Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сборник ТЛФ на каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
597.5 Кб
Скачать

I «Даналық» колледжі

Дәрілік нысандар технологиясы

тәжірибелік сабақтарға арналған

Нұсқау кестелер жинағы

«Фармация» мамандығы бойынша оқушыларға арналған

оқу-әдістемелік құрал

№1 шығарылым

Астана – 2014

Мазмұны

бет

  1. Кіріспе…… ……………………………………………………………………………………………...………...5

  2. «Қатты дәрілік нысандар» тақырыбы бойынша нұсқау кестелері . № 1 - № 15 кестелер……..… 7-24

  3. «Сұйық дәрілік нысандар» тақырыбы бойынша нұсқау кестелері. № 16 - № 35 кестелер ……..… 25-44

  4. «Жұмсақ дәрілік нысандар» тақырыбы бойынша нұсқау кестелері. № 36 - № 41 кестелер……....45-50

  5. «Стерильді дәрілік нысандар» тақырыбы бойынша нұсқау кестелері. № 42 - № 45 кестелер…….… 51-54

  6. «Көзге арналған дәрілік нысандар» тақырыбы бойынша нұсқау кестелері. № 46-47 кестелер………55-56

  7. «Құрамында антибиотиктер бар дәрілік нысандар» тақырыбы бойынша нұсқау кестелері. № 48 кесте…..57

  8. «Үйлесімсіздіктер» тақырыбы бойынша нұсқау кестелері. № 49-50 кестелер……………….…..…58-59

9. Қолданылған оқу-құралдар ………………………………………………………………………..…...60

Кіріспе

«Дәрілік нысандар технологиясының тәжірибелік сабақтарына арналған нұсқау кестелердің жинағы» «Фармация» мамандығы бойынша оқу-әдістемелік құрал болып табылады.

Материал студенттердің өзіндік жұмыстарына және «Дәрілік нысандар технологиясы» пәні бойынша тәжірибелік сабақтарда қолдану үшін арналған.

Бұл құралға қойылатын мақсат: студенттердің түрлі дәрілік нысандарды дайындау технологиялық процестерінің ретін меңгеруі.

Нұсқау кестелер тақырыптар бойынша құрастырылған. Әр кестеге реттік нөмір берілген.

Әр нұсқау кестесі 4 бөлімнен құралған:

  1. Рецепт және есептеулері;

  2. Дәрілік заттардың физико-химиялық қасиеттері;

  3. Іс-әрекеттердің реті және технологиялық процестің жүргізілуі. (Дәрілік заттардың физика-химиялық қасиеттерін ескере отырып, берілген рецепт бойынша дайындалу технологиясы анықтап жазылған, оған қоса дайындау технологиясының дәйектемесі, орамдау және безендіру жөнінде нұсқаулар берілген.)

  4. Сапасын бағалау.

Кестедегі нұсқауларды мұқият орындай отырып, студенттер әр тәжірибелік сабақта жазбадағы дәрілік нысанды дайындайды.

Бұл оқу-әдістемелік құрал типтік оқу бағдарламасына сәйкес құрастырылып, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігімен бекітілген.

Жинақты құрастырған «Даналық» колледжінің директоры Мурзагулова З.Г. және «Даналық» колледжінің дәрілік нысандар технологиясының оқытушысы Туребаева А.Ж. Қазақ тіліне аударып, толықтырған «Даналық» колледжінің дәрілік нысандар технологиясының оқытушысы Сарсенова Л.С.

Дәрілік нысандар технологиясы

1 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТЫҢ НҰСҚАУ КЕСТЕСІ

Тақырып: Қарапайым ұнтақтар.

Іс құралдары: келі мен келсап, целлюлоид қалақшасы, капсулалар, қол таразылары, таразы тастары, заттаңбалар, дәрілік заттар т.б.

Рецепт және есептеулері

Дәрілік заттардың физико – химиялық қасиеттері

Іс-әрекеттердің реті және технологиялық процестің жүргізілуі

Сапасын бағалау

Rp.:Acidi Acetylsalicylici

0,5

Misce fiat pulvis

Da tales doses № 6

Signa.1 ұнтақтан күніне 3 мезгіл .

Есептеулер:

mAcidi Acetylsalicylici

0,5 х 6 =3,0

mж=3,0

m1ұнт.=3,0:6=0,5

Acidum Acetylsalicylicum- ацетилсалицил қышқылы-ақ түсті кристаллды ұнтақ иіссіз, дәмі әлсіз қышқыл.

Бөлінген тәсілмен қарапайым ұнтақ жазылған.

- Ацетилсалицил қышқылының қажетті салмағын есептейді. 1 ұнтаққа жазылған дозаны дозалардың санына көбейтеді.

- Қол таразысымен 3,0 ацетилсалицил қышқылын өлшейді. Ұнтақты келіге саламыз, ал таразыны спиртті-эфирлі қоспамен сүртіп, орнына іледі.

- Келіде ұнтақты мұқият ысқылайды, біркелкі масса болғанша.

- Біркелкілігін тексеру үшін ұнтақты келінің ортасына жинап келсаптың басымен ақырын басады. Із қалған жерде кесектер, бөлек түйіршіктер,жылтырақтар болмауы тиіс. Ұнтақты жарықта 25 см қашықтықта қарайды.

- Дайын ұнтақты таза қағаздың бетіне салады.

- Ацетилсалицил қышқылы гигроскопиялық зат болғандықтан 6 пергаментті капсулалар дайындайды: бір шетін 0,5 см-ге бүгіп сол жақтан оң жаққа қарай тізіп қояды.

- Сол жақтан оң жаққа қарай пергаментті капсулаларға ұнтақты 0,5-тен өлшеп салады, оң жақтан сол жаққа қарай орамдайды, бұрыштары үшкір, ішке кіріп тұрмауы тиіс, қосылған жері ортасында болуы керек.

- Ұнтақтарды қағаз конвертке 3-ден салады.

- Жасыл түсті «Ішке» деген заттаңбасын толтырып конвертке жабыстырады.

- Бақылау парағын толтырады.

- Жұмыс орнын ретке келтіреді.

-Ұнтақ себілгіш, біркелкі кесектер, бөлінбеген түйіршіктер, жылтырақтар жоқ.

-Бөлек ұнтақтардың салмағының келіспеуі нормаға сәйкес.

-Безендірілуі қаулылардың талаптарына сәйкес.

Бақылау парағы дұрыс толтырылған.

Б.П.

Acidi Acetylsalicylici 0,5

mж=3,0;m1ұнт.=0,5 №6

ДӘРІЛІК НЫСАНДАР ТЕХНОЛОГИЯСЫ 2 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТЫҢ НҰСҚАУ КЕСТЕСІ

Тақырып: Құрамында күшті әсер ететін заттары бар ұнтақтар.

Іс құралдары: келі мен келсап, целлюлоид қалақшасы, капсулалар, қол таразылары, таразы тастары, заттаңбалар, дәрілік заттар т.б.

Рецепт және есептеулері

Дәрілік заттардың физико – химиялық қасиеттері

Іс-әрекеттердің реті және технологиялық процестің жүргізілуі

Сапасын бағалау

Rp.: Analgini

Amidopyrini aa 0,25

Misce fiat pulvis

Da tales doses № 10

Signa.1 ұнтақтан

күніне 3 рет

Есептеулер:

mAnalgini = 0,25 х 10 =2,5

mAmidopyrini=0,25х10 =2,5

mж=2,5+2,5=5,0

m1ұнт=5,0:10=0,5

Analginum –анальгин ақ түсті кристаллды ұнтақ иіссіз дәмі ащылау, суда жақсы ериді. ЖРД 1,0 ЖТД 3,0 Amidopyrinum-амидопирин- ақ түсті кристаллды ұнтақ иіссіз дәмі ащылау, суда баяу ериді. ЖРД 0,5 ЖТД 2,0

- Бөлінген тәсілмен құрамында күшті әсер ететін заттары бар күрделі ұнтақ жазылған.

Жұмысты дозаларды тексеруден бастайды. Мөлшері асып кетпеген.

- Дәрілік заттар бірдей мөлшерде жазылған, бірақ ысқылағанда олардың жоғалуы әр түрлі, амидопирин 37, анальгин 22.

- Бірінші келіге 2,5 анальгинді өлшеп салады (жоғалуы аздау), ысқылайды 2,5 амидопиринді өлшеп қосады.

- Қоспа біркелкі болғанша ысқылайды.

- Дайын ұнтақты капсулаға салады

- Ұнтақтарды 0,5-тен пергаментті капсулаларға өлшейді өйткені анальгин ауадан ылғалды сіңіреді.

- Жасыл түсті «Ішке» деген заттаңбамен безендіреді .

- Бақылау парағының оң жағын толтырады.

Ұнтақ себілгіш, біркелкі бөлінбеген түйіршіктер, кесектер, жылтырақтар жоқ.

-Бөлек ұнтақтардың салмағының келіспеуі нормаға сәйкес.

-Безендірілуі қаулылардың талаптарына сәйкес.

Бақылау парағы дұрыс толтырылған.

Б.П.

Analgini 0,25

Amidopyrini 0,25

mж=5,0;m1ұнт=0,5 №10

Д

Рецепт және есептеулері

Дәрілік заттардың физико– химиялық қасиеттері

Іс-әрекеттердің реті және технологиялық процестің жүргізілуі

Сапасын бағалау

Rp: Zinci oxydi 0,1

Natrii

Hydrocarbonatis

Magnesii oxydi aa 0.2

Misce fiat pulvis.

Da tales doses № 12

Signa. 1 ұнтақтан күніне 3 рет.

Есептеулер:

mNatrii Hydrocarbonatis

0,2*12=2,4

m Zinci oxydi 0,1*12=1,2

mMagnesii oxydi

0,2*12=2,4

mж=1,2+2,4+2,4=5,6

m1ұнт=5,6:12=0,46

Zinci oxydum –цинк оксиді –ақ түсті аморфты ауыр ұнтақ

Natrii hydrocarbonas- натрий гидрокарбонаты немесе сода, ұсақ кристаллды ұнтақ, негізді реакция береді, салқын суда қиын ериді, ыстық суда жеңілдеу ериді.

Magnesii oxydum- магний оксиді -ақ түсті жеңіл ұнтақ

-Келіде бірінші натрий гидрокарбонатын ысқылап, ұсақ кристаллды ұнтақ ретінде

- Кейін мырыш оксидін қосады ауыр ұнтақ ретінде

-Соңында жеңіл болғандықтан магний оксидін қосады.

- Біркелкі болғанға дейін ысқылайды.

- Ақ қағазға салып 0,5-тен өлшеп капсулаларға саламыз

- Қарапайым капсулаларды орайды.

- үшеуден қағаз пакетке немесе қорапқа салады.

- «Ішке» этикеткасын жабыстырады.

- Бақылау қағазын толтырады.

Ұнтақ біркелкі және себілгіш.

Бір ұнтақтың салмағы 0,5.

Безендірілуі қаулылардың талаптарына сәйкес.

Бақылау қағазы дұрыс толтырылған .

Б.П.

Natrii Hydrocarbonatis 2,4

Zinci oxydi 1,2

Magnesii oxydi 2,4

mж=5,6; m1ұнт=0,46 №12

ӘРІЛІК НЫСАНДАР ТЕХНОЛОГИЯСЫ
№ 3 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТЫҢ НҰСҚАУ КЕСТЕСІ

Тақырып: Ұнтақтар

Іс құралдары: келсап пен келі, целлюлоид қалақшасы, капсулалар, қол таразысы, дәрілік заттар, таразы тастары, заттаңбалар т.б.

ДӘРІЛІК НЫСАНДАР ТЕХНОЛОГИЯСЫ № 4 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТЫҢ НҰСҚАУ КЕСТЕСІ

Тақырып: Күшті әсер ететін заттары бар ұнтақтар

Іс құралдары: келсап пен келі, целлюлоид қалақшасы, капсулалар, қол таразысы, дәрілік заттар, таразы тастары, заттаңбалар т.б.

Рецепт және есептеулері

Дәрілік заттардың физико – химиялық қасиеттері

Іс-әрекеттердің реті және технологиялық процестің жүргізілуі

Сапасын бағалау

Rp.: Dibazoli 0,03

Papaverini hydrochloridi 0,01

Sacchari 0,25

M. f. pulvis.

D.t.d. № 6

Signa. 1 ұнтақтан күніне 2 рет.

Есептеулер:

mSacchari= 0.25*6 = 1,5

mDibazoli = 0.03*6 = 0,18

mPapaverini hydrochloridi=0,01*6=0,06

mж=0,18+0,06+1,5=1,74

m1ұнт=1,74:6=0,29

Dibazolum-дибазол-ақ түсті немесе ақшыл-сұр немесе ақшыл-сары кристаллды ұнтақ дәмі ащы, гигроскопиялық зат. ЖРД 0,05 ЖТД 0,15. Papaverini hydrochloridum-папаверин гидрохлориді-ақ түсті кристаллды ұнтақ, әлсіз ащылау дәмі бар.

ЖРД 0,2 ЖТД 0,6.

-Күрделі ұнтақ жазылған, құрамында екі күшті әсер ететін зат бар сондықтан дибазол және папавериннің ЖРД әрі ЖТД тексереді.

- Индиферентті зат ретінде бірінші келіге 1,5 қантты салады, ысқылап, саңылауларын бітеп ұнтақты таза қағазға салады.

- Қалған ингредиенттерді азынан көбіне қарай өлшейді, сондықтан бірінші 0,06 папаверинді келіге салып сонда қалған кантпен бірге ысқылайды.

- Енді 0,18 дибазолды өлшеп оны келідегі қоспамен бірге ысқылайды.

-Бағанағы қағаздағы қантты келіге салып барлығын біркелкі ұнтақ болғанша ысқылайды.

- Дайын көптілікті қағазға салып, 6 пергаментті капсулаларға 0,29 -нан өлшеп солдан оңға қарай салады.

-Оңнан солға қарай орайды.

-- 3у-ден қағаз пакетке немесе қорапқа салады.

- «Ішке» этикеткасын жабыстырады.

- Бақылау қағазын толтырады.

Ұнтақ біркелкі және себілгіш.

Бір ұнтақтың салмағы 0,29.

Безендірілуі қаулылардың талаптарына сәйкес.

Бақылау қағазы дұрыс толтырылған .

Б.П.

Sacchari 1,5

Dibazoli 0,18

Papaverini hydrochloridi 0,06

mж=1,74;m1ұнт=0,29 №6

ДӘРІЛІК НЫСАНДАР ТЕХНОЛОГИЯСЫ № 5 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТЫҢ НҰСҚАУ КЕСТЕСІ

Тақырып: Ауыр ұсақталатын заттары бар ұнтақтар

Іс құралдары: келсап пен келі, целлюлоид қалақшасы, капсулалар, қол таразысы, дәрілік заттар, таразы тастары, заттаңбалар т.б.

Рецепт және есептеулері

Дәрілік заттардың физико – химиялық қасиеттері

Іс-әрекеттердің реті және технологиялық процестің жүргізілуі

Сапасын бағалау

Rp.: Camphorae 0,05

Sacchari 0,5

M.f. pulvis

D.t.d. № 10

S. 1 ұнтақтан күніне 3 рет

Есептеулер:

mCamphorae= 0,05*10 = 0,5

mSacchari= 0,5*10=5,0

Spyritus aethylici

1,0-10g

0,5-х х= 5g

mж =0,5+5,0=5,5

m1ұнт =5,5:10 = 0,55

Camphora-камфора-түссіз немесе ақ түсті криссталлды ұнтақ, оған қоса ұнтақталуы қиын. Ерекше иісі бар.

Бөлінген тәсілмен күрделі дозаланған ұнтақ жазылған.

  • Келіде 5,0 қантты ысқылап, қағаз капсулаға салады.

  • 0,5 камфораны келіге салып, 5 тамшы 95% этил спирт ерітіндісін себеді (1,0 камфораға 10 тамшы спирт алынады) және мұқият ысқылайды.

  • Енді қантты камфораның мөлшеріне шамалап салып ысқылайды.

  • 2-3 рет қалған қантты салып, ұнтақ біркелкі болғанша ысқылайды.

  • 0,55-тен балауыздалған капсулаларға салады.

  • - 3-ден қағаз пакетке немесе қорапқа салады.

  • - «Ішке» заттаңбасын жабыстырады.

  • - Бақылау қағазын толтырады.

Ұнтақ біркелкі және себілгіш. Ұнтақтың ерекше иісі бар.

Бір ұнтақтың салмағы 0,55.

Безендірілуі қаулылардың талаптарына сәйкес.

Бақылау қағазы дұрыс толтырылған.

Б.П.

Sacchari 5,0

Camphorae 0,5

Spyritus aethylici 5g

mж=5,5;m1ұнт =0,55 №10

ДӘРІЛІК НЫСАНДАР ТЕХНОЛОГИЯСЫ № 6 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТЫҢ НҰСҚАУ КЕСТЕСІ

Тақырып: Майқант қосылған күрделі ұнтақ.

Іс құралдары: келсап пен келі, целлюлоид қалақша, капсулалар, қол таразысы, дәрілік заттар, таразы тастары, заттаңбалар т.б.

Рецепт және есептеулері

Дәрілік заттардың физико – химиялық қасиеттері

Іс-әрекеттердің реті және технологиялық процестің жүргізілуі

Сапасын бағалау

Rp.:Codeini phosphatis 0,01

Coffeini-natrii benzoatis 0,02

Оleosacchari Rosae 0,3

Sacchari 0,3

M.f.p.

D.t.d.№ 20

S. Бір ұнтақтан күніне 2 рет

Есептеулер:

mCodeini phosphatis

0,01*20=0,2

mCoffeini-natrii benzoatis

0,02*20=0,4

mSacchari 0,3*20=6,0

mSacchari cum Olei Rosae

0,3*20=6,0

4,0-1g

6,0-х х=1,5g

mж=0,2+0,4+6,0+6,0=12,6

m1ұнт =0,63

Codeinum phosphatum

Кодеин фосфаты – күшті әсер ететін зат.

Кристаллды ұнтақ иіссіз, дәмі ащы, ауада ылғалсызданады. Суда жеңіл ериді (0:3,5), спиртте өте аз. ЖРД-0,1 ЖТД-0,3

Coffeini-natriii benzoas

Кофеин натрий бензоаты. Ақ түсті, әлсіз ащы дәмі бар иіссіз ұнтақ. Суда жеңіл ериді (1:2), спиртте қиын ериді (1:40). ЖРД – 0,5 ЖТД – 1,0

  • Майқант қосылған күрделі ұнтақ бөлінген тәсілмен жазылған. Алдынғы екі зат-күшті әсер ететін заттардың қатарынан, сондықтан дозаларын тексереді. Мемлекеттік фармакопея бойынша аспаған.

- Майқант – эфирлі май мен қанттың қоспасы. Майқантттар дайындау технологиясының ережесі бойынша, қатты иісі бар майлардың (раушан майы иісті эфирлы майларға жатады) бір тамшысына төрт грамм кант қосады. Барлық майқанттарды рецепт дәріханаға түскен кезде ex temporaе дайындайды.

- Бұл жағдайда майқантты дайындаудан бастайды. Келіге 6 грамм қантты өлшеп оған 1,5 тамшы эфирлы майдан қосады және мұқият араластырады.

- Басқа келіге күшті әсер ететін заттарды жоғалтпау үшін бірінші қантты өлшеп, ысқылап, келінің саңылауларын бітейді. Кейін оның көп мөлшерін қағаз капсулаға салады, келінің ішінде кофеин натрий бензоаттың салмағына шамамен тең қылып қантты қалдырады.

- Бұның бәрін мұқият араластырады, енді бірте-бірте қағаздағы қантты қосып араластырып, кодеин фосфаттың салмағына шамамен тең қылып келіде ұнтақты қалдырып, бұл қоспаны да капсулаға салады. Дәл осы келіге 0,2 кодеин фосфатын провизор технологтан алып салады.

- Кодеин фосфат — есірткі зат бола тұра затты-мөлшерлі есепке алынған,сондықтан рецепттің теріс жағында фамилиясы көрсетіліп : провизор – технологтың бердім және фармацевттің – жаңағы дәрілік затты (мөлшері көрсетіледі) алдым деген қолы қойылады.

-Бұл ингредиенттерді мұқият араластырып кофеин натрий бензоатпен қанттың капсуладағы қоспасын бірте-бірте қосады.

- Осыдан кейін бұл қоспаны алдын ала дайындап қойған майқантпен араластырады. 0,63 г өлшеп 20 ұнтақ дайындайды, «Ішке» заттаңбасымен безендіріп төлқұжатын толтырылады. заттаңбада дәріхананың нөмірін, рецепт нөмірін, дәрілік нысанның аталуын, көлемін, дайындалған күнін, науқастың аты-жөнін, қолдану тәсілін көрсетеді. Дәрі-дәрмектің құрамында есірткі зат болғандықтан (кодеин фосфат), қосымша леп белгісімен «абайлап қолдан» қызыл заттаңбасы және көгілдір түсті «салқын жерде сақта» деген заттаңбасы жабыстырылады. Рецепт дәріханада қалады. Науқасқа сигнатура беріледі.

Ұнтақ біркелкі және себілгіш. Ұнтақтың ерекше жағымды иісі бар.

Бір ұнтақтың салмағы 0,63.

Безендірілуі қаулылардың талаптарына сәйкес.

Бақылау қағазы дұрыс толтырылған.

Б.П.

Sacchari 6.0

Olei Rosae 1,5g

Sacchari 6,0

Coffeini-natrii benzoatis 0,4

Codeini phosphatis 0,2

mж=12,6;

m1ұнт =0,63 №20

ДӘРІЛІК НЫСАНДАР ТЕХНОЛОГИЯСЫ № 7 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТЫҢ НҰСҚАУ КЕСТЕСІ

Тақырып: Улы заттары бар ұнтақтар.

Іс құралдары: келсап пен келі, қалақша, капсулалар, қол таразысы, дәрілік заттар, таразы тастары, заттаңбалар, сүргіш т.б.

Рецепт және есептеулері.

Дәрілік заттардың физико – химиялық қасиеттері

Іс-әрекеттердің реті және технологиялық процестің жүргізілуі

Сапасын бағалау

Rp.:Atropini sulfatis 0,0001

Sacchari 0.2

Misce fiat pulvis

Da tales doses №6

Signa Бір ұнтақтан күніне 2 рет.

Есептеулер:

mAtropini sulfatis

0,0001*6=0,0006

mTriturationis Atropini sulfatis1:100

0,0006*100=0,06

mSacchari

0,2*6=1,2

1,2-0,06=1,14

mж=0,06+1,14=1,2

m1ұнт =1,2:6=0,2

Atrоpini sulfuricum-Атропин сульфаты.

Ақ түсті кристаллды немесе түйіршік унтақ, иіссіз.

Saccharum-қант.

Ақ түсті майдакристаллды ұнтақ,дәмі тәтті, суда жақсы ериді, иіссіз.

Берілген рецептте құрамында екі компоненті бар, дозаланған ұнтақ жазылған.

Бұл жазбада атропин сульфаты — А тізіміне кіретін зат. Оның ЖРД-0,001г, ЖТД-0,003г. Рецепт бойынша атропин сульфатын 0,0001г, екі қабылдауға 0,0003г. Дозасы аспаған. Атропин сульфаты 6 ұнтаққа 0,0006 қажет, бұл 0,05г-нан аз. Мұндай мөлшерді қол таразысымен өлшеу мүмкін емес, сондықтан 1:100 қатынасындағы тритурацияны қолданады, оны алдынала араластыру арқылы дайындайды( атропин сульфатының 1бөлшегіне сүтті қанттың 99 бөлшегі алынады). Тритурация салынған банкада

Trituratio: 1г Atropini sulfatis+99г Sacchari lactis(1:100), 0,001 Atropini sulfatis=0, 1 Trituratis. деп жазылады.

Осы рецепт бойынша дәрілік нысан дайындау үшін 0,06г атропин сульфатының тритурациясын алады, оны провизор-технологтан алып рецепттің теріс жағында атропин сульфатының тритурациясын қай мөлшерде алынғаны жазылады; провизор-технологтың және фармацевттің қолдары қойылады. Улы заттан басқа рецептте қант жазылған, ал тритурацияның құрамында - сүтті қант бар, сондықтан әр бір ұнтақтың салмағының ұлғаюы абзал. Ұнтақтың салмағы жазбаға сәйкес болу үшін қантты келістіріп аздау мөлшерде алады.

Дайындау технологиясы: Құрамына улы күшті әсер етуші заттар кіретін күрделі ұнтақтар дайындау ережесі бойынша ұсақтау және араластыру жүргізіледі. Рецепт бойынша бір ұнтақ салмағы 0,2 г. тең. Алдын ала капсулаға өлшеніп алынған қантты келіге аздап салып, түйеді. Содан кейін 0,06 г. қосады. Атропин сульфатының тритурациясы (провизор – технологтан тікелей келіге алынған), түйеді және қалған қантты бөліп - бөліп қосады, қоспасы біркелкі болғанға дейін қолданады. Араластырып болғаннан кейін массасы 0,2 г. алты бөлікке бөліп дайындайды. Дайын ұнтақтарды мөрлейді және 6 ұнтаққа арналған қағаз орамды жіберуге безендіреді. Төлқұжатты толтырады және жасыл түсті "ішке" заттаңбасымен безендіреді. Заттаңбада дәріхана нөмірі, рецепт нөмірі, дәрілік нысанның атауы, көлемі, дайындау уақыты, науқастың тегі, қолданылуы, көрсетіледі. Себебі берілген дәрі құрамына улы зат – атропин сульфаты кіреді және қосымша рәсімдеу керек. Қаптамасына мынадай заттаңбалар жабыстырылады: бас сүйегі бейнеленген «уға арналған», леп белгісі бар қызыл түсті «абайлап ұстаңыз», көк түсті «жарықтан қорғалған жерде сақтаңыз». Рецепт дәріханада қалады, науқасқа дәріхана нөмірі, науқастың аты-жөні, оның жасы және мекен-жайы, дәрілік нысан туралы латын тіліндегі толық жазбасы, дәрігердің аты-жөні, көмекші химик-аналитиктің тегі, дайындалған күні және дәрілік нысанның жіберу бағасы көрсетілген сигнатура беріледі.

Ұнтақ біркелкі, сусымалы. Бір ұнтақ салмағы 0,2. Безендірілуі қаулылардың талаптарына сәйкес.

Бақылау қағазы дұрыс толтырылған.

Дәрілік нысан сүргішпен мөрленіп, сигнатурасы жазылған.

Б.П.

Sacchari 1,2

Triturationis Atropini sulfatis1:100 0,06

mж=1,2; m1ұнт=0,2 №6

ДӘРІЛІК НЫСАНДАР ТЕХНОЛОГИЯСЫ № 8 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТЫҢ НҰСҚАУ КЕСТЕСІ

Тақырып: Күшті әсер етуші заттары бар ұнтақтар.

Іс құралдары: келсап пен келі, қалақша, капсулалар, қол таразысы, таразы тастары, заттаңбалар, дәрілік заттар және т.б.

Рецепт және есептеулері.

Дәрілік заттардың физико – химиялық қасиеттері

Іс-әрекеттердің реті және технологиялық процестің жүргізілуі

Сапасын бағалау

Rp.: Phenobarbitali 0,005

Glucosae 0,2

M.f pulvis

D. t.d. № 100

S. Күніне1 ұнтақтан 3 мезгіл.

mPhenobarbitali 0,005*100=0,5

mGlucosae 0,2*100=20,0

mж=0,5+20,0=20,5

m1ұнт =20,5:100=0,2

Фенобарбитал — ақ кристалды, иіссіз, әлсіз ащы дәмі бар ұнтақ, суық суда өте аз ериді, ыстық суда еруі қиын (1:40).

Күшті әсер етуші зат.

ЖРД 0,2

ЖТД 0,5

Жақсы тығындалған, қызғылт түсті шыны банкада сақталады.

Қолданылуы:

Невроз, стенокардия, гипертония ауруларын емдеу кезінде тыныштандырғыш дәрілік зат ретінде; ұйықтатқыш дәрілік зат ретінде; тырысуға қарсы дәрілік зат ретінде қолданады.

Бөлінген тәсілі арқылы дозаланған күрделі ұнтақ жазылған.

Фенобарбитал күшті әсер етуші зат болғандықтан, міндетті түрде, оның дозасын тексеру керек. Дозасы аспаған. Рецептті қабылдаған кезде, фенобарбиталдың астын қызыл қаламмен сызылады. Фенобарбиталды жауапты адам береді және сол адамның қатысуымен 0,5 фенобарбитал өлшеп алып, келіге глюкозаның аздаған көлемін салады; келі мен келісап саңылауларын бітейді. Сонан кейін келіге 0,5 фенобарбитал салып, мұқият араластырады және қалған глюкозаны біртіндеп қосады. Барлығын 1-2 минут бойы мұқият араластырады. Ары қарай капсулаларды жайып, 0,2 граммнан өлшеп №100 ұнтақ орамдайды. «Ішке» заттаңбасымен безендіріп, жіберуге дайындайды.

Ұнтақ біркелкі, сусымалы.

Бір ұнтақ салмағы 0,2 тең.

Безендірілуі қаулылардың талаптарына сәйкес.

Бақылау қағазы дұрыс толтырылған.

Б.П.

Glucosae 20,0

Phenobarbitali 0,5

mж=20,5; m1ұнт=0,2 №100