

  2. 2 заттық шыныға дайын жақпамайдың 2 тамшысын тамызып, әрбір шынының үстіне тағы шыны қояды және сәл басады. 3 сынамада түйірлер және т.б. ақаулар болмауы керек.

- Дайын жақпамайды банкаға салады, мойнын сүртеді және «сыртқа» заттаңбасымен безендіреді.

- Бақылау парағын толтырады.

- Жақпамай біркелкі

консистенциялы

- Алақанда ысқылағанда түйіршіктер сезілмейді

- Заттық шыныдағы 4 сынаманың бірінде кемшіліктер байқалады

- Жақпамай салмағы 20,0 тең

Безендірілуі

тиісті

қаулылардың талаптарына сәйкес.

Бақылау парағы

дұрыс толтырылған.