Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сборник ТЛФ на каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
597.5 Кб
Скачать

Дәрілік нысандар технологиясы

9 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТЫҢ НҰСҚАУ КЕСТЕСІ

Тақырып: Күшті әсер етуші заттары бар ұнтақтар.

Іс құралдары: келсап пен келі, қалақша, капсулалар, қол таразысы, дәрілік, таразы тастары, заттаңбалар, дәрілік заттар және т.б.

Рецепт және есептеулері.

Дәрілік заттардың физико – химиялық қасиеттері

Іс-әрекеттердің реті және технологиялық процестің жүргізілуі

Сапасын бағалау

Rp.: Dimedroli 0,05

Glucosi 0,2

M.f. pulvis

D. t.d.№ 10

S. 1 ұнтақтан күніне 2 рет.

Есептеулер:

mDimedroli 0,05*10=0,5

mGlucosi 0,2*10=2,0

mж=0,5+2,0=2,5

m1ұнт =2,5:10=0,25

Димедрол — ақ ұсақ кристалды ұнтақ, иіссіз немесе әлсіз иісі бар, дәмі ащы, тілде ұю сезімін тудырады. Гигроскопиялық зат.

Суда, спиртте және хлороформда өте жеңіл ериді. Бензол мен эфирде өте аз ериді. Күшті әсер етуші зат.

ЖРД 0,1

ЖТД 0,25

Сақталуы: Жарық пен ылғал әсерінен қорғайтын, жақсы қапталған ыдыста

Қолданылуы: Гистаминге қарсы дәрілік зат. Ұйықтатқыш.

Күшті әсер етуші заты бар дозаланған күрделі ұнтақ жазылған. ЖРД мен ЖТД тексереміз. Дозасы аспаған.

2,0 глюкоза алады, келіге салып, 1-2 минут ұнтақтайды. Сонан кейін, глюкозаның бір бөлігін капсулаға төгіп, келіге 0,5 димедрол салады және біркелкі болғанға дейін ысқылауды жалғастырады. Қоспаны мұқият ысқылайды, содан кейін қалған глюкозаны қосады. Ысқылауды жалғастырады. Пайда болған күрделі ұнтақты 0,25 граммнан өлшеп 10 бөледі. Димедрол гигроскопиялық зат болғандықтан шайырланған капсулаға саламыз. «Ішке» заттаңбасымен жіберуге безендіреді.

Ұнтақ біркелкі, сусымалы. Өзіне тән иісі бар. Бір ұнтақ салмағы 0,25 тең.

Безендірілуі қаулылардың талаптарына сәйкес.

Бақылау қағазы дұрыс толтырылған.

Б.П.

Glucosi 2,0

Dimedroli 0,5

mж=2,5; m1ұнт =0,25 №10

Дәрілік нысандар технологиясы

10 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТЫҢ НҰСҚАУ КЕСТЕСІ

Тақырып: Сығындылар қосылған ұнтақтар.

Іс құралдары: келсап пен келі, қалақша, капсулалар, қол таразысы, дәрілік заттар, таразы тастары,, дәрілік заттар және т.б.

Рецепт және есептеулері.

Дәрілік заттардың физико – химиялық қасиеттері

Іс-әрекеттердің реті және технологиялық процестің жүргізілуі

Сапасын бағалау

Rp.:Extr. Belladonnae 0,01

Papaverini hydrochloridi 0,015

Camphorae 0,1

Sacchari 0,2

Misce fiat pulvis

Da tales doses №20

Signa. Күніне бір ұнтақтан 2 мезгіл.

Есептеулер:

Extr.Belladonnae sicci(1:2) 0,01*20 = 0,2*2= 0,4

Papaverini Hydrochloridi 0,015*20 = 0,3

Camphorae 0,1*20 = 2,0

Spyritus aethylici 20g

Sacchari 0.2*20 = 4,0

mж=0,4+0,3+2,0+4,0=6,7

m1ұнт =6,7:20=0,33

Extractum Belladonnae siccum Итжидектің (ақжидектің) құрғақ сығындысы – ақ немесе ақшыл түсті, иісі әлсіз, дәмі ерекше ұнтақ. Гигроскопиялық зат. Құрамында 0,7-0,8% алколоидтер бар. Осы себептен дәрілік затты дайындау барысында құрғақ сығындыны қою сығындымен қатынасына байланысты 2 есе көп көлемде қолданады (1:2). Ж1РД – 0,1; ЖТД – 0,3.

Papaverinum Hydrochloridum Папаверин гидрохлориді – ақ кристалды, иіссіз, жеңіл, ащылау дәмі бар ұнтақ. Ж1РД – 0,2; ЖТД – 0,6. Спазмолитикалық зат.

Сamphora-камфорa – түссіз, кристаллды ұнтақ, өзіне тән аңқыған иісі бар ұнтақталуы қиын.

Saccharum-қант– ақ, кристалды, дәмі тәтті, иіссіз, суда жақсы еритін ұнтақ.

Дозаланған күрделі ұнтақ. Бөлінген тәсілімен жазылған. Біріншіден екі бірдей күшті әсер етуші зат берілген. Сондықтан олардың дозасының дұрыстығын тексеру керек. Берілген дозаны ГФ-тегі дозамен салыстырады, дозасы аспаған.

4,0 қант өлшеп алып, оны ысқылайды және келіде шамамен папаверин гидрохлориді көлеміндей қант қалдырып, қалғанын капсулаға салады. Келіге 0,3 папаверин гидрохлоридін салады. Қоспаны ысқылай отырып қантпен араластырады. Содан кейін 0,4 г (1:2) ақжидектің құрғақ сығындысын қосып, мұқият араластырады.

Бөлек, алдын-ала ысытылған келіде 2,0 камфора мен 20 тамшы этил спиртін ысқылайды. Осы келіге капсуладағы қантты қосады да, бірінші келідегі қоспамен мұқият араластырады. 0,33 граммнан өлшеп алып, 20 ұнтақ дайындайды. Парафинді немесе балауызды капсуламен орайды. Осы капсулаларды қағаз қапшыққа салып, безендіреді. Төлқұжат толтырып, жасыл түсті «Ішке» заттаңбасымен безендіреді. Заттаңбада дәріхана нөмірі, мекен-жайы, рецепт нөмірі, көлемі, дайындалған күні, науқастың аты-жөні және қолдану әдісі көрсетіледі. Қаптамаға «абайлап қолданыңыз» жазуы бар қызыл түсті және көк түсті «жарықтан қорғалған жерде сақтаңыз» заттаңбасы. жабыстырылады.

Ұнтақ біркелкі, сусымалы. Бір ұнтақтың салмағы 0,33 тең.

Безендірілуі қаулылардың талаптарына сәйкес.

Бақылау қағазы дұрыс толтырылған.

Б.П.

Sacchari 4,0

Papaverini Hydrochloridi 0,3

Extracti Belladonnae sicci(1:2) 0,4

Camphorae 2,0

Spyritus aethylici 20g

mж=6,7;m1ұнт =0,33 №20