21 Билет
Одағайланған атауыш сөздер.
Кейбір атауыш сөздер де,сөйлемдер де одағай болады Мысалы:
Одағайланған атауыш сөздер : Қасқа-ай! Сонлақ-ай! Сөз-ақ!
Одағайланған сөйлемдер : Ісің бар болсын, жүзің айдай болсын , келебетіңе болайын!
Негізгі сұрақ дегеніміз не?
Бір нәрсе ,оқиға ,іс туралы мәлімет алу үшін қойылған бастапқы сұрақты негізгі сұрақ деп аталады
Біздң халық қалай тез өзгеріп құбылады десеңізші! Синтаксистік талдау.
22 Билет
Сөйлем болу шарттары.
Сөйлем болу үшін оның граматикалық негізі , яғни тұрлаулы мүшелер болу керек
Толықтауыш дегеніміз не?
Толықтауыш деп сөйлемде негізінде атау мен іліктен басқа септіктің бірінде тұрып, бір мүшені заттық мағына жағынан толықтыратын тұрлаусыз мүшені атаймыз.
Байланыс түрі -меңгеру ,жанасу
Күрделі толықтауыштың жасалу жолдары
1)Күрделі зат ,сын,сан есімнен, етістіктен: Жүз жиырма беске (неге?) бөлінеді .Көрсетпе көз жасынды(нені?)
2)Негізгі сөз бен көмекші есім не көмекші етістік арқылы :
3) Туралы , жөнінде , жайында шылауларының қатысуы арқылы : Сіз жүзінде (кім жөнінде?) көп естігенмін
Толықтауыштың түрлері
Тура толықтауыш деп табыс септігінде тұрған толықтауышты айтамыз
Ал жанама толықтауышқа барыс,жатыс,шығыс, көмектес септіктері жатады
Ежелгі адамдардың мекен еткен аудандарының бірі – қарт Қаратау. Синтаксистік талдау.
23 Билет
Көңіл күй одағайы дегеніміз не?
Көңіл-күй одағайлары - адамның әр түрлі сезімдерін, көңіл-күйін білдіретін сөздер. Олар:
а) жағымды көңіл-күйді білдіретіндер (Алақай! Паһ-паһ! Бәрекелді! Ура! т. б.);
ә) жағымсыз эмоцияны білдіретіндер (Әттең! Әттеген-ай! Қап! Түге! Пішту! Бай-бай- бай! т. б.);
б) әрі жағымды, әрі жағымсыз көңіл- күйді білдіретіндер(Пай-пай, шіркін, Алатау! Пай-пай, мыналар төбелесетін болды ғой!) болып бөлінеді.
Жай сөйлемнің түрлері.
Жай сөйлем түрлері Жай сөйлем құрамы мен құрылысына қарай бірнеше түрге бөлінеді. Сөйлемде тұрлаусыз мүшелердің болу, болмауына қарай жалаң сөйлем және жайылма сөйлем болып бөлінеді. . Сөйлемде бастауыштың болу, болмауына қарай жақты сөйлем, жақсыз сөйлем болып бөлінеді. Толымды сөйлем - сөйлемде ойға қатысты айтысуға мүшелері түгел жай сөйлемнің түрі.
Толымсыз сөйлем - айтылуға тиісті тұрлаулы я тұрлаусыз мүшенің бірі түсіп қалған жай сөйлемнің түрі. Көзінен жасы ыргып кетті. Сөйлемде көзінен сөзінің анықтауышы (кімнің көзінен?) түсіп қалған. Сондықтан сөйлемдер толымсыз сөйлемдер деп танылад
Атаулы сөйлем - ойды білдірмей, тек соған байланысты заттың құбылыстың, мезгілдің, мекеннің аты аталып көрсетілетін жай сөйлемнің ерекше түрі.
Бұл өткеннің құлазыған ғасырларынан өзіне бейтаныс, басқа, бірақ болашаққа сенімді жол салған ақынның айтқант сөзі еді. Синтаксистік талдау.
24 билет
Жақсыз сөйлемнің жасалу жолдары
Жақсыз сөйлемнің бастауышы болмайды, оның жоқ екені сол сөйлемнің баяндауышынан білінеді. Мысалы, “Қазилаға Сәкенмен бірге жүруге тура келді”. Жақсыз сөйлемнің баяндауышы бірнеше жолмен:
1)-Ғы, -гі”, “-қы, -кі” жұрнақты қалау рай арқылы (“Оның ештеңеге қарағысы келмейді”);
2)Барыс жалғаулы тұйық етістіктен кейін “бол”, “тура кел” деген көмекші сөздердің келуі арқылы (“Бұдан бірдемелерді ойлап шығаруға болады”);
3)Атау я барыс септік жалғаулы тұйық етістікке, “керек”, “қажет” сөздері тіркесу арқылы (“Енді бізге ауылдағы адамдардың көңіл күйін білу керек”);
4)Тәуелдік жалғаулы тұйық етістікке “мүмкін”, “тиіс” сөздері тіркесу арқылы (“Біздің баруымыз керек”);
5)Тұрақты сөз тіркестерінен (“Оның ішек-сілесі қатты”. “Мұртын балта кеспейді”) жасалады.
Атаулы сөйлем дегеніміз не?
Атаулы сөйлем - ойды білдірмей, тек соған байланысты заттың құбылыстың, мезгілдің, мекеннің аты аталып көрсетілетін жай сөйлемнің ерекше түрі. Атаулы сөйлем жеке дара қолданылатындықтан, шартты түрде сөйлем деп танылады. Бірақ оның мәні тек өзінен кейін қолданылған сөйлемдер арқылы түсініледі. Атаулы сөйлем өз ішінде сөйлем мүшелеріне жіктелмейді. Мысалы: Кеш. Көкшетау маңы. Мұнда алғашқы 1 сөйлем мезгілді және мекенді 3 сөйлем атап қана тұр. Атаулы сөйлем бір сөзден де, бірнеше сөзден де құрала береді
Ағылшындар – дәстүрге берік халық. Синтаксистік талдау.
илет
Бастауыш пен баяндауыш арасына қойылатын сызықша.
Бастауыш пен баяндауыш арасындағы сызықша Бастауыш пен баяндауыш тыныс белгісімен бөлінбейді. Екі мүшенің арасындағы тыныс белгісі сызықша (-) олардың мүшелік қатынастарын ажыратуға байланысты ғана қойылады. Сызықша койылатын жерлер: 1. Бастауыш атау тұлғалы зат есімнен жасалып, баяндауыш та зат есімнен болып, бастауыштан кейін сызықша қойылады: жастар — біздің болашағымыз. Еңбек ету — ардақты іс. Ел намысы — ер намысы. (Мақал). Ол — инженер. 2. Бастауыш сілтеу есімдігінен немесе жіктеу есімдігінің III жағынан болып, баяндауыш зат есімнен болса, бастауыштан кейін сызықша қойылады: Бұл — мың тоғыз жүз жиырма үшінші жылдың жазы. (А. X.) Бұл — үлкен қуаныш. (А. Лекеров) Ол — үлгілі пионер. 3. Бастауыш заттанған (субстантивтенген) сын есімнен, сан есімнен және есімшеден болып, баяндауыш зат есім болса, бастауыштан кейін сызықша койылады: Сөйлеп тұрган — Алматы. Келген — Айбек. Үш — тақ сан. 4. Бастауыш пен баяндауыштың бірі (кейде екеуі де) тұйық етістіктен болып, екіншісі зат есімнен болғанда, араларына сызықша қойылады: Көп оку — білім алудың негізгі шарты (С. Мұқанов) Менің ұмтылған тілегім — қалай да пайдалы адам болып шығу (Ы. Алтынсарин). 5. Бастауыш та, баяндауыш та сан есімнен болса, араларына сызықша қойылады: Бес жерде бес — жиырма бес. Үш жердегі үш — тоғыз. 6. Бастауыш та баяндауыш та бір сөздің қайталануынан жасалуы мүмкін, бұл жағдайда да бастауыштан кейін сызықша қойылады: Ар жазасы — бар жазадан ауыр жаза (М. Әуезов) Ғашықтың тілі — тілсіз тіл. (Абай). Әлі де беделі — бедел (Ғ. Мұстафин). 7. Сан есімнен болған бастауышты күрделі сан есімнен болған мүшеден ажырату үшін және бастауыш өзінен кейінгі сөзбен тіркесіп, сөйлемнің баска бір мүшесімен шатасып кетпеу үшін, одан кейін сызықша қойылады: Жүз — жиырма беске бөлінеді. Елу — беске қалдықсыз бөлінеді. Мен білмейтін — жер астында. (Мен білмейтін нәрсе жердің астында жатады). Мен білмейтін — жер астында түрінде білмейтін деген бастауыштан кейін сызықша қойылмаса білмейтін нәрсе емес, жер деп түсінілуі мүмкін..
Пысықтауыштың мағыналық түрлері
Мезгіл пысықтауыш. Қашан? Қай кезде? Қай уақытта? Ол бүгін келеді. Таңертеңгі шайдан соң Абай әкесіне келді.
Мекен пысықтауыш. Қайда? Қай жерде? Қай жақта? Қайдан? Әжесі үйде қалды. Қайсар биыл мектепке барады. Біз қала маңынан келдік.
Мақсат пысықтауыш. Кім үшін? Не үшін? Неге? Қандай мақсатпен? Сәуле зат алғалы келді. Ол әдейі кірді. Мен осыны айту үшін сөйлестім.
Амал пысықтауыш. Қалай? Қайтіп? Қалайша? Жиналыста шапшаң сөйледі. Бала жүгіре - жүгіре шаршады. Бұл сөзді естігенде, ол сылқ - сылқ күлді.
Себеп пысықтауыш. Неліктен? Не себептен? Сен түсінбегендіктен айта алмадық. Ол қуанғаннан қозғалмай қалды.
Мөлшер пысықтауыш. Қанша? Қалай? Сабақта ұзақ сөйледі. Емтиханға жаппай кірді. Тақтайды ұзын кес
3. Ол заманда ұл балаға бас кеспесе, қан төкпесе ат қойылмайтын еді. Синтаксистік талдау.
