Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сборник ТЛФ на каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
597.5 Кб
Скачать

Дәрілік нысандар технологиясы

38 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТЫҢ НҰСҚАУ КЕСТЕСІ

Тақырып: Суспензиялық жақпамайлар.

Іс-құралдары: келі, келсап, қырғыш, қарапайым және пергамент капсулалары, техникалық және қол таразылары, таразы тастары, қалақшалар (шпатели), шыны банкалар, заттаңба және т.б..

Рецепт және

есептеулері

Дәрілік заттардың

физико-химиялық

қасиеттері

Іс-әрекеттердің реті және технологиялық процестің жүргізілуі

Сапасын бағалау

Rp.: Streptocidi 0,4

Dermatoli 0,5

Lanolini

anhydrici 10.0

Vaselini 20,0

Misce. Da.

Signa. Терінің

зақымданған

жеріне жағуға.

Streptocidum.

Стрептоцид – ақ,

кристаллды, иіссіз

ұнтақ, суда аз ериді.

Күшті әсер етуші зат.

Ж1РД-2,0 ЖТД -7,0

Dermatolum.

Дерматол-аморфты ұнтақ, иісі және дәмі жоқ. Сары түсті препарат, бірақ бояғыш қасиетке ие емес.

  • Келі мен келсапты таңдап алып, астына қағаз қояды.

  • 0,5 дерматол өлшеп алып, ысқылайды.

  • Басқа келіге стрептоцид өлшеп алып, оны этанолдың 5-6 тамшысымен

ысқылайды.

  • Ұнтақтар қоспасына бірнеше вазелин майын (ұнтақтар массасының

жартысындай көлемде) қосып, біркелкі масса пайда болғанға дейін

ысқылайды.

  • Тарир таразысында 20,0 вазелинді пергаментті капсулаға өлшеп алады, порциялармен келіге салып, ысқылайды.

  • 10,0 сусыз ланолин өлшеп алып, порциялармен келіге салып, біркелкі масса болғанға дейін ысқылайды. Жақпамайдың біркелкілігін тексеру: 2 заттық шыныға дақ түріндегі 0,02 – 0,03тен 2 сынама салады. Ал содан кейін екінші заттық шынымен жауып, диаметрі 2 см болатын дақ пайда болғанға дейін мықтап басу керек. Бұл дақтарды жарықта 30 см аралықта қарағанда, 4 сынаманың 1 қалыпты ауытқулар байқалады.

  • Дайын жақпамайды қырғыш көмегімен шыны банкаға салады.

  • Құтының түбін алақанға ұрғылай отырып, оны толық және тығыз толтыруға тырысу керек.

  • Банка жиектерін таза дәкемен сүртеді.

  • Банкаға пергамент қағазынан төсеме салады.

  • Банканы бұралып жабылатын желім қақпақ жабамыз және заттаңбамен безендіреді.

  • Бақылау парағын толтырады.

Дайын жақпамай сары түсті. Жақпамайды алақанда ысқылағанда түйіршіктер сезілмейді. Безендірілуі

тиісті

қаулылардың талаптарына сәйкес.

Бақылау парағы

дұрыс толтырылған.