Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сборник ТЛФ на каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
597.5 Кб
Скачать

Дәрілік нысандар технологиясы

28 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТЫҢ НҰСҚАУ КЕСТЕСІ

Тақырып: Майлы эмульсиялар.

Іс құралдары: келі, келсап, қол таразысы, тарирлы таразысы, құты, тығындауыш материалдар т.б.

Рецепт және

есептеулері

Дәрілік заттардың

физико - химиялық

қасиеттері

Іс-әрекеттердің реті және технологиялық процестің жүргізілуі

Сапасын бағалау

Rp.:Emulsi oleosi 20%

100,0

Pulvis Ovuli 10,0

Sacchari 5,0

M.d.s. Бетке жағуға арналған

Егер рецептте майдың түрі берілмесе, онда бадам, шабдалы немесе күнбағыс майын алады.

- Берілген рецептте майлы эмульсия жазылған. Жұмыртқа ұнтағы – эмульгатор болып табылады. Дәрілік нысанды дайындау 2 кезеңнен тұратын майлы эмульсияларды дайындау ережесі бойынша жүргізіледі.

1. Алғашқы эмульсия – корпусты алу.

2. Алғашқы эмульсияны сумен немесе дәрілік заттардың сулы ерітіндісімен араластыру. - Алғашқы эмульсияны алу үшін су көлемін өлшейміз – май мен эмульгатор көлемінің жартысы. (20 + 10) : 2 = 15,0. Жұмыртқа сарысының ұнтағының салмағы 10,0.

- Келі, келсап, май, тазартылған су – барлығы эмульсия дайындар алдында зарарсыздандырылған және жақсы салқындатылған болуы тиіс.

- Жұмыртқа ұнтағын келіге салып, ысқылайды.

- 20,0 май қосып, ысқылайды.

- Содан кейін аздаған көлемдермен 15 мл су қосамыз.

- Ысқылауды сағат тіліне қарсы, бағытын өзгертпей жүргізеді.

- Жарылу (шытынау) пайда болғанға дейін ысқылайды. Бұл алғашқы эмульсияның дайын болғандығын білдіреді.

- Келі қабырғасы бойымен судың 1-2тамшысын тамызамыз, су ақ із қалдыра отырып ағады – алғашқы эмульсия дайын.

-кең мойынды ыдысқа 65 мл. тазартылған су алып, онда 5,0 қантты ерітеді.

- Келіде алғашқы эмульсияны ақырындап қанттың сулы ерітіндісімен араластырады.

- Дайын эмульсияны алдын ала таразылап алынған жіберілетін құтыға 2 қабат дәке көмегімен сүзеді және жалпы салмағы 115,0 жеткізеді.

- Сыртқа қолданатын дәрілік зат ретінде безендіріледі.

- Қосымша заттаңбалар - “Салқын жерде сақтаңыз” , “Қолданар алдында шайқаңыз”.

Сары түсті, қаймақ тәрізді, жабысқақ сұйықтық. Эмульсия салмағы 115,0. Безендірілуі

тиісті

қаулылардың талаптарына сәйкес.

Бақылау парағы

дұрыс толтырылған.

Дәрілік нысандар технологиясы

29 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТЫҢ НҰСҚАУ КЕСТЕСІ

Тақырып: Дәнді эмульсиялар.

Іс құралдары: келі, келсап, пергаментті қағаз, резіңке, қол таразылар, таразы тастары, заттаңбалар, асқабақ дәні, 100 мл құты және т.б.

Рецепт және

есептеулері

Дәрілік заттардың физико - химиялық қасиеттері

Іс-әрекеттердің реті және технологиялық процестің жүргізілуі

Сапасын бағалау

Rp.:Emulsi semenum

Cucurbitae 100,0

M.D.S. Аш қарынға 1 рет қабылдауға.

Егер рецептте дән мен эмульсия қатынасы көрсетіл-

месе, онда 100,0 эмульсия дайындау үшін 10,0 дән алады (1:10). Осы эмульсияны дайындау үшін 10,0 тазартылған асқабақ дәнін алу қажет. Судың көлемі: эмульсияны салмақ өлшемі бойынша дайындайды, 10,0 асқабақ дәні, қалғаны су:100-10=90 мл

Асқабақ дәні - Semen Cucurbitae — қабығы қатты жасыл түсті, дәні ақ, сопақ.

Антигельминтті дәрілік зат.

- Дәнді қатты қабығынан ажыратады (босатады).

  • 10,0 тазартылған дән өлшейді.

  • Жұқа жасыл түсті қабығында антигельминтті зат бар болғандықтан, оны қалдырады.

  • Дәнді арнайы биік, фарфорлы, келісабы ұзын келіге салады.

  • Алдымен судың аздаған көлемімен, шамамен дәннің 0,1 бөлігі « бұл жағдайда 20 тамшы» (90 мл судан алынады), біркелкі ботқа пайда болғанға дейін араластырады.

  • Кейін қалған сұйықтықты бөліп-бөліп қосады, осы кезде эмульсияны үнемі араластырып отыру керек.

  • Жіберуге арналған құтыны тарир таразысында өлшейді.

  • Эмульсияны осы, салмағы өлшенген, құтыға құямыз. Келіде қалған эмульсия қалдығын сумен шаямыз. Осы кезде келі мен келісапта шайылуы тиіс. Эмульсияны сүзгіден өткізуге болмайды. Себебі асқабақтың жасыл қабығы сүзіліп кетеді (сүзгіде қалып қояды).

  • Қажет болған жағдайда тазартылған сумен қажетті массаға дейін жеткізуге болады.

  • Қосымша этикеткалар – “Салқын жерде сақтаңыз” , “Қолданар алдында шайқаңыз”.

Ақ түсті, бұлыңғыр, дәннің жасыл қабығының ұсақ түйіршіктері бар сұйықтық.

Эмульсия салмағы 100,0 тең.

Безендірілуі

тиісті

қаулылардың талаптарына сәйкес.

Бақылау парағы

дұрыс толтырылған.