Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сборник ТЛФ на каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
597.5 Кб
Скачать

Дәрілік нысандар технологиясы

48 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТЫҢ НҰСҚАУ КЕСТЕСІ

Тақырып: Антибиотигі бар дәрілік нысандар.

Іс-құралдары: келі мен келсап, желім қырғыш, қол таразылары, таразы тастары, этикетка, дәрілік зат, анықтамалық кесте, тығындауыш материал және т.б..

Рецепт және

есептеулері

Дәрілік заттардың физико –

химиялық қасиеттері

Іс-әрекеттердің реті және технологиялық процестің жүргізілуі

Сапасын бағалау

Rp.:Benzilpenicillini

300 000 ЕД

Streptocidi 3,0

M. f. Pulvis

D.S. Мұрынға тыныстауға арналған.

Есептеулер:

m Benzilpenicillini

1 000 000-0,65

300 000- х

x=0,19

Benzilpenicillinum - Бензилпинициллин -

(натрий, калий және новокаин тұздары

қолданылады) - ақ ұсақ кристаллды, дәмі ащы, жеңіл гигроскопиялық ұнтақ.

Пенициллинді құтыда шығарылады.

Инфекциялық, қабыну аурулары кезінде антибиотик ретінде қолданылады.

Күшті әсер етуші зат.

Ж.1р.д.

Жт.д.

Streptocidum- стрептоцид – иіссіз, ақ кристалды ұнтақ. Сульфаниламидті препарат.

Антибактериалды д.з.

Күшті әсер етуші зат

Ж.1р.д.

Ж.т.д.

- Антибиотигі бар дозаланбаған ұнтақ жазылған

- Бұл дәрілік нысанды асептикалық жағдайда дайындайды

- Зарарсыздандырылған қол таразысында 3,0 зарарсыздандырылған салқындатылған стрептоцид өлшеп алып, зарарсыздандырылған келіге салады және ысқылайды.

- Содан соң стрептоцидті келіде шамамен 0,2 қалдырып, таза капсулаға төгеді.

- Пенициллинді құтыны алып, этикеткада қанша ӘБ(ЕД) жазылғанын қарайды. ӘБ 1 000 000 бензилпенициллин 0,65 сәйкес. Рецептте ӘБ 300 000жазылған. Ендеше 0,19 антибиотик ұнтағын өлшеп алу керек. Оны келіге салады және стрептоцидпен бірге ысқылайды.

- Содан кейін капсуладағы стрептоцидті бөліп-бөліп қосады және мұқият ысқылайды.

- Дайын дәрілік нысанды зарарсыздандырылған құтыға салады және герметикалы орайды.

- Бөлме температурасында құрғақ жерде сақтаңыз.

- Сыртқа қолдануға арналған деп безендіреді.

Ақ, сусымалы ұнтақ – біркелкі, ерекше иісті. Безендірілуі

тиісті

қаулылардың талаптарына сәйкес.

Бақылау парағы

дұрыс толтырылған.

Дәрілік нысандар технологиясы

49 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТЫҢ НҰСҚАУ КЕСТЕСІ

Тақырып: Үйлесімсіздік. Эвтектикалық қоспалар.

І

Рецепт және

есептеулері

Дәрілік заттардың физика –

Химиялық қасиеттері

Іс-әрекеттердің реті және технологиялық процесстің жүргізілуі

Сапасын бағалау

Rp.:Camphorae 1.0

Mentholi 1.0

M.D.S. Тіс тамшылары

Сamphora - камфора

Түссіз кристаллды ұнтақ, ерекше иіске ие, ұнтақталуы қиын.

Кейбір ұнтақ тәрізді заттарды араластырғанда қоспаның балқу температурасы бастапқы ингредиенттің балқу температурасына қарағанда тез, бірден төмендеп кетеді. Бұл кристаллды решетканың бұзылуының нәтижесінде болады. Мұндай қоспалар эвтектикалық деп аталады.

Камфор мен ментол иісті заттар, сол себептен иісті заттарға арналған шкафта сақталады. Жеке таразыда алдымен камфорды, содан соң ментолды өлшеп алады және келіге салады.

Ысқылау барысында келіде эвтектикалық-сұйықтық қоспасы пайда болады.

Осы сұйықтықты пенициллинді құтыға құяды, тығындайды және сыртқа қолдануға арналған деп безендіреді.

Ерекше иісі бар, түссіз, мөлдір сұйықтық. Жақпамайды алақанда ысқылағанда ештеңе сезілмейді.

Безендіруі

тиісті

қаулылардың талаптарына сәйкес.

Бақылау парағы

дұрыс толтырылған.

с-құралдары
: келі мен келсап, желім қырғыш, қол таразылары, таразы тастары, этикетка, дәрілік зат және т.б..