- •I «Даналық» колледжі
- •Дәрілік нысандар технологиясы
- •Дәрілік нысандар технологиясы
- •Дәрілік нысандар технологиясы
- •Дәрілік нысандар технологиясы
- •Дәрілік нысандар технологиясы
- •Дәрілік нысандар технологиясы
- •Дәрілік нысандар технологиясы
- •Дәрілік нысандар технологиясы
- •Дәрілік нысандар технологиясы
- •Дәрілік нысандар технологиясы
- •Дәрілік нысандар технологиясы
- •Дәрілік нысандар технологиясы
- •Дәрілік нысандар технологиясы
- •Дәрілік нысандар технологиясы
- •Дәрілік нысандар технологиясы
- •Дәрілік нысандар технологиясы
- •Дәрілік нысандар технологиясы
- •Дәрілік нысандар технологиясы
- •Дәрілік нысандар технологиясы
- •Дәрілік нысандар технологиясы
- •Дәрілік нысандар технологиясы
- •Дәрілік нысандар технологиясы
- •Дәрілік нысандар технологиясы
- •Дәрілік нысандар технологиясы
- •Дәрілік нысандар технологиясы
- •Дәрілік нысандар технологиясы
- •Дәрілік нысандар технологиясы
- •Дәрілік нысандар технологиясы
- •Дәрілік нысандар технологиясы
- •Дәрілік нысандар технологиясы
- •Дәрілік нысандар технологиясы
- •Дәрілік нысандар технологиясы
- •Дәрілік нысандар технологиясы
- •Дәрілік нысандар технологиясы
- •Дәрілік нысандар технологиясы
- •Дәрілік нысандар технологиясы
- •Дәрілік нысандар технологиясы
- •Дәрілік нысандар технологиясы
- •Дәрілік нысандар технологиясы
- •Дәрілік нысандар технологиясы
- •Қолданылған әдебиеттер.
Дәрілік нысандар технологиясы
№ 13 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТЫҢ НҰСҚАУ КЕСТЕСІ
Тақырып: Бояғыш заттары бар ұнтақтар.
Іс құралдары: келсап пен келі, целлюлоид қалақшасы, капсулалар, қол таразысы, таразы тастары, заттаңбалар, дәрілік заттар және т.б.
Рецепт және есептеулері. |
Дәрілік заттардың физико – химиялық қасиеттері
|
Іс-әрекеттердің реті және технологиялық процестің жүргізілуі |
Сапасын бағалау |
Rp: Acidi folici 0,0002 Acidi ascorbinici 0,05 Glucosi 0,2 M.f.pulvis D.t.d.№ 50 S.: Есептеулері: mAcidi folici0,0002*50=0,01 mAcidi ascorbinici 0,05*50=2,5 mGlucosi 0,2*50=10,0 mж=0,01+2,5+10,0=12,51 m1ұнт =12,51:50=0,25
|
Фолий қышқылы – сары немесе сары-қызғылт түсті, дәмі жоқ, кристалды ұнтақ. Жарыққа реакция береді. Гигроскопиялық зат. Суда, 95% спиртте, ацетонда, хлороформда мүлде ерімейді. Еріген тұз қышқылында аз ериді, күкірт қышқылында еруі қиын. Күйдіргіш ерітінділерде жақсы ериді. Сақталуы: жарық әсерінен қорғайтын жақсы тығындалған ыдыста. Қолданылуы: аскорбин қышқылымен, В12 дәруменімен макроцитарлы анемия кезінде, дәрілік зат әсерімен немесе радиация әсерінен туындаған анемия және лейкопения кезінде гистаминге қарсы дәрілік зат ретінде қолданылады.
|
Күрделі дозаланған бояғыш заттары бар ұнтақ жазылған. Алдымен 10,0 глюкоза алып келіге салады. Келімен келсаптың саңылауларын бітей отырып, мұқият ысқылай бастайды. Содан кейін глюкозаны 1-2 минут бойы ысқылайды. Оның бір бөлігін капсулаға төгеді. Оның үстіне 2,5 аскорбин қышқылын қосып тағы 2 минут ысқылайды. Жеке қол таразысында 0,01 фолий қышқылын өлшеп алып, келідегі қоспаға салып ысқылауды жалғастырады. Содан кейін капсуладағы қалған глюкозаны қосып біркелкі болғанға дейін ысқылайды. Ұнтақтың біркелкілігін тексеріп, 50 пергаментті капсула алады және соларға 0,25 гр.-нан күрделі ұнтақты салады. « Ішке » заттаңбасымен жібереді. |
Ұнтақ біркелкі, сусымалы. Бір ұнтақтың салмағы 0,25 тең. Безендірілуі қаулылардың талаптарына сәйкес. Бақылау қағазы дұрыс толтырылған. Б.П. Glucosi 10,0 Acidi ascorbinici 2,5 Acidi folici 0,01 mж=12,51;m1ұнт=0,25 №50
|
Дәрілік нысандар технологиясы
№ 14 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТЫҢ НҰСҚАУ КЕСТЕСІ
Тақырып: Жиынтықтар.
Іс құралдары: Бастапқы заттар, қайшылар, дәріханалық елек жинағы, пергаментті қағаз, пенициллин құтысы, қол таразылары, таразы тастары, заттаңбалар, дәрілік өсімдік шикізатының ұнтақталу деңгейі туралы кесте және т.б.
Рецепт және есептеулері. |
Дәрілік заттардың физико – химиялық қасиеттері
|
Іс-әрекеттердің реті және технологиялық процестің жүргізілуі |
Сапасын бағалау |
Rp: Florum Chamomillae FoliorumSalviae ana 10.0 Natrii hudrocabonatis 1,0 M.fiat species. D.S. Тамақты шаюға арналған.
|
Natrii hydrocarbonas- натрий гидрокарбонаты немесе сода, ұсақ кристаллды ұнтақ, негізді реакция береді, салқын суда қиын ериді, ыстық суда жеңілдеу ериді.
|
- Жиынтық технологиясы шикізатты таразылау, қажетті өлшемге дейін ұнтақтау, шаңнан тазарту, араласуы біркелкі және қажет болған жағдайда дәрілік заттар қосумен туйіседі. - Бақылау парағының келесі бетін толтырады. - 10,0 түймедақ гүлдерін өлшеп, қағаз параққа салады. - 10,0 шатыраш (шалфей) жапырағын алып келесі қағазға салады. - Әр шикізатты жеке-жеке қажетті өлшемге дейін қайшымен ұсақтайды. - Шаңнан тазартады. - Түймедақ пен шатырашты қағаздың үстінде араластырады. - 1,0 натрий гидрокарбонатын 10 мл. тазартылған жылы суға ерітеді (өйткені құрғақ кристаллды заттар шикізатта тұрақталмайды) - Бұл ерітіндіні қағаздағы жиынтыққа себеді және қалақшамен араластырады. - Жиынтықтықты бөлме температурасында кептіреді (немесе кептіргіш шкафта) - Кептірілген жиынтықты пергаментті қағазға орамдап заттаңбамен безендіреді. - Бақылау парағының оң жағын толтырады. |
Салмағы 21,0 біркелкі өсімдіктер шикізатының жиынтығы. Безендірілуі қаулылардың талаптарына сәйкес. Бақылау қағазы дұрыс толтырылған. Б.П. Florum Chamomillae 10,0 FoliorumSalviae 10,0 Аquae pur. 10 ml Natrii hudrocabonatis 1,0 mж=10,0+10,0+1,0=21,0 |
ДӘРІЛІК НЫСАНДАР ТЕХНОЛОГИЯСЫ № 15 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТЫҢ НҰСҚАУ КЕСТЕСІ
Рецепт және
есептеулері
Дәрілік
заттардың физико – химиялық қасиеттері
Іс-әрекеттердің реті және
технологиялық процестің жүргізілуі
Сапасын бағалау
Rp.: Sol.
Argenti nitratis
0.5%-100 ml
M. D. S. Қуықты
жууға.
Фармацевт
клиенттен рецептті қабылдағанда
препараттың атауының астын кызыл
қарындашпен сызып қоюы керек, өйткені
А тізімінен улы зат жазылған. Мұндай
рецепттер дәріханада қалады.
Рецепттің
орнына сигнатура беріледі.
Argenti nitras -
күміс нитраты - ақ түсті кристаллды
ұнтақ, жарықта ыдырайды, күміс
айырылып ұнтақ қараяды, сондықтан
препаратты және оның ерітінділерін
қоңыр түсті флакондарда сақтайды.
Улы зат. ЖРД 0,03 ЖТД
0,1.
Сейфте сақталады,
затты-сандылық есепке алынған . Күшті
тотықтырғыш зат.
- Қоңыр түсті жіберілетін
флаконға 100 мл. тазартылған
суды өлшеп провизор-технологқа,
немесе улы және наркотикті
заттарға басқа жауапты кісіге барады.
- Провизор-технолог фармацевттің
көзінше 0,5 күміс нитратын
заттың сақталатын жерінде бөлек
таразыда (сол сейфте сақталатын)
өлшейді.
- Рецепттің артқы жағында
және бақылау қағазында провизор
технолог бергеніне қол
қойып, ал фармацевт
0,5 күміс нитратын
алдым: - деп
қол қояды, заттың атын,
мөлшерін, алынған күнін анықтап
жазады.
- Өлшенген зат
тез арада суда ериді, ерітінді
сүзілмейді, өйткені
күміс нитраты күшті
тотықтырғыш бола тұрып фильтрдегі
органикалық заттармен реакцияға
түсуі мүмкін. Қажетті
жағдайда мұқият жуылған фильтрден
сұзіледі.
- Ерітінді тығындалып
(пергаментті қағаз қабықты
тығынды пергаментті қағаз)
жіппен байланады, жіптің
ұштарын тығындының үстіне апарып
сүргірлейді, мөрленеді.
Қосымша заттаңбалар
«Абайлап қолдан» және
«Жарықтан қорғалған жерде
сақта».
- Сигнатура және бақылау
парағы толтырылады.
Ерітінді мөлдір түссіз
Байланып тығындалған,
сүргімен мөрленген.
-Безендірілуі бұйрықтарға
сәйкес.
Бақылау парағы дұрыс толтырылған.
Б.П. Aquae
purificatae 100ml
Argenti nitratis 0,5
Vж=100
ml
Іс құралдары: цилиндр, жіберілетін флакон, тығындауыш материалдар, сүргі, жіп, заттаңбалар, сигнатура т.б.
ДӘРІЛІК НЫСАНДАР ТЕХНОЛОГИЯСЫ №16 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТЫҢ НҰСҚАУ КЕСТЕСІ
Тақырып:Суда өте аз еритін заттардың ерітінділері.
Іс құралдары: цилиндр, жіберілетін флакон, тығындауыш материалдар, заттаңбалар, воронка т.б.
Рецепт және есептеулері |
Дәрілік заттардың физико – химиялық қасиеттері |
Іс-әрекеттердің реті және технологиялық процестің жүргізілуі |
Сапасын бағалау |
Rp.:Sol.Furacilini-0,02% 400ml D.S.: тамақты шаюға
Есептеулер: mFuracilini 0,2-100 ml x-400 ml x=0,02*400/100=0,08
VAquae purificatae=400ml
mNatrii chloridi 0 ,9-100ml x - 400ml x= 0,9 * 400/100=3,6
|
Furacilinum (Фурацилин) сары немесе жасыл - сары ұнтақ дәмі ащы. Суда өте аз ериді (1:4200), спиртте аз ериді, негіздерде ериді. Б тізіміне жатады. Жарықтан сақталған салқын жерде жақсы тығындылған коңыр түсті банкаларда сақталады. |
Берілген концентрацияда 400 мл ерітінді дайындау үшін 0,08 Фурацилин алынады. Тазартылған ыстық су және изотониялық 0,9% натрий хлоридаінің ерітіндісі еріткіш болып келеді. Көлемі 500 мл колбаға 400 мл тазартылған су алынады. Таразымен 3,6 натрий хлоридін өлшеп алып жаңағы колбаға салынады. Сонан соң 0,08 Фурацилин өлшеніп, колбаға қосылады. Колбадағы ерітіндіні фурацилин толық ерігенше қыздырады(бірақ қайнатпайды). Ерітіндіні суытып, мақталы-дәкелі тампоннан қоңыр түсті жіберілетін құтыға сүзгілейді. Резінке тығындысымен тығындап, метал қақпағымен айналдыра жабады. Жіберуге безендіреді. Төлқұжат толтырылады. заттаңбасы «Сыртқа» сарғыш тұсті. Дәріхананың № рецепт № , дәрілік нысанның аты, оның концентрациясы мен көлемі, дайындалған мезгілін, науқастың аты жөні және қолдану тәсілі көрсетіледі. |
Ерітінді мөлдір, түсі ашық сары. -Безендірілуі бұйрықтарға сәйкес. Бақылау парағы дұрыс толтырылған. Б.П. Aquae purificatae 400ml Natrii chloridi 3,6 Furacilini 0,08 Vж=400 ml
|
ДӘРІЛІК НЫСАНДАР ТЕХНОЛОГИЯСы № 17 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТЫҢ НҰСҚАУ КЕСТЕСІ
Тақырып: Сұйық дәрілік түрлерді бюреткалық жүйені пайдаланып дайындау Іс құралдары: өлшеуіш цилиндр, бюреткалық жүйе, 200 мл. жіберетін флакон, заттаңбалар, резіңке, пергаментті қағаз
Рецепт және есептеулері |
Дәрілік заттардың физико – химиялық қасиеттері |
Іс-әрекеттердің реті және технологиялық процестің жүргізілуі |
Сапасын бағалау |
Rp.:Sol.Calcii chloridi 5%- 200ml D.S.1 ас қасықтан күніне 3 рет, тамақтан кейін.
Есептеулер: mCalcii chloridi 5,0-100ml x-200ml x=5*200/100=10,0 VSol.Calcii chloridi 50% (1:2) 1,0-2ml 10,0-х x=10,0*2ml/1,0=20ml VAquae purificatae= 200ml-20ml=180ml |
Кальций хлориді-түссіз кристаллдар иіссіз, дәмі тұзды-ащы. Препарат суда өте оңай ериді, еріген кезде ерітінді қатты мұздайды, 95% спиртте жеңіл ериді.
Сақталуы: Құрғақ жерде. Үлкен емес жақсы тығындалған банкаларда, тығындысының үстінен парафин құйылған.
Қолданылуы: Кальций иондарының қайнар көзі. Аллергияға қарсы ем. |
- Жазылғаны сұйық дәрілік нысан-ерітінді. - Есептеулерді жүргізеді - Жіберілетін флаконға 180 мл тазартылған суды алады. -Бюреткалық жүйесімен 20мл.50% кальций хлоридін өлшейді, жіберілетін флаконға төгіп, шайқайды. - Механикалық қоспалардың жоқтығын тексереді. - Бюреткалық жүйені қолданып ерітінділер дайындағанда сүзгілеудің қажеті жоқ, өйткені бюретка концентрациясы тексеріліп, сүзгіленген концентратпен толтырылады. - «Пергаментті қағаз-қабықты тығынды-пергаментті қағаз» тығындауышпен тығындап резінкемен буады. - Жіберуге безендіреді. «Ішке», «Салқын жерде сақта» заттаңбалары жабыстырылады.
|
Мөлдір ерітінді, көлемі 200 мл. Безендірілуі бұйрықтарға сәйкес. Бақылау парағы дұрыс толтырылған. Б.П. Aquae purificatae 180ml Sol.Calcii chloridi 50% (1:2) 20ml Vж=200ml |
