Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сборник ТЛФ на каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
597.5 Кб
Скачать

Дәрілік нысандар технологиясы

39 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТЫҢ НҰСҚАУ КЕСТЕСІ

Тақырып: Майұнтақтар (пасты)

Іс-құралдары: келі, келсап, қырғыш, қарапайым және пергамент капсулалары, техникалық және қол таразылары, таразы тастары, қалақшалар (шпатели), шыны банкалар, заттаңба және т.б..

Рецепт және

есептеулері

Дәрілік заттардың

физико-химиялық

қасиеттері

Іс-әрекеттердің реті және технологиялық процестің жүргізілуі

Сапасын бағалау

Rp.: Zinci oxidi 2,5

Amyli 2, 5

Vaselini 10,0

Misce fiat pasta

Da. Signa.

Есептеулері:

Жақпамай массасы:

2,5+2,5+10,0= 15,0

Қатты фаза көлемі % бойынша:

15-100

5-х х= 33,3 % (5% артық мөлшерді құрайды).

Zinci oxidi – мырыш оксиді – ақ немесе ақ-сарғыш түсті, иісіз, аморфты ұнтақ.

  • Жақпамайдың қатты фазасы 25 %-дан жоғары болғандықтан, бұл жақпамай майұнтақтар деп аталады.

  • Суспензиялық жақпамайларды дайындау ережесі бойынша, егер қатты фаза 5% жоғары болса, онда дәрілік заттың жақсырақ дисперстенуі үшін қыздырылған негізгі жақпамайдың жартысымен бірге ысқылайды.

  • Келіге 2,5 мырыш оксидін өлшеп алып, аздап ысқылайды.

  • Тарир таразысында 10,0 вазелинді пергаментті қағаз салып, өлшеп алады.

  • Су моншасында вазелиннің жартысын қыздырады (Дерягин ережесі бойынша) және ыстықтай күйінде келіге салады, біркелкі қаймақ тәрізді масса болғанға дейін ысқылайды.

  • Жартылай суытылған массаға 2,5 крахмал қосады(егер крахмалды ыстық массаға қоссақ клейстеризацияланады)

  • Қалған вазелинді қосып, мұқиият ысқылайды.

  • Майұнтақтың біркелкілігін алақанда немесе заттық шыныда тексереді.

  • Дайын майұнтақты мойны кең құтыға салады және «Сыртқа» заттаңбасымен безендіреді.

  • Төлқұжат толтырады.

Ақ түсті, қою жақпамай.

Жақпамайды алақанда ысқылағанда түйіршіктер сезілмейді. Безендірілуі

тиісті

қаулылардың талаптарына сәйкес.

Бақылау парағы

дұрыс толтырылған.

Дәрілік нысандар технологиясы

40 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТЫҢ НҰСҚАУ КЕСТЕСІ

Тақырып: Суппозиторийлерді илеу тәсілімен дайындау.

Іс-құралдары: дәрілік және қосымша заттар, келі мен келсап, желім қырғыш, үшбұрыш пішінді пергамент капсулалары, техникалық және қол таразылары, таразы тастары, қалақшалар, пилюльді машина, заттаңба және т.б..

Рецепт және

есептеулері

Дәрілік заттардың

физико-химиялық

қасиеттері

Іс-әрекеттердің реті және технологиялық процестің жүргізілуі

Сапасын бағалау

Rp.:.Anaеsthesini 0,2

Olei Cacao q.s.

M .f. suppositorium

D.t .d . № 6

S.1

ембалауыздан

түнде

Есептеулері:

mOlei Cacao

3,0 х 6 = 18,0

mAnaesthesini 0,2*6=1,2

mLanolini anhydrici q.s. mж=19,2

Anaеsthesinum- ақ түсті ұсақ кристаллдар.

- Келіге 1,2 анестезин өлшеп алып, ысқылайды.

- Тарир таразысында пергаментті қағазға 18,0 какао майын өлшеп алады.

- Порциялармен какао майын қосып, анестезинмен бірге біркелікі масса болғанға дейін ысқылайды.

- Егер пластикалық масса болмаса, онда сусыз ланолиннің аздаған көлемін қосады.

- Көптікті қырғыш көмегімен пергаментті капсулаға салады, массаны жаныштайды (умять). Бұл массаға қолды тигізуге болмайды.

- Дайын пластикалық көптікті өлшейді және нәтижесін бақылау қағазына және рецепттің келесі бетіне жазады.

- Суппозиторлы көптікті пилюльді машинасының шынысына орнатады.

- Пилюльді машинаның тақтайшасының көмегімен біркелкі қалыңдықта өзек илеп шығарады, өзектің ұзындығы пилюльді машинаның кескіштерінің 6 бөлігіне тең болуы керек.

- Өзекті кескішке орнатып, белгі қою үшін аздап тақтайшамен басады.

- Жіп немесе скальпелмен өзекті белгіленген жерден бірдей 6 бөлікке кеседі.

- Әрбір бөліктен шар жасайды, ал шардан тақтайшаны бұрыштап ұстап (шамамен 45 градус) ембалауыз жасаймыз.

- Әрбір ембалауызды үшбұрыш пішінді парафинделген қағазға орайды және қатты қағаз немесе қағаз қалташаға салып, орамдайды.

- Негізгі «Сыртқа қолдануға арналған» және ескертетін «Cалқын жерде сақтаңыз» заттаңбаларымен безендіреді.

Суппозиторийдің массасы біркелкі, пішіні, өлшемі және салмағы бірдей. Көптіктің ауытқуы +-5% аспайды.

Безендірілуі

тиісті

қаулылардың талаптарына сәйкес.

Бақылау парағы

дұрыс толтырылған.